80
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 373.33
А.А. Буранбаева, Л.Б. Аспантаева
№39-қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш мұғалімдері
Ақтөбе қаласы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АНА ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ана тілі саласында (оқу, сөйлеу, жазу) дағдылары мен ептілігі ең қажетті алғышарт және
оқушылардың білім алу құралы болып табылады. Қазақ тілі сабағының бар құрылымы
оқушыларды ұлы қазақ халқының тілі «тіл жасампазы» ретінде қазақ тіліне деген
қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тудыруға тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Тіл,
сондай-ақ тәрбие берудің маңызды құралы болып табылады: оқушы біздің жоғары идеялы
және көркемдігі жоғары әдебиеттермен танысу, түрлі формадағы драматургиялық өнерге
қатысуға тарту, газет пен журналдарды оқу қажеттілігіне дағдыландыру, ересектермен емін-
еркін тілдесу үшін тек ана тілін жақсы білгенде ғана мүмкін болады.
Түйін сөздер: ана тілі, бастауыш мектеп, оқушы, оқыту, тәрбиелеу.
Умения и навыки в области родного языка (речь, чтение, письмо) являются необходимым
условием и средством учебного труда учащихся. Вся система занятий казахском языком
должна обеспечивать воспитание у школьников интереса и любви к казахскому языку как
языку великого казахского народа, «языкотворца». Язык служит также важным средством
воспитания: только хорошее знание родного языка позволяет приобщить школьника к нашей
высокоидейной и высокохудожественной литературе, привлечь его к участию в различных
формах драматического искусства, привить ему потребность читать газеты и журналы,
полноценно общаться со взрослыми.
Ключевые слова: родной язык, начальная школа, ученик, преподования, воспитание.
Skills in their native language (speaking, reading, writing) is a prerequisite and a means of
academic work of pupils. The whole system of training of the Kazakh language should provide
education pupils’ interest and love for the Kazakh language as the language of the great Kazakh
people, “language author.” Language is also an important means of education: only a good
knowledge of the native language allows the pupil to attach to our high-principled and highly
artistic literature, to bring him to participate in various forms of dramatic art, to instill in him the
need to read newspapers and magazines, to fully communicate with adults.
Keywords: native language, elementary school, pupil, teaching, education.
Бастауыш мектеп баланың өмірлік қа-
лып тасуының ең іргетасы болып табылады.
Бас тауыш мектеп балаға белгілі бір білім
ға на беріп қоймай, оның жалпы дамуына,
яғ ни сөйлеуіне, қоршаған ортаға дұрыс көз-
қараста болуына, жағдайларды объективті
түр де бақылап, талдау жасауға үйретуге,
ой ын дұрыс айтуға, салыстыра білуіне, дә-
ле лдеуіне, сөйлеу мәдениетіне үйренуіне ал-
ғаш қы қадамдары қалыптасады.
Ойын балалары бастауыш сыныпқа кел-
ген кезде, пәндерді оқытылмастан бұ рын,
әліппе, тілді үйретуден бастау дәс түр ден
келе жатқан әдет. Ана тілін толық мең гер-
мейінше, білім алу мүмкін емес екені бел-
гі лі нәрсе. Бастауыш сыныпқа алғаш аяқ
бас қаннан бастап әріп үйрену кезеңінен тіл-
ді дамыту қолға алынады. Тіл – ақиқатты
та нытудың басты құралы. Философиялық
жә не психололгиялық әдебиеттерде тілсіз
81
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
ой дың тумайтыны нанымды айтылады.
Сон дықтан баланың болашақта білімді бо-
луына, ілімді игеруіне, ғылымды түсуіне,
шет тілдерді үйренуде бірінші кездекте ана
ті лін жетік білу маңыздылығы зор. Бала –
бал ғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл - әр
ха лықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қа-
ғидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген
сү йіспеншілігінің артуына тәрбиелеп, бала
жа нын небір жақсылық нәрімен суару – оны
өсі руші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті. Ана тілін
жақ сы меңгерген оқушының ғана көркем
әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйі-
рмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сы-
пайы қарым-қатынас жасап, тіл табысуға де-
ген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың
мә дени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.
Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқу-
шы лардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу ті-
лін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мә-
дениетін қалыптастыру, оларға рухани дү-
ниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең
асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын
себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құ бы-
лыс пен болмысты танып білуі тиіс. Соған
бай ланысты оның тіл байлығы да артады.
Ба ланың өмірді көргені, танығаны көп бол-
са, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл
бай лығы ауызша түрде де жазбаша түрде де
қа тар дамытылуы тиіс.
Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұ-
рыс дамуына білімді еркін және оңай мең-
ге руіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті
мек тепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән
бе реді. Өйткені ана тілін дұрыс меңгермеген
оқу шы басқа пәндерді де ойдағыдай үй-
рене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып
бе ре алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре ал-
май, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мек теп-
тегі негізгі пәндердің бірі екенін анық бай-
қаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д. Ушинский
ана тілінің білім берудегі ролі ту ралы: “Ана
тілін толық меңгермеген ба ла тарихты,
географияны, жаратылыс ғы лым дарын
және математиканы өз сөзімен ай тып бере
алмайтын күйге ұшырайды. Ана ті лі басқа
пәндердің бәріне қатысы бар және олардың
нәтижелерін өзіне жинастыратын бас ты,
өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бас-
тауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын
мо лайтып, сол үйренген сөздерін қолдана
отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп
сөй леуіне зор көңіл бөлінеді [2].
Бастауыш сынып оқушылары ана тілінің
ма ңыздылығын түсінбегендіктен, мұғалім
ана тілін жетік меңгеру үшін, аянбай қызмет
етіп, қызықтыра оқытудың барлық тәсілдерін
қол дануды талап етеді.
Ана тілін оқыту барысында ана тілі ар-
қы лы ұлттық тәрбиені бойына сіңірту, ана
тіліне деген үлкен мақтаныш пен сү йіс-
пеншілігін ояту, балалардың ішкі жан дү ние-
сінің рухани баюын қамтамассыз ету, яғни
жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей
білу – табандылық, төзімділік, жақсылыққа
ын таландыру арқылы рухани мәдениетті
азаматты тәрбиелеу үшін мынадай оқыту
әдіс терін ұсынар едім:
Ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан
туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өр нек-
тері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ-
жа ңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рә-
сімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұ-
ра сы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар
көзі [4].
Бастауыш сыныптарда ертегі, аңыз, әң-
гі ме оқытудың және сабақ тақырыбына
бай ланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жа ңыл-
тпаш пайдаланудың маңызы зор. Ба ла ны
қызықтырады, баланы оқи отырып, тың дай
білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адам гер-
ші лікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дү-
ниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Мы-
са лы, 3-сыныпта ана тілін оқыту барысында
ма қал-мәтелдермен мынадай жұмыс түр ле-
рін жасауға болады.
1 Оқушыларға тақырып мазмұнына сай
ма қал-мәтелдер айтқызу, оны өз сөзімен
түсінгенін айтқызу.
2 Тақтаға бейнелі суреттерді іліп, суретке
қарап тұрып мақал айтқызу.
3 Оқуышлар арасында мақал-мәтелдер ай-
ты сы.
4 Мақал-мәтелдердің мағынасын оқиғамен
түсіндіру.
Мысалы: Мал – баққанға бітеді.
82
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Асанға атасы базардан бұзау сатып алып
берді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан
бұ зауына шөп орып, су беруге ерінбейтін.
Ербол оған қатты қызықты. Бірақ ол
ойынды, сотқарлықты жақсы көретін. Бір
кү ні көршісі Ерболға да ата-анасы бұзау са-
тып алды. Ербол бірнеше күн бұзауына қа-
рап жүрді, бірақ шөп орып беруге ерініп,
ойынға қызығып кетіп қалатын. Суды да
уақ тылы бермейтін. Бір күні бұзауы ауырып
өліп қалады. «Мал – баққанға ғана бітеді» –
деген осы емес пе? Осындай әңгіме желісі
бойынша баланың астарлап айтылған мақал-
мәтелдердің оңай түсуіне жағдай жасалады.
Қазіргі кезде мұғалім үш нәрсені
қадағалау керек:
Сыныпта оқушылар ана-тілін таза
сөйлеуін;
Оқушылар заманауи сөздердің дұрыс
аудармада айтылуын;
Оқушылар өз арасында ана тілінде
сөйлеуін.
Бұл қадағалауды талап ететін мәселе
қазіргі кезде барлық қоғамдық ортада белең
орын алып жүр. Бастауыш мектеп мұғалімі
осы мәселелерді жадыда сақтау тиіс.
Қорытындылай келе, баланың тәрбиесі
ана тілінің дамуымен қатар жүреді, оны
бөліп жарып қарастыра алмаймыз. Ба ла ға
төл тілсіз ұлттық тәрбиені бойына қа лып-
тастыру мүмкін емес. Тіл - баланың ин-
тел лектуалды тұлға болып қалыптасуында
бас ты құрал болып табылады. Сондықтан,
бас тауыш мектепте ана тілін оқытуда үлкен
жа уапкершілікпен қарауды, мұқияттылықты
талат етеді. Соған байланысты ел болашағы-
на ие болатын тұлғалар қалыптасады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Г.Ж. Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту. Астана, «Фолиант» баспасы,
2007
2 Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен
тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен
болашағы. – Семей 2006. -19б.
3 Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
– Алматы 1992
4 А. Құралұлы. Ұлттық дүниетаным. – Алматы: Өнер, 2002
5 А. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы 1992.
83
МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Нуриев М.А. Ұлағатты ұстаз – адамның азбайтұғын асылдығы ........................................... 6
Табылды Ә. «Әдептік сабақтар» (5-11-сыныптарға арналған) оқу құралынан үзінді ....... 13
Тебегенов Т.С. Танымал кейіпкерлердің ұлттық, көркемдік-эстетикалық тағылымы ....... 19
Оразова Р.К. Әртүрлі тілдер және ұлттар мәдениетінің сабақтастығы (араб және
қазақ тілдері негізінде) ............................................................................................................ 25
Аташ Б.М., Бекебаев Ж. Қазақ эпостарындағы батыр рухы мен отаншылдық сезім-
дер дің қазіргі спортшы тұлғаларға тасымалдану қырлары ............................................. 31
Әбжан Г.М. Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы ............................................................................ 39
Қаражанова К.Ә. Ұлттық құндылығымыз қазақ батасының қадір – қасиеті .................. 43
Тобықов М.Т., Меркібаев Т.А. Елбасының тағылымы мол сөздерінің тәрбиелік мәні ..... 48
Қдыралиева Ж.Б. Бала болмысы – құрсақтан, тәлімі – бесіктен .......................... 53
Мұхаметкаримова А.С. Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыла-
рының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары .................................................. 56
Абуталиева А. М. Адалдықтың да, ақылдылықтың да негізі – тәрбиеде ................ 60
Нусипова Г. «Тілге құрмет – елге құрмет» атты интеллектуалды сайыстың сценарийі ... 66
Сембекова Г.Е. Жаркент қаласы тұрғындарының мәдени рухани өмірі ................ 69
Уразалина Г.Ш. Оқушылардың парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың
педагогикалық негіздері ............................................................................................................ 73
Урисбаева М.О. Тәрбие – тал бесіктен .................................................................................. 77
Буранбаева А.А., Аспантаева Л.Б. Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың маңыз-
дылығы ...................................................................................................................................... 80
Құрметті оқырмандар!
«Ұлттық тәрбие» журналын «Қазпошта» АҚ мекемесінің кез келген бөлім-
шесінен жаздырып ала аласыз. Журналға жазылу жыл бойына жүргізіледі.
«Ұлттық тәрбие» журналын жаздырып алуға және мақала жариялап, өзіндік
тың ой қосуға асығыңыз, ағайын!
Мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады: Жамбыл көшесі, 25 үй, 24
каб. Тел: 291-88-83. Е-mail: nitso@mail.ru
050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13
Абай атындағы ҚазҰПУ
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасының баспаханасында басылды
Отпечатано в типографии издательство «Ұлағат»
КазНПУ имени Абая
Жауапты редактор/Ответственный редактор – Жанар Сейсенбаева
Жауапты хатшы/Ответственный секретарь – Жадыра Байбатшаева
Беттеген/Верстка – Жадыра Байбатшаева
Редакция мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Жамбыл к-сі, 25-үй,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ, каб. 24.
Тел/факс: 8(727) 291-88-83, 87026338899
электрондық мекен-жай: nitso@mail.ru
Басылымға жіберілді: 31.03.2015 ж. Пішімі – 60х84
1
/
8
.
Қағаз - сыктывкар. Басылым – офсет. Көлемі – 10,5 б.т.
Таралымы – 400. Тапсырыс – № 32
2 (28) 2015
(наурыз-сәуір)
2
Достарыңызбен бөлісу: |