Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес,бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық қассиеттер бар



бет34/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес,бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық қассиеттер бар:
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді.
2. Гормондар организм қызметін гуморальдық реттеуде жетекші роль атқарады. Бұл реттеуде басты бағыттаушы рольді ОЖЖ–сі атқарады,ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттіқ шеткі вегетативті және сомалық жүйкелермен қатар қызмет жасайды.
3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.
4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады.Мысалы, 1:100 млн. тироксиннің сұйықтылығыда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 12500 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады.
5. Гормондар өте тез,бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олар өте тез әсер етуі, жасуша мембранасы арқылы тез өтуі біршама төмен молекулярлық салмағына байланысты. Әр әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіннің ферменттердің ықпалы ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығаруына байланысты.
Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып тұруы керек.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда морфологиялық өзгерістер тұрғызуы мүмкін, кейде ағзалар тіннің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынына әрі РНК және басқа нуклеин қышқылдарын жасауына әсер етеді.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық процестерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ете алады. Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған.


Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері. Мұндай әсердің себебі гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді,оған қоса жасуша мембранамен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің механизмі, жасушалық және субжасушалық деңгейлері әлі толық зерттелмеген. Бар зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету механизмдерінің мынадай түрлері белгілі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет