Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ ЖОЛЫ 

Есту  анализаторының  жолдары  сүйекті  иірімді  табақша  негізінде  оның  барлық 

бойында жататын, ұлудың иірімді түйінін (gang. spirale cochleae) түзетін нерв жасушалары 

денесінің  шеткі  өсінділері  шығатын  ұлудың  иірімді  түйінінің  (gang.  spirale  cochleae) 

нейроэпителилі  құрылымынан  басталады.  Иірімді  түйін  жасушаларының  орталық 

өсінділері  сегізінші  жұп  нервтің  ұлулық  түбіршігінің  құрамында  оның  вентралды  және 

дорсалды ядроларына, сонымен бірге, екі жақтыңда трапециятәрізді денесінің ядроларына 

барады.  Бұл  ядролар  жасушаларының    орталық  өсінділері  ми  аяқшалары  мен  көпір 

тұсында  медиалды  ілмек  талшықтарынан  сыртқа  орналасады,  бұл  есту  жолының  бұл 

бөлігін латералды ілмек деп атауға негіз болды. Латералды ілмек талшықтары медиалды 

иінді  дене  жасушаларында  (үлкен  спецификалық  бөлік)  және  ортаңғы  мидың  төменгі 

төмпешіктерінің  ядроларында  (рефлекторлы  бөлік)  аяқталады.  Есту  талшықтары 

медиалды  иінді  дене  жасушаларынан  ішкі  капсуланың  артқы  иінінің  дорсалды  бөлігі 

арқылы  есту  анализаторының  қыртысты  шетіне,  яғни,  жоғарғы  самай  қатпарының 

аймағына  барады.  Рефлекторлық  бөлік  талшықтары  импульсті  төменгі  төмпешіктер 

ядросының  жасушасы  арқылы  экстрапирамидалық-жұлындық  жол  арқылы  төмендеген 

бағытта жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларына апарады. 

Сөйтіп, есту тітіркенуі рефлекторлы түрде қозғалыс әсерін шақыра алады. 

Кіреберіс-ұлу  ағзасын,  сонымен  қатар,  адамның  орталық  нерв  жүйесін  шектен 

шығар  қатты  дыбыстардан  сақтайтын  морфологяиылқ  құрылымдар  туралы  нақты 

мәліметтер жоқ. Осыған байланысты санитарлық дәрігер көптеген мамандық ауруларына 

(өндірістік  кереңдік  және  саңыраулық,  нерв  жүйесінің  кейбір  аурулары  және  т.б.) 

әкелетін,  сөйтіп,  еңбекке  қабілеттілікті  төмендететін  шумен  күресетін  құрылым  табуға 

көп  көңіл  бөлуі  керек.  Бұл  құрылымдардың  арасындағы  маңыздысы  қазіргі  кездегі 

өндіріске енгізіліп жатқан күрделі, жұмысы жетілдірілген, жылдамдықты құрылғылар мен 

машиналарды бақылауға алу қажет.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет