Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
        Қабақтар. .Жоғарғы қабақ, palpebra superior, және төменгі қабақ, palpebra inferior

көз  алмасын  алдыңғы  жағынан  жауып  қорғаныш  қызметін  атқарады  және  көзжас 

сұйықтығының  көз  алмасының  алдыңғы  бетінде  біркелкі  жайылуын  қамтамасыз  етеді. 

Қабақтардың  алдыңғы  және  артқы  беттері  ажыратылады.  Олардың  алдыңғы  беттері 

қатпарларға жиналатын жұқа терімен, артқы беттері  конъюнктивамен жабылған. Терінің 

астында  көздің  дөңгелек  бұлшықетінің  қабақтық  бөлігі,  жатады.  Қабақтардың  ішінде, 

конъюнктивамен  тұтасып  кеткен,  тығыз  дәнекер  тіндік  табақшалар  орналасады.  Олар 

қаттылығына байланысты жоғарғы және төменгі шеміршектер (tarsus superior et tarsus 



inferior)  деп  аталып  кеткен.  Бұл  шеміршектер  көз  ұяға  қабақтың  медиалды  және 

латералды  байламдары,  lig.palpebrale  laterale  et  lig.palpebrale  mediale,  арқылы  бекиді. 

Шеміршектердің  ішінде  шеміршектік  бездер  (  Мейбоми  бездері  ),  glandulae  tarsales, 

орналасқан.  Олардың  түтіктері  қабақтың  артқы  жиегіне  жақынырық  ашылады.  Жоғарғы 

шеміршктің алдыңғы бетіне жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықет, m. levator palpebrae  



superioris,  бекиді.  Қабақтың  алдыңғы  және  артқы  беттерімен  шектелген  бос  жиегінде, 

сәйкес, қабақтың алдыңғы жиегін, limbus palpebralis anterior,  және конъюктиваға өтетін 



артқы жиегін, et  limbus palpebralis posterior,   ажыратады. Алдыңғы жиекке жақынырақ  

2-3  қатар  құрайтын  кірпіктер,  cilia,  орналасады.  Жоғарғы  және  төменгі  қабақтардың 

арасындағы  көз  саңылауында,  медиалды  және  латералды  бұрыштар  ажыратылады. 

Көздің  медиалды  бұрышы  аймағындағы  қабақтардың  алдыңғы  жиегінде,  кішкене 



көзжастық бүртікше, papilla lacrimalis, орналасқан. Одан көзжастық өзекше, canaliкulus 

lacrimalis, басталады.                                                                                                                                                

Конъюктива,  tunica  conjunctiva,  шырышты  қабықтың  бір  түрі  болып  табылады, 

қабақтардың артқы бетін,көз алмасының мөлдір қабықтан басқа, алдыңғы бөлігін жауып 

жатады.  Конъюнктиваның  қабақтардан  көз  алмасына  өтетін  жерлері  конъюнктивалық 

жоғарғы және төменгі күмбездер, fornix conjunctivae superior et inferior, деп белгіленеді. 

Қабақтардың  артында,  көз  алмасының  алдында  конъюнктивамен  жабылған  кеңістік, 



конъюнктивалық  қап,  saccus  conjunctivae,  орналасқан.    Көздің  медиалды  бұрышындағы 

тереңдеу жер - көзжастық көл, lacus lacrimalis, деп аталады.  Көзжастық көлдің медиалды 

бөлігінде 

көзжастық 

бүртікті, 

caruncula 

lacrimalis, 

латералды 

бөлігінде 

конъюнктиваның  жартыайлы  бүрмесін,  plica  semilunaris  conjunctivae,  ажыратады.  Бұл 

бүрме  төменгі  сатыдағы  омыртқалыларда  кездесетін  үшінші  қабақтың  (кірпік  қағу 

қабағының) қалдығы болып табылады. 

Жоғарғы қабақ пен маңдайдың шекарасында қас, supercilium, орналасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет