Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары


Көру анализаторының өткізгіш жолы



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
                                        Көру анализаторының өткізгіш жолы. 

         Көзге  түсетін  жарық  көз  алмасының  жарық  сындырғыш  құрылымдары:  мөлдір 



қабық,  алдыңғы  және  артқы  камералардың  сулы  ылғал,    көзбұршақ,  шынытәрізді  дене 

арқылы  өтеді.  Олар  жарықты  торлы  қабықтың  ең  сезімтал  жері  даққа  бағыттайды.  Бұл 

үдерісте  көзбұршақтың  маңызы  зор,  өзінің  дөңестігін  өзгерту  арқылы  (аккомодация)  ол 

жарықтың  даққа  бағытталуын  қамтамасыз  етеді.  Торлы  қабықтың  нервтік  жолы  үш 

нейронның  тізбегінен  тұрады.  Бірінші  нейрондар    -  көру  ағзасының  рецепторы  болып 

табылатын  таяқшалар  мен  сауытшалардан  түзілген.  Олар  жарықты  нервтік  импульске 

айналдырады.  Нервтік  импульс  екінші  –  биполярлық  нейрондарға,  олардан  үшінші  – 

мультиполярлық  (ганглионарлық)  нейрондарға  беріледі.  Мультиполярлық  нейрондардың 

орталық өсінділері (аксондары) соқыр дақ аймағында бір-бірімен қосылып көру нервісін, 

n.opticus, құрайды. Көру нерві көзұядан көру өзегі арқылы шығып, мидың негізінде, қарсы 

жақтың  нервісімен  көру  қиылысын,  chiasma  opticum,  түзеді.  Бұл  жерде  торлы  қабықтың 

медиалды  жартыларынан  шығытын  нерв  талшықтары  ғана    қиылысады.  Көру  қиылысы 

көру  жолына,  tractus  opticus,  жалғасады.    Көру  жолының  құрамында,  өз  жағындағы  көз 

алмасының  торлы  қабығының  латералды  жартысынан,  екінші  жақтағы  көздің  торлы 

қабығының  медиалды  жартысынан  шығатын  нерв  талшықтары  өтеді.  Яғни,  оң  жақтағы 

көру  жолы  нервтік  импульсті  –  оң  жақтағы  көздің  оң  жақ  (латералды)  жартысынан,  сол 

жақтағы көздің де оң жақ (медиалды) жартысынан өткізеді. Көру жолының талшықтары 

үш қыртыс астылық көру орталықтарында: латералды иінді денеде, таламустың артқы 



ядроларында (жастығында) және ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктерінде аяқталады. 

        Латералды  иінді  дене  мен  жастық  нейрондарының  орталық  өсінділері  ішкі 



қапшықтың  артқы  аяқшасы  арқылы  өтіп,    жан  -    жаққа  шашырай  көру  тарамдарын 

(cәулесін),  radiatio  optica,  түзеді.  Олар  шүйделік  үлестің  медиалды  бетіндегі  топшылық 

жүлгенің  түбіндегі  және  жиектеріндегі  сұр  затта  орналасқан,  қыртыстық  көру 

орталығында аяқталады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет