Бас редакторы: Серкебаев Қайрат Есенбекұлы Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата07.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#66076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
OU 10.7

 
 
 
 
 
 
 
 
Бричка 
пасса
жир 
красивая 
рессор
ная 
Господин
средней 
руки 





БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 
Тураманова Махбуба Яхияевна
 
Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы 
№10 орта мектеп 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында үлкен мақсаттар 
мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге 
қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық 
ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі 
мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой 
жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналапды. 
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға 
үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. 
Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі 
меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты 
назарда ұсталады. Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі 
құраушыдан тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.
Білім негізі бастауышта басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, 
қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. 
Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие 
беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдлыма мынадай мақсат қойдым: «Оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін оята отырып, шығармашылық қабілеттерін 
дамытуға жағдай жасау». Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән боцынша көптеген жұмыстар 
жасауға тура келеді.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының 
ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып 
тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу 
сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда оның 
жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, 
жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің 
барлық кезеңінде қажет .Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу 
жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек. 
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, 
білімді тексеруде, сондай-ақ қайталауда да қолданылады. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті 
белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал 
етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен 
қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Танымдық іс - әрекет оқушылардың 
негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, 





мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын 
түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады. Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады.
Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:
- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа 
қырынан ашылуы: 
- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі 
екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару 
қажет. Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармашылық: іс- әрекет, зейін, есте сақтауы, ойлауы. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін 
дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан 
басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым: 
- Жылдың бесінші айын ата.
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Көз адамға не үшін керек? - 685 пен 687 арасында қандай сан бар?
Мысалы: Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер 
жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және 
табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей топтастырып құрастырады: мөлдір, түссіз, 
сұйық, Су жұғады, жабысады, ағады. 
Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма бердім:
І топ – эссе жазады «Су – тіршілік көзі»
ІІ топ – сурет салады
ІІІ топ - өлең шығарады «Бес жолды өлең»
Эссе 
«Су – тіршілік көзі» Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде 
пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді. 
Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.
Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үрдісінде қолдану қолға алына бастады. Бұл бастауыш білім 
беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі. Сонымен бірге 
бастауыш мектептерге арналған мультимедиялық оқулықтарды жасау және пайдалану қолға алына бастады.
Қорытынды: өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады:
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
2. Оқушылардың танымдық белсендіктері дамиды.
3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығы молаяды.
4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс- әрекетке қабілеті артады. 
5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар 
оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз.. 
Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары 
деңгейге көтеріледі
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет