Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Көзжас аппаратыapparatus laсrimalis,  көз жас безінен және көзжас сұйықтығын 

шығаратын жолдардан тұрады. 



Көзжас  безі,  glandula  lacrimalis,  көзұяның  алдыңгы  бөлігінің  жоғарғы  латералды 

бұрышындағы аттас шұңқырда орналасқан. Оның 10-15 шығаратын түтікшелері, ductali 



exeretorii,  конъюнктиваның  жоғарғы  күмбезіне  ашылады.  Көзжас  безі  көз  алмасын  кеуіп 

кетуден  сақтайтын  және  шаңтозаңдар  мен  бактериялардан  қорғайтын  мөлдір,  түссіз 

сұйықтық - көзжасын, lacrima, бөледі. Көзжас сұйықтығы, қабақтардың  артқы жиегі мен 

көз  алмасының  арасындағы  капилярлық  саңылау,  көзжастық  жылға,  rivus  lacrimalis, 

арқылы,  көздің  медиалды  бұрышындағы  көзжастық  көлге,  lacus  lacrimalis,  келеді.  Осы 

жерден  жоғарғы  және  төменгі  көзжастық  бүртікшелердегі,  papillae  lacrimales,  тесіктер 




арқылы  жоғарғы  және  төменгі  көзжастық  өзекшелерге,  canaliculi  lacrimales,  өтеді.  Бұл 

өзекшелер  көзұяның  төменгі  медиалды  бұрышындағы  аттас  шұңқырда  орналасқан 



көзжастық  қапқа,  saccus  lacrimalis,  ашылады.  Көзжастық  қап  төменгі  жағында  мұрын-

көзжастық  өзекте  орналасатын  мұрын-көзжастық  түтікке,  ductus  nasolacrimalis

жалғасады. Бұл түтік мұрынның төменгі жолына ашылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет