Әдебиеттер:
1. Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года. Казахстанская правда,
26.12.2003.
2. Реформа и развитие высшего обрзования. ЮНЕСКО, Париж,1995
.
Резюме
В статье обсуждаются вопросы Национальной образовательной системы на осно-
ве перехода обучения к основным параметрам Болонского процеса. В качестве примера
рассмотрена учебно-методическая, научно-исследовательская, социально-воспитатель-
ная деательность физико-математического факультета с момента перехода(2004) на
кредитную технологию обучения. Более бодробно обсуждаются разделы национального
воспитания(развитие государственного языка, духовное воспитания, патриотизм, воспи-
тания национальным традициям, эколого-эстетическое воспитания и т.д.).
Summary
In article questions of National educational system on the basis of training transition to key
parameters of Bolonsky process are discussed. As an example the educational and methodical,
research, social and educational deatelnost of physical and mathematical faculty is considered
from the moment of transition (2004) on credit technology of training. More bodrobno sections of
national education (development of a state language, spiritual education, patriotism, education to
national traditions, ekologo-esthetic education etc.) are discussed.
“Халықтың кемеліне келіп өркендеп, өсуі үшін ең алдымен
азаттық пен білім қажет”
Ш.Уәлиханов
ӘДЕБИТІЛДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІң ҚАЙНАР КӨЗІ
С.Б. Даутова –
Әдебиеттану және тіл білімі
ҒЗИ директоры,
филология ғылымдарының докторы
Еліміз
қазіргі
таңда
Президент
Н.Ә.Назар баевтың бастамасымен ел эко
номикасын дамытып, халықтың тұрмыс-
тіршілігін жақсарта түсуде. Тың баста ма-
лар мен соларды жүзеге асыруға бағыт-
талған нақты қадамдар Қазақстан қоға мын
ортақ іске жұмылдырып келеді. Әлбетте,
бұның өзегінде қазақстандық қоғам ның
отаншылдық сана-сезімі жатуы керек
екені баршаға белгілі. Ол болса, жалпы-
адамзаттық және ұлттық рухани-мәдени
құн дылықтарды ел қоғамына кең насихат
тай отырып, жас ұрпақ бойына терең сіңі-
руді, ұлттық құндылықтардың қоғамды
ор тақ іске жұмылдыратын және де жас ұр-
пақты отаншылдыққа тәрбиелейтін әлеуе-
тін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Қазір дүниежүзінің барлық елдері мен
мем ле кеттері жаһандану жағдайында өмір
сүруге бейімделуде. Оның бастауы – Аме
рика Құрама Штаттары мен Батыс Еуро
па елдері болып отыр. Олардың мәде ни
құн дылықтарының басымдық таны туы
әрбір жергілікті халықтың, соның ішін де
қазақ ұлтының байырғы ұлттық сипаты-
ның әлсіреуіне түрткі болып келеді. Өт-
кен ғасырдың ортасынан бастап айтыла
бастаған өркениет бәсекесі қазір, шын мә-
нін де, ақиқатқа айналуда. Бұл бәсеке бү-
гінгі күні экономикада, саясатта, идеоло-
гияда, мәдениетте, білімде, ғылымда, ақпа-
ратта, технологияда және т.б. салаларда
қызу қарқынмен жүріп жатыр. Сол себеп
тен, қазір дүниежүзі елдері демократиялық
қатынасты дамыта отырып, өздерінің ұлт
тық құндылықтарын сақтап қалуға ерекше
мән беруде.
АҚШ пен Еуропа елдерінің білімі, ғылы-
мы, техникасы мен технологиясы біздер үшін
өте қажет екені рас. Дегенмен, әлемдік жаһан-
дану дәуірінде де ата-бабамыздан мирас бо
лып қалған ізгілік, кісілік, адамгершілік,
имандылық, бауырмалдылық, елжандылық
сияқты т.б. да құндылықтарымызды сақтап
қалу айтарлықтай маңызды. Ал бұлардың
барлығының негізі ұлттық салт-дәстүр мен
әдеп-ғұрыпта жатыр.
Ұлтымыздың қалыптасу, даму тарихын
зерттеп-зерделесек, көне дәуірден бе рі
қазақ қоғамы өзінің дәстүрлі рухани құн-
ды лықтарын сақтап қалуға аса мән беріп
келген. Оларға ешқашан да бейжай қарама-
ған. Ұлттық салт-дәстүрлерді жұрт тың
тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз ететін
тұрмыс-тіршіліктің берік қағидалары ретін-
де ұстанған. Алайда, басы ашық мәсе ле нің
бірі – қазіргі қазақ қоғамы әлемнің басқа
елдері сияқты жаһандану үрдісінің ықпа-
лы на ұшырай бастады. Одан бас тарту да
мүмкін болмай қалды. Бүкіләлемдік жаһан-
дану үдерісі әрбір ұлт пен этносты өзіне
жыл өткен сайын тартуда. Оған әрбір ұлт
тық мемлекет өзінің ұлттық болмысымен
келуі қиындап барады. Осындай қауіпті
жеңе алған мемлекеттер ғана жаһанданудың
құрбанына айналмауы мүмкін екенін бүгін-
гі күн шындығы нақтылай бастады. Сон-
дықтан да жаһандануға өзіміздің ұлттық
табиғи-тарихи бітім-болмысымызды сақ-
тай отырып, бейімделіп баруымыз үшін
жас ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударуы
мыз керек. Осы мәселені тереңірек зерттеп
жүрген ғалымдардың пікірінше, оның ең
тиім ді жолы – адамзаттық маңызға ие ұлт
тық құндылықтарға негізделген мемлекеттік
идеология мен жүйені қалыптастыру болып
табылады.
Жас ұрпаққа заманауи білім бере оты
рып, ұлттық дәстүрлі тәлім-тәрбие беру
арқылы ғана біз өзіміздің ұлттық бітім-бол-
мысымызды, өзге жұртқа ұқсамайтын ұлт
тық ерекшелігімізді, ұлттық ой-сана мыз-
ды, ұлттық ойлау машығымыз бен дүние-
танымымызды қорғап қалып, жаһандану
үдерісіне бейімделе аламыз. Бұл – қазіргі
кезде қазақ қоғамында нақтыланып, пайым
57
56
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм
дала бастады. Қалай десек те, ендігі уақытта
жас ұрпақ, ең алдымен, ұлттық тарихи жа
дын, бірегей ойлау машығын, өзіндік өнері
мен дүниетанымын, ана тілі мен дінін, дәс-
түрлі әдебиеті мен мәдениетін аман алып
қалу және оларды одан әрі дамытуға тиіс.
Оған еліміздің тәуелсіз, өз алдына дербес
егемен ел болуы зор мүмкіндік беріп отыр.
Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасыр-
лық армандаған мұраты. Отанымыз дың кө-
гінде ата-бабамыздың аңсар-арманын ай-
ғақтайтын көгілдір туымыздың желбі реуі
тәуелсіздігіміздің арқасында болып отыр.
Қазір біз жаңа ғасырда, жаңа экономикалық
қатынаста өмір сүріп жатырмыз. Нарықтық-
демократиялық қатынас өмірімізге дендеп
енуде. Енді біз осы жай-күйдің талаптары-
на сәйкес Қазақстан қоғамының саяси-әлеу-
меттік жағдайын әлемдік деңгейге көтерумен
қатар, рухани-мәдени жақтан да қайта тү -
леп, дәстүр жалғастығын жетілдіруге бар -
лық мүмкіндіктерді қарастыруымыз қажет.
Елбасы сөзімен айтсақ: «Өзіндік ор та да
ту ған, бәсекеге қабілетті тұлға, алды мен
өз халқының мәдениеті мен тілін білуі
ке рек. Білім беру жүйесі арқылы сіңі -
рі ле тін, туған тілдің мәдени бастаула-
ры мен рухани дәстүрлерін сақтау, жас
ұрпақтың бойында жаһанданудың барлы-
ғын жұтатын, бірыңғайлайтын және кірік-
тіретін үдерістеріне қарсы тұра алатындай
иммунитеттің қалыптасуына көмектеседі»
[1;336]. Сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-
экономикалық саясатын жүзеге асырудағы
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарла-
масында да осы мәселе: «Қазақстан Респуб-
ли касының егемен ел болып, ана тілінің
мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен та
рихымызды қайта қарап, ондағы рухани
құндылықтарды елеп-екшеп және рухани
құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес
қосатын мұраларын зерделеп зерттеу, бүгінгі
ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату – өзекті
мәселелердің бірі болуда» [2], – делініп нақ-
ты көрсетілген.
Жаһандану дәуірінде ұлттық тарихи бі-
тім-болмысты сақтап қалуға тіліміз бен әде-
биетіміздің қосар үлесі зор. Тіл мен әдебиет
– қашанда егіз ұғым. Бұл екеуі ұлттық
салт-дәстүрді насихаттап, оларды бүгінгі
еліміздің негізгі ұстанымына айналдыруда
маңызы ерекше. Бұл пәндер жас ұрпақтың
таным-түсінігін кеңейтіп қана қоймай, олар-
ға көркем-эстетикалық тұрғыдан да әсер
етеді. Ұлттық дәстүрге деген іңкәр сезім
көркем әдебиеттің әр тегінің түрлі жанрла
рында көркем бейнелер, көркем суреттеу
лер арқылы беріліп, жас ұрпақтың көркем-
эстетикалық талғамын кеңейтеді. Мысалы,
ұлтымыздың эпостық жырларындағы ба
тырлар бейнесі, олардың ел-жұрт үшін жан
қиярлық ерліктері және солардың жоғары
пафоста суреттеліп дәріптелуі ата-баба дәс-
түрі мен атамекенге, жақын-жұрағатқа т.б.
деген жас ұрпақтың сана-сезімін кеңей тіп,
жігерлендіріп, ерлік іс-әрекеттерге жете-
лейді. Демек, туған жерге, өскен ортаға,
жақын-жұрағатқа, туған-туысқа деген сүйіс-
пен шілік көркем әдеби шығармаларда поэти-
калық, эстетикалық жолмен беріледі.
Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ өзінің
құ рылған күнінен бері Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың құрылымдық бөлімшесі ре-
тін де ғылыми-шығармашылық қызмет түр-
лерін жүзеге асырумен қатар жастар тәрбие-
сіне де баса назар аударып келеді. Институт,
негізінен, жаңа ғылыми білімдерді қа лып-
тастыру мен дамыту және қоғамның, әсі -
ресе, жас ұрпақтың рухани әлемін жаң -
ғыр ту мақсатында жоғары мектептің ғы-
лы ми әлеуетін тиімді пайдалана отырып,
әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті бағыт-
тары бойынша іргелі және қолданбалы зерт
теулер жүргізуде.
Қазіргі таңда ҒЗИ-дың ғылыми-шығарма-
шылық іс-әрекеті университеттің негізгі
бағыт тары бойынша жүзеге асырылуда.
ҒЗИ университетіміздің оқу-тәрбиелік қағи-
даларын берік ұстана отырып, филология
мен білім беру бойынша түрлі деңгейдегі
бір неше іргелі және қолданбалы зерттеулер
байқауына оннан аса ғылыми жобалар дай
ындады.
«Түркілік рухани мұра – әлемдік өрке-
ниеттің құрамдас бөлігі» атты ғылыми жоба
түркология, қазақтану мәселесін зерде леу
ісіне қосылған елеулі үлес болып табы-
ла ды. Зерттеу барысында түркілік жазба
мұра лардың бүгінгі түркі әлемімен, оның
ішін де бүгінгі қазақ руханиятымен сабақ-
тас тығы, дәстүр жалғастығы, жалпы түр-
кілік мұрадағы рухани құндылықтардың
жас ұрпақ зердесін жетілдірудегі орны мен
рөлі, тарихи-танымдық, әдеби-мәдени әлеу-
еті, ұрпақ тәрбиесіндегі өзіндік маңызы
анық талды. Осындай пайымдаулардың негі-
зін де қазақ өркениетінің өткенін, бүгіні мен
болашақ даму жолын бағдарлайтын тұжы-
рымдар жасалды. Жалпы түркілік әдеби мұра
көркемдік қасиетіне қарай түркі өркениетінің
сан ғасырлық дамуында ұлан-ғайыр руха
ни қазынаға айналғандығы дәлелденіп, жас
ұрпақ тәрбиесінде танымдық-тағылымдық
қызмет атқаратын мақалалар, монография
лар дайындалды.
ҒЗИ-дың ғалымдары «Ұлттық және жал-
пы адамзаттық құндылықтар – көркем шы-
ғар ма контексінде» деген зерттеудің негі зінде
«М.Әуезов парасаты» деген ұжымдық моно
графия шығарды. Осы кітаптың «М.Әуезовтің
көркемдік әлемінде тарихи тұлғаның ұлт
тық құндылық ретінде зерделенуі» деген
тарауы бойынша жастарды отансүйгіштік
рух та тәрбиелеуге негіз қалайтын мына
дай нәтижелер алынды: М.Әуезов тарихи
тұлғаның драмалық бейнесін сомдау ар-
қылы ұлттық мемлекет құрудың бір жолы
– қо ғамды жұмылдыру, ұлт әлеуетін пай
далану екенін көрсетіп кетті. Оның тарихи
драматургиясы («Абай», «Хан Кене» т.б.)
ұлтымыздың бүгіні мен ертеңіне аса қажетті
идеологиялық, патриоттық құндылықтырды
қамтыған ұлттық рухани мұра болып табы
лады. М.Әуезов жаңашылдығы сол – оның
көркем-идеялық ізденісінде тарихи тұлға
бейнесін сомдау жатыр. Ол өз өмірін ұлт та
рихын зерттеуге арнай отырып, оның елдігі
мен еркіндігін, тәуелсіздігі мен дербестігін,
мақсат мен мүддесін өз бойына жинақтаған
әрі оның жарқын болашағын армандаған
тарихи тұлғалардың жағымды бейнесін қа-
лыптастыру арқылы жас ұрпақтың елжанды
болып өсуіне зор үлес қосты. Сөйтіп, ол қазақ
әдебиетінде күрделі де, қарама-қайшы лыққа
толы Абайдың, Кенесары Қасым ұлының
классикалық көркем бейнесін жасады.
Аталған кітаптың «Тіл – ұлттық-этника-
лық құндылықтардың ең негізгісі» деген
тарауында ұлы Абайдың сөз саптауы мен
сөз қолдануы, оның тіл байлығы мен тілі-
мізге әкелген сан-алуан жаңалықтары жө-
нін де М.Әуезовтің жастарға әдеби-тілдік
тағылым беретін ғылыми ой-пікірлері қарас-
тырылды. М.Әуезов қазақ әдебиеттану
ғылы мымен қатар тіл білімі ғылымында да
алғашқылардың бірі болып, ұлы Абай тілін
зерттеп, ол туралы бағдарламалық құнды
ғылыми ой-пікір айтып, тілдік бағытта да
«абайтанудың» негізін қалағаны дәлелденді.
Сондай-ақ, М.Әуезовтің сан салалы бай
мұрасының бір бөлігін тіл жөніндегі еңбек-
тері құрайды. Ол әдеби тіліміздің, оның
стильдік тармақтарының, жалпы көркем сөз
өнеріміздің дамуы мен қалыптасу про це-
сіне өзінің жазушылығымен, ғылыми еңбек-
терімен үнемі атсалысып отырды. Сон дық-
тан, М.Әуезовтің әдеби шығармалардың
тілдік бітім-болмысына қатысты ой-түйін-
дері, ұсыныстары мен ескертпелері көркем
шығарма тілін зерттеуде аса маңызды. Ұлт
тық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, жас
ұрпаққа сапалы білім, тағылымды тәрбие
берудің көптеген көкейтесті мәселелеріне
дер кезінде көңіл бөліп отырған М.Әуезов
қазақ диалектологиясы, орфографиясы, тер
минологиясы туралы да ой қозғағаны, сол
пікірлерінің қазіргі кезде де аса маңызды
екені ұлттық құндылық ретінде зерттеліп,
негізделді.
Кітаптың «Лингвоконцептуалдық құры-
лым дағы құндылықтардың көрінісі» де ген
тарауында М.Әуезовтің шағын проза -
лық шығармаларының идеялық-тақырып -
тық маз мұ нындағы ұлттық және жалпы -
адам зат тық құндылықтардың арақаты насы
анық талып, ай қындалды. Зерттеуде ұлт
тық және жалпы адамзаттық құн ды лық тар
этно лингвисти калық,
психолингвистика-
лық тұр ғы дан қарасты рылып, оның концеп-
туал дық жағы салыстырылып, «кеңіс тік»
кон цептілері әр қырынан зерде леніп, он-
ың ұлттық-жалпыадамзаттық құн ды лық
ре тін дегі маңызы айқындалды. М.Әуезов
шығар масындағы әйел бейнесінің бері луі-
нің лингвистикалық ерекшелігі, жалпы адам-
заттық құндылықтағы «әйел» затының ала
тын орны, осы концептінің қасиеттері және
59
58
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм
оның жалпы қоғамдық рөлі анықталды. Қа-
зақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мә де-
ниеттегі рөлі мен орны және оны сипаттай
тын тілдік деректер лингвомәдени бағытта
зерттелді. Бұл зерттеудің де қазақ жас-
тарының таным көкжиегін кеңейтіп, ұлттық
дәстүрден нәр алуларына сеп болары сөзсіз.
Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ, негі-
зінен, филологияның түрлі салалары бойын
ша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе-
тіндіктен, «Әлемнің көркемдік және тілдік
бейне-көрінісі – ізгі құндылықтар айнасы»
деген тақырыбы филологияның қос сала
сын қамти отырып, ұлттық тәлім-тәрбие
мәсе лелеріне де арналды. Себебі, қазіргі
уақытта ғылыми зерттеулердің бір қыры –
танымдық-тәрбиелік сипаты болып отыр.
Осыған орай, қазақ тілі мен әдебиетінің
әлем нің басқа халықтары тіл-әдебиетімен
бай ланысын зерттеудің, сондай-ақ әдебиет
пен тілді әлемнің көркем бейнесін жасау-
шы ретінде қарастырып, ұлттық және жал-
пыадамзаттық мәдени құндылықтар аясын
да зерделеудің маңызы зор. Бұл бағытта да
ҒЗИ айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп,
көлемі 23 баспа табақ болатын «Әдеби және
тілдік байланыстардың өзекті мәселелері»
деген кітапты баспаға ұсынды.
Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ-дың
«Оқу-тәрбие стратегиясындағы ҚР Прези-
денті еңбектерінің маңызы» деген ғы-
лы ми жобасы – Қазақстан Республика
сы тәу ел сіздігінің алғашқы жылдарынан
бас тап отандық білім, ғылым жүйесінің
жа ңа заманға, халықаралық стандартқа
сәй кес қалыптасып дамуына Елбасы
Н.Ә. Назар баев тың осы бағыттардағы инно-
вациялық ой-тұжырымдарының ықпал-
әсе рін, орны мен рөлін айқындауға ар
налды. Бұл тақырып – еліміздің әлемдік
қауымдастыққа ену мақсатында ғылым
мен білімді өркендете отырып, бәсекеге
қабілетті маман даярлау ісін зерделеуде
өзіндік маңызы бар зерттеу болып саналады.
Осы жобаны орындау барысында Президент
Н.Ә. Назарбаевтың білім, ғылым, тәлім-
тәрбие туралы жаңашыл ой-тұжырымдары
еліміздің тәуелсіздік жыл да рындағы білім
жүйесінің қалыптасып дамуы аясында қа-
рас тырылды. Елбасының жаңашыл ой-пікір-
лері мен қағида-ұстанымдарын бас шы лыққа
алып, еліміздің білім, ғылым жүйесін қайта
құрып, жаңа бағытта дамытып жетіл діруде
жасалған оң өзгерістер, оларға енді рілген
жаңа технология лар, білім мен ғылым ды
дамытуға қатысты маңызды рефор ма лар
бүгін өз жемісін беріп жатқаны, со лар дың
нәтижесінде бүгінгі таңда еліміз әлемдік
қауымдастыққа енуге нақты қадам жаса-
ғаны, яғни отандық білім-ғылым жүйе сіне
енгізілген заманауи өзгерістер мен жаңа-
ша бетбұрыстардың барлығы – егемен елі-
міз дің жаңа заманға бейімделіп, өз саясаты
мен экономикасын түзеп, халықтың тұр-
мыс-тіршіліктік жағдайын жақсарту жо-
лын да жасалған маңызды қадамдар ретінде
анықталды. Зерттеудің нәтижесі ретінде
көлемі 15 баспа табақ «Елбасы және отандық
білім жүйесі» деген оқу құралы дайындалып,
жарық көрді (авторлары: С.Ж. Пірәлиев, С.Б.
Даутова, С.Қ. Симтиков).
ҒЗИ-дың «Тәуелсіз Қазақстан: Елба сы
және тіл саясаты» атты жобасында ҚР Пре-
зиденті Н.Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің
алғашқы жылдарынан бүгінге дейінгі мем -
лекеттік тілді жетілдіру, дамыту, қолда ныс
аясын кеңейту мақсатындағы баста ма шыл
ұсыныс-ұстанымдары мен саяси ше шімде-
рі қарастырылып, Елбасы негіз де ген елі-
міз дің мемлекеттік тіл сая саты Қа зақ стан
қоғамын ортақ іске жұмылды рып, ұлт-
ара лық татулық пен саяси тұрақ тылық-
ты қамтамасыз ететін, рухани-мә де ни
та быс тарға қол жеткізетін өзекті мәсе-
ле ретінде зерттеліп-зерделенді. Ғылы ми
жоба, негізінен, ел тәуелсіздігінің алғаш-
қы жылдарынан бастап мемлекеттік тілді
ха лықаралық стандартқа сәйкес қалып-
тас тырып дамытудағы ҚР Президенті
Н.Ә. Назар баев тың инновациялық ой-
тұжы рым дарын айқындауға арналды. Зерт
теу нәтижесі ретінде 11 баспа табақ «Ұлт
руханиятының өзегі» деген оқу құралы
жарық көрді (авторлары: С.Б.Даутова,
Б.Ж.Исхан, Б.Р.Оспанова). Аталған екі жоба
бойын ша дайындалған оқу құралдары да,
сөз жоқ, оқу-тәрбие үрдісіне тікелей қатысы
бар дүниелер екені анық.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы
Жолдауында халықтың әлеуметтік дамуын
кең ауқымда сөз ете отырып, жас ұрпаққа за
манауи сапалы білім беру мәселесіне арнайы
тоқталды [3]. Бұл, әрине, баршаға түсінікті.
Өйткені, еліміздің әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан әрі қарай өркендеп дамуы – «адам
капиталының сапалық өсуімен» тығыз бай
ланысты. Ал бұл болса, жас ұрпаққа сапалы
білім бере отырып, олардың бойына тағы-
лымды тәрбие дарыту мәселесімен тығыз
бай ланысты.
Еліміздің ертеңі – жастар қолында. Сон-
дықтан, оларға сапалы білім, тағылымды
тәрбие беру ісіне барлық мүмкіншілікті
жұмыл дыру қажет. Елбасы жас ұрпақ тәр-
бие сі не ерекше мән беріп отырғанда уни-
вер ситеті міз «Ұлттық тәрбие» журналын
шығарып, жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік
үлесін қосып отыр. Журнал ұлттық құнды-
лықтарымызды насихаттауда маңызды рөл
атқарады. Өйткені, жас ұрпақ тәрбиелеуде
кәдеге асатын құнды дүниелеріміз тіліміз
бен әдебиетімізде, жалпы кешелі-бүгінгі
рухани мұраларымызда, университетіміздің
дәстүрлі тарихында аса мол. Осындай ру
хани әлеуетті мақсатқа сәйкес пайдалану
қажет. Сол себептен, университет ректоры,
академик С.Ж.Пірәлиевтің бастамасымен
білім берудегі ұлттық тәрбиенің маңызы ту
ралы ғылыми тақырып университеттік зерт
теулерде кең қамтылып келеді. 2009 жыл
дан бері университет ректорының грантына
жарияланған ғылыми жобалар байқауы ая
сында ұлттық тәрбиеге жалпы педагогиканың
инновациялық дамуына тікелей қатысы бар
іргелі және қолданбалы жобалар жүзеге
асырылды. Қазіргі таңда олардың ғылыми-
танымдық, тәлім-тәрбиелік нәтижелері оқу-
лық, оқу құралы, монографиялар т.б. түрінде
оқу үрдісінде қолданыста жүр.
«Отаншылдық сезімді орнықтыру қай
за манда да, қай қоғамда да маңызды.
Бұл, әсіресе, жас мемлекеттер үшін ерекше
мәнге ие. Біз патриоттық тәрбие беруге
көп көңіл бөлуге тиіспіз. Мұның бір қай-
нар көзі тарихты білу, одан тағылым алу,
бабаларымыздың даңқты істері үшін мақ-
тану екендігі анық» [4], – деп Елбасы
Н.Ә. Назарбаев айтқандай, өткеніміз бен
бүгінімізде қазақстандық жас ұрпаққа
ауыз толтырып мақтанышпен айта алатын
тағы лымды тарихымыз, тәуелсіздігімізбен
бірге келген жетістіктеріміз мол. Демек,
өткен тарихымыз бен бүгінгі табысымыз ел
азаматтарын, әсіресе, жас буын өкілдерін
отаншылдық рухта тәрбиелеуде маңызды
рөл атқарып, үздіксіз қызмет ете бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |