Бас редактор



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАНАҒАТ. И н а б а т (этика) сипаттарының 

ішінде ерекше мәнге де мазмұнға ие – Қанағат 

атты қасиетті ұғымның қалыптасуына – Ж ү 

р е к т і ң де, А қ ы л д ы ң да қатынасы бар. 

Адам бойындағы бұл с и п а т – Жүрек пен 

Ақыл дың үндесе жетілуінен ғана нәр алады. 

Тіпті,  адам  мінездеріндегі  Қанағаттық 

қасиет тері,  әбден  толыса  нұрланған  соң, 

қайы ра с ә у л е шашып Жүрек пен Ақылдың 

өзі не шапағатын тигізеді. Міне, Қанағаттың 

–  құ ді ре ті  осындай?!  Абай  өзінің  ұлағатты 

ұстаз дықпен  ұрпағына  ұсынған  43-ші  Қара 

сөзін де:  –  «...Әрбір  жақсы  нәрсенің  өлшеуі 

бар,  өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін 

біл мек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақ-

сы,  бірақ іске тіпті салынып кеткен кісі, ой-

ын   байлай  алмай,  қияли  болып  кететіні  де  

бо лады.  Ішпек,  жемек,  кимек,  күлмек,  кө-

ңіл  көтермек,  құшпақ,  сүймек,  мал  жимақ, 

мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық 

–  бұл  нәрселердің  бәрінің  де  өлшеуі  бар. 

Өлшеуінен асырса, боғы шығады.

Мансап  сүйгіштік,  мақтаншақтық,  ашу-

лан шақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әр бір 

маскүнемдікке  тартып,  құмар  қылып,  ақыл-

дан шығарып жіберетін нәрселер бола ды. 

Адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа 

са лып жіберетұғын нәрселерден бойды ер те 

тыйып  алу  керек.  Пайда,  залалды    айыра-

тұ ғын қуаттың аты – ақыл еді ғой. Бір ақыл 

қуа ты бірден мұны тоқтатып болмайды. Һәм 

ақыл,  һәм  қайрат,  –  екі  мықты  қуат  қо сы-

лып  тоқтатады...»  -  деп  мөлшерсіздік  пен 

қанағатсыздықтың  түбі  қайғы-қасірет екен-

ді гін  аңғартады.  Әсіресе,  қанағатсыздық 

тәріз ді зауалдың алдын алу үшін, бір ғана а 

қ ы л д ы ң күші жете бермейтіндігін, Абай 

ғұла ма мәймөңкелемей ашып айтып отыр.

Дәл  осындай  ұғымды  ағылшынның 

кемең гер  ойшыл  педагогі  Джон  Локк  та 

былай ша сипаттайды: – «...От воздержания 

пред слишком поспешным подчинением сво-

им желаниям, от умерения и сдержки своих 

страс тей, дающей разуму возможность сво-

бод ного  и  беспристрастного  исследования 

и суждения. Итак, р а з у м вступает в свои 

пра ва  руководства  нашей  деятельностью 

толь ко при условии сдержки наших ж е л а 

н и й...»,  - деп, адам нәпсісінің қанағатына 

ерек ше мән беретіндігін байқаймыз.

Шындығында да адам нәпсісінің қана ғат ты-

лығы – тікелей ж ү р е к тәрбиесі мен а қ ы л 

тәр биесі жүйелерінің үндесе әсер етуімен ға-

на қалыптасатындығын, тек Абай ғана аша 

біл ген  педагогикалық  көзқарас  екендігін 

ашып  айтқан  жөн.  Адам  тәрбиесіндегі 

осын шама  күр делі  құбылыстарды  түсіне 

алуға,  Абайдың  құзы ры  әбден  жетіп-ақ 

тұр?!  Өйткені,  ол  Шығыс  пен  Батыстың 

ойшылдарының айт

  

қандарын сыни пікірден 



өткізіп қана қой май, ой елегімен дұрыс деп 

айтқандарын  үне мі  сабақтастыра  қорытып 

ұштастыруға  тыры сады.  Осындай  құнары 

мол  тәсілдерді  пай даланудың  арқасында,  ол 

адам тәрбиесі үшін аса қажетті педагогикалық 

тәлімнің  пәр менді  сырларын  ашады.  Бұл 

–  Абайдың  педа гогикалық  еңбектеріндегі 

әлі  күнге  дейін,  бұрын-соңды  сөз  болып  та 

көрмеген.  тіп ті  ешуақытта  мән  берілмей  келе 

жатқан тұ сы.

Адам тәрбиесінде жүректің орнын ерекше 

бағалауды  Абай  сонау  шығыс  ойшылдары 

–  әл-Фараби,  ибн-Сина,  Жүсіп  Баласағұн, 

Ғұламаһи  Дауани,  Әлішер  Навои,  Жүсіп 



11

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Қарабағидан  –  тарата  дамытқан.  Адамның 

дүние танымдарының  дұрыс  қалыптасуына, 

шешу ші қызмет атқаратын, түйсік пен ішкі 

жә не сыртқы бес сезімдер (хауас, хауас сә-

лим, хауаси хамса заһири), гуманистік тұр-

ғыдағы үш сүю (имани гүл), сонымен қо са,  

а қ ы л, әділет, рахым (жауәнмәртлік) ілім-

де ріне  ерекше  мән  беріп  қана  қоймай,  оны 

ба рынша халық педагогикасымен үндестіре 

қарауға  тырысқан.  Сайын  далада  отырып 

данышпандықтың шыңына шыққан, Абайдай 

ғұламаның осынау бір өзіне тән жұмбақ сы-

рын алғаш ашушы және бұл жөнінде бағдар 

беруші,  заманымыздық  ғұлама-жазушысы 

М.О.Әуезов болса, сол кезінде тезис ретінде 

ғана жазуға мүмкіншілігі болған нұсқауларды 

бірсыдырғы  таратып  жетілдіре  дамытқан, 

абай тану мен мұхтартануды үндестіре ілгер-

летуші,  белгілі  ғалым  М.Мырзахметов  еке-

нін  айта кеткен жөн.

Адам  мінездеріндегі  тәрбие  күшімен  қа-

лып тасатын  Қанағаттың  бір  ұшы,  кезінде 

негі зін Фараби қалаған – хауас, имани гүл, 

жауән мәртлік  –  ілімдерінің  тәсілдерімен 

сабақ тасып  жатқанын  көреміз.  Ұлы  Абай-

дың  кемеңгерлігі  сол,  осынау  замана  тос-

қауыл дарына төтеп бере отырып жеткен, үш 

түр лі ілімнің сырларын терең ұғынып, олар-

дың сипатынан қазақ халқының ежелден ке-

ле жатқан тәлімімен етене жақын екенін та-

ны ған нан  кейін,  оның  принциптерін  өзінің 

өлең дерінде де, қара сөздерінде де кең түрде 

пайдаланған.  Ол  –  осы  ілімдерді,  келешек 

ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалануды  барынша 

ар ман  еткен.  Бұл  туған  жұртына  тілеген  – 

Абай армандарының бірі ғана десек болады.

Міне,  заман  өзгеріп,  ғасыр  ауысып  жа-

тыр.  Не  ықылым  ғасырлардан  өтіп,  не  бір 

сорақы  тұрмыстарды  кешіп,  қазақ  хал қы  

арманнан  да  алыс  боп  кеткен  өзінің  дер-

бестігін  алысымен-ақ,  бұрын  ешуақытта 

ойына  кіріп  шықпаған,  өзінің  ұлттық  оқу-

ағар ту  жүйесінің  үлгісін  жасауға  кірісті. 

Хал қымыздың  болашақ  ұрпақ  тәрбиесін 

ғы лыми жүйелейтін осы үлгіде – екінші ұс-

таз атанған Фарабиден бастау алатын, Абай-

дың  педагогикалық  еңбектеріндегі  ере сен 

мол қазыналар, тереңдей зерттеліп мін детті 

түрде көрініс табуы қажет. Оны тол ған дыр-

ған «нұрлы ақылға» бай, іштей де, сырттай да 

же тіл ген «толық адам», біздің де келешектен 

күтер арманымыз екенін айтып қою аз, оның 

ұрпақ тәрбиесіндегі ү л г і с і н жасауымыз 

керек.

Абай  өзінің  бүкіл  шығармалық  еңбек-



терінде,  өлеңдері  мен  қара  сөздерінде  де, 

адам тіршілігіндегі – ж ү р е к т і ң ықпалы, 

адамның т ә н і мен ж а н ы н ы ң падишасы ж 

ү р е к екенін – дәлелдеп көп жазған ғұлама 

еді.  Жүректің  ізгілікті  және  махаббатты 

болу себептері – «...әуелі хауас сәлим (ішкі 

сезім,  жақсы  сипат)  һәм  тән  саулық,  бұлар 

туысынан болады...» –деп жүрек тәрбиесінің 

ана  құрсағында  қалыптасатындығын  мең-

зей ді.  Абайдың  бұл  мағынадағы  меңзеуін 

тө мен дегі өлеңнен де көруге болады:

Алла деген сөз жеңіл

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы ж ү р е к, шын к ө ң іл

Өзгесі хаққа қол емес.

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты

Махаббат қылса тәңірі үшін.

Ақылға сыймас ол алла,

Тағрипқа тілім қысқа аһ!

Барлығына шүбәсіз,

Неге мәужүт  ол куә.

Ақылмен х а у а с барлығын

Білмейдүр, жүрек сезедүр.

Мутәкәллимин

 

 мантикин 



Бекер босқа езедүр – деп шығыс фило со-

фия сындағы мәнді сөздермен сілтеме жасай 

отырып із тастап жазады. Міне, осы өлеңімен 

(3. түсіну, білу, анықтау; 4. бар нәрсе; 5. түйсік, 

сезім сипаттары; 6. дінді дәлелдеушілер; 7. 

қи сынсыз сөз;) данышпан Абай терең-терең 

ағым дарды меңзеп қана қоймай, неше алуан 

ілім дердегі  тұжырымдарға  да  мән  береді. 

Осы лайша,  шығыс  философиясындағы  кө-

не   ілімдермен  ұштастыра  отырып,  өзінің 

жандүниесімен  құптаған  —  жүректің 

тендессіз ықпалын (культін) үнемі алдыңғы 



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

12

қатарға  қоюдан  айнымайды.  Абайдың  осы 



көзқарастарына  сүйене  отырып,  біздін  ха-

лық  педагогикамыздың  арқауы  мен  арнасы 

да, осы маңайға көмбесін қалдырғанын аң-

ға ратын мезгіл жетті. Тек, осы құдіретті жү-

рек пен сезіп, а қ ы л м е н аша ұғынсақ екен.

Арнайы тоқталып сөз етіп отырған, адам 

мінезіндегі  қанағаттылық  сипаты,  адам дар-

дың  адамгершілігі  мен  кісіліктерін  сақтап, 

аса  үлкен  мұраттарға  жетелейтіндігін  ха-

лық  педагогикасының  қағидаларынан  да 

анық  байқауға  болады.  Мәселен,  халық 

да  на лығы:  «Қанағат  –  қарын  тойғызады, 

қана ғат сыздық  –  жалғыз  атын  сойғызады», 

-деп өз тұрмысының, жай-күйін тұтас алып  

сипаттайтын  ой  түйеді.  Егер,  қана ғат сыз-

дық қа салынып, бір шаңырақтың астындағы 

жан дарда  ғана  емес,  бүкіл  ауылды  асырап 

отыр ған  жалғыз  атты  сойсаң,  бірдің,  емес, 

жүз дің  тіршілігін  солдырғанмен  бірдей 

бола тындығын  ашық  айтып  тұр.  Міне,  бұ-

дан  көп  толғаныстармен  толыса,  қаншама 

ілім дермен салыстыра жетілдірген Абайдың 

педа гогикалық көзқарастарының бастауы да  

халық педагогикасымен біте қайнасып жат-

қа нын аңғару қиын емес.

ӘДІЛЕТ-ШАПҚАТ. Жоғарыда айтылған 

ж ә у а н м ә р т л і к ілімнің бір көрінісі – 

Әділет екендігін байқадық. Содан тарайтын  

шапқат пен адамдардың бір-бірлеріне деген 

мейірімдері  көрінбек.  Ұлы  Абай  осы  мә се-

лелерді  өзінің  көсіле  толғанып  жазған  38-

ші  қара  сөзінде  толып  жатқан  инабаттық 

(этикалық) сипаттармен салыстыра қарас ты-

рып, аса терең рухани ұғымдарға үңіледі. Өз 

уақыты үшін тым биік те аса көрегендікпен 

жа ңа  тұжырымдар  жасайды.  Мәселен,  ол 

осы  38-ші  сөзінде:  «Ей,  жүрегімнің  қуаты, 

пер зенттерім?!  Сіздерге  адам  ұғымының 

мінез дері  туралы  біраз  сөз  жазып  ядкар 

(ескерткіш)  қалдырайын.  Ықлас-бірлән 

оқып, ұғып алыңыздар, жаның үшін махаб-

ба тың  толады.  Махаббат  -  әуел  адамның 

адам дығы,  ғақыл,  ғылым  деген  нәрселер-

бір лән. Мұның табылмақтығына себептер - 

әуелі х а у а с с ә л и м (ішкі сезім, жақсы 

сипат)  һәм  т  ә  н  саулық,  бұлар  туысынан 

бола ды,  қалмысы  жақсы  ата,  жақсы  ана, 

жақ сы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Талап, 

ұғым – махаббаттан шығады. Ғылым-білімге 

махаб баттан дырмақ әлгі айтылған үшеуінен 

бола ды. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі 

ізденіп  таппайды.  Басында  зорлықпен,  яки 

алдауменен  үйір  қылу  керек,  үйрене  ке ле 

өзі іздейтіндей болғанша», – түбегейлі нәр-

се лерді  түре  айтып,  күллі  педагогикалық 

тә лім  мен  тәрбиенің  негізгі  әдістеріне  жөн 

сіл тейді.  Бүкіл  шығыс  мәдениетінің  терең 

сезім талдық  (хауас)  пен  ойшылдыққа 

құрыл ған ілімдері мен ойын өрнектеп және 

замана  өзгерістеріне  лайықтап  жетіл ді-

ріп  те  отырады.  Абайдай  кемеңгердің  пе-

дагогикалық  еңбектерінен,  иісі  Түркі  ха-

лықтарынан  шыққан  ғұламалардың  ең бек-

те рінің  ізін  көріп,  Фараби  мен  Баласағұн 

шы ғармаларын  тебіренген  тереңдікпен 

зерттегендігін байқау қиын емес. Сондықтан 

да оның ұрпағына сыр ғып қалдырған, «Жү-

ре гімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ 

адаммын,  оны  да  ойла»  дейтін  мұңға  толы 

өсиетінің сипаты да, сол өзінің алдыңда өткен 

ілімдерді  түбегейлі  зерттеп  білгендігінде 

жатса  керек.  Осы  айтылғандардың  айқын 

ай ға ғындай,  тағы  да  Абайдың  өзін  тыңдап 

көрелік: – «Қашан бала ғылым, білімді махаб-

батпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты 

–  а  д  а  м  болады.  Сонан  соң  ғана  алла  та-

ғаланы  танымақтық,  өзін  танымақтық,  дү-

ние ні  танымақтық,  өз  адамдығын  бұзбай 

ға на  жәліб  мәнфағат  (пайдалыны  алу)  ....

дәф ғы  музарратларны  (залалдыдан  қашу), 

айыр машылық секілді ғылым-білімді үйрен-

се,  білсе  деп  үміт  қылмаққа  болады.Бол-

маса  жоқ...  ең  болмаса  шала  Арың  үшін 

көбінесе  балаларды  жасында  ата-ана ла ры  

қиянатшылыққа  салындырып  алады,  со-

ңы нан  моллаға  берген  болады,  иә  ол  бала-

ла ры  өздері  барған  болады  –  бірақ  ешбір 

бәһ ра  (пайда,  нәтиже)  болмайды.  Ол  қия-

нат шыл  балалары  талапқа  да,  ғылымға  да, 

ұс тазға  да,  хаттә  иман  иғтиқатқа  да  (нану, 

сену),  қиянатбірлән  (қиянатшыл)  болады. 

Олар дың адамшылығының кәмеләт (жетілу, 

толығу) таппағы – қиынның қиыны...» - дей 

ке ліп,  соншама  үлкен  тәлімдік  тұжырым 

ұсына ды  да,  телегей  теңіз  тереңдікте  жат-

қан  тәрбиенің  мәнін  суыртпақтай  түсіп: 


13

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

«...Себебі,  алла  тағала  өзі  –  хақиқат  жо лы. 

Хақиқат  бірлән  растық  -  қиянаттың  дұш-

паны,  дұшпаны  арқылы  шақыртқанға  дос 

ке ле  ме?  Көңілде  -  өзге  махаббат  тұрғанда 

– хақылықты таппайды. Адамның ғылымы, 

білі мі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр 

нәр сенің  түбін,  хикметін  білмекке  ынтық 

бір лән  табылады...»  -  деп,  біз  ұсынып 

отыр ған  жүрек  тәрбиесінің  жүйесі  ғана 

жетілдіретін инабат пен имандылыққа қоса, 

физиологиялық әр кезеңнің өзіне тән тәлімі 

мен  тәрбиенің  ақ  жолын  көрсетіп  отыр. 

Жалпы, Абайдың тәрбие жайында жазылған 

басқа  еңбектерін  алмай-ақ,  тек  осы  38-ші 

қара сөзінен ғана, тылсым сыры мол ғажайып 

зерттеу кітабының жазыларына күмән жоқ. 

Міне,  сол  зерттеу  кітапта  Түркі  елдерінің 

халық  педагогикасының  ерекшеліктері  мен 

Фараби ілімдерінің астасуы және оны түркі 

елдерінен  шыққан  ғұламалардың  қалай 

дамытқандығын  егжей-тегжей  таратылып 

ай тыл атындығына  сенгің  келеді.  Әрине,  ол 

келе шектің ісі, әйтседағы ұрпағының ұлттық 

тәр биесін  қалыптастыруға  ұмтылыс  жасап 

жат қан  халқымыз,  Абайдың  педагогикалық 

мұраларына  сипай  қараудан  тез  арада 

тыйыл ған жөн дер едік.

Абайдың  бүкіл  өмір  жолын  зерделей 

қара сақ,  ол  айтқан  ойлары  мен  сөздерін,  іс 

жүзінде асыруға ерекше күш салған. Со ның 

бір  айғағындай,  оның  өз  кіндігінен  ту ған 

балаларын сонау Семей қаласындағы, жаңа-

ша білім беретін мектептерге беріп оқытуы 

дер   едік.  Абайдың  кіші  ұлы  Мағауия  мен 

қызы  Гүлбадан  Семейдегі  орыс  мектебінде 

оқы са, үлкен ұлы Әбдірахман Петрбордағы 

артил лериялық  училищені  оқып  бітіреді. 

Осы лайша,  ол  өзінің  іс-әрекеттерімен  де 

айналасына үлгі шашып, қара нардай саха-

ра да  шөгіп,  қараңғылықтың  құрсауында 

жат қан  елін,  үнемі  оқу-білімге  шақырумен 

бол ды.  Өзі  өмір  сүрген  заманына  және  уа-

қы тына  лайықты  ұлы  ғұламаның  осы  тал-

пы ныс тарының берген жемістері де аз емес 

еке нін әділетпен айтқанымыз жөн.

Абайдың  ағартушылық  жолындағы  жа-

са ған екінші бір пәрменді үлгісі, өзінің ай-

на ла сын дағы  талапты  жастардың  бастарын 

біріктіріп  ашқан  «ақындық  мектебі»  еді.  

Бұл  мәселені  де,  кезінде  жан-жақты  зерт-

теп,   бір  жүйеге  келтірген,  ғұлама-жазушы 

М.О.Әуезов  болатын.  Белгілі  ғалым 

М.Мырзахметов өзінің «Мұхтар Әуезов жә-

не Абайтану проблемалары» атты мо но гра-

фиясында, бұл мәселені барынша терең дете 

көрсетіп,  көптеген  жаңа  пікірлер  айтады. 

Осы  кітапта:  -  «...Бұл  тұста  Абаймен  күн-

де лік ті  тұрмыста  тікелей  араласып,  көркем 

шы ғар малар жазған ақын шәкірттері ретінде 

-  Көкбай  (1864-1927),  Әріп  (1856-1924), 

Ақылбай (1868-1904), Мағауия (1870-1904), 

Бейсенбай  (1880-1934),  Әубәкір  (1880-

1934), - сияқты алты ақынды атап көрсетеді. 

М.Әуезов  өзінің  1944  жылғы  тезистерінде, 

осы  аттары  аталған  алтауын  Абай  дәстүрін 

жал ғастырушы  талантты  шәкірттері  деп 

баға ла ған.

Осыған қоса, «Абай жолы» эпопеясынын 

кейіпкерлеріне  айналып  кеткен  бір  топ 

өнерлі жастар бар. Абайдың маңайына үйір-

іл ген осы өнерлі топтың ішінде шәкірт ақын-

дар мен бірге ақын шығармаларын, әндерін 

даралап  танушылар,  ел  ішіне  оны  әр  түрлі 

жолдармен таратушы өнерлі жастар ретінде 

Көкбай, Ақылбай, Шұбар, Мағауия, әншілер 

– Мұқа, Мұхамеджан, Әлмағамбет, Әйгерім, 

ертегіші - Баймағамбет және Кәкітай, Әбіш, 

Уәйіс  т.  б.  толып  жатқан  эпизодтық  кейіп-

кер лер  әрекеті  беріледі»,  -  деп  ғалым  һәм 

жазушы  Мұхаңа  (М.Әуезов)  сілтеме  жасай 

отырып, «Абайдың ақындық мектебі» деген 

ұғымның ішкі сырларына үңіле түседі.

Жалпы, Абай өзінің айналасындағы өнер 

қуған шәкірттерімен білім, ғылым, өмір кө-

ріністері  мен  тұрмыс  тәлкектерін,  адам  мі-

нез дері мен кісілікке лайық келбеттерін ше-

ші ле  талдап,  тежеусіз  пікір  алысуды  үнемі 

же тілдіріп  отыруға  тырысқан.  Сонымен 

қо са,  Абай  шәкірттерінің  ыңғайларына 

орай,  өнердің  сан-сала  жолдарын  арнайы 

тап сырып,  олардың  осы  салаға  бейімделе 

бі лім  жинауына  көмектесіп  отырған.  Мә-

се лен,  шәкірттерінің  біріне  -  шығыс  ой-

шыл дарының еңбегімен танысуды жүктесе, 

екін шісіне – батыс мәдениетіндегі өнер мен 

әде биеттің  даму  бағыттарына  зер  салуды 


14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тап сырады. Мұның өзі, келе-келе әрбір оты-

рыс тың мәнді де, терең сипат алуына барын-

ша  ықпал  ететін  болған.  Осындай  оты рыс-

тар  ұстаз  бен  шәкірттердің  ашық  сыр ла-

суларына  әкеліп,  шын  мәніндегі  ұстаз дық-

тың   үлгісін  нәрлендіре  түскен.  Кейінірек 

мұн дай  сәттерді    кейде  ауыл  адамдарының 

орта сында  өткізетін  болған.  Бұл  да  тәрбие 

бағы тындағы Абай тәлімінің бір саласы еке-

нін  атап айтқан жөн.

ТҰРМЫСТЫҚ ТӘЛІМДЕР. Абай ағар-

ту шылығының бір аса күрделі саласы, білім-

ғы лым ға  үйренуді  үндеумен  қоса,  ерінбей 

еңбек етудің қадір-қасиеті мен баяндылығына 

тәр биелеу болып табылады. Тек еңбек қана 

адам ның  тұрмыс  жағдайларын  да,  жан-

дүние сі нің  жақсылық  сезімдерге  бө ле нуін

 

 



де  қамтамасыз                        ететін дігін,  ол  өзі-

нің  бар лық   шығармаларына  не гіз гі  арқау 

етеді.  Жалпы  адам шылықтың  ақ  жолдарын 

Абай білімнен де, еңбектен де, жастықтан да 

бір тұтастық бірлікте қарастырғанды дұрыс 

бағыт  деп  біледі.  Мәселен,  Абайдың.  мына 

өлеңінің әр жолына зер сала оқып көрелікші:

Жастықтын, оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның, біліп пайдасын, 

Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын, 

Кісілікті ойламай.

Қаруын көңіл сайласын

Қолға ол түспес бойламай.

Мінеки,  осы  өлең  жолдарынан  ақынның 

нені  аңсап,  неден  безініп  отырғандығын 

анық  көруге  болады.  Ол  өзінің  сыншыл 

ақыл-парасатымен  тапқан  барлық  асы лын,  

еш  бүкпесіз  жайып  тастап,  бүкіл  халық ты-

ғы мызға  қиянатын  тигізіп  жүрген  «...өсек 

пен   өтірік,  еріншектік  пен  салғырттық...» 

тәріз ді адам мінездерін аяусыз сынға алады. 

Соны мен қоса, нақты ұсыныстары мен тір-

ші лік  мұраттарының  жолдарын  нұсқайды. 

Мысалы:


Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де– бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан,

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа,

Алдың – жалын, артың – мұз,

Барар едің қай жаққа?

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Мұндай пайғамбарлық сөзді, дүниенің

төрт  бұрышын  адақтап  іздесеңіз  де  таба 

ал майсыз?  Осыншама,  тәрбиенің  теңдессіз 

үл гісін, педагогикалық тәлімнің биік шыңы 

де сек,  бізді  кім  жазғыра  алар  екен.  Сөз 

асылы мен  орап  ұсынған,  дария  шалқар 

даналық та, тір шілік тамырын қалт еткізбей 

басып, ақ пен қа ра сын айырып беріп отырған 

ғұламалық  та,   тіпті  өткеніңе  үңілдіріп 

келешекті  болжап  отыр ған  көрегендік  те 

осында  емес  пе?  Жалпы,   қазақ  халқының 

ашыл май  жатқан  сыр  сандығы,  кемеңгер 

Абай дың  философиялық,  психологиялық 

жә не педагогикалық көзқарастары екенін аса 

үл кен өкінішпен мойындауымыз керек. Тек, 

мойын дап  қана  қоймай,  оларды  түбегейлі 

зерт теп, ұрпақ тәрбиесінде батыл түрде пай-

даланатын  да  мезгіл  жеткен  сияқты.  Ай та 

берсе Абайдың адам мінездеріндегі жа ғым-

ды   да,  жағымсыз  қылықтарын  салыстыра  

ай татын еңбектері толып жатыр. Бірақ, оның 

осыншама  мол  еңбектерінің  құнарлы  же-

місін  көре  алмаған  өкініштері,  ақынның  өз  

басының трагедиясы еді. Ол жайында Абай-

дың өзі былайша толғанады:

Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып,

Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ақ зор тұтып.

Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып.

Көнбеді ешкім сөзіме,

Әдетіне қарысып.

Жан шошырлық түрінде,

Бәрі бірдей еліріп.


15

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Ұстай алмадым бірін де,

Кекиді кейін шегініп.

Әринемен ел кетті,

Қоқиланды, мақтанды.

Қуат бітті, күн өтті,

Жарылқа, құдай жатқанды.

Абай  өз  ғұмырында  осыншама  мол 

жан   азабын  шеккен  ойшыл  еді.  Ол  өз  жағ-

дайын  ұрпағына  аша  түсіп,  «Жарлы  емес-

пін,   зарлымын  оны  да  ойла  толғанып»  деп 

тереңде  жатқан  сырын  ашып  отыр.  Қараң-

ғылық  шырмауымен  талауда  жатқан  хал-

қы ның,  жан-дүниесіне  шапағат  шашам 

деу мен,  оның  арманда  өткен  ғұмыры  бар. 

Оның үстіне өмірінің соңында, тағдыр еке-

ш тағдыр да, аяусыз қанды шеңгелін са лып, 

1895  жылы  өзінің  бар  үмітін  артқан  сүйік-

ті  ұлы  Әбдірахман  қайтыс  болып  қан  жы-

ла ғаны аз дегендей, 1904 жылы қырық күн 

ара лап  бірінен  кейін  бірі  дүниеден  өткен 

ақын  ұлдары  –  Ақылбай  мен  Мағауияның 

өлім дері  сорлы  әкені  мүлдем  шөктіріп 

кет ті.  Осыншама  ауыр  қасірет  салмағын 

көте ре  алмаған  кемеңгер  жанның  жүрегі, 

Мағауияның  өлімінен  соң  тура  қырық 

күннен  кейін  мәңгілікке  соғуын  тоқтатқан 

еді. Осылай дей тұрсақ та, келешектің мәң-

гі лі гі мен мұраттарын, Абайдың өз сөзімен 

тұ    жырымдағанды жөн көрдік:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!

Міне, осы тұжырымға біздер де тоқ тай мыз  

да шүкіршілік етеміз. Кезінде Абай шы ғар-

ма лары дұрыс аударылып жетсе, бір қазаққа 

ға на  емес,  бүкіл  адамзаттың  мақтаныш  тұ-

та ры  хақ.  Кейінгі  толқын  буындар,  оның 

әр еңбегінің мәнін түсінгенде, мінәжат етіп 

қай талар дұғасына айналдырарына сенеміз. 

Абай армандап кеткен асыл мұраларға күл-

лі  түркі халықтары қауымдасқан береке-бір-

лікпен жетері анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет