Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет26/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Тип - күшті, бірақ ұшқалактық мінез. Жүйке процессінде қозу тежеуге
қарағанда көбірек байқалады, мінез-құлығы агресивті. Холерикке сәйкес.

  • Тип - күшті, салмақты, козғалтқыш тип Сангвиникке сәйкес.

  • Тип - күшті, салмақты, селсоқ (инерты) - Флегматикке сәйкес.

  • Тип - әлсіз, тежелу процесі көбірек, Меланхоликке сәйкес.

    И. П. Павловтың зерттеулері және клиникалық байқаулар бойынша, адамдарда жүйке қызметінің кәдімгі төрт түрінен басқа адамға тән көркемпаз, ойшыл және аралық типтері жатады.
    Көркемпаз типті адамда екінші сигналдық жүйеге карағанда бірінші сигналдық жүйе біршама үстемділігімен сипатталады. Бұндай адамдар ойлау процесінде ақиқат болмыстың сезімділік бейнелерін кеңінен пайдаланады.
    Ойшыл типті адам екінші сигналдық жүйесі біріншіден басымдылығымен, көрнекті талдау - синтез әрекет негізделген болмыстан тыс дерексіз ойлау қабілеттерімен білінеді.
    Аралық типті болмыстың екі сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен сипатталады.


    Бірінші және екінші сигналдық жүйелер
    Адам мен жануарларға ортақ жалпы қасиет олардың қоршаған әлемнің құбылыстары мен заттарының тікелей нақтылы сигналдарына талдау және синтез жасау қабілеттері. Бұл организмнің көру, есту және басқа рецепторларында қалыптасатын бірінші сигналдық жүйесі.
    Ал адамдарда еңбек ету және әлеуметтік даму кезінде тілмен байланысты екінші сигналдық жүйе пайда болады. Бұл жүйе естілген, айтылған және жазылған сөздерді түсіну. Адамның сөйлеу қабілетінің пайда болуы үлкен ми сыңарлары іс-әрекетінің жаңа негіздерін қалады. Тіл И.П.Павловтың айтуы бойынша адмның қоршаған әлемді және өзін-өзі бағалауда өте маңызды құрылым. Адамның сөйлеу қабілеті,қалыптасуы жалпы жоғарғы жүйке қызметінің онтогенездік дамуымен байланысты.
    2. Сигналдық жүйе болмысты жалпы талдауға және дерексіз бейнелеуге мүмкіндік беретін өте күрделі ерекше уақытша байланыстар жүйесі.
    Сөйтіп ол адам мінезінің ең жоғары реттеушісі және жеке кісінің дерексіз ойлауының арнайы негізін құрады. Сондықтан бұл жүйе адамның санасы мен парасаттық мінезінің іргесін қалайды.
    1 және 2 сигналдық жүйелер бір-бірінен ажырамайды, тығыз байланыста болады. Адамның барлық түйсіктері, ұғыну, елестету қабілеттері, көптеген сезімдері сөз арқылы атқарылады.Сөз тұрақты шартты рефлекс жасай алатын күшті нығайту тітіркендіргіші болып саналады.
    2 сигналдық жүйе дерексіз ұғым жолымен ойлау қабілеті арқылы төңіректегі дүниені бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Әрине бұл қарапайым психикасы бар жануарларға қарағанда, адамға таным мәселесінде және табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалануда маңызды орын алады. 2 сигналдық жүйе адам мінезіні жоғары реттеушісі ретінде біріншіден басым келеді және бірсыпыра тежейді. Дегенмен 1 сигналдық жүйе белгілі бір шамада 2-ң іс-әрекетін белгілейді. Үлкен ми сыңары қыртысының қызметін айқындайтын 2-ші сигналдық жүйкенің күйі қыртысасты орталықтарымен тығыз байланыста. Адам өз еркімен өзінің шартты әсерленісін тоқтата алады. Ырықсыз сезім мен змоцияның көптеген көріністерін, қорғаныс, тағамдық, жыныс рефлекстерін тыйады. Сонымен бірге үлкен ми қыртысының қалыпты тонусын ұйымдастыратын серпіністер көзі қыртысасты ядролар ми бағаны мен торлы құрылым.
    Ми қыртысы мен қыртысасты орталықтардың қосылып жұмыс істейтін көптеген нейрондары мен олардың тізбектері әрекеттік жүйені ұйымдастырады. Барлық афференттік жолдар миға жеткізетін сигналдардың бір-бірімен келіскен әрекеттестігі қоршаған әлемді, оның құрама жиынтығын ұғынуды, дәл түйісінуді қамтамасыз етеді. Адам дүниеден алынған ақпаратты талдағыштар аппараттың дұрыстығын іс-әрекеті, тәжірибесі арқылы тексеріп отырады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет