Екіншіден – әр үйдің ұл-қызы ата-баба та-
рихымен, бұрынғы шежіре шешендердің аталы
сөздерін көкейіне құйып өсуі тиіс.
Үшіншіден – Ел тарихы, жер тарихы
ғасырлар бойғы халықтық бай қазына ауыз
әдебиеті үлгілері: мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,
ертегі жырлардан көрініс тапқан. Елін, ұлт
мәдениетін сүйер ұрпақ осыларды жаттап жа-
дында сақтау керек.
Төртіншіден – ұлттық өнердің інжу-
маржаны қол өнерінде, ән мен күйден көрініс
тапқан. Өнер сүйетін жастар ұлттық өнердің
асыл үлгілерін жастайынан үйреніп меңгеруі
қажет. Өнердің қадір-қасиетін бағалай білмейтін,
ән мен күйді терең сезіне алмайтын жас өскін –
ұлттық өнерден мақұрым, көрсоқыр-керең бо-
лып өседі.
Ал кереңнен кеще туатыны, олардың
ізгіліктен аулақ, жауыздыққа жақын болатыны
сөзсіз.
Бесіншіден – өнер мен білім атаулы ана
тілі арқылы жас өскіннің кеудесіне нұр болып
құйылады. Баланы Ана тілінің мәйегімен уыздан-
дыру әр ата-ананың парызы. Ол үшін әр ата-ана
өз балаларымен үйде қазақша сөйлесіп, мақал-
мәтел, өлең-жыр, ертегілерді үйретуі керек. Ата-
ана қадірлемеген ұлттық тілдің қоғамдық рөлі
де аяқасты болып қадір-қасиеті кеми бермек.
Ата-анаға қарап бала өседі. Әр ата-ананың ұлт
тілін, ұлт менталитетін өз ұрпағының санасына
сіңіруі қоғам алдындағы ата-аналық парыз деп
санау қажет.
Алтыншы – Ұлттық тәрбиенің негізі
аналарға байланысты. Ананың тілі, жан жүрегі,
болмыс бітімі – ұлттық мәдениетпен терең
27
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
қабысып жатуға тиіс. Ана (қыз бала) дұрыс
тәрбие алса ұлттың келешегі өрісті де, жемісті
болмақ. Дүние жүзіндегі ең мәдениетті елдердің
бірі – еврейлер болып саналады. Олардың заңы
бойынша Еврей қыздарынан туғандардың бәрі
еврей ұлтының өкілі болып есептеледі. Себебі
еврей аналары өз балаларының санасына туған
күннен бастап еврей ұлтының салт-дәстүрін,
ұлттық мәдениетін сіңіріп өсіреді. Жастайынан
ұлттық тәрбиені көкейіне тоқып өскен еврей ба-
лалары өскенде өз ұлтының шынайы патриотта-
ры болып шығады.
Бүгінгі жаһандасу дәуірінде қан тазалығы
ұлттың келешегін сақтауда шешуші рөл
атқарады. Ақша үшін, бір күндік тіршіліктің
рахаты үшін қазақ қыздарының басқа ұлт
өкілдерінің қолтығында кетуін әрбір саналы ата-
ана құптамауы тиіс. Біз жақсыға да, жаманға да
еліктегіш халықпыз. Әр ұлт өкілі ең алдымен өз
ұлтының азаматы (патриоты) болуы керек. Мұны
ұлтшылдық деп түсінбей, қайта ұлтсыздық
(космополиттік), отансыздық, намыссыздық деп
түсінген дұрыс болар еді.
Оған XIX ғасырдағы Еуропа мәдениетін
еркін меңгерген қазақтың асыл перзенті Шоқан
Уәлихановтың «менің ұлттық санам орыстың
матронушкасы (ұлттық ойыншық) сияқты. Мен
көшеде қазақ пен орыс төбелесіп жатса қазаққа
болысам. Ал орыс пен француз төбелесіп жат-
са орысқа болысам» дейтін интернационалистік
және ұлттық-патриоттық санасы бәрімізге үлгі-
өнеге болмақ.
Резюме
В этой статье рассматривается воспитание молодого поколения народной культурой, обычаям, традициям
в семейном очаге.
Summary
This article discusses the education of the younger generation of folk culture, customs and traditions in the family
hearth.
Ә.Т.Табылдиев –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕП – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
Әдеп – қазақ халқының рухани, мәдени
болмысының көркем көрінісі. Ол игі әдет, әдет-
ғұрып арқылы қалыптасады. Ұлттық әдеп – ұлт
мәдениетін көрсетеді. (Сөз мәдениеті, тұрмыс
мәдениеті, іс-әрекет мәдениеті, мінез мәдениеті,
әлеуметтік мәдениет, тұлғалық мәдениет т.б.)
Сөз мәдениетін сақтай білу – ана тілін
ардақтап, оны пайдалана білудің мәдени үлгісі
болып табылады. Әрбір сөздің өз ырғағы, үні,
әуезі, мәні, мазмұны болады. Ол қасиеттердің өз
дәрежесінде көрінуі сөйлеуші тұлғаның әдептілік
біліктілігіне байланысты. Онда, әсіресе, дау-
ыс ырғағының құбылыс құндылығы үлкен рөл
атқарады. Бір сөзді (мысалы, «отыр») дауыс
ырғағы арқылы 20-дан астам мағынада айтуға
болады. Сөйлеу мәдениетінде аз сөйлеушілік, би-
язы сөйлеу, мәнерлеп сөйлеу, сөз мәнін айқындап
сөйлеу, кейбір сөзге ерекше үн беріп сөйлеу
тәсілдері қолданылып, әдеппен сөйлеу мақсаты
орындалады.
Әдептің іс-қимылдағы көркем көрінісі –
жеке тұлғаның әдептілігін (мәдениеттілігін)
көрсетеді. Әдеппен, ізетпен, сыпайылықпен іс-
әрекет жасаған баланы «әдепті бала», ал кісіні
«өнегелі» кісі дейміз.
Әдеп – тәрбие арқылы жеке тұлғаның
мінез-құлқында қалыптасып, оның ада-
ми қасиетінің мәдени дәрежесін таныта-
ды. Тәрбиесіз адам өзінің мінез-құлқындағы
әдепсіздігін (мәдениетсіздігін) көрсетеді.
Қазақ халқы – жеке тұлғалардың қарым-
қатынасындағы әдептілікті (мәдениеттілікті)
қатаң қадағалап, қалыптастырып отырған,
мейірімді, қайырымды, меймандос, ізетті, иман-
ды халық. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамзатқа
парасат – ел әдебі (мәдениеті).
28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«Әдептілік – әдемілік» дейді халық. Әдемілік
сәннен, әннен, өнерден көрінеді. Талғауы
таңдауы жоқ адам сәннің (сәнін кетіріп) өзі
ұялмаса да, жұртын ұятқа қалдырады. Денені
жалаңаштап көрсету – қазақ халқында сән емес,
ол ұят, намысқа жат, әдепсіздік.
Жан мен тәннің тазалығы – рухани
тазалық, ой тазалығы, ниет тазалығы, сөз
тазалығы. Іс-әрекеттегі тазалық... бәрі –
әдептілік (мәдениеттілік). Ол ұлттық тәрбие
арқылы қалыптасады.
«Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық әрбір
тұлғадан сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті
бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» деп,
халық әдепсіздікті қатаң мінейді. «Көп сөйлеп
созбайын, әдептен озбайын » деп Абай дана
көп сөйлеудің өзі әдепсіз екенін ашық айтады.
Мінез-құлық
әдебі,
жүріс-тұрыс
әдебі, өнер әдебі, шығармашылық әдебі
ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы
мәдениетінің
дәрежесін
көрсетеді.
Жалпы, ұлттық әдеп ғасырлар бойы
қалыптасқан мәдени құндылық болып та-
былады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу
– әрбір тұлғаның адами және ұлттық боры-
шы. Әрбір ұлттың әдептілік ерекшеліктері бар.
Әдептілік – іс-қимылдағы, сөйлеудегі,
еңбектегі, мінездегі адами мәдениеттіліктің
көркем
көрісі,
ерен
ерекшелігі.
Іс-қимылда
ізеттілік,
инабаттылық,
сыйластық
белгілері
арқылы
әрбір
тұлға
өзінің
әдептілігін
көрсетеді.
Сөйлеу мәдениетінің (қысқа сөйлеу, әсерлі
сөйлеу, дауыс ырғағын мәнерлей білу, әрбір
сөздің өз әуезін әрілеп, байыптап сөйлеу, тыныс
белгілерін өз мағынасында пайдалана білу т.б.)
әдептілік мәні мен маңызы зор. Өз ырғағымен,
өз мәнерімен, өз мағынасымен айтылмаған
сөйлем сөйлеушінің мәдени кемістігін көрсетеді.
Еңбектегі әдептілік (тазалық, ұқыптылық,
тындырымдылық, іс-ретін таба білу, іс тәртібін
сақтау, уақытты пайдалана білу, бірлік т.б.) жеке
тұлғаның мәдени ерекшеліктерін көрсетеді, еңбек
өнімін арттырып, қуанышқа, шаттыққа жеткізеді.
Мінездегі әдептілік жеке тұлғаның ұлттық
мәдениетті бойына сіңіре білгенін көрсетеді.
Имандылық әдебі
Имандылық – ұлттық тұлға бойындағы
құдіретті өмір заңдылықтарын жан жүрекпен
қадірлеп, сол тәлімнаманың қағидаларын
бұлжытпай орындаудың іс-әрекеттік көркем
көрінісі.
Тек жақсылық ойлау, адам баласына, ай-
наласына, табиғатқа тек жақсылық жа-
сау, жақсылыққа сену – имандылықтың
иланарлық
белгілері
болып
табылады.
Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу,
тек пайдалы іс-әрекет жасап, пайдалы сөз
сөйлеу, иманды адамның өз ерекшеліктері
ретінде айналасына айдан анық көрініп тұрады.
Жан және тән тазалығын сақтай білу
иманды адамның қадірлі қасиеті. Ой, сөз,
іс-әрекет, киім-кешек, жатын орын, бөлме,
жұмыс орнының тазалығы... бәрі иманды
адамның имандылық салтанатын көрсетеді.
Тіршілікте
тынымсыз
пайдалы
еңбек ету – тіршілік иесінің имандылық
қасиетін көрсетеді. Еңбектегі ұқыптылық,
жауапкершілік, ынтымақтылық, ықыластылық,
тазалық,
ұжымшылдық,
бірлік...
бәрі
имандылықтың саналық сапасын көрсетеді.
Иманды болу ұлттық мәдениеттің айқын
көрінісі. Қазақ халқы ұрпағын имандылыққа
тәрбиелеп,
заңдылықтарды,
заңдарды,
міндеттерді, парызды мүлтіксіз орындауға баули-
ды. Имандылық – адамгершіліктің көркем көрінісі.
Иман араб тілінде «сенім» деген мағынаны
білдіреді.
Өмір
заңдылықтарына,
оның
тылсымдық құдіретіне сеніп, сенім қағидаларын
өмірде көрсете білу – имандылықтың іс-
жүзіндегі
бейнелі-бейімді
қасиеттері.
Иманды
болу
тәлім-тәрбиенің
айқын
көрінісі. Қазақ халқының ұлттық кредосы.
Ізеттілік әдебі
Жеке тұлғаның адам баласымен тек
сыйласымдық
әдеппен
(мәдениеттілікпен)
қатынас жасай білудің өнегелі үлгісін
ізеттілік
дейміз.
«Үлкенге
құрмет,
кішіге
ізет»
дейді
қазақ
халқы.
Үлкенге құрмет көрсету – әдеп. Құрмет
көрсету, бас иіп, оң қолын жүрек тұсына
қойып, жылы жүзді, ықыласты, инабатты бей-
немен беріле амандасу – ізеттіліктің әдеппен
толысқан көрінісі. Жалпы, көпшіліккке құрмет
көрсетудің көркем көріністері ізетті қимылдан,
әдепті сөзден, нұрлы бет-қимылдан айқын
көрінеді. «Күндей күлімдеп, жаздай жады-
рап», әдепті, әсерлі, сыйласымды сөздермен
елжірей нұрланып көрсетілген ізеттілік
ұлттық тұлғаның ұлағатты бейнесін көрсетеді
29
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
де,
құрметтелушінің
жүрегін
елжіретеді.
Көпшілікті, бауырластарды, руды, елді,
ұлтты, жалпы адам баласын қадірлеп,
ізеттілікпен құрмет көрсету – ұлттық тұлғаның
елеулі ерекшеліктері болып табылады. «Адам
да құдірет: Әманда құрметте» дейді ақын. Әрбір
адам ұлы (саналы) тұлға, оған ізет көрсету –
мәдени, рухани, әдепті көрініс болып табылады.
Әрқашанда әдептілік іс-әрекетпен, әдеп
сақтаумен көпшіліктің көңілінен шығу ұлттық
тұлғаның қазақи қасиеті болуға тиіс. Әрбір
адамның өз мінезі: сөйлеу мәнері, іс-қимылы,
сыпайылық сыры болады. Ал, ізеттілік
көрсетуші тұлға тек жақсылық ниетпен жа-
дырай назар аударып, тәккапарлық пен
надандықты, асқындық пен тасқындықты
жарқын
нұрымен
жеңіп
отыру
керек.
Ізеттілік қайырымды, нұрлы, мейірімді, марха-
батты қарым-қатынастан туындайды. Ізеттілікті
үйретпейді, ізеттілікті үйренеді. Ата-ана,
айналадағы ақылгөй адамдар ізеттілік көрсетіп,
ұлттық тұлғаның әдебін қалыптастырады.
Қайырымдылық әдебі
Қайырымдылық
–
адам
баласы-
на,
табиғатқа
жақсылық,
жанашырлық
жасаудың белгісі. Ол отбасынан басталады.
Кемтарларға, кембалаларға қайырымдылық
жасау үшін қайырымды тұлға оларға тікелей
көмек көрсетеді, тұрмыстық хал-ахуалына
қаржылай қамқорлық жасайды. Әрине, мұның
бәрі қамқоршылық, өз халіне, тұрмыстық-
қаражаттық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Жетім-жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға
қайырымдылық жасау әрбір ұлттық тұлғаның
адамгершілік парызы болып қалыптасқан. «Жетім
көрсең, жебей жүр» дейді халық. Жеке тұлғадан
бастап, ұлттық, мемлекеттік дәрежеге дейін
салт-сана болып қалыптасқан халықтық дәстүр
жалпы, адам баласының қағидасына айналды.
Бұл қағида бұлжымай орындалмаса, әлеуметтік
заңдылықтар бұзылады. Бұл салтты бұзу
(бұрындамау) жеке ұлттық тұлғаның жетесіздігін,
тексіздігін, сараңдығын, санасыздығын көрсетеді.
Халық қажетіне демеуші болу да
қайырымдылықтың, халықтың дәстүрі. Бұл
дәстүрді орындау тұрмысты, ауқатты тұлғаның
қолынан келеді. «Елім десең, ерінбе сен» деп,
халық елге қызмет ету қамқорлықтың қадірін
арттыратын құбылыс екенін ашық айтады.
«Елге қайырымдылық ерге сын» дейді халық.
Табиғатқа қайырымдылық жасау барлық
адамзаттың
ардақты
борышы.
«Судың
да сұрауы бар», «Аққан тердің, күткен
жердің жемісі» сол табиғатқа жасаған
қамқорлық пен қайырымдылық арқасы.
Қайырым жасау – әдептіліктің негізі. Қазақ
халқы қайырымды халық. Қайырымды халықтың
ұрпағы ата салтын араңдай сақтап, абыройлы
болуға міндетті. Қайырымдылық – ұлттық парыз.
Мейірімділік әдебі
Адам баласының айналасына, табиғатқа
мейір-шапағат
көрсетуі
оның
адамдық
ақпейілділігі мен кісілік құндылығы болып та-
былады.
Мейірімді
адам
табиғаттағы,
адам
тіршілігіндегі
құндылықтарды,
көркемдік
көріністерді айқын сезініп, сүйсініп, сүйіп,
соған жақсылық жасап, қамқорлық көрсетеді,
әзірлейді, толықтырады, дамытады. Ата-ананың
балаға деген мейір-шапағаты олардың қуаныш
қуатын, бақыт баламын, өмірге деген құштарлық
құлшынысын көрсетеді. «Алтыным», «айым»,
«жаным», «күнім», «ботам», «қоңыр қозым»,
«жарығым», «жан жүрегім» т.б. мейірбандық
сөздер арқылы ата-ана ұлттық әдептің биігінен
сезім қозғап, баланың адами, сүйіспеншілік,
махаббаттық сезімін дамытып, қалыптастырады.
Ата-ана мейірімі шексіз. Ана бала үшін жанын
аямайды, өмірін қияды. «Бала – бауыр еті» деп
сүйеді.
Жақсы адамдардың жаңашырлық іс-
әрекеттері олардың мейірмандық салта-
натынан көрінеді. Жақсылық – құттылық.
Мейірмандық – құттылықтың құнды
белгісі. Қазақ халқы ұрпағын мейір, сезімге
тәрбиелейді,
құттылықа
құлшындырады.
Ата-ананың, әсіресе, немереге деген
мейірімділігі ерекше болады. Табиғи тағылым,
адами айшықты сезім, үйірілген үйлесім, жан-
жүректі баураған сүйіспеншілік, марқайтқан
махаббат ата-ана мен немере арасындағы бір-
біріне деген мейір-шапағатын «көкке жеткізіп»
көрсетеді. Ұлттық әдеп салты осы құдіретті
сезімді қалыптастырып, қадірін арттырады.
Мейірімділік
–
қазақ
халқының
әдептілік
кредосы.
Мейірімді,
мейман-
дос халықтың осы ерекшелігін бүкіл адам-
зат біледі. «Өнер, саз, шеберлік алдық
біз, Өнерпаз шешен, мәрт халықпыз».
30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Салауаттылық әдебі
Жеке
тұлғаның
(қазақтың)
сабыр-
лы,
салтанатты
мінез-құлқының,
жан
тазалығының, арлылық болмысының үлгілі,
өнегелі көрінісі салауаттылық деп аталады.
Салауатты
тұлға
артық
сөз
айт-
пайды.
«Қоқсықтарды
мыңжылдық
қоқсытады
мыңжылдық»
демекші,
тіл тазалығы, сөз айқындығы, сөздің
шешендік мәні салауаттылықтың нұры.
Салауатты тұлға арақ ішуден, құмар ой-
наудан аулақ болады. «Барлық күнәнің кілті
– ішкілікте» (хадис). Салауатты адам арақтан
басқа да есті аударатын ішкіліктен безінеді.
Салауатты адамның санасы тұнық болады.
Салауатты адам құмар ойнамайды, ол
«құмарлықпен» күреседі. «Ойнаса құмар,
ойсыз пес құлар», «Құмар құн тартқызады»,
«Бұзыққа ерме, қызыққа берілме» деп,
халық ұрпағын салауаттылыққа тәрбиелейді.
Қазақ халқы темекі тартудан, нашақорлықтан
ұрпағын аулақтатып, «Темекі – тегіңе жат»,
«Арақ атаңа жат», «Өзіңді қыстама, өкпеңді
ыстама», «Ішіңе тартқан түтін – өміріңе жұтың»,
«Тартсаң түтін, қашады құлың», «Темекі тісіңді
алады, тентек су күшіңді алады», – деп халық
темекі тарту салауатсыздық екенін дәлелдейді.
Жан тазалығы мен мән тазалығын
сақтай білу де салауаттылық белгілері бо-
лып
табылады.
Қараниеттіліктен
аулақ
болу,
мейірімді,
қайырымды,
ізетті,
инабатты,
көпшіл,
кеңпейілді
болу
салауаттылықтың
белгілері.
«Пейілдің
кеңдігі – ғажап, зейіннің кемдігі – азап».
Әлеуметтік ортада әдеп сақтап, үлгі-
өнеге көрсету салауаттылықты көрсетеді.
Салауаттылықтың толық белгілері, көбінесе, жасы
келіп қалған адамдардан айқын көрінеді. Әдепті
тұлғаның абыройлы белгілері (салауаттылық)
осы салауаттылық арқылы айқын көрінеді.
Біліктілік әдебі
Жеке
тұлғаның
ғылыми,
мәдени,
әдеби құндылықтарды жан-жақты жақсы
біліп,
оны
әдептілікпен
өмірде,
іс-
әрекетте пайдалана білуді біліктілік дейміз.
Біліктілік, көбінесе, ғылыммен байланы-
сты болады. «Ғылым таппай мақтанба» деп
Абай дана «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға
көңіл бөлсеңіз... Болмасаң да ұқсап бақ, бір
ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда?»
деп, «Айтпа ғылым сүйсеңіз» деген насихат-
тарымен жастарды біліктілікке шақырады.
Білікті адам өзі біліп қана қоймайды, білгенін
басқаларға үйрете біледі. «Басқа білмей,
сен білсең, білгеніңнің бәрі тұл» деп, ақын
біліктіліктің жауапкершілігін де басып айтады.
Ұлттық тұлға өз ұлтының мәдениетін:
әдебін, дәстүрін, салтын, салт-санасын жақсы
біледі де, өзінің мәдениеттілігін сол ұлттық
құндылықтарды әдеппен көркем көрсете біледі,
өзі өркениеттіліктің өнегесін, үлгісі, сипатын,
мәнін, мазмұнын зиялы әрекеттерімен паш етеді.
Ұлттық мәдениетті жан-жақты игерген адам сол
мәдениеттің ұлттық мәнін ғаламдық өркениетпен
байланыстырып, толықтырып пайдаланады.
Қазақ халқы – ақын, шешен халық. Білікті
қазақ әдебиетші, шешен. Ол қазақ халқының
мақал-мәтелдерін, әмбебеп әдебиетін жақсы
біледі. Білікті тұлға – сөз мәдениетін,
сөйлеу ауқымын, ойды сөйлеу арқылы тар-
тымды баяндауды игерген, білімпаз тұлға.
Жеке тұлғаның біліктілігі шешендік
өнерінен де айқын көрінеді. Ол мысалдан,
дәлелдеп, әсерлі сөйлеп, тіл өнерінің қазақи
қасиеттерін көрсетеді. «Білекті бірді жығады,
білімді мыңды жығады» деп, қазақ халқы көп
оқу, көп үйрену көпті білудің негізі, жаңғыртып,
жаңаша үйрену қажет деп түйіндейді.
Қамқоршылық әдебі
Адамға, табиғатқа, жан-жануарға жақсылық
жасап, оларды қорғап, көмек көрсетудің
әдепті көрінісі қамқорлық деп аталады.
Әрбір ұлттық тұлға сол ұлттың қалыптасқан
әдет-ғұрпы, әдебі, салты, салт-санасы бой-
ынша, отбасындағы, айналасындағы, елдегі,
жалпы адам баласына қамқорлық жасауға
міндетті. Әсіресе, ата-ананың балаларына де-
ген қамқорлығында шек болмайды. Ата-ананың
балаға деген қамқорлығы балалар өскен соң
парыздық салтпен өтіледі. Кез келген тұлға,
қай ұлттан болса да мүдделі адамға қамқорлық
жасауға міндетті. Ұлттық салт-сана бойынша бұл
игілік ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,
сіңіскен. Қазақ ұлтының негізгі бір дәстүрі осы.
Адам – саналы бейне. Ол бір-біріне ғана
емес, туған жерге, тамылжыған табиғатқа
қамқоршы болуға міндетті. Ауа тазалығын.
Су тазалығын, көше тазалығын сақтау үшін
әрбір тұлға (адал жүректі адам) өзінің ұлттық
дәрежеде қалыптасқан қамқорлық міндеттерін
31
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
орындай білмесе, оның адамгершілігі айқын
көрінбейді де, ол табиғат алдында нағыз күнәһар
болады. Жерді суару, орманды баптау т.б.
Қазақ халқында «Малды теппе», «Малды
кендір жіппен байлама», «Киелі малдың иесі бар»
т.б. мәтелдер және «Қамбар ата» (жылқы), «Ой-
сыл қара» (түйе), «Шопан ата» (қой), «Зеңгі баба»
(сиыр), «Сексек ата» (ешкі) деп төрт түлік малдың
пірін дәріптеп, мал күту салты бар. Табиғатта
барлық жан-жануарларға, құстарға, балықтарға
қамқорлық жасау – ақылды адамның міндеті.
Жеке тұлғаның қамқорлық сезімі оның ұлттық
тілі шыға бастағаннан-ақ бірте-бірте қалыптасып,
оның
адамгершілік
сапасын
көрсетеді.
Сабырлылық әдебі
Әрқашанда
шыдамдылықты,
байсалдылықты,
төзімділікті
ақылмен,
әдеппен сақтай білу үлгісін сабырлылық дейміз.
«Сабыр түбі – сары алтын, жеткізеді мұратқа»
дейді халық. Сабырлылықтың салтанаты жеке
тұлғаның басына қиындық туған кезде ерек-
ше байқалады. Сабыр салтанаты ақыл мен төзімге
байланысты. Күйгелектік күйдіреді, сабырлылық
сақтайды. «Асығыс түбі – өкініш, ойланып
алмақ, сабыр сол» деп, Абай дана әрбір әрекетте
сабыр сақтап, ойланып алу сабырлылықтың
белгісі
екендігін
өнеге
етіп
айтады.
Сабырлылық
–
әдептіліктің
салта-
натты көрінісі. Сабыр сақтаған адам ой-
лау
жүйесінің
қиындығын
түйіндеп,
ақылдың парасаттылық пайымын тауып,
адамгершіліктің үлгілі-өнегесін көрсетеді.
«Сабыр сақтап, төзуге болар, бірақ уақыт
өтіп кетеді» деген екен ғұлама жазушы Мұхтар
Әуезов. Әсіресе, мақсатты істе тездік әрекет
қажет болған жағдайда «шықпай отыру»
бейқамдық болады. Әрбір тұлға бейқамдық
пен сабырлылықты ажырата білу керек.
Ақылмен
қалыптасқан
сабырлылық
шыдамдылықты,
төзімділікті
туғызады.
Қиындыққа
шыдау,
қиянатты
қисынды
әрекетпен
жеңу,
уақытша
улатқан
жағдайға
шыдау
ақыл
парасатымен
қалыптасқан сабырлылық болып табылады.
Сабырлы болу – әдептіліктің өнегелі
үлгісін, көргендінің көркем бейнесін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |