Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚ 

Ортаңғы  құлақ  (auris  media)  есту  ағзасының  самай  сүйек  тереңінде,  оның 

қабыршақты,  тасты  және  дабыл  бөліктерінің  қосылған  жерінде  орналасатын  күрделі 

дыбыс өткізетін бөлігі болып табылады. Ортаңғы құлаққа дабыл қуысы, дабыл жарғағы, 

есту сүйекшелері және есту түтігі жатады. 



Дабыл  қуысы  (cavitas  tympanica)  дұрыс  емес  пішінді,  көлемі  1  cм

3

-ден  аспайды. 



Оның  алты  қабырғасын  ажыратады:  дабыл  қуысы  төбесінен  түзілетін  -  жамылғылық 

(paries  tegmentalis);  мойындырық  шұңқырына  сәйкес  келетін  -  мойындырықтық  (paries 

jugularis);  ұйқы  өзегінің  қабырғасымен  шектелетін  -  ұйқылық  (paries  caroticus); 

емізіктәрізді  өсінді  ұяшықтарымен  жанасатын  –  ұяшықтық  (paries  mastoideus);  дабыл 

жарғағының  көп  бөлігімен  шектелетін  -  жарғақтық  (paries  membranaceus);  ішкі  құлақ 

лабиринтінің  сыртқы  беті  болып  табылатын  -  лабиринттік  (paries  labirinthicus) 

қабырғалары.  Лабиринттік  қабырғасында  екі  кішігірім  тесік  болады:  үзеңгі  негізімен 

жабылатын  сопақ  немесе  кіреберіс  терезесі  (fenestra  vestibuli)  және  екіншілік  дабыл 

жарғағымен  (membrane  tympani  secundaria)  жабылатын  дөңгелек  немесе  ұлу  терезесі 

(fenestra cochleae). Қалыпты жағдайда дабыл қуысындағы ауа қысымы қоршаған ортадағы 

ауа  қысымымен  бірдей  болады.  Бұл  оның  есту  түтігі  (евстахиев  түтігі)  арқылы 

жұтқыншақтың  мұрын  бөлігімен  байланысуымен  негізделеді.  Есту  түтігінің  дабыл тесігі 

(ostium  tympanicum  tube  auditivae)  дабыл  қуысының  алдыңғы  медиалды  бөлігінде 

орналасады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет