Бас редактор


САЛТ-ДӘСТҮР 136 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

САЛТ-ДӘСТҮР

136
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
болып бара жатканын көргендегі ақын жанының 
шырылын, тіпті бүгінгі оқырманның өзі де өзгеше 
қобалжу сезімі үстінде қабылдағандай.
М.Дулатовтың  қазақ  халқының  салт-
дәстүріне  байланысты  жазған  «Хош  келдің, 
Наурыз!»  атты  мақаласында  бұл  мейрамның 
халықтың  тұрмыс-тіршілігінде  орны  ерек-
ше  екенін  айта  келіп  ойын  былай  қорытады: 
«Соңғы жылдар қазақтың шаруасын күйзелтіп, 
байтақ елі ашаршылыққа ұшырап, ойын ойнап, 
тойын  түгіл,  барар  тау  таба  алмай  дағдарған 
еді.  Енді,  шүкір,  аздап  заман  түзеліп,  шаруа 
оңалуға айналды. 
Мұнан былай да, бұ күнгі күнді жыл сайын 
осындай қуанышпен қарсы алып, ойнап-күліп 
өткізу  үшін,  қазақ  елі  ерінбей  еңбек  сіңіріп, 
мезгілін  өткізбей  егін  егіп,  пішен  шауып  күн 
ілгері  қамынды  же.  Сонда  ғана  былтырғы, 
бұрнағы жылдардай қан жыламай, алдағы На-
урыздарды  да  шын  мейрам,  шын  шаттықпен 
өткізелік. Наурыз – қазақтың шын мағынасын-
дағы ұлт мейрамы» [3].  
Сонымен,  Міржақып  Дулатов,  «Білдіру 
білмегенге  білгенімді,  өзімнің  деп  білемін  зор 
міндетім»  деп  өзі  айтқандай,  мақсатты  да 
мағыналы, өрелі де өнегелі өмір сүре отырып, 
артына  ағартушы-тәлімгер,  қоғам  қайраткері 
ретіңде  мол  мұра  қалдырды,  ал  ол  мұра  қазақ 
халқын,  оның  ұрпағын  ұлттық  салт-дәстүрлер 
арқылы тәрбиелеуге қызмет етті. 
3. Жүсіпбек Аймауытов – аса көрнекті қазақ жа-
зушысы, әдебиеттанушы, ақын, қоғам қайраткері, 
психолог, ағартушы-педагог болған. 
Жүсіпбектің 1929 жылы жарық көрген «Жаңа 
ауыл»  кітабында  халықтық  салт-дәстүрлер 
кеңінен көрініс береді  [4]. Бұл мектеп жасындағы 
оқушыларға  арналып  хрестоматиялық  үлгіде 
жазылған  еңбек  еді.  «Сөз  бастары»,  «Шежіре», 
«Жаз»,  «Күз»,  «Қыс»  және  «Жазғытұры»  атты 
бөлімдерден  тұратын  оқу  құралы  балалардың 
ұлттық психологиялық ерекшеліктері ескеріле оты-
рып жазылған.
Құралға адам, қоғам, өмір, айнала әлемнің сырын 
ашатын алуан өлең, әңгіме, жұмбақтар, танымдық-
тәрбиелік мәні зор аударма шығармалар да енген. 
Авторлар  құрамында  төл  әдебиеттің  қалыптасу, 
дамуына  үлкен  үлес  қосқан  қаламгерлермен 
қатар, есімі, еңбегі сол кездегі баспасөзден таныс 
тұлғалар  да  бар.  Оқулыққа  Сәкеннің  «Кедейдің 
қысқы  баспанасы»,  Сәбиттің  «Егін»,  «Қызыл 
бұрыш»,  Ілиястың  «Жазғы  шілде»,  «Баласы-
нан  анасына  хат»,  «Қыс»,  «Саптыаяқ»,  «Са-
бын», «Ұршық», Қалмақанның «Жалшы жастар, 
міндетің»,  Өтебайдың  «Орақшы»,  Әбділдәнің 
«Қойшы  бала»,  Байыс  Битілеудің  «Тырна», 
Төлегеннің  «Шұбар  тайым  табылды»  т.б.  өлең, 
әңгімелері  енген.  Сонымен  қатар  онда  «Ж.А.» 
деген  бүркеншік  есімді  автордың  «Оқу,  білім», 
«Біздің  тәртіп»,  «Пішен»,  «Жапырақтар», 
«Қала  мен  ауыл  айырбасы»,  «Еріншек»,  «Бірін-
бірі  жем  қылу»,  «Тінікейді  не  ойландырады», 
«Жас көсемдер» маршы атты өлең, әңгімелері де 
берілген.
Оқулыққа енген көптеген өлең-әңгіме, аударма, 
жұмбақтар мазмұн, маңызына орай алуан түрлі су-
рет, өрнек үлгілерімен әсем де бедерлі безендірілген. 
Мәселен, «Пішен» әңгімесінде арбаға қос ат жек-
кен адам, «Егін» өлеңінде диқаншы бейнесі орын 
алған. «Жаратылыс календары» деген тақырыпта 
қазан айының кестесі (күн аттары, ауа райының 
құбылысы) келтірілген. Онда әрбір дөңгелек белгіге 
түсініктеме  беріліп,  ауа  райындағы  өзгерістер 
(жаңбыр,  жел,  қар  т.т.)  көрсетіледі.  Сондай-ақ 
онда  «Шежіре  кестесі»,  «Кілем  тоқу»,  «Адам 
соқаны  қалай  ойлап  шығарған?»,  «Көлікте  не 
жүйрік?» т.б. тақырыптардағы ел өмірінің, кәсіп-
тірліктерінің  бейне-белгілері  әсерлі  ойымен  ғана 
емес, әсем безендірілумен де өзіне тартады. Ең ба-
стысы, мұнда  оқушылардың  жас  ерекшеліктері, 
таным-түсінігі т.т. кең көлемде ескерілген.
«Жаңа ауылдың» екінші басылуына 149  өлең-
әңгіме,  жұмбақтар,  тапсырма  жұмыстар  енген. 
Оқулықтағы  өмір,  болмыс,  құбылыс,  тұрмыс 
т.б.  тақырыптардан  ел  өмірінің  тыныс-тіршілігі, 
ұлттық  белгі,  әдет-дағды  мен  дәстүр  өнегелері 
жан-жақты танылады.
Сонымен, 
Ж.Аймауытовтың 
«Жаңа 
ауыл»  оқулығындағы  тақырыптар  табиғат 
құбылыстарын  бейнелі  де  бедерлі  суреттеп, 
өмір жырын, уақыт сырын шертеді. Бұл кітапты 
жас  буынның  ой-танымын  байытып,  ұлттық 
тәлім-тәрбие мен бағыт-бағдар беруде орны бөлек 
еңбек деуге болады.
Жүсіпбек  жас  ұрпақты  тәрбиелеудің  бір 
сатысы  ретінде  әдет  заңын  қарастырған,  ол 
жөнінде  көлемді  «Әдет  заңы»  атты  мақала 
жазған.  Ол  мақаласында  әдеттің  адам 
тіршілігіндегі орнын, оның жақсы, жаман бо-
лып  қалыптасу  жолын  кең  талдай  келіп,  жа-
ман жолға түсіп кетпеу үшін адам бойына жақсы 
әдетті орнықтыру туралы ойларын ортаға сала-
ды.  Баланың  әдетті  жасынан  тамыздықтап  жи-

137
найтыны, оқытушының міндеті олардың бойына 
алдыңғы өмірінде пайдалы боларлық әдеттерді 
сіңіру  екенін,  адам  іске  бола  тәрбиеленсе,  істің 
табан тірейтін дерегі де әдет болатынын дәлелді 
әңгімелейді.
«Әдет – бір сақтаулы қазына (капитал)», – дейді 
Жүсіпбек. Қазынасының өсімін жеп өмір сүрген 
адам сияқты әркім-ақ қымбат әдеттерінің пайда-
сын көріп тіршілік жасауға тиіс. Ол үшін пайда-
лы әдетті баланың жас кезінен бойына дарытып, 
зиянды әдеттен ерте сақтандыру керек.
Жаңа әдет бірден қалыптаса қалмайды, ол 
ұзақ  қайталауды,  бойға  сіңіруді  қажет  етеді. 
Әдет  әбден  адам  бойына  орныққанша,  оны 
жалықпай қайталай беру қажет. Қалыптаспай жа-
тып  бұзылған  әдетті  Жүсіпбек  толмай  жатып 
тарқатылған ұршыққа теңейді. Бұзылған әдетті 
қайта  орнына  келтіру,  қайта  қалыптастыру 
әрі ұзақ, әрі қиын үрдіс. Жаман әдет бір күн 
жеңсе, жақсы әдет жаман әдеттің талай жетегіне 
төтеп береді.
Автор  әдетті қалыптастыруды психологиялық 
тұрғыда негіздейді. Оның ұғымынша, бір нәрсені 
істеуге  талаптанғанмен,  оны  істеуге  белді 
байлағанмен,  мида  із  қалмайды;  қозғалыс 
сезімі басталып, ол нәрсе іске асқан кезден бы-
лай мида із қалады. Мида ізі жоқ нәрсе әдет 
болмайды.  Жүсіпбек  жас  кезінде  адамның 
қиялшыл  болатынын,  әр  нәрсені  істегісі 
келетінін айта отырып, солардың орындалмауы 
да  әдетке  енбеуінен  деген  қорытынды  жасай-
ды. «Сол ынталар кезінде ұдайымен тиісті сусын 
ала алмайды да, өмірде қайтпас болаттай қару 
(әдет)  болудың  орнына,  күндегі  уақ  мүдделер 
жол бермегендіктен өзінен өзі сөніп калады».
Жүсіпбек  адам  тәрбиесіне  айрықша  мән 
берген,  әсіресе  жаңа  заманда  қазақтарды  іске, 
белсенділікке,  оқу-білімге  ұмтылуға  үйретуде 
әдет заңының өзіндік орны барын көрсетуге 
едәуір  көңіл  бөлген.  Ол  «Әдет  –  адамның 
екінші  табиғаты»,  «Әдеттің  күші  табиғаттан 
он  есе  артық»  деген  қағидаларды  қолдай  оты-
рып,  қазақтың  әдет-ғұрып  салттарының  жақсы 
жақтарын  дамыту  мәселесін  орынды  көтере 
білді.
Сонымен,  Ж.Аймауытов  халықтық  салт-
дәстүрлерді  насихаттауға  ерекше  еңбек  еткен 
нағыз халық педагогы деп толық айтуға болады. 
4.  Ақын,  публицист,  қазақ  әдебиетінің 
негізін  қалаушыларының  бірі,  аударма-
шы,  ағартушы-педагог  Мағжан  Жұмабаевтың 
халқымыздың  рухани  өмірінде  алатын  орны 
ерекше. 
М.Жұмабаевтың  халықтық  салт-дәстүрлердің 
тәрбиелік  мәні  туралы  оның  поэзиясында, 
педагогикалық,  әдістемелік  еңбектерінде  және 
мақалаларында кең көрініс береді.
Мағжанның 
«Қорқыт» 
поэмасының 
мазмұны  ақынның  шырғалаңы  мол  күрделі 
тағдырымен астасып жатқандай. Қорқыт пен өлім 
Мағжан үшін  аса  жұмбақ  тақырып.  Ол  басқа 
да өлең, жырларында өлім жайын көп айтып, 
көп толғанғаны белгілі. Бұған «Ой», «Мені де, 
өлім, әлдиле», «Зар» тағы басқа өлеңдері дәлел. 
Өлімнен қашып, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт 
жайын  жырлағанда,  ақын  оның  бар  болмыс-
бітімін, арман-қиялын өз ой елегінен өткізіп, 
өмір мен өлім, адам өмірінің мән-мағынасы ту-
ралы ой түйіндейді.
Өмірде арманым жоқ – Қорқытқа ерсем,
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем,
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап,
Құшақтап  қобызымды  көрге  кірсем,  – 
деп,  ол  ажал  –  хақ,  сондықтан  да  өмір  жібінің 
түйініңде  өлімді  табиғи  рәсім  ретінде,  бол-
май  қоймайтын  өмір  ақиқаты  ретінде  қабылдау 
керектігін уағыздайды [5].
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының екінші 
бір қыры, оның ағартушылық-педагогтық қызметі. 
Оның  халықтық  салт-дәстүрлер  арқылы  ұлттық 
тәрбие  беру  идеясы  «Педагогика»,  «Бастауыш 
мектепте ана тілі», «Бастауыш мектепте ана тілін 
оқыту жөні», «Сауатты бол» атты педагогикалық 
және әдістемелік еңбектерінде баяндалған.
Мағжан 
Жұмабаевтың 
«Педагогикасы»  
ұлттық  педагогика  туралы  қазақ  топырағында 
жарық көрген тұңғыш еңбек [6]. 14 ірі бөлімнен 
құрылған  бұл  еңбегінде  Мағжан  бала  тәрбиесі 
мәселесіне  нақтылы  талдау  жасап,  түсініктеме 
береді. Сөз басында «Тәрбие деген не?» – деген 
сұракқа жауап бере отырып, оны дене тәрбиесі, 
ақыл  тәрбиесі,  сұлулық  тәрбиесі,  кұлық 
тәрбиесі  деп  төртке  бөледі.  «Егерде  адам  ба-
ласына  осы  төрт  тәрбие  тегіс  берілсе,  оның 
тәрбиесі  түгел  болғаны»  дей  келіп,  «Балам 
адам  болсын  дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені 
дұрыс орындасын», – деп атап көрсетеді.
Оқу  құралында  ол  дәстүрлі  тіл  мәселесіне 
ерекше  тоқтап,  үлкен  сезіммен  тебірене  жазады: 
«Тілсіз  ұлт,  тілінен  айрылған  ұлт  дүниеде  ұлт 
болып  жасай  алмақ  емес,  оңдай  ұлт  құрымақ. 
Ұлтының  ұлт  болуы  үшін  бірінші  шарт  –  тілі 
САЛТ-ДӘСТҮР

138
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
болуы.  Ұлттың  тілі  кеми  бастауы  ұлттың  құри 
бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе 
болмасқа  тиісті...  Қазақ  тілінде  қазақтың  сары 
сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе 
құйындай  екпінді  тарихы,  сары  далада  үдере 
көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабыр-
лы мінезі – бәрі көрініп тұр» [6]. 
Мағжан  бала  тәрбиесінде,  әсіресе,  қыз  ба-
ланы  тәрбиелеуде  әйелдің,  ананың  рөлінің  зор 
екендігін  айтады.  Өйткені,  бала  анаға  жақын 
тұрады. Шешесі үйде баланың көзінше не істесе, 
қалай  қимылдап,  қалай  сөз  сөйлесе,  ертең  бала-
сы, әсіресе қыз бала соны істейді. Көбіне қыз бала 
тәрбиесі анаға байланысты. Сол себептен ана-әйел 
балаларының  көзінше  өте  әдепті,  мәдениетті  бо-
луы тиіс. Мағжанның тәрбие саласындағы ойлары 
осыны меңзейді.
Ол  мәдениет,  ұлттық  тәрбие,  ізгілік  туралы 
ойларын «Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі 
дамыта түседі. Ол қазақ халқына «Басқа халықты, 
адамзатты  сүй,  өзгелердің  жақсысын  үйрену 
арқылы көтеріл, өрге ұмтыл» деген өсиет айта-
ды.  «Адам  шын  ізгі  адам  боламын  десе,  халық 
ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін», 
– дейді [6].
Сонымен,  Мағжан  Жұмабаевтың  «Педа-
гогикасы»  халықтық  салт-дәстүрлерді  наси-
хаттау,  жас  ұрпақты  ұлттық  рухта  тәрбиелеу 
мақсатыңда жазылған тұңғыш этнопедагогикалық 
еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені Мағжан 
«Педагогикасының»  басты  ерекшелігі  –  оның 
қазақ  топырағымен,  халықтық  тәрбие  және 
оның  салт-дәстүрлері,  мінез-кұлқымен  тығыз 
байланыстылығында,  өзі  айтқандай  «...қазақ 
баласының тәрбиесі, қазақ тұрмысына қабысуы 
мақұл»  [6].  Оқулықтың  басынан  аяғына  дейін 
ұлттық тәрбие басшылыққа алынып, тәрбиешінің 
балаға ұлттық тәрбие берудегі міндеттерін бы-
лайша көрсеткен: «...әр тәрбиешінің қолданатын 
жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие 
қылу  туралы  ескіден  келе  жатқан  жеке-жеке 
жолы  бар.  Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан  бері  сына-
лып,  көп  буын  қолданып  келе  жатқан  тақтақ 
жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт 
тәрбиесімен  таныс  болуға  тиісті.  Және  әрбір 
ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында,  өз  ұлты 
үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші 
баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбие  қылуға 
міндетті».
Қорыта келе айтарымыз, қазіргі кезде қазақтың 
ұлттық  мектебінің  негізін  қалауда,  онда  ұлттық 
тәрбие  беруде  салт-дәстүрлерді  жүзеге  асыруда 
М.Жұмабаев  шығармашылығының  маңызы  мен 
мәні ерекше деп бағалауға болады. 
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Шығармалары, өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
2. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 382 б.
3. Дулатов М. Хош келдің, Наурыз! // Еңбекші қазақ. – 1923. - №75.
4. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 510 б.
5. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 448 б.
6. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 160 б.
Резюме
В статье излогаются взгляды казахских просветителей педагогов об использовании обрядов и традиции 
казахского народа в национальном воспитании личности. 
Summary 
In article are stated sights of the Kazakh educators of teachers about use of ceremonies and tradition of the Kazakh 
people in national education of the person.

139
САЛТ-ДӘСТҮР
Қазіргі  заманда  бәсекеге  қабілетті  50  елдің 
қатарына  қосылу  үшін  алдымен  өзіміздің  ата-
бабамыз калдырып кеткен осы бір салт-дәстүрді 
сақтай отырып келешек ұрпақты сол арқылы ру-
хани адамгершілікке, сонымен бірге салауатты да 
саналы ұрпақ келешек қоғам қамын ойлар болса, 
сол  қоғам  иелерін  жан-жақты,  ақыл-парасаты 
мол,  ізетті,  кішіпейіл,  мәдениетті  азамат  етіп 
тәрбиелеу  мектептің,  мұғалімнің,  ата-ананың 
қоғам алдындағы борышы.
Қай  халықты  алсақ  та  әрқайсына  өзіне  тән 
ұлттық  дәстүрі,  тәрбие  бастаулары  бар.  Сол 
ұлттық салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу 
үлкен  міндет.  Егер  алтын  қазына  ұлттық  салт-
дәстүрі, мәдениеті жалғасып атадан балаға мұра 
болмаса, халықтың келешегі жок.
Қай елде, қай кезде болмасын бала тәрбиесіне 
ерекше  мән  берілгендіктен,  халқымыздың 
ардақты  азаматы  Мұстафа  Шоқай  «Ұлттық 
мәдениеттен  жұрдай  рухты  тәрбиелеген 
ұрпақтан халқымызға қажетті мен пайдалы аза-
мат  шықпайды»,  -  деп  ұлт  болашағын  ұлттық 
рухты мектепте тәрбиелеу қажеттігін көрсеткен.
Тәрбие  тамыры  –  халық  даналығында.  Жас 
ұрпаққа  жан-жақты  өнегелі  жарасымды  тәрбие 
беруде ата-бабалар дәстүрін өнеге етудің үлкен 
тәрбиелік маңызы бар.
Жыраулар  мен  билер  шығармашылығында 
көтерген  мәселелер  ұлттық,  жалпыазаматтық 
проблемалармен  ұштасып  жатады.  Мұнан  өз 
тіліміздің,  халқымыздың,  қоғамның  дамуы 
белесіндегі  тарихын,  ұлттық  мінез,  ерлік-елдік 
дәстүрлерін,  философиялық  ұғым-түсінігін 
көрсетеміз. Жас ұрпақты жоғары интеллектуалды 
азамат етіп тәрбиелеуде халқымыздың бай руха-
ни мұрасын пайдалануымыз керек. Ол халықтың 
тәрбиесінен,  мәдени  тұрмысы  туындыларының 
түрлерінен көрініс бере отырьш, адамның дүниеге 
келуімен  бірге  өрбіп,  дүниеге  аттанып  кеткен-
ше  құндылықтайтын,  тербететін  алтын  бесігі 
іспеттес.  Халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілерімен 
ұлттық салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар арқылы 
өз  ұрпағын  ізетті,  еңбек  сүйгіш,  қайырымды, 
шыншыл адам отанын сүйетін батыр азамат етіп 
тәрбиелеуді көздейді.
А.Жамбыл –
№51- гимназия мұғалімі, Ақтөбе қаласы
ҚАЗАҚ хАЛҚЫНЫң САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУхАНИ
 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Ауыз  әдебиетінің  үлгілері  мен  ойын 
дәстүрлер,  жол-жора  ырымдар,  өнер  мен  ойын 
түрлерін тәрбиенің құралы ретінде пайдаланып 
келеді.
«Ақыр заман алдында
Құрамалы үйің болады,
Толқымалы биің болады,
Едірейген ұлың болады,
Бедірейген қызың болады, 
Ақырайған әйелің болады, 
Кекірейген келінің болады, 
Табалдырықтан биік тау болмас, 
Ағайыннан артық жау болмас,
Тана-торпаққа жүк артылар, 
Ар-ұяттан жұрдай боп,
Қарап тұрған жігітке қыз артылар», – деген-
дей Майқы бидің шерге толы толғауының аста-
рына мән берсек, бүгінгі кейбір жастарымыздың 
кескін-келбетін көргендей боламыз. Қазақ бола 
тұра қазақ тілін ұмытып, ата-бабамыздың салт-
дәстүрі  мен  әдет-ғұрпынан  ажырап  қалған, 
шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке 
құрылған фильмдердің еркіндік кеткен жастары-
мызды  ондай  жолға  түсірмес  үшін  салт-дәстүр 
арқылы иманы таза, көзі ашық, көкірегі ояу ру-
хани адамгершілікке тәрбиелеу және тәрбиелену 
мына біздер сияқты жастардың қолында. Ұлы ба-
бамыз ғұлама әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім 
салма» десе, Ахмет Байтұрсынов «Біз әрқашанда 
білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге 
ұмтылуымыз  керек.  Бізге  тәлімді  рух,  тәрбиелі 
білім  қажет,  тәрбиелері  білімдар...  Міне  адам! 
Міне тұлға!» деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл 
аудару  керектігін,  тәрбиесіз  адамға  берілген 
білімнен  ешқандай  пайда  жоқтығын  баса 
көрсеткен.  Біз  осы  қағидаларды  әрқашанда 
жадымызда  ұстауымыз  керек.  Ең  алдымен, 
таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен 
ұлттық  құндылықтарын,  салт-дәстүрін  сүйетін 
тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Ол үшін 
әрбір оқу орнында, мектепте түрлі шаралар, со-
нымен  бірге  соған  байланысты  сабақтар,  мәні 
бар  қойылымдар,  мектепте  сынып  сағаттары, 
баяндамалар,  ашық  сабақтар,  әңгімелер, 
пікірталастар  өткізілілуі  тиіс.  Ұлы  бабамыз 

140
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
әл-Фарабиден  бастап  өшпес  мұра  қалдырған 
ойшылдарымыз  Йассауи,  Хорезми,  Дулати, 
Баласағұни,  Жалайыри  т.б.  еңбектері  қазіргі 
ұрпақ  тәрбиесі  үшін  теңдесі  жоқ  қазыналар. 
Сондай-ақ, Асан қайғы, Ақтамберді, Майлықожа 
сияқты  т.б.  ақын-жыраулардың  толғаулары  мен 
дана  өсиеттері  қаншама.  Ал,  Абай  мұрасының 
оның  идеологиялық  көзқарастарының  алар 
орны  тіпті  ерекше.  Жарық  жұлдыздарымыз 
Шоқан,  Ыбырайлармен  катар  20  ғасыр  басын-
да  тәлімдік  ой-пікірлермен  барынша  қазақ 
даласын  дүр  сілкіндірген  Шәкәрім,  Мағжан, 
Жүсіпбек,  Міржақыптардың  педагогикалық, 
психологиялық  тұжырымдары  заман  талабы-
мен  үйлесіп  жатыр.  Халқымыздың  осындай 
даналары  мен  кемеңгерлерінің  еңбектері, 
ойлары,  көзқарастары  тәрбие  жұмысында, 
әсіресе, рухани тәрбие беруде ұстаздарға көмек 
болатын  таптырмас  дүниелер.  Белгілі  жазу-
шы  Аймауытов  Жүсіпбек  өзінің  «Тәрбие»  деп 
аталатын  еңбегінде  «Тәрбие  екі  түрлі:  дене 
тәрбиесі  және  рух  тәрбиесі  хайуан  көбінесе 
денесін  тәрбиелейді,  ал  адам  баласына  дене 
тәрбиелеумен  бірге  рухын,  ақылын,  сезімін, 
жігерін, мінезін тәрбие қылуы керек. Дене мен 
рухы  бірге  тәрбиеленбеген  кісі  сыңаржақтау 
болады»  депті.  Ендеше  Ж.Аймауытов  айтып 
отырған  тән  мен  рухты  бірге,  бірдей  тәрбиелеу 
ісін  қолға  алу  керек,  тіпті  тәннен  бұрын,  рух-
ты тәрбиелеуге күш салу керек. Барлық тәрбие 
мен білім берудің тамыры мен өзегі осы рухты 
тәрбиелеуде, яғни рухани тәрбиеде жатыр. Адам 
алдымен рухани тәрбие бермей, тәрбиенің басқа 
салаларын жүзеге асыру мүмкін емес.
Рухани  тәрбиемен  нұрланбаған  адам  өзінің 
алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, 
өз  мүддесі  үшін  азаматқа  апат  әкелуі  мүмкін. 
Оның  мысалы  тарихта  аз  емес.  Сондықтан, 
әл-Фараби  бабамыздың  жоғарыда  айтылған 
«Тәрбиесіз  қолға  білім  салма»  деген  сөзі  жал-
пы  ұстаздар  қауымының  негізгі  ұстанымы  бо-
луы  керек.  Кейбір  адамдар  рухани  тәрбиені 
дінмен  шатастырып,  қарсы  шығуы  да  мүмкін. 
Діни тәрбие мен рухани тәрбие мүлде екі бөлек 
дүние.  Дегенмен  бүгінгі  күні  дін  мәселесіне 
де  жаңа  көзқарас  керек  екенін  түсіндік.  Кеңес 
өкіметі  кезінде  «Дін  сананы  улайтын  апиын» 
деп  келсек,  бүгінгі  күні  дін  аркылы  тәрбие 
жұмыстарын  нәтижелі  жүргізуге  болады.  Бұған 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  мына  сөздері 
дәлел  «Біз  тегіміз  түрік,  дініміз  ислам  екенін 
ұмытпауымыз  керек.  Ол  үшін  кітап  «Құран 
Кәрімді»  насихаттауды  естен  шығармауымыз 
керек». Демек, рухани тәрбие арқылы адамның 
бойындағы  адамгершілікті  ізгі  қасиеттермен 
қалыптастыруға болады.
Міне,  сол  арқылы  халқымыздың  ғасырлар 
бойы  жинақтаған  рухани  тәрбие  арқылы 
адамның бойында адамгершілік ізгі касиеттерді 
қалыптастыруға болады. Рухани кұндылықтарын 
бала бойына сіңіріп, өзінің Отанының адал аза-
матын тәрбиелей аламыз.
Бұл жұмысты жүзеге асыру аса киын емес. 
Себебі, ата-бабаларымыздың салып кеткен сара 
жолы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпқа негізделген 
жас  ұрпақты  тәрбиелеу  әдістері  бар.  Жоғарыда 
атап  өткен  дана  бабаларымыз  бен  кемеңгер 
ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері 
бар. Рухани тәрбиені теориялық тұрғыдан қазіргі 
заманға  сай  саралап,  қазақ  тілінің  кемеліне 
жеткізген кемеңгер Абай мен Шәкәрім аталары-
мыз бар. Тек бір осы қазыналарды орнын тауып 
қолдана білуіміз керек.
 
Қоғамның жылдан-жылға 
рухани  азғындалып  бара  жатқанының  себебі 
де  осы  ар  ілімнің  оқылмай,  рухани  тәрбиенін 
берілмей жатқаны. Сондықтан рухани тәрбиені 
кайдан аламыз, қалай береміз дегенде, алыстан 
іздемей-ақ өзіміздің осындай ойшылдарымыздың 
дана  өсиеттерін  басшылыққа  алуымыз  керек. 
Қазіргі жастарымыз батыстың мәдениетіне бой 
алдыра  бастады.  Бұған  тосқауыл  қою  керек, 
Өйтпеген жағдайда ұлттық болмысымыздан ай-
ырылып қаламыз. Тек қазақ халқының қанында 
бар  рухани  асыл  қасиеттердің  өзге  халықтарда 
кездесе  бермейтіндігіне  жастарымыздың  көзін 
жеткізуіміз керек.
Ендеше  егемендігіміз  мәңгілік  болсын  де-
сек,  оның  болашағы  жастардың  тәрбиесін, 
оларға  рухани  тәрбие  беру  ісін  кешіктірмей 
қолға алуымыз керек-ақ.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Адамгершілікке тәрбиелеу-басты мақсат. Тәрбие құралы
1. 
 №1, 2005. 44-46 б.б. 
Тәрбие тамыры халық дәстүрінде. Жетісу газеті. №2, 2006. 4-5 б.б.
2. 
Адамгершілікке баулу бағыттары. Қазакстан мектебі. №11, 2004. 61-63 б.б. 
3. 
Адамгершілік тәрбиесі бағытындағы жұмыстар №1, 2005. 63-65 б.б.
4. 

141
ҰЛТТЫҚ НАМЫС
Резюме 
В данной статье автор расcматривает пути духовно-нравственному воспитанию школьников через тради-
cматривает пути духовно-нравственному воспитанию школьников через тради-
матривает пути духовно-нравственному воспитанию школьников через тради-
ции и обычаи казахского народа. 
Summary
In this article author 
considered
 way to spiritually-moral education of schoolboys through traditions and customs 
of the Kazakh people.
В широком педагогическом смысле под вос-
питанием понимается направленное воздействие 
на  человека  со  стороны  общественных  инсти-
тутов с целью формирования у него определен-
ных знаний, взглядов и убеждений, нравственных 
ценностей,  политических  ориентаций,  подго-
товки к жизни.[1;55]  Достигнуть целей воспи-
тания возможно в комплексном воспитательном 
процессе, который состоит из взаимосвязанных 
различных  направлений.  Вообще,  процесс  вос-
питания  –  очень  сложная  динамичная  система. 
Системный  подход  к  анализу  воспитательного 
процесса  обязательно  предусматривает  изуче-
ние  взаимосвязи  различных  направлений,  как 
внутри системы, так и их взаимодействие со сре-
дой. Любая система не может существовать вне 
определенной  среды,  она  может  быть  понятна  
только во взаимодействии с последней.
Ниже мы рассмотрим, что из себя представ-
ляют    два  основных  направления  воспитатель-
ного процесса – национальное и патриотическое 
воспитание, взаимосвязь и их взаимодействие со 
средой. 
Национальное  воспитание  –  представляет 
собой  знание  истории  нашей  страны,  понима-
ние  судьбы  Отечества,  своей  неразрывности 
с  ним,  ощущение  гордости  за  сопричастность 
к  деяниям  предков  современного  поколения  и 
исторической ответственности за происходящее 
в  обществе  и  государстве.  Включает  изучение 
многовековой истории Отечества, места и роли 
Республики Казахстан в мировом историческом 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет