Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ІШКІ ҚҰЛАҚ  

Ішкі  құлақ (auris  interna) сүйекті  және жарғақты лабиринттерден тұрады.  Сүйекті 

лабиринт (labyrinthus osseus) самай сүйектің тасты бөлігінде дабыл қуысынан ішке қарай 




орналасады.  Ол  бір-бірімен  байланысатын  қуысты  кіреберістен,  үш  сүйекті  жартылай 

дөңгелек түтіктерден және ұлудан тұрады. 

Пішіні  эллипс  тәрізді  кіреберіс  (vestibulum)  лабиринттің  орталығын  алып  жатыр. 

Кіреберіс қуысының медиалды қабырғасы вертикалды қыр арқылы үш ұңғылға бөлінеді: 

жартылай  дөңгелек  түтіктердің  бес  тесігі  ашылатын  эллипстік  (recessus  ellipticus),  оның 

алдында  орналасатын  сферикалық  (recessus  sphericus)  және  алдыңғы  екеуінің  арасында, 

төменде  орналасатын  ұлулық  (recessus  cochlearis).  Соңғы  екі  ұңғыл  тікелей  ұлу 

өзекшелерімен байланысады. Ұңғылдарда кіреберіс нервінің шеткі өсінділері өтетін торлы 

дақтар  (maculae  cribrosae)  болады.  Кіреберістің  сыртқы  қабырғасында  кіреберіс  терезесі 

(fenestra vestibuli) мен ұлу терезесі (fenestra cochleae) орналасады. 

Үш – алдыңғы, артқы және латералды сүйекті жартылай дөңгелек өзектер (canals 

semicirculares  ossei)  кіреберістен  артқа  және  сыртқа  орналасып,  бір-біріне  үш 

перпендикулярлы жазықтық бойынша жатады: алдыңғы – сагитталды, артқы – фронталды 

және  латералды  –  горизонталды.  Әр  өзекте  доға  мен  екі  аяқшаны  ажыратады,  екі 

аяқшаның  біреуі  кіреберіске  ашылатын  кезде  ампула  (ampulla  ossea)  түрінде  кеңейген. 

Жартылай дөңгелек өзектер аяқшаларымен кіреберіске ашылады: барлық  аяқшалар жеке 

тесіктермен ашылады, ал алдыңғы және артқы жартылай дөңгелек өзекшелердің көршілес 

(ампуладан  бос)  аяқшалары  кіреберіске  ашылғанға  дейін  бір  жалпы  аяқшаға  бірігеді. 

Нәтижесінде үш өзектің кіреберіске апаратын бес тесігі болады. 

Лабиринттің  алдыңғы  төменгі  бөлігін  түзетін  ұлу  (cochlea)  сүтқоректілерде,  соның 

ішінде адамда барынша дамыған. Ол ұшына қарай біртіндеп тарылатын және сүйекті білік 

(modiolus)  айналасында  екі  жарым  айналым  жасайтын  иірмелі  өзектен  (canalis  spiralis 

cochleae) тұрады. Сүйекті білік ұшы сыртқа, ал ішкі есту жолының түбінен түзілетін негізі 

ішке  бағытталып,  горизонталды  орналасады.  Білік  негізінде  ұлу  нервінің  талшықтары 

өтетін,  біліктің  иірмелі  өзегіне  (canalis  spiralis  modioli)  апаратын  көптеген  ұсақ  тесіктер 

болады.  Өзектің  ішінде  біліктің  сыртқы  бетінде  екі  жарым  айналым  жасайтын  жұқа 

сүйекті иірмелі табақша (lamina spiralis ossea) болады, ол ұлу өзегі қабырғасының қарама-

қарсы жағына толық жетпейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет