Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата03.03.2017
өлшемі4,45 Mb.
#7278
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2013 №2 (19)

94
1919  жылы  большевиктер  өкіметінің
бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен
кейін  Ә.  Бөкейханов  қалған  өмірін  ғылыми
зерттеушілікке  арнады.
Бірақ,  ұлттық  намыстан  жұрдай,  жалған
интернационалист,  жадағай  белсенділердің
көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып,
түрме  азабын  тартты.  Әлихан  Бөкейханов
Мәскеуге  жер  аударылады,  зор  беделінен
қорыққан  большевиктер  өкіметі  о ны
Қазақстанға  жолатпады.  Онда  он  жыл  үй
қамауында  отырған  Әлиханды  1937  жылы
тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін
жалған  жаламен  67  жасында  Мәскеуде  ату
жазасына жазасына кеседі.
1989  жылы  мамырдың  14  КСРО  Жоғарғы
сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс
құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
XIX  ғасырдың  соңында  Омбы  орман
шаруашылығы  училищесінде  оқытушылық
қызмет  атқарып,  ғылыми  жұмыстармен
айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың
кепілдемесімен  Орыс  жағрапиялық  қоғамы
Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып
сайланды. 
Әлихан 
«Ро ссия. 
Жалпы
географиялық  сипаттама»  атты  көп  томдық
еңбектің  қазақ  даласына  арналған  18  томына
автор  ретінде  қатынасқан.  Ол  ғылыми
жұмыспен  қатар  қоғамдық-әлеуметтік  саяси
қызметтерге де белсене араласа бастайды.
1904  жылы  қазақ  даласына  қоныс  аудару
қозғалысын  даярлап  берген  Ф.А.  Шербина
экспедициясының құрамында болды.
1911-14  жж.  Әлихан  Бөкейханов  «Жаңа
энциклопедиялық  сөздіктің»  4-21  томдарына
автор ретінде қатысты.
Әлихан  Бөкейханов  —  ғұлама  ғалым
ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын
зерттеуді  ғылыми  жолға  қоюшы,  тарихшы,
этнограф,  әдебиеттанушы,  аудармашы,  әрі
публицист  ретінде  қазақ  халқының  саяси
әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей
із қалдырған ұлы тұлға.
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)

95
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)
Байтұрсынов  Ахмет
(1873-1937)  —  қазақтың
ақыны, әдебиет зерттеуші
ғалым,  түркіт анушы,
публицист, 
педаго г,
аудармашы, 
қоғам
қайраткері. 
Қазақ
халқының  20  ғасырдың
басындағы  ұлт-азаттық
қ о з ғ а л ы с ы
жетекшілерінің 
бірі,
мемлекет  қайраткері,  қазақ  тіл  білімі  мен
әдебиеттану  ғылымдарының  негізін  салушы
ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы,
Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Атасы  Шошақ  немересі  Ахмет  өмірге
келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан
шақырып  атын  қойған.  Әкесінің  інісі  Ерғазы
Ахметті  Торғайдағы  2  сыныптық  орыс-қазақ
мектебіне  береді.  Оны  1891  жылы  бітіріп,
Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі.
1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
уездеріндегі  орыс-қазақ  мектептерінде
оқытушы,  Қарқаралы  қалалық  училищесінде
меңгеруші қызметін атқарады.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі
1905  жылға  тұс  келеді.  1905  жылы  Қоянды
жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған
Қарқаралы 
петициясы 
(арыз-тілегі)
авторларының  бірі  Байтұрсынұлы  болды.
Қарқаралы  петициясында  жергілікті  басқару,
сот,  халыққа  білім  беру  істеріне  қазақ  елінің
мүддесіне  сәйкес  өзгерістер  енгізу,  ар-ождан
бостандығы,  дін  ұстану  еркіндігі,  цензурасыз
газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру,
күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне
сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда
қазақ  даласына  о рыс  шаруаларын  қо ныс
аударуды  үзілді-кесілді  тоқтату  талап  етілген
болатын.  Сол  кезеңнен  бастап  жандармдық
бақылауға алынған Байтұрсынов 1909 жылы 1
шілдеде 
губернатор 
Тро йницкийдің
бұйрығымен  тұтқындалып,  Семей  түрмесіне
жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19
ақпанда  Байтұрсыновты  қазақ  облыстарынан
тыс  жерге  жер  аудару  жөнінде  шешім
қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынов
Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917
жылдың  соңына  дейін  со нда  тұрды.
Байтұрсынов  өмірінің  Орынбор  кезеңі  оның
қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы
болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің
ең  жақын  сенімді  достары  Ә.Бөкейханов,
М.Дулатовпен  бірігіп,  сондай-ақ  қалың  қазақ
зиялыларының  қолдауына  сүйеніп,  тұңғыш
жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды.
Газет  қазақ  халқын  өнер,  білімді  игеруге
шақырды.
Байтұрсыновтың  Орынбордағы  өмірі  мен
қызметі  Ресей  үкіметінің  қатаң  жандармдық
бақылауында  болды.  Ол  «Қазаққа»  жабылған
негізсіз  жала  салдарынан  абақтыға  отырып
шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер
арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең
із  қалдырған Қазақ  съездері  мен Қазақ  к-ттері
сияқты  тарихи  құбылыстың  қалың  ортасында
жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті»
арқылы  саяси  теориялық  бағыт-бағдар  беріп
отырды.
Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын
даярлаған  шағын  топтың  құрамында  болды.
Байтұрсынов  пен  Дулатов  қазақ  арасында
бұрыннан  келе  жатқан  ру  –  жүзаралық
алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің
құрамына  саналы  түрде  енбей  қалды,  бірақ
олардың  қазақ  ұлттық  мемлекеттік  идеясын
жас аушы  топтың  ішінде  болғандығын
замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ
съезі  Оқу-ағарту  комиссиясын  құрып,  оның
төрағасы  етіп  Байтұрсыновты  бекітті.  1919
жылы  наурызға  дейін  Алашорда  үкіметінің
Торғай  облысы  бөлімінің  мүшесі  болды.
Байтұрсынов  1919  жылы  наурызда  Алашорда
үкіметі  атынан  Мәскеуге  Кеңес  үкіметімен
келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР
Халық  Комиссарлар Кеңесі  мен Қазақ  әскери-
рев.  к-ті  төрағасының  орынбасары  болып
тағайындалды.
Байтұрсыно втың  ықпалымен  сәуірде
Алашорда  басшылары  мен  мүшелеріне  Кеңес
үкіметінің  кешірімі  жарияланды.  Бұл  тарихи
кезеңде  «патшалардың  төрінде  отырғаннан,
социалистердің  босағасында  өлгенім  артық»
деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс,

96
6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің
Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын
қатал  сынға  алған  хатын  жолдады.  Қазревком
мүшесі  ретінде  Қазақст анның  Ре сеймен
шекарасының  қалыптасу  ісіне  белсенді  түрде
араласты.
Бүкілресейлік  ОАК-нің  1919 ж.  27  тамызда
Қостанай  уезін  Челябинск  облысына  қосу
туралы  шешіміне  қарсы  Б-тың  жазған  саяси
наразылығы  Қо станай  уезін  Қазақст ан
құрамына  қайтаруға  негіз  болды.  Ол  1920  ж.
тамызда  құрылған  Қазақ  АКСР-і  үкіметінің
құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і
халық ағарту комиссары қызметінде болды.
1922  жылы  Өлкелік  халық  комиссариаты
жанындағы  Академиялық  орталықтың,  1922–
1925  жылы  Халық  ағарту  комисс ариаты
ғылыми-әдеби  комиссиясының,  Қазақ  өлкесін
зерттеу  қоғамының  төрағасы  болып  қызмет
атқарды. Түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса
жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген
оқытушылық-ұстаздық  жұмысынан  да  қол
үзбеген.
1921–1925  жылы  Орынбордағы,  1926–1928
жылы  Ташкенттегі  Қазақ  халық  ағарту
институттарында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті,
мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928
жылы 
Алматыда 
Қазақ 
мемлекеттік
педагогикалық  институтының  ашылуына
байланысты  ректордың  шақыруымен  осы  оқу
орнына  профессор  қызметіне  ауысты.  1929
жылы  2  маусымда  43  Алаш  қозғалысы
қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға
алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін
Мәскеудегі  Бутырка  абақтысына  жөнелтілді.
КСРО  Халық  комиссарлар  кеңесі  жанындағы
ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне
сәйкес Байтұрсынов ату жазасына кесілді. Бұл
шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931
жылы  қаңтарда  10  жылға  ко нцлагерьге
ауыстырылса,  1932  ж.  қарашада  3  жылға
Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.
1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап
кетуіне  байланысты  қалған  мерзімді  Батыс
Сібірде  айдауда  жүрген  отбасымен  (әйелі  мен
қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы
М.Горькийдің  жұбайы  Е.П.Пешкованың
көмегімен  отбасымен  мерзімінен  бұрын
босатылып,  Алматыға  оралады.  Бұл  жерде
тұрақты  жұмысқа  қабылданбай,  түрлі
мекемелерде  қысқа  мерзімдік  қызметтер
атқарады. 1937 жылы 8 тамыза тағы да қамауға
алынып,  екі  айдан  соң,  яғни  8  желтоқсанда
атылды.  Тұтас  буынның  төл  басы  болған
Байтұрсыновтың  алғашқы  кітабы  –  «Қырық
мысал»  1909  жылы  жарық  көрді.  Ол  бұл
еңбегінде  Ресей  отаршыларының  зорлық-
зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап,
тұспалдап  жеткізді.  Байтұрсынұлы  мысал
жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы,
уытты  тілі  арқылы  әлеум.  сананың  оянуына
ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты,
ой-толғамдары  кестеленген  өлеңдері  «Маса»
деген  атпен  жеке  кітап  болып  жарық  көрді
(1911).  «Масаның»  негізгі  идеялық  қазығы  –
жұртшылықты  оқуға,  өнер-білімге  шақыру,
мәдениетті  уағыздау,  еңбек  етуге  үндеу.  Ақын
халықты  қараңғылық,  енжарлық,  кәсіпке
марғаулық  сияқты  кемшіліктерден  арылуға
шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық
дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ.
басындағы  қазақ  әдебиетін  төңкерісшіл-
демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ қазақ
тіліне 
А.С.Пушкин, 
М.Ю.Лермонто в,
Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл
аудармалар  Байтұрсыновтың  тақырыпты,
идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар.
Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп
қырлы  ісімен,  даналық  саясатымен  қазақ
жастарының рухани көсемі болды.
Байтұрсыновтың  «Қазақтың  бас  ақыны»
деген  көлемді  мақаласы  –  әдебиеттану
ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі.
Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы,
рухани  болмысы,  өлеңдерінің  ұлттық  сөз
өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты
баяндалды.  Ол  Абай  өлеңдерінің  даралығын,
«сөзі  аз,  мағынасы  көп,  тереңдігін»,
сыншылдығын  ұғындырды.  Байтұрсыновтың
Абайдың  ақындық  шеберлігі,  поэзияға  деген
көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ
әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның
«Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ
тіліндегі  тұңғыш  іргелі  ғылыми-теориялық
еңбек.  Байтұрсынов  әдебиет  тарихына,
теориясы  мен  сынына,  методологиясына
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)

97
тұңғыш  рет  тиянақты  анықтама  беріп,  қазақ
әдебиеттану  ғылымының  жүйесін  жасады.
Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең,
ұғымдық аясы  кең сөздерді термин  етіп алып,
соның  негізінде  қазақ  әдебиетінің  барлық
жанрлық  формаларын  топтап,  жіктеп  берді.
Мысалы,  сөз  өнері,  шығарма,  ауыз  әдебиеті,
толғау,  т.б.  ғылыми-теориялық  еңбекке  қазақ
әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы
терең 
шығармаларын 
мыс ал 
ретінде
пайдаланды.  Сөз  өнері  жайында  жазылған
әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана
отырып,  әдебиетт анудағы  ұғым,  термин,
категориялардың  соны  ұлттық  үлгілерін
жасады.  Мысалы,  меңзеу,  теңеу,  ауыстыру,
кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету,
түйдектеу, 
кекесіндеу, 
т.б. 
«Әдебиет
танытқышта»  ақындық  дарын  табиғаты,
шығарм.  психологиясы,  шабыт  стихиясына
ғылыми  тұжырым  берілді.  Өлеңге  жан-жақты
зерттеу  жасап,  шумақ,  тармақ,  бунақ,  буын,
ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.
Ахмет Байтұрсынов  қазақ әдебиетінің  даму
кезеңдерін  ғылыми  негізде  топтап  берген.
«Әдебиет  танытқыш»  –  сан-салалы  әдебиет
табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген
ғылыми-  зерттеді.  Байтұрсынұлы  «Әдебиет
танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының
негізін  салды.  Сондай-ақ  ол  –  әдебиет
тарихының  мұрасын,  ауыз  әдебиеті  үлгілерін
жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша
«Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының
төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын
(1926)  кітап  етіп  шығарды.  Халық  мұрасына
үлкен  жанашырлықпен  қараған  Ахмет
Байтұрсынұлы  «әдебиет  тіліне  негіз  етіп  ел
аузындағы  тіл  алынбас а,  о ның  адасып
кететіндігін»  айтты.  Байтұрсынұлы  –  қазақ
кәсіби  журналистикасын  қалыптастырған  ірі
қайраткер.  Ол  қазақ  халқына,  зиялы  қауымға
газеттің  қоғамдық  қызметін  ұғындырып,
баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет
нәрсе  екенін  жанкешті  іс-әрекетімен  көрсетті.
Байтұрсынов  ұйымдастырып,  бас  редактор
болған  «Қазақ»  газеті  қоғамдық  ойға  ірі
қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ»
газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа
айналды.  Ол  –  әлеуметтік  мәселелерге,
қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист.
Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір
ойларымен  сол  кезеңнің  шындығынан  хабар
береді. Абайдың қоғам өмірінің демократиялық
құрылысы  туралы  ойларын  дамытып,  саяси-
әлеуметтік  жағдай,  оқу-ағарту,  халықтың
тұрмыс-тіршілігі  туралы  мәселелерді  қозғады.
Қазақ  зиялыларының  жан-жақты  білімдар  әрі
саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда
Байтұрсыновтың 
публицист, 
баспасөз
ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол
–  қазақ  ғылымы  тарихында  ұлттық  әліпби
жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)

98
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)
Аймауытов Жүсіпбек
(1889-1931)  –  қазақтың
көрнекті 
жазушысы,
драматург,  публицист,
қазақ 
әдебиетін
қалыптастырушылардың
бірі.
Туып 
өскен 
жері
Павлодар  облысының
Баянауыл 
ауданына
қарасты бұрынғы «Қызыл
ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі  Аймауыт  кедей  болғанымен,  арғы
аталары  Дәндебай  мен  Қуан  атақ-абыройлы,
бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан араб¬ша хат тану, оқу
үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-
қазақша  екі  кластық  мектебінде,  Керекудегі
(Павлодар)  қазыналық  ауыл  шаруашылық
мектебінде,  Керекудегі  екі  класты  орыс  қазақ
мектебінде  тиіп-қашып  оқиды.  Бір  жағынан
бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914  жж.  ауылда  мұғалім  болып
істейді.
1914  жылы  С емейдегі  оқытушылар
семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы
аяқтап шығады.
Мұнан  соң  алашордашылардың  істеріне
араласып,  С емейде  «Абай»  журналын
шығарысып,  Қ.  Сәтбаевпен,  М.  Әуезовпен
танысады.
Кейін  Алашордадан  бөлініп,  Коммунистік
партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан  Кеңестерінің  Құрылтайы  съезіне
делегат  болып  қатысып,  Қазақ  АҚСР  Халық
ағарту 
комиссариаты 
комисс арының
орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің
меңгерушісі  (1921),  «Қазақ  тілі»  газетінің
редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924),
Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім
меңгерушісі 
(1924—1926), 
Шымкент
педагогикалық  техникумының  директоры
(1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]
1929  ж.  басталған  кеңестік  қуғын-сүргін
кезінде  Қазақстандағы  ұлтшылдық  ұйыммен
байланысы  бар  деген  жаламен  тұтқындалып,
ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына
сырттай  үкім  шығарылған.,  Шымкенттегі
педагогика техникумының директорлығы - міне,
мұның  бәрі  Аймауытовтың  жаңа  өмірді
орнықтыру  жолындағы  күрес  жолын,  өмір
белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң
кезінде  қармаққа  ілінген  Жүсіпбек  1931  ж.
атылған.  Астан-кестең  ауыр,  бірақ  ерекше
қуатты  да  қызық,  әлеуметтік  төңкерістер,  ұлы
революциялар  заманында  өмір  сүрген
Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына
аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып
үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан,
А.  С.  Пушкин,  Н.  В.  Гоголь,  Л.  Н.  Толстой
шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар
ғылыми  еңбектерді  аударды,  педагогика,
психология, методика,  эстетик, тәрбие  туралы
зерттеулер  тудырды;  әдебиет,  эстетика,  сын
саласына  араласты;  сан  алуан  публицистик.
мақалалар  жазды;  «Қартқожа»,  «Күнекейдің
жазығы»,  «Шернияз»,  «Ел  қорғаны»,
«Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту
жолдары»,  «Жан  жүйесі»,  «Өнер  таңдау»,
«Мағжанның  ақындығы  туралы»  еңбектері  -
күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы
өлмейтін  орны  бар  шығармалар.  1918-19  ж.
Семей  қаласындағы  М.  Әуезовпен  бірлесіп
«Абай»  журналын  шығарды.  Осы  журналда
«Екеу»  деген  бүркеншік  атпен,  Әуезовпен
бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918,
№ 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918,
№ 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда
Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның
поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп,
кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт
екендігі  нұсқалды,  Пушкин  орыс  әдебиетінде
қандай  тарихи  қызмет  атқарса,  Абай  да  қазақ
әдебиеті  үшін  сондай  тарихи  іс  тындырғаны
орнықты  дәлелденген.  Қазақ  әдеби  тілінің
қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің
ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты
әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының
ұлттық  дәстүрмен  қо са  Шығыс,  Батыс
әдебиеттерімен  байланысы  қарастырылған.
Аймауытов  -  қазақ  әдебиетінде  Абайдың
шығармашылық 
мұратт арын 
ілгері
жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.
Жүсіпбектің  қаламынан  туған  мол  мұраны

99
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)
М.О.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер
институтының  ғалымдары  жинастырып,
ғылыми  зердеден  өткізіп,  1996-1999  жылдары
бес том  етіп жарыққа  шығарды. Сөйтіп,  қазақ
оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен
арада  60  жылдан  астам  уақыт  өткенде  қайта
табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада
алғаш  лиризм  әкелген,  сондай-ақ  пейзаждың
үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін
тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер.
1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай»
журналын  шығарып,  «Екеу»  деген  бүркеншік
атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және
қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар»
(«Абай»,  1918,  №3)  деген  мақалалар  жазды.
Аймауытовтың 
көркем 
шығармалары
эстетикалық  бояуының  қашықтығымен,
көркемдік  қуатымен,  стильдік  даралығымен
қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды.
Педагогикалық оқу орындарында қызмет істей
жүріп,  жас  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуын
көздеген  еңбектер,  оқу  құралдарын  жазды.
Оның  педагогика,  психология  және  методика
саласында  жазған  ірі  еңбектері  өз  уақытында
елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге
жетекші»  (1924),  «Психология»  (1926),  «Жан
жүйесі  және  өнер  таңдау»  (1926)  т.б.  бұл
бағыттағы  ғылымның  бастауында  тұрған  ірі
ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында
әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек
етіп,  құнарлы  шығармалар  қалдырған.  Бес
томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері
мен  «Нұр  күйі»  поэмасы,  «Рабиға»,  «Мансап
қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия
Шәрбану»,  «Шернияз»  атты  пьес алары,
көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек»
романдары,  «Күнікейдің  жазығы»  повесі,
балаларға арналған ертектері, сын мақалалары
мен аудармалары енген.[3]
Бұлардың  сыртында  «Тәрбиеге  жетекші»
(1924 ж.), «Пси¬хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі
және  өнер  таңдау»  (1926  ж.),  т.б.  ірі  ғылыми
еңбектері бар.
Жүсіпбек  Аймауытов  қаламынан  туған
мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын
иесі  екендігінің,  гуманист  суреткерлігінің,
жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы.
Оның  шығармалары  өзі  ғұмыр  кешкен
заманның,  өзі  араласқан  қоғамның  мұқтажын
өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған.
Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы,
идеялық  ұстанымдарының  сонылығы,  сөз
қолданудағы 
шеберлігі 
Жүсіпбек
шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

100
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)
Дұлатов 
Міржақып
(1885-1935)  —  қазақтың
аса көрнекті ағартушысы,
қоғам  қайреткері,  ақын,
жазушы, 
жалынды
көсемсөз шебері.
Туған  жері  —  Торғай
уезінің, 
Сарықо па
облысының 
бірінші
ауылы(қaзipri  Қостанай
облысының  Жанкелдин
ауданына  қарасты  "Қызбел"  ауылы).  Әкесі  —
Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған,
ер тұрман  жасап, етік,  мәсі тіккен.  Шешесі —
Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.
Әкесі  балаларын  жастайынан  оқуға  береді.
Алғашқыда  бала  Міржақып  ауыл  молдасынан
оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан
кейін,  1897-1902  жылдары,  ауыл  мектебінде
орысша  оқытатын  Мұқан  мұғалімнен  дәріс
алады.  Бұл  мектеп  Міржақыптың  білімін
толықтырумен  қатар,  азамат  ретінде
қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан
мұғалім  ұлы  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин
іргет асын  қалаған  оқу  орнының,  дәлірек
айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ
мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де
ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып  анасынан  екі жасында,  әкесінен  он
екі  жасында  айырылып,  ағасы  Асқардың
қолында  тәрбиеленеді.  Асқар  әкесі  Дулаттың
Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін
армандаған  тілегіне  сай,  інісінің  оқуын  әрі
жалғап,  білім  алуына  ерекше  көңіл  бөледі.
Ауылда  туып,  ауылда  өскен,  ауылда  оқып,
ауылда  қызмет  етіп,  «ауыл  мұғалімі»  атанған
зерделі  жас  ауыл  тұрғындарының  ауыр
тұрмысын,  теңдігі  жоқ  аянышты  хәлін  көріп,
түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл  кезең  патша  өкіметінің  отаршылдықты
қазақ  даласында  күрт  күшейтіп,  қалың  елге
тізесін  қатты  батырып  тұрған  шағы  болатын.
Бұл  жағдай  сол  кездегі  қазақтың  көзі  ашық,
оқыған,  зиялы  азаматтарына  қозғау  салды.
Наразылық  туды.  Күресудің  жолдары
қарастырылып  жатты.  Оның  негізгі  жолы
ретінде  оқуға,  білім  алуға  ұмтылыс  күшейді.
Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел
ішінде  отаршыл  саясатқа  қарсы  ұлт-азаттық
идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші
буржуазиялық-демократиялық  дүмпудің
қарсаңында болатын.
«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында
Ахмет  Байтұрсынұлы,  ортасында  Әлихан
Бөкейханов,  оң  жағында  Міржақып  Дулатов,
1917 жылғы сурет
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын
мұңдауға  серт  байлайды.  Халық  ісіне  бар
болмысымен  бүтіндей  беріліп,  «Қалғанша
жарты  жаңқам  мен  сенікі,  Пайдалан  шаруаңа
жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін
жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы
азаматт арының  еңбектерімен  танысуы
арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр
сілкіндірер  дауылды  күндердің  тақап  келе
жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне,  осындай  күрделі  кезеңде,  1904  жылы
Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт
зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен
кездеседі.  Бұдан  кейінгі уақытта  біpi  —  ұстаз,
бipi  —  ізбасары  ретінде  жұптарын  жазбайды.
1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre
Қарқаралыдағы  саяси-бұқаралық  жұмыстарға
қатысады.  1905  жылы  патша  өкіметіне  қазақ
халкының  атынан  петиция  жазушылардың
қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып
жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ,
көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты»
деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге,
ел үшін  пайдалы іс әрекетке  шақырады. Бүкіл
халықтың  еркіндікке  жетуінің  басты  шарты
түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан
ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген
ол:  «Оян,  қазақ!»  деп  ұрандаудан  танған  жоқ.
Сондықтан  да  оның  үні  қалың  ұйқыдағы
қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза
бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он
екі  жас  үлкен  рухани  ағасы  Ахмет
Байтұрсыновтың  үнімен  қатар  естіліп,  қазақ
даласын  қатар  шарлады.  Сол  егіз  үн  тарих
мінбесінен  қатар  көрінген  екі  алыптың  қашан
соңғы 
демдері 
т аусылғанша, 
тағдыр
талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға
түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп

101
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)
тұрды.  Ол  екеуі  екі  атадан  туса  да,  бір  туған
бауыр  еді,  екі  баспен  ойласа  да,  қорытар  ойы
бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір
еді.  Өйткені  оларды  туыстырған  халқының
мүддесі,  о йландырған  халқының  қамы,
сөйлеткен  халқының  мұң  зары  болатын.
Сондықт ан  да  халқы  оларды  жанашыр
жақыным  деп  білді,  олардың  жұбын  жазбай,
«Ахаң  Жахаң»  деп  бірге  атады.  Пенделік  бар
қазақтан  бас  тартап,  халқының  бақыты  үшін
күрескен  есіл  ерлерді  өз  халқының  жауы
атандырып,  кешегі  күні  Қызылдың  қызылкөз
жендеттері  екеуін  еріксіз  айырып,  екі  жерде
атып  өлтіріп,  атын  өшіреміз  дегенде  де  халқы
олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ,
аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906  жылы  Петербургке  барып  қайтады.  Бұл
сапарынан  ол  с аяси  күрескер  ғана  емес,
шабытты  ақын  болып  оралады.  1907  жылы
Петербургте  шыққан  "С ерке"  газетіне
“Жастарға"  деген  өлеңін,  бүркенпік  атпен
"Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды.
Мақалада  Міржақып  қазақ  халқының
басындағы  қиын  жағдайдың  анық  себептерін
саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша
өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен,
бүркеншік  аттың  иесін  таба  алмайды.  1909
жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!"
атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап
та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913  жылы  ол  Ахмет  Байтұрсыновпен  бipre
"Қазақ"  газетін  шығарып,  басылымның  бұдан
кейінгі  жұмысына  белсене  араласады.  1920
жылы  Ташкентке  келіп,  сондағы  “Ақ  жол"
газетінде  қызмет  атқарады.  1922  жылы
жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан
соң,  1922-1926  жылы  Орынбордағы  ағарту
институтында оқытушы болады. 1928 жылдың
аяғында  бip  топ  қазақ  зиялыларымен  бipre
қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935
жылы тұтқында қайтыс болады.
Міржақып  Дулатов  —  әдебиеттің  әр  түрлі
жанрына  қалам  тартқан  қаламгер.  Алғашқы
кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург
қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан
кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915
жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып
шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—
ел  тағдыры  болды.  Алғашқы  кітабы  "Оян,
қазақ!"  жұртшылық  арасында  ауыздан-ауызға,
қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады.
Кітаптың  нeriзгi  мазмұны  халықты  оятуға,
әділетсіздікпен  күресуге  шақырған  өлеңдер
құрады.  Сол  себепті  де  кітап  тұтқындалып,
авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің  шығармашылық  жолын  ә  дегеннен
өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да
қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы
туындысы  "Бақытсыз  Жамал"  романы  Қазан
қаласында  басылып  шықты.  Бұл  -  қазақ
әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған
тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт
басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен
фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі
бөлімнен  тұратын  "Есеп  кұралы"  оқулығын
бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М.  Дулатовтың  шығармалары  қазақ  елінің
тәуелсіздік  алған  кезінен  баст ап  кеңінен
жариялана 
баст ады. 
1991 
жылы
шығармаларының  бip  томдық,  ал  1996-1997
жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді.
М. Дулатов шығармашылығы жөнінде ғылыми
зерттеулер  жүргізіліп,  бірқатар  кітаптар  мен
мақалалар жарияланды.

102
ФОТОШЕЖІРЕ_2013_№2_(19)__"Абай_арманы"_зиялылар_клубы_кезекті_мәжілісінің_баяндамашысы_филология__ғылымдарының_докторы,_профессор_А.С.Еспенбетов'>ФОТОШЕЖІРЕ
2013 №2 (19)
"Абай арманы" зиялылар клубы кезекті мәжілісінің баяндамашысы филология
ғылымдарының докторы, профессор А.С.Еспенбетов

103
ФОТОШЕЖІРЕ
2013 №2 (19)
Мәжіліс қонақтары

104
«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20 "А".
Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:
8 (7222) 35 48 52;
Е-mail:  shakarimtanu.semey@mail.ru
Компьютерде беттеген: Болесова А.Е.
Корректоры: Жарылғасынұлы М.
Беттеуге тапсырылған күні - 30.05.2013 ж. Басуға қол қойылған күні - 06.06.2013 ж.
Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
баспаханасында басылды

105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет