Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Айталы А. Ұлттану / Оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2000. - 237 б.

2 Қартаева Ш.С. Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (ХҮ-ХҮІ ғғ.): т. 

ғыл. канд. ... автореф.: 07.00.02. – Алматы, 1999. - 21 б.

3  Ыбыраев  Ш.  Эпос  әлемі.  Қазақтың  батырлық  жырларының  поэтикасы.  –  Алматы: 

Ғылым, 1993. - 296 б.



38

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

4 Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1996. - 160 б.

5 Григорян Б.Т. Философская антропология: (Критический очерк). – М.: Мысль, 1982. 

- 188 с. Культурология. Учебное пособие для студентов высших учебных зеведений. – М.: 

Феникс, 1997. - 576 с. 

6  Коробейников  Н.К.,  Михеев  А.А.,  Николенко  И.Г.  Физическое  воспитание.  –  М.: 

Высшая школа, 1984. - 336 с. 

7 Нұрышева Г. Адам өмірінің философиялық мәні. – Алматы, 2001. - 240 б.

8  Дүйсенбаев  А.  Қазақ  батырларының  қаһармандық  бейнесі  арқылы  оқушыларды 

отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  педагогикалық  шарттары:  пед.  ғыл.  канд.  ...  автореф.  – 

Ақтөбе, 2005. - 24 б.

9  Шардарбеков  Д.Ш.  Қазақтардың  зергелік  бұйымдары  мен  қару-жарақтарының 

тәрбиелік  мәні  //Актуальные  проблемы  современной  психолого-педагогической  науки: 

Материалы  Республиканской  научно-теоретической  конференции  и  4  Тажибаевских 

чтении, посвященных 70 летию Казахского Национального университета. – Алматы: Қазақ 

университеті, 2004. - 174 с.

10 Шопенгауэр А. Избранные произведения / Сост. авт. вступ. ст. и примеч. И.С. Нарский. 

– М.: Просвещение, 1992. - 479 с. 

11 Радищев А.Н. Избранные сочинение. – М.: Гослитиздат, 1952. -712с. 

12 М.Л. Журавин., О.В. Загрядская., Н.В. Казакевич и др. Гимнастика / Под. ред. М.Л. 

Журавина, Н.К. Меньшикова. – М.: Академия, 2001. - 448 с. 

13 Психология. / Под ред. В.М. Мельникова. – М.: Физкультура и спорт, 1987. - 367с.

Қай істің болcын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – 

күш керек, одан соң – тәртіп керек



Мұхтар Әуезов.

39

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

ӘОЖ 37.018.11. - 055.25



Г.Ә. Әбжан

Абай атындағы ҚазҰПУ,

«Мәңгілік ел және өзін-өзі тану»

кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа 

аға  ұрпақтың  әдет-ғұрпын,  адамшылық,  адамгершілік,  инабаттылық,  сыйлау  қасиеттерін 

сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше орын 

алады. Автор қазақ халқының қыз баланы ардақтап ұстағаны, оның көңілін қалдырмағаны, 

оған қарсы сөйлемегені, оны мәпелеп өсіргені және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше 

көңіл бөлгені туралы қарастырады. 

Түйін сөздер: тәрбиесі, әдептілік, инабаттылық, сыпайылық, ұлт, ұрпақ.

Одним  из  главных  функции  казахских  семей  –  воспитание.  Обязанности  родителей  – 

освоение поколения от старших обычай, традиции, человечности, воспитанность, уважение. 

Казахский народ уделяет отдельное внимание, воспитанию девочек. Автор, рассматривает о 

том, что казахский народ бережет девушек, не огорчая и не повышая голос. Но и воспитывали 

в строгости.



Ключевые слова: воспитание, вежливость, любезность, народ, поколение.

One of the main functions of Kazakh families – education. Duties of parents - the development 

of  generation  from  older  traditions,  humanity,  manners,  respect.  Kazakh  people  paid  special 

attention, the education of girls. The author considers that the Kazakh people protects girls, not 

sorry, and without raising his voice. But brought up in severity.

Keywords: education, polite, courtesy, people, generation.

Қыз бала тәрбиесі қай кезде де қоғамның 

на зарынан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ бү-

гін гідей  қоғамның  ауыспалы  кезеңінде  қыз 

ба лаларды  жан-жақты  тәрбиелеудің  өзі 

уақыт  күттірмейтін  мәселе.  Өйткені  қыз 

бала  -  қоғамның,  елдің,  ұлттың  тыныс-тір-

шілігі болғандықтан, қыз баланы тәр бие леу 

барысында ұлттың алдында үлкен жа уап кер-

ші ліктің  тұрғанын  қыз  баланың  санасына 

жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, та за-

лық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, 

бі лікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз ба-

ла ны тәрбиелеуіміз керек.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәс түр-

ле  рін  қыз  баланың  бойына  сіңіре  отырып, 

қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның ар-

уы,  шаңырақтың  құт-берекесі  екенін  ұғын -

дырып,  әдептілікке,  сыпайылыққа  ина -

баттылыққа, мол мейірімділікке, тө зім ді лік-

ке, шыншылдыққа баулып, ар та за лығын жо-

ға ры  ұстайтын  қылықты  қыз  тәр биелеудің 

әр бір  сәтте  бастау  алғаны  нұр  үс тіне  нұр 

бо лары  анық.  Біз  ата-ананы  пір  тұт қан,  те-

гі мізді  атадан,  тілімізді  анадан  са на ған  ха-

лық пыз.  Атам  қазақ  ешбір  жарғы,  нұс қау 

жа зып  әуре  болмай  ақ  әрі  қысқа,  әрі  нұсқа 

нақ ылдармен  тәрбие  тағылымнан  та маша 

үл гісін  түйіп  айтып  отырған.  Хал қы мыз 

«қыз-қонақ»  деп,  төрінен  орын  беріп,  қыз-

дар  ды  алтынның  сынығына  балап  өсірген. 

Жал  пы  бала  тәрбиесіне,  соның  ішінде  қыз 

ба  ла тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.

Халық арасында бойжеткен қыз ажарына 

қа рай 6-ға бөлінген.

1 Әдемі қыз – баппан сөйлеп, биязы күліп, 

жақ сы-жаманның жөнін біліп тұратын.


40

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

2 Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, 

бау рап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

3 Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

4 Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі сал-

мақ ты, ісі тиянақты.

5 Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әл-

пе ті бал-бұл жанған, тәні шымыр.

6 Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, 

сө зі сыпайы, өзі әлпетті, сұңғақ бойлы, терең 

ой лы.

Қазақ  халқы  қызының  жазылмас  дертке 



ұшы рамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін 

мы надай он түрлі талап қойған: 1. Әдепті 2. 

Ар-ожданы пәк болу 3. Кеңпейіл кешірімді 

бо лу  4.  Мейір-шапағатты  болу  5.  Ақыл-па-

ра сатты болу 6. Сабырлы-салмақты болу 7. 

Адал,  ақ  жарқын  болу  8.  Мақсат  мұратты 

болу  9.  Өжет  батыл  болу  10  Ұят  намысты 

болу.


Инабатты  қыз  өсіру  ниетімен  қызға  40 

үй ден  тыйым  болған:  1.  Жарыса  сөйлеуге, 

2.  Жалғыз  қыдыруға,  3.  Жыртақтап  күліп, 

сып сыңдап  сөйлеуге,  4.  Орынсыз  ұрынуға, 

5. Басқаларға қол тигізуге, 6. Өтірік, өсекке 

жа  қын  болмауға.7.  Суық  жүріс,  сумаң  қы-

лық қа,  8.  Кісіге  қарай  керіліп  есінеуге,  9. 

Тал  тайып  отыруға,  10.  Шалқайып  жатуға, 

11.  Тамақты  обырлана  асауға,  12.  Ұрлық 

қар лыққа,  13.  Ұятты  мүшелерін  ашып  жү-

ру ге,  14.  Бұраңдап  қылмысуға,  15.  Қызыл 

іңір де  жатуға  16.  Түске  дейін  ұйықтауға, 

17. Кі сі алдында киім ауыстыруға, 18. Салт-

дәс түрден  аттауға,  19.  Елді  ғайбаттауға, 

20.  Үлкендердің  жолын  кесіп,  атын  атауға, 

21.  Ішімдік  пен  шегімдікке,  22.  Ұрыс-ке-

ріс  ке,  23.  Беттен  алып,  бет  жыртысуға,  24. 

Қа  рау лыққа,  ысырапқа,  25.  Рахымсыздық 

пен  қа ты гездікке,  26.  Түнде  суға  жалғыз 

баруға,  27.  Жат  жыныстылармен  арласып 

жатуға, 28. Кү йеуге қашып тиюге, 29. Әдеп-

сіз сөзге, 30. Тарс-тұрс етуге, 31. Адам мен 

жануарларды  те буге,  32.  Кісіні  қорлап  жә-

бірлеуге,  33.  Тәкәп парлық  пен  сай  қы мазақ 

жасауға,  34.  Айғай  сү реңге,  35.  Шек тен 

тыс  сыланып  жасануға,  36.  Қыз ған шақ-

тық  пен  күншілдікке,  37.  Мен мен дік  пен 

өзімшілдікке, 38. Алдап-арбауға, 39. Көрсе-

қы зарлыққа  40.  Нәпсі  құмарлыққа  ты йым. 

Бұл  тыйым  сөздердің  мағынасын  тү сі ніп 

есте сақтау қажет. 

Қатты  күлмеу,  айқайлап  сөйлемеу,  үл-

кеннің  жолын  кеспеу,  ыдыс  аяқты  сал дыр-

лат пау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті 

те уіп  ашпау,  босағаны  кермеу,  ұсынған  ке-

сені  төмен  қарап  беру,  үлкендерден  жо ға-

ры  отырмау  тәрізді  тіпті  қыз  баланың  оты-

рысына,  жүрісіне,  аяқ  басқанына,  киім 

киісіне,  қимыл-  қозғалысына,  дауыс  ыр ға-

ғына дейін мән берудің өзі қыз бала тәр бие-

сіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жа уап-

кер шілігін сездіреді.

Қазақ қауымында қыз баланың орны ер ек-

ше болған. Ата-бабаларымыз «қызға қырық 

үй ден  тыю,  қала  берсе  қара  күңнен  тыю» 

де ген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни 

қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, 

бү кіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Ата-

ба баларымыз  қызды  қонақ  деп  есептеген, 

бар ған жерде бағының ашылуын үйде отыр-

ып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, ме йі-

рім ді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын 

үне мі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бі-

рақ тым еркінсітпеген.

Сонымен  бірге  қазақ  халқы  қызды  беті-

мен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған 

ұя лмайды»  дей  отырып,  оларды  қанаттыға 

қақ тырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсі ру ды 

парыз  санайды.  Олардың  ар  ұятының  сақ-

шысы бәріне жауапты екенін ешуақыт ұмыт-

па ған. Содан да болар, бір жағынан «қыз бен 

жылқы  жаудыкі»  деп  қыз  тәрбиесіне  мейі-

лінше  сақ  қарайды.  Қызды  баянды  ота нын 

тапқанша  өзінің,  жауапты  екенін  еш  ұмыт-

паған. Сөйте тұра қызды жағадағы құн дыз-

дай күтеді.

Шолпы - талғамы биік халқымыздың та    ма    -

ша қасиетін әйгілейтін әшекей бұйымы, әде-

мі лікке әр беріп, асылын жарқырата түсетін 

бө лекше болмысымыздың айғағы. Жүрісі мен 

кү лісі, әшекейі мен әсемдігі үйлесім тапқан 

қыз дарды  біздің  халық  жоғары  бағалаған. 

Ға ламтордағы  қазақ  уикипедиясына  жү-

гін генімізде  мынандай  мәлімет  шықты: 

«ШОЛ ПЫ  –  қыздардың  бұрымға  тағатын 

әше кейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен 

со ғады.  Қақталған  күмістен  үш  бұрышты 

не месе  сопақша  пішінді  етіп  жасалады  да, 



41

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

ор тасына  асыл  тас  орнатылады.  Төменгі 

үл кен  тұмаршасының  етегіне  шынжырлап 

не месе  үзбелеп  соғып,  сөлкебай  тіркелген 

бір  неше  салпыншақ  тағылады.  Ол  баулары 

ар қылы бұрымға қоса өріледі. Дәстүрлі қа-

зақ  қоғамында  Шолпының  –  көзді  Шолпы 

(асыл тас қондырылған), қозалы Шолпы, қо-

ңы раулы  Шолпы,  шынжырлы  Шолпы,  қос 

үз белі Шолпы, маржанды Шолпы, меруертті 

Шол пы,  ақықты  Шолпы,  т.с.с.  түрлері  мен 

атаулары кездеседі. Шолпыны о баста әйел-

дер қара ниетті тылсым күштерден қорғану 

үш ін тағып жүрген. Халық адамның жарты 

жа ны шашта болады деп, оны қорғау мақ са-

тында Шолпы, шашбау таққан. Кейде олар-

дың  салмағы  3  кг-ға  жеткен.  Шолпы  жас 

қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мә не-

рін қалыптастырған».

Бұрынғы  заманда  қазақтың  қызы  деген 

кез де әр қазақтың көз алдына әшекейлі, сым-

бат ты,  өрілген  қос  бұрымы,  сыңғырлаған 

шол пысымен ерекшеленген әдемі қазақ аруы 

елес тейді. Шашбау, шолпы адам қозғалысы 

ар қылы бұрымның ұзара түсуіне ықпал етеді, 

қа зіргінің  сөзімен  айтқанда  шашқа  массаж 

жа сайды. Ауыр шолпы таққан адамның басы 

ауыр майды, ерте кезде адамдар шашбау шаш 

ара сындағы  жын-шайтандарды  қашырады 

деп сенген. Шолпыға тағылған тиындар қыз 

ба ланың тал шыбықтай тік, сымбатты өсуіне 

сеп тігін  тигізеді.  «Сылдырлатсаң  тиынды, 

жо ғалтарсың  сиыңды»  деген  сөздің  арғы 

ас тарында  қазақ  қызына  тән  биязылық  пен 

әдеп-ибаның жатқанын аңғарамыз (1).

Қазіргі  күні  шолпының  не  екені  түгіл, 

оның атын естімегендер де жетіп артылады. 

Олар ға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бо-

ла ды, бірақ көбісі ескі заманнан қалған көне 

дәс түр деп қарайтыны анық. Сондықтан қыз 

ба ланың әсемдігі мен жүрісін, қимылын тү-

зеу  үшін  қоңыраулы  шолпыны  бұрымына 

тақ қан.  Содан  қоңыраулы  шолпы  таққан 

қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, 

күл генде ол сыңғырлап дыбыс беріп тұрады. 

Үй дегі  отырғандар  әдептен  тыс  әңгіме  ай-

тып  отырғандарында  даладан  шолпының 

сың ғырын  ести  сала  сөздерін  тыя  қоятын. 

Осы лайша,  шолпылы  қыз  жасына  жетпей 

жа ман сөз естуден бойын аулақ ұстайды. 

Үлкендер қыз баласының әрлі-берлі жүр-

ген жүрісіне де мән беріп, тіпті шолпысының 

сың ғырына дейін бақылауға алып отыратын 

еді.  Жүрісі  ерсілеу,  шолпысының  сыңғыры 

қо ңырауға  айналған  қызды  «Қоңыраулы 

қыз»  деп  атап,  ата-анасына  ескерту  жасап 

отыр ған. Ал, бүгінде бет шымшыр жайттар, 

бет  сызар  сөздерге  «әй»  дейтін  әже,  «қой» 

дей тін  қожа  некен-саяқ.  Бұл  жөнінде  ақын 

Қасымхан Бегмановтың зерттеуші, этнограф 

Жағда  Бабалықұлымен  «Этнографпен  әң гі-

ме»  кітабын  парақтап  шыққанымда,  мы на 

жайтқа назарым ауды. «Бет шымшу – әйел-

дерге тән қасиет. Олар біреудің немесе өзі не 

жақын  қыздар  мен  әйелдердің  ерсі  іс те рін, 

қимылдарын  көргенде  немесе  дөрекі  сөз-

дерін естіп қысылған жағдайда осылай ым-

мен сездіреді. Бет сызу - адам ұялатын сөз-

дер естігенде әйелдердің сұқ саусағымен бе-

тін сызатын әдеті бар», – делінген. Ерлерге 

мұн дай  әрекетті  қайталау  ерсі  көрінетіні 

айт паса да түсінікті.

Мәнерлі жүріс, саналы түрде омыртқаны 

тік ұстап қадам басудың атаулары әріден та-

ған  тартады.  Естайдың  «Бір  мысқалында» 

қа зақ  қызының  портреті  көрсетіледі.  «Гүл 

жүз ді, шырын сөзді, бал сілекей, Аяғын ке-

леп  басып,  некей-некей».  Некей  басу  де ге-

німіз – шолпының дыбысы естілместей, ба-

сар-баспасы білінбес қадаммен жүруді айта-

мыз.  Соның  бәрі  тұнып  тұрған  иба,  тәлім. 

«Гау һартаста»  да  жүрістің  көрінісі  ап-анық 

су реттеледі:

«Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,

Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң.

Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,

Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған».

Қыздың  киімі,  дауысының  ырғағы  нә-

зік  тігіне тән жүрісі де сай болса, сонда то-

лық  бейнесін  аша  түседі.  Осы  тұста  мек-

теп  қабырғасынан  жастанып  оқыған  «Абай 

жолындағы»  сырғасы  сыңғырлаған,  шол-

пы сы  сылдырлаған  Тоғжан  көз  алдымызда 

көл бең етеді. Ал, еуропаша жүріспен бойды 

тік ұстап, назарға ілігуге ұмтылғанымызбен 


42

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ру хымыздың қалдығын да жони алмаймыз. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Шы-

ғыс  халықтарының  арасында,  жалпы  мұ-

сыл ман  елдерінде  әйел  затын  бөлекше  ба-

ға лайтын,  қарындасты  қатты  қастерлейтін 

ха лықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», 

– де ген пікірін ескерсек жеткілікті

Әрбір  елдің  өміріндегі  шешуші  кілт  – 

қыз дарға  берілетін  тәлім  тәрбие  арқылы 

өл шенеді.  Біздің  халқымызда  «Қыз»  де ген 

сөздің  өзі  әдеміліктің,  әдептіліктің,  сұ лу-

лықтың символы ретінде қолданылады. От-

ба сы  қоғамның  бір  бөлшегі,  ал  отбасының 

ал тын  қазығы  –  әйел  адам.  Сондықтан  да 

бү гін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз 

бала  тәрбиесіне  байланысты  тұстарын  бө-

ліп  алғандығы  негізгі  мақсатым:  адам гер-

шілігі  мол,  әдепті,  инабатты,  сыпайы  қыз-

да рымызды  тәрбиелеуге  мысқалдай  көмек 

көр сету.

Қыз  бала  тәрбиесін  ұрпақ  тәрбиесі  деп 

қа рау  қажет.  Бүгінгі  қазақ  бойжеткендері 

ер теңгі  еріне  адал  жар,  балаларының  ана-

сы.  Олардың  бойында  имани  тәрбие  бол-

ға ны ләзім. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие 

ал са,  ертең  ұрпақ  тәрбиелейтін  қазақтың 

да на  аналарына  айналары  сөзсіз.  Сөз  со-

ңын  Елбасымыздың:  «Әйел  –  бесік  иесі. 

Де мек,  әйелдің  жайы  түзелмей,  бесігіміз 

тү зел мейді,  бесігіміз  түзелмей  –  еліміз  то-

лық  түзелмейді»  деген  пікірімен  қо ры-

тындылағым келеді. Қаракөздеріміз бұ рым-

ды  шашымен,  инабатты  мінезімен,  ақыл-

ды лығымен,  кіршіксіз  арымен  әрқашан 

бас қалардан  ерекшелене  біледі.  Жазушы 

Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір 

қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп.

 – Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әл пеш-

теп отырған осынау бір елімізге адал перзент, 

асыл  азамат  боламын  десеңдер,  еңбекшіл 

бо лыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.

–Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен 

бір ге ақылды болыңдар!

–Сұлу  болыңдар,  сымбатты  болыңдар!  Со-

ны мен бірге саналы болыңдар!

–Қыздар  ұйқышыл  болмаңдар,  ұмытшақ 

бол маңдар, ұрысқақ болмаңдар.

–Инабатты  болыңдар,  ілтипатты  болыңдар, 

ұй ым шыл болып өсіңдер!



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Мейірханова 3. Қыздың жолы жіңішке. – А., 1994. - 48 б.

2 Ақшапбаева Г. Қазақ баласын қалай тәрбиелеген. – А., 2008. -50б.

3 Жұмабаева Н. Қыздарға өнегелі ақыл беру жолдары. – А., 2010. -102б

4 «Қыздар әлемі» журнал, №9-2013.

Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарлықап ас бермес – әке үлгісін көрмесе

Халық мақалы.


43

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

ӘОЖ 395.396.1



К.Ә. Қаражанова

Ж. Мырзағалиев орта мектебінің жоғары санатты кітапхана меңгерушісі

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ ҚАЗАҚ БАТАСЫНЫҢ ҚАДІР - ҚАСИЕТІ

Мақаланың негізгі мақсаты ұлттық ділді, ұлттық рухты, тәрбиенің ұлттық иірімдерін дә-

ріптеп, жастарға заманауи тұрғыда тәлім - тәрбие беруде ықпалы зор екендігін айқындау. 

Ұлттық ділі мен ата-дәстүр мәдениетінен, әдет-ғұрпынан алшақтап бара жатқан жастарды өз 

хал қының асыл мұрасына назарын аудартып, халқымыздың өзіне тән ұлттық құндылықтарын 

мақтан  тұтуға;  қазақ  халқының  бай  мәдениеті  мен  озық  өркениеті  үлгілерін  танытып, 

таныстырып  отыру  біздің  асыл  мұратымыз.  Туған  халқы  мен  жерін  сүйетін  ұлтжанды 

жастарды тәрбиелеп, еліміздің өркендеуі мен қауіпсіздігін баянды ету. 

Қазақ  халқының  ұлттық  мәдени  игіліктерінің  ішінде,  елдің  рухани  қазынасында  бата 

сөздердің  мән-мағынасы,  қадір-қасиеті  айрықша  бағалы.  Өйткені  қанымызға  сіңісті, 

жанымызға жағымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып 

қанаттандыратын  осынау  ақыл,  нақыл  сөздер  –  тәрбиенің  бастау  бұлағы.  Аталардың 

қасиетті өсиеті - замандар мен ғасырлар бойы мысқалдап жиналып, ақыл елегінен өткізіліп 

тексерілген өмір тәжірибесінің, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің 

ереже қағидасы іспеттес.

Түйін сөздерРухани, ақыл, нақыл, өсиет, бата 

В статье показана  важнейщая роль  в воспитания молодежи в духе сохраения национального 

наследия, языка и национального видения мира. Необходимо обратить внимания молодежи 

которая  отделяется  от  национального  наследия  и  культуры  на  национальное  богатство 

свойственные  своему  народу,  на  возвышение  его  культурного  наследия;  нашей  целью 

является  ознакомления  их  богатой  культурой  и  примерами  цивилизацией.  Воспитания 

молодежи  в  духе  любви  к  своему  народу,  земле  и  внести  свой  вклад  в  процветание  и 

безопасность.

Среди национальный культуры и духа казахского народа особые значение имеют слова 

благословления  (бата).  Так  как,  слова  благословления  дают  человеку  особую  энергию 

бодрости, веру в будущее, и являются источником воспитания. На протяжении веков эти 

священные слова собирались, прошли через сито жизненного опыта, стали умозаключением 

человечности и мудрости народа.

Ключевые словодуховный, ум, назидание, поговорки, благословение.

The  major  role  in  education  of  youth  in  the  spirit  of  a  sokhrayeniye  of  national  heritage, 

language and national vision of the world is shown in article. It is necessary to turn attention of 

youth which separates from national heritage and culture on national wealth peculiar to the people, 

on an eminence of its cultural heritage; our purpose is acquaintance their rich culture and examples 

a civilization. Education of youth in the spirit of love to the people, the earth and to make the 

contribution to prosperity and safety.

Among national culture and spirit of the Kazakh people the special matter words of a favoring 

(baht). As, words of a favoring are pledged to the person special energy of cheerfulness, belief in 

the future, and are an education source. Throughout centuries these sacred words gathered, passed 

through a sieve of life experience, became conclusion of humanity and wisdom of the people.

Keywords: spiritual, mind, edification, sayings, blessing.


44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

«Бата»  ұғымының  тек  төркініне  барлау 

жа сар  болсақ,  Құранның  бірінші  сүресінің, 

аты - «Фатихадан» туындаған тәрізді. Мұнда 

Жа ратушыға мадақ сөз айтылады. Халықтың 

ті лек  бата  сөздері  жеткіншек  жас  ұрпақты 

қор ғауға  талапты  жастүлек  боп  ержетуге 

тал пынтады.

Белгілі  бір  этикалық,  эстетикалық,  пе-

да гогикалық  жүйемен  құрылған  тілек-ба-

та  –халықтың  өзімен  бірге  жасасып  келе 

жат қан  ежелгі  мұрасы.  Бұлар  оның  рухани 

өмі рінде  тұтастық  бірлігін,  салт-дәстүрін, 

адам гершілік  қасиеттерін  сақтауда  ерекше 

қыз мет  атқарады.  Ұлт  тілінің  негізгі  сөздік 

қо ры, лексикалық байлығы музыкалық әуез-

ді лігі келісті көрініс тапқан.

Шындығында, шынайы шеберлікпен, те-

рең толғаныспен тоқылған бата сол қа  уым-

ның адамгершілік-моральдық жаратылысын, 

ұлттық дәстүрлерін, табиғатқа, қоғамға, дү-

ние ге көзқарастары мен түсініктерін, ырым - 

на нымдарын аңғартады. Бата берудің рәсімі 

де әртүрлі болып келеді.

Болашақтың  тұтқасы,  иесі  -  ұрпағына 

аман дық,  парасаттылық,  ізеттілік,  өжеттік, 

ме йірім, өнер - білім, құт - береке, ұзақ өмір, 

үл кен табыс тілеу ежелден адамзаттың асыл 

мұ раты болса керек:

Айдай жарқыра,

Жұлдыздай жылтыра,

Маңдайың ашық болсын,

Дұшпаның қашық болсын!

Көшкенде,  мүшел,  қоныс  тойларда, 

ұлыс тың  ұлы  күнінде,  жаңа  киім  кигенде, 

жақ сы  іс  бастарда,  үлкендерге  құрмет  көр-

сет кенде, кейде қаралы шақтарда да ақ бата 

бе ріледі.

Ал, адамшылыққа жатпайтын жат, оғаш, 

жан  түршігерлік  қылықтар  үшін  теріс  яки 

қар ғыс баталар да айтылады. Бата тек қазақ 

жұр тында емес, түркі-монғол халықтарында 

да бұрыннан дәстүрге, салтқа айналған. Бу-

рят  елі  мұны  «юроль»,  ал  алтайлықтарда 

«ал қышы»  немесе  «алқышсос»,  монғолша 

«ер оль» деп аталады. М.П. Хамағанов 1959 

жы лы Улан Удэден шыққан «Бурят афористік 

поэ зиясының очерктері» деген зерттеу ең бе-

гін де  бурят  халқының  революцияға  дейінгі 

ба та сөздерінің үздік үлгілеріне арнайы тоқ-

талған.  Сонда:  «Гүлдей  жайна,  күндей  ас-

қақта.  Алтындай  таза  бол,  күмістей  мәң гі 

өшпе!»  деп  келетін  әрі  жарқын,  әрі  ма ғы-

налы, әрбір жүрекке ұялайтын, санадан сөн-

бей тін сырлы, ғибратты сөздер аз емес.

Монғол халқының салт, жорасында, атап 

айтсақ,  киіз  басу,  жүн  өңдеу,  аңға  шы ғу, 

құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, не ке лесу, 

отау  тігіп,  шаңырақ  көтеру,  жаңа  құ рылған 

киіз  үйді  жабдықтау  -  батасыз  өт пей ді 

екен.  Қалыңдыққа  арналған  батада:  «Ақ-

қу  мамығындай  аппақ  қойларыңды,  ақ  қа-

йыңдай арқаныңды қалдырма. Құстай ұша-

тын сәйгүлігіңді мініп кел» деген маржандай 

ті зілген мәнді сөздер бар. Батагөйлер сон ша-

лық ты мәнерлі, нақышты, әрі өлең өлшемін 

дәл ме - дәл сақтай отырып әсем сөйлеген.

Ал  қазақ  бата  сөздерінің  жиналып  -  жа-

рия лануы ХІХ ғасырда басталған еді. Орыс 

шығыс зерттеуші, Петербург Ғылым ака де-

мия сының академигі В.В. Радловтың «Түркі 

тай палары халық әдебиетінің үлгілері» атты 

күр делі, сүбелі еңбегінің үшінші кітабы тү-

гел дей қазақ халқының ауыз әдебиетіне ар-

нал ған.

Сондай ақ, түркі тектес халықтардың ру-

хани мұраларының жиналуы мен зерттелуіне 

аса  зор  көңіл  бөлген  Г.Н.  Потанин  жаз-

ба ларында  да  тілек  -  бата  көп  кездеседі. 

Мысалы: 


Сабаң жиылмасын

Іркітің басылмасын. 

Жанторсық жаныңнан кетпесін,

Қойың өрістен кетпесін,

Биең желіден кетпесін...

Бұл орайда А.Васильевтің «Қазақтың ха-

лық  ауыз  әдебиетінің  үлгілері»  бойынша 

1905жылы Орынборда «Бата сөз» деп ата ла-

тын жинақ та бастырып шығаратынын атап 

айт қанымыз  абзал.  Аталмыш  кітапшадағы 

ба та үлгілері бағалы нұсқалар:

Е, құдайым, жаздай бер,

Жаздай берсең, жазбай бер!

Е, құдайым, күздей бер,

Күздей берсең, үзбей бер!


45

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Е, құдайым, қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер!

Е, құдайым, көктемдей бер,

Көктемдегі көгеріп өскендей бер!

Адамгершілік, молшылық, бақытты бо ла-

шақ, бейбіт өмір, «қой үстіне бозторғай жұ-

мырт қалайтын»  шуақты  күн  -  осынау  бата 

сөз дердің көпке шашқан шапағаты.

Қазақ  баталарының  тақырыптық  шең-

бе рінде  этика,  мораль,  ар-ождан,  ынтымақ, 

бір лік,  молшылық,  бақыт,  қонақжайлылық, 

аман дық-саулық  және  т.б.  мәселелер  қоз ға-

лады. Күншығыс елдерінің оның ішінде бақ-

ташылықпен  шұғылданған  көшпелі  ха лық-

тың жаңа жылдық мерекесінде, яғни ұлыс-

тың ұлы күнінде мынадай бата беріледі:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Халықтың  ой  –қиялы,  сана  –  сезімі  ту-

ғызған  бата  сөздердің  көркемдік  -  эс те ти-

калық  мәні,  эмоционалдық  әсерлілігі,  об-

раз дар жүйесі, суреттеу, мәнерлеу, бейнелеу 

құ ралдары,  көркемдік  сапасы,  сөз  саптау 

ше берлігі  оқырман  жүрегін  баурамай  қой-

май ды. Мәселен: 

Жас баланың күлкісін бер,

Жас ананың ұйқысын бер.

Жомарттың қолын бер,

Сапарлының жолын бер.

Қыздың қылығын бер,

Судың тұнығын бер.

Даланың жазықтығын бер,

Гүлдің нәзіктігін бер,

Нағыз достың тілегін бер.

Мәңгі бақи ажырамас

Шын ғашықтың білегін бер.

Демек, бірсыпыра бата сөздердің ерте за-

ман дық, дүние екендігін мына бір мысалдан 

ай қын аңғарамыз:

Бұрама темір сом алтын

Суға салса батпасын.

Тәңір берген несібең

Тепкілесе кетпесін.

Қастық қылған адамың

Мұратына жетпесін.

Айтса-қарғыс, тисе көз

Дарымасын, өтпесін.

Не  болмаса,  «Ай  мүйізді  ақ  қошқарым 

бас таған  отар-отар  ақтылы  қойым  сенікі 

бол сын! Қамыстай сүйір құлағының шетінде 

қа ра меңі бар мөлдір көзді боз айғырым бас-

та ған үйір –үйір боз жылқым сенікі болсын! 

Шу далары  төгілген,  түсінен  кісі  шошитын 

қа ра бурам бастаған келелі түйем сенікі бол-

сын! Мүйізі қарағайдай, бөрі келсе оны жар-

май  тынбайтын  көк  бұқам  бастаған  малым 

се нікі болсын!»

Атасының келінініне берген: «Иін қан ды-

рып илеген тулақтан мінезің жұмсақ болсын 

қа рағым» деген тілек-бата сөздер қазақ хал-

қы ның  тұрмыс-тіршілігі,  кәсібі,  көшпелі 

өмі рінен хабардар етеді.

Қазақ  халқының  тұрмыс,  салт  тіршілігі, 

кә сібі,  көшпелі  өмірінен  хабардар  етеді. 

Ұлт тық  бояу  нақыштарға  толы  бата  сөздер 

көп ке өнеге.

Нақты тарихи тәжірибелер мен уақыт еле-

гінен өткен, өнегелі қорытындыларға не гіз-

дел ген халық даналығының осы бір мәуелі, 

же місті  бұтағымен  бірге,  ел  шешендерінің, 

жы рау  ақындарының  да  тұжырымды,  ма-

ғы налы  бата  сөздері  бар.  Мысалы:  Сегіз 

се рінің  атақты  ғұлама  Қаныш  Сәтбаевтың 

әже сі  Имантайға  берген  батасы.  Ақын  жас 

нә р естенің  елдің  жүгін  арқалайтын  алып, 

ақыл гөй болуын армандайды. Соның бір үзі-

гі мынадай: 

Қазыбектей халқыңның данасы бол,

Қарабастай жұртыңның бабасы бол.

Елін қорғап, дұшпанға соққы берген,

Үш жүздің Бөгенбайдай панасы бол! 

не месе,  халық  поэзиясының  майталманы 

Жам былдың батасын алайық:

Құдайым осынау үйге дуа берсін,

Тіл –аузын дұшпаныңның буа берсін.

Келіннің балағынан бала саулап ,

Салпы ерін қара ұлдар туа берсін.

Қазақ  халқының  бата  сөздерінен  оның 

тарихи  салт-дәстүрі,  танымдық  ерек ше-

лік тері,  тағылымдық  сипаттары,  әсіресе, 



46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

этикалық  –  адамгершілік  келбеті,  отбасы 

жарастығын  сақтауы,  өскелең  ұрпағын 

тәрбиелеуге негізделген ізгі арман – аңсары 

жарқын көрініс тапқан.

Ғибрат  сөздер  адам  баласының  көркем 

мі незді, түзу, дұрыс пиғылды, сабырлы, са-

лиқалы,  байыпты-байсалды,  жайсаң  жай-

дар мен,  әділетті,  тәртіпті,  мәдениетті,  та-

за  ниетті,  қанағатты  болуына,  тұрмыс-тір-

шілік кемесінде еркін жүзуіне риясыз ық пал 

жасайды, ақыл - ойыңды, таным- па йым ың-

ды кеңейтіп көркейтеді.

Шындықты  жақтап,  ар-ожданыңды  сақ-

тап,  ортаңды  сыйлап,  Ілияс  Жансүгіровше 

айт қанда: «Піл сүйекті бұлаң ер, арыстандай 

ай бынды ер, жолбарыстай жуан ер, Ертістің 

бо йын үркіткен ер» атағына ие болуға, жер-

суы на, орман нуына ие болуына мықтап бау-

ли ды. Қарын қамын емес, халықтың қамын 

құнт тауға шақырады.

Аспандай көнермейтін, көктемдей қар тай-

май тын қазақтың ғибрат сөздерінде әсемдік 

пен тапқырлық, ойшылдық пен сыршылдық, 

ақыл дылық пен данагөйлік, шынайылық пен 

сыпайылық  бар.  Тәрбиелік  мәні  терең,  ғи-

браты зор. Мысалы, «Аспандай берме, жер-

ден ұзап кетерсің, елден ұзап кетсең, барса 

кел меске  кетерсің»,–дейтін  өсиет  сөзде 

қан шама  мағына,  мән  бар  десеңізші!  Сан 

тараптағы  тағылымы  мол  өсиет  -  тілектер 

ұр пақтан- ұрпаққа жыры мен нұрын төге бе-

ре рі хақ.

Ата бабаның дұға тілектерімен өніп өсіп 

ке ле жатқан ұрпағымыз. Олай дейтін жөніміз 

де бар. Баһадур бабаларымыз елі мен жерінің 

тұ тастығы  үшін  аянбай  тер  төкті,  болашақ 

ұр пағының  берекелі  батасын  беріп,  өнеге 

қал дырды.  Ал  бұл  өнеге  пайғамбарлардан 

жал ғасып келе жатқан игі дәстүр еді. Сүйікті 

Мұхаммед пайғамбар әрбір намазынан кейін 

жа ратқан  иеден  үмбеті  үшін  жарылқау  мен 

ту ра жол тіледі.

Қазірге  дейін  үлкен  кісілерден:  «Кө се-

гең  көгерсін»,  «Жасың  ұзақ  болсын»,  «Қа-

тарыңның  алды  бол»  деген  сияқты  игі 

тілектерді  көп  естиміз.  Санамызда  қа рия-

ла рымыз  бен  үлкендеріміз  осылай  болуы 

ке рек  деген  ұғым  қалыптасқан.  Дегенмен, 

дәс түрлі  тәрбиеден,  рухани  қайнарлардан 

су сындамаған кейбір кейінгі толқын өкіл де-

рі нен  мұндай  тілеуқорлық  сипатты  байқай 

ал маймыз.

Шындығында,  жастарға  әрдайым  жақ сы 

тілек  тілеп  отыру  жасамыстарға,  ақса қал-

дар ға тән қасиет. Үмбетей жырау Тілеуұлы 

(1697-1786) айтқандай:

Ер жігітке жарасар 

Қолына алған найзасы.

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы.

Ақсақалға жарасар

Тілеуқорлық айласы.

Халық арасында кең тараған осынау ізгі 

дәстүрдің түп қазығы Пайғамбар сүннетінде 

жа тыр.  Тілеуқорлықтың  бір  түрі  бата  беру 

үр дісі қазақ халқының қанына сіңген ерекше 

дәс түрлерінің  бірі.  Әрбір  айтулы  шараның 

ал дында үлкеннің батасын алу міндетті са-

на лады. Батаны негізінен үлкен кісілер, көп-

ті  көрген  қариялар  береді.  Жастарға  игі  ті-

лектерін жаудырып, Жаратқанның алдағы іс-

тің сәтті болуын тілейді. Ондай кісілер аузы 

дуа лы,  дұғасы  қабыл  алынатын  адамдар 

деп құрметтеледі. Бата алушы «әумин» деп, 

айтылған бата тілектің қабыл болуына се не-

ді.  Елге  аты  мәлім  кісілерден,  құрметті  қо-

нақтардан бата алып қалуға тырысу ел ара-

сын да кең тараған игі дәстүр.

«Бата» деген сөздің өзі «фатиха» сөзінен 

шық қан.  «Фатиха»  сөзі  «ашушы,  беташар» 

де ген  мағынаны  білдіреді.  Яғни,  аталмыш 

сү ре  –  Құдай  тағала  кітабының  алғашқы 

сү ресі  болғандықтан  солай  аталған.  Демек, 

ба та  сөзінің  түп-төркіні-  «Фатиха».  Соған 

қа рағанда  ертеректе,  дінімізден  ажырамай, 

мұ сылмандығымызға  мығым  кезімізде  ізгі 

адам дар елге айтатын бата – тілегін «Фатиха» 

сү ресінен бастаған болса керек.

Бата,  тілек,  өсиет  айту-  мұсылмандық 

бол мыстың  бір  бөлігі  десе  болғандай.  Қа-

зақ  халқындағы  сан  ғасырлардан  бері  қа-

лып тасып  кеткен  бата  сұрау,  бата  беру  үр-

дісінің түп – төркінін асыл дініміз - Ислам-

нан  іздегеніміз  жөн.  Мысалы,  пай ғам ба ры-

мыздың сахабалары оған барып, өздері үшін 



47

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Алла Тағаладан дұға тілеуін сұрайтын. Өйт-

ке ні  Пайғамбар  дұғасы  әрқашан  да  қабыл. 

Бір де  қатты  қуаңшылық  болып,  адамдар 

Пайғамбардан Алладан жауын сұрауын өті-

не ді. Ол дұға еткен сәтте- ақ көктен көптен 

бе рі  жаумаған  нөсер  жауын  құйып  кетеді. 

Сол  секілді  ізгі  пенделердің,  ұстаздардың, 

ата-  аналардың  дұғалары  қабыл  етіледі. 

Олар дан барып, бата- дұға сұрауға болады. 

Әр отбасының ырыс, құт берекесі де батагөй 

қа зыналы қарияларымыздың амандығы мен 

сау лығын тілейік, ағайын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет