М. Дәдікбай
Қазақстан Республикасы
БАС САРДАР
Абылайдың ақырғы батыры, мемлекет қайраткері, шешен әрі шебер дипломат Шанышқылы
Бердіқожа батыр туралы жаңа тарихи деректер
Үстіміздегі жылдың шілде айының ортасында Арқаның кең жазықты даласының Қарқаралы
аумағына қарасты Темірші ауылының жерінде Дағанделі ӛзенінің бойында қазақ тарихын зерттеп
жүрген ғалымдарды, кӛпшілікті елең еткізген ерен оқиға болып ӛтті. Оның ерекшелігі – хан
Абылайдың бас батырларының бірі Шанышқылы Бердіқожа батырдың сүйегін қайта жерлеу
рәсімі болатын. Иә, қазақ батырының сүйегін қайта жерлеу шарасы ұйымдастырылды. Неге?
Себебі, осыдан бір жыл бұрын Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Б.
Байтанаев жетекшілік еткен ғалымдары батыр жатқан бейітті қайта аршып, ондағы сүйекті арнайы
жәшікке салып, Ресей Ғылым Академиясы Этнология және антропология институтына
антропологиялық ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге жіберген еді. Осы инситуттың профессоры
Татьяна Балуева жетекшілік ететін зертханасы бір жыл бойы қажымай-талмай еңбек етіп,
апарылған сүйектің шын мәнісінде Бердіқожа батырдың сүйегі екендігін анықтап қоймай,
сонымен бірге батырдың антропологиялық бейнесін реконструкциялап жасап берген еді. Бір
қарағанда екі ауыз сӛзге сыйып кететін бұл жұмыстың артында қаншама тӛгілген маңдай тер,
ұйқысыз ӛткізген түндер, сарп етілген күш-жігер жатқанын екінің бірі біле бермейді...
Сонымен, осыншама құрмет көрсететін Шанышқылы Бердіқожа батыр кім? Оның
қандай ерлік істері мен игілікті істері тарих бетінде қалды?..
Бұл ретте біз қазақтың кӛрнекті жазушысы, тарихи деректерді терең білетін Мұхтар
Мағауиннің «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты мақаласынан үзінді келтірсек артық болмайды:
-Ақын әрі ойшыл, қазақтың ескілікті сӛзін жинақтап, хатқа түсіруші шежіре Мәшһүр
Жүсіптің жазуынша және ел аузындағы әңгімелердің ыңғайына қарағанда, Шанышқылы
Бердіқожа батыр – Абылай хан заманындағы ең атақты батырлардың бірі.
Абылайдың туы астынан табылуы – ХVIII ғасырдың 50 жылдары деп шамалауға болады.
Абылай ханның епті саясаты мен кӛрегендігі, ең бастысы, жеңісті жорықтар нәтижесінде дүрбін-
ойрат біржола талқандалды. Ізінше, қазақ ордасы абыроймен аяқтаған шүршіт-қазақ соғысы
басталды. Бердіқожа бұл ұрыстарға қатысты ма, қатыспады ма, тап басып айту қиын. Алайда,
Абылай ханның Қоқанға қарсы 1766-1768 жылдардағы, оңтүстікті түбегейлі тазартып, Ташкентті
қайтарып алған жорығы кезінде оқиғаның бел ортасында жүргені анық. Әлбетте, бұл тазарту
соғыстары бүкіл қазақ мүддесінен туындады, десе де, дәл осы ӛңірді қоныстанған Қаңлы,
Шанышқылы, Сіргелі рулары үшін ӛмірлік маңызы айрықша болатын. Бұдан соң Абылай ханның
1770 жылғы қырғыз ұлысын қиратқан соғысына белсене қатысқаны анық. Үш алаш бірдей
майданға түскен «Шаңды жорық» - 1771 жылғы Торғауыт соғысынан да тыс қалмауға тиіс.
Жазушы Мұхтар ағамыз осылай деп пікір білдірген.
Жарайды, бұл біздің заманда туған қаламгердің ой-ұстанымы болсын делік. Ал, батырдың ӛз
заманында оны ӛз кӛзімен кӛрген әрі араласқан, ерлігіне қанық адамдардың тарихи жазбалары бар
ма? Бар болғанда қандай!..
Нақты жазба дерек батыр ӛмірінің соңғы кезеңі – 1783-1786 жылдарға тұспа-тұс келеді. Орыс
әскерінің офицері, тарихшы әрі этнограф Иван Григорьевич Андреев «Қырғыз-қайсақтың Орта
жүзінің сипаттамасы» деген еңбегінде батыр туралы кеңірек тоқталып кетеді. «Шанышқылы
руының ағасы Бердіқожа 1783 жылдың 13 июлі күні алғаш рет Семей қаласына келді,-деп жазады
И.Андреев.- Орыс шекарасына алғаш шығуы екен, бұрын қонысы шалғай болған. Комендант
мырзамен әңгіме кезінде айтты. Орыс қолбасыларының лайықты қабылдағанына риза болды.
Қамалға келіс мақсаты – Ресей шекарасын кӛру, орыс әскербасыларын, жалпы орыстарды кӛру
екен...»
Орыс офицерінің тарихи жазбаларында батырдың бірқатар ерлік шайқастары, сол кездегі істері
жан-жақты қамтылған. «Бердіқожа бастаған Шанышқылы малға бай, жылқысы кӛп, ұзын саны үш
жүз шаңырақ», – деп жазады И.Андреев. Шығындап кӛшу себебі – сырт жаулармен соғыста үлкен
беделге ие болған батыр ӛз руының тоғышар басыларымен бірлікке келе алмаған сияқты. Немесе,
басқа да салдары бар болуы мүмкін. Мәшһүр Жүсіптен қалған әңгіме осыған меңзейтін тәрізді,
бірақ арғы түбінде шайқастан әбден шаршап, кезінде хан Абылайдың шүршіттерге қарсы соғысқа
дайындалу үшін таңдаған Арқаның ең бір шұрайлы жері – Қарқаралы мен Аягӛз, Шұбартау
шектесетін жайылымға келіп қоныстанғанға ұқсайды. Қалай десек те, қазақ халқы үшін бар күшін
сарп еткен батырға алаштың кез келген жері мекен-жай болатыны айдан анық.
Осы орайда ХVIII ғасырдың 80 жылдарындағы қазақ даласының саяси ахуалына тоқтала кетсек.
1781 жылы кӛктемде Абылай хан қайтыс болды. Сол жылы күзде болған үш жүздің ӛкілдері
қатысқан құрылтайында хан сайланған Уәли шыны керек, Орта жүздің ханы ретінде танылды. Ал
қазақ елінің шығысын билеп отырған Әбілфейіз дүниеден озып, оның орнына келген Ханқожаның
қолында нақты билік болмағаны рас. Батыс жақта да ер мінезді Нұралы ханды патша ӛкіметі
жақтырмай, ақыры орнынан тайдырып, орнына Ералы атты қуыршақ ханды отырғызған еді.
Осылайша біртұтас қазақ елі жеке-жеке ұлыстарға бӛлшектене бастады. Ел билеген ханынан кӛз
жазып қалған халық дағдарысқа түсті. Дегенмен, әлі де болса ұлттық намыс, ұлттық рух жоғары
болатын. Сондықтан, әр рудың билігі жекелеген сұлтандар мен мінезді батырлардың қолына
кӛшкен-ді. Бердіқожаның бір елді қауымды бастап, соның мүддесімен Семейге келу сапары да сол
бір заманның ауыртпалығын кӛрсетсе керек.
Хош, сонымен, батыр жайында біз жинаған біраз тарихи материалдарды оқырмен назарына
ұсына кетейік.
Ел мен жердің, ұлт пен ұлыстың тағдыры шешілер тұста, жыраудың сӛзімен толғасақ,
«қарағай басын шортан шалған», «буыршын мұзден тайған» шақта халықтың адал сүтін емген
арда батырлары толарсақтан саз кешіп жерін қорғай білген. Сын сағатта елге қорған болып, еңсесі
түскен халықтың рухын оятқан. Бордай тозудың алдында тұрған елді жауға тастүйін етіп
жұмылдыра білді. Жеке басынан жалпақ жұрттың, атаның намысынан жалпы ұлттың, от басы,
ошақ қасынан байтақ отанның мүддесін жоғары қоя білген, сол жолда басын бәйгеге тіккен
мұндай қасжүрек батырлардың соңынан елі сеніммен ерген.
Алаштың батагӛйі, абызы Бұқар жырау Абылай ханның алдында Қанжығалы Бӛгенбайды:
Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Алаштың абырой-атына,
Сарп қылған бар күшін...
–
деп жоқтамай ма? Білгенге, бұл – ел қорғаны болған, алмағайып заманда қаймана қазақтың
қамын жеп,қан майданға бастап шыққан барша батырлардың ортақ бейнесі іспетті.
Қай батыр болсын қазаққа ортақ. Оның біреуінің ерлігін біреуінен артық екен, оның мына
шайқасы олардан ерек екен деп бӛле-жара қарамауымыз керек. Батыр, ер жүректі сұлтан деген
атақты халық ӛзі таңбалап бергенін тарихтан жақсы қанықпыз. Қарадан шығып хан болмаса да қас
батыр болған. Ал хандардың арасында да жауға қосарлана шауып, қол бастаған аталарымыз аз
емес. Айталық, ХVIII-ХIХ ғасырларда мұндай лайықты атаққа қазақ хандары Әз-Тәуке, Қайып,
Әбілқайыр, Абылай мен Кенесары және басқалар ие болған. ХVIII ғасырда тарих сахнасына
жоңғар-қалмақ соғысында айрықшы кӛзге түскен бір топ қол басылар шықты: Ұлы жүзден –
Шапырашты Наурызбай, Шанышқылы Бердіқожа, Орта жүзден – Қанжығалы Бөгенбай,
Қаракерей Қабанбай, Кіші жүзден – Табын Бөкенбай, Тама Есет.
Міне, осынау шоғыр батырлардың арасынан ӛзінің әскери іске жетіктілігімен, алғыр сӛзімен,
ұйытқы ұйымдастырушылығымен Шанышқылы Бердіқожаның есімі айрықша аталады. Тарихи
қай әдебиетті оқысаңыз да жүздегі жасақты бастаған батырлардың алдына шыққан руының аты
қоса жалғана айтылады. Бұл – сол батырға халықтың ерекше құрметі әрі жасаған ерлігін бағалаған
сый-сияпаты деп білуіміз керек. Екінші жағынан, бұл айбынды естіледі.
Осы ретте Шанышқылы руы туралы аз-кем мағлұмат бере кетейік. Қазақтың елдік мұратын
түгендеп кеткен шежіре-жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты құнды
кітабында Шанышқылы туралы мынадай мәлімет кӛрсетілген: «Ұлы жүз құрамындағы іргелі
рулардың бірі Шанышқылы. Шежіре деректердің бірінде Ұлы жүз Ақарыстан тараған
ұрпақтарының бірі Кейкі би, одан – Тӛбей тарайды, Тӛбейден – Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдыр
туған, осылардың Қоғамынан – Қаңлы мен Шанашқылы туып еді дейді» (247 бет). Бұл рудың
қонысы Арыс пен Талас ӛзендерінің бойы, Қаратаудың мал жайлайтын шұрайлы жерлері, әрі
кетсек, Ташкент пен Шыршық айналасы. Тарихи дерек Бердіқожаның туылған жылы 1708
жылдары деп шамалайды, яғни, ол Шыршық маңында Сырдария мен Келес ӛзендерінің
аралығында дүниеге келген. Әкесі Арық ӛз заманның дуалы ауызды шешені әрі сұр мергені
болып, дүйім жұртты жаудан да, жұттан да қорғап отырған деседі.
Мұхтар Мағауиннің сӛзіне ден қойсақ, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Аласапыран»
тарихи роман–диалогиясындағы Шанышқылы батырдың тікелей прототипі Бердіқожа батыр екен.
Батырдың жорықтас жолдастарының қалдырып кеткен пікірінше, Бердіқожа дұшпанына
шабар кезде Шанышқылының ұраны «Айырылмас», атасының ұраны «Бақтияр» деп, ал қол бастар
кезде «Алаш» деп қатты айғайлайды екен. Даусы ӛте зор болған. Қазақтың атақты ақыны Несіпбек
Айтұлының «Бердіқожа батыр» дастанында:
Айқасып қырғызбен де, жоңғармен де,
Шығыпсың атой салып жау келгенде.
Түспепсің өле-өлгенше ат үстінен,
Қорған боп қасиетті ел мен жерге,
Қабанбай, Көкжал Барақ – жан жолдасың,
Кезіпсің Сарыарқаның тау мен тасың.
Кенде емес ақылға да, айлаға да,
Талайдан батырлығың болған басым,
–
деген жолдар батырдың жорықтағы шын бейнесін береді. Жоғарыда айтып кеткендей,
батыр сүйегін егжей-тегжейлі зерттеп, ғылыми қорытынды жасаған, әлемге әйгілі антрополог
М.Герасимовтың шәкірті, ресейлік ғалым Татьяна Балуеваның пікірінше, «оның бойы шамамен
177 сантиметр құрайды, ӛзінің құралпыс замандастарынан денелі болған» Ол кең иықты,
жаурынды, денесінде артық еті жоқ, бұлшық еттері шиыршық атқан. Оң қолы ӛте мықты болған,
яғни, үнемі жорық үстінде қылыш пен найза ұстаған. Жамбасы мен бел сүйектерінің ірілігі атқа
мығым отырып, күшті шабатынын, анау-мынау соққыға шыдас беретіндігін айғақтайды.
Ғалымның сӛзінше, ол жастайынан садақ пен суық қаруларды мейлінше меңгерген. Мойны жуан
әрі ұзын келген. Маңдайы кең, бас сүйегі тастай қатты болыпты. Кӛзі ӛткір, шашы қалың болған
екен. Бұл батыр бабамызға бүгінгі орыс ғалымның берген ғылыми түсініктемесі.
Біздің алдымызда батырды қапысыз кезде ӛлтірген қырғыздардың шежіресі жатыр. «Алымбектің
шежіресі» атты кітабында олар былай деп жазыпты: «Есенқұл, Қашыке, Кебек жарлық шығарып,
дүйім елге: «Қазақтар мұнымен тоқтамайды, қарап қалмайды, сақ жүрелік. Ӛзгесі болмаса да,
қазық мойын қазақ тыныш жатпайды дейсің бе?» - деген екен. Есенқұл батырдың «қазық мойын
қазақ» дегені Шанышқылы Бердіқожа батыр екен деседі, оның мойны ұзын екен. Есенқұл батыр
айтқандай, Бердіқожа аттанғанын алмай қойған деседі бұрынғылар. Міне, тағы бір дерек
Бердіқожаның оңай шағылатын батыр емес екенін кӛрсетеді. Жауының ӛзі оның сыртынан,
атынан зәресі қалмай қорқып отырған. Демек, Бердекең қазақтың кӛп батырының бірі емес,
бірегейі десе де болғандай...
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында берілген мәліметте: « Бердіқожа ( шамамен 1690-
1770 ж.ж.) – жоңғарларға қарсы шайқаста қол бастаған аға батыр. Ұлы жүз қолбасылары
Бердіқожасыз кеңес өткізбеген, жорыққа да шықпаған. Оны Ұлы жүзде Төле биден кейінгі
үлкен саяси қайраткер, ұлы қолбасшы мәртебесінде құрметтеген. Бердіқожа Ұлытау
ӛңіріндегі, Бұланты, Білеуті және Сарысу бойындағы Итішпес, Алакӛл маңындағы Аңырақай
шайқасында, Іле басындағы Талқы, Ебі, Алакӛл, Алтайдағы Ұлансу, Мамырсу, Шар, Шорға
ұрыстарында, т.б. шайқастарда Ұлы жүз жасақтарына басшылық еткен» деп жазылған.
Ту ұстап, қол бастаған әйгілі батырлар Абылайдың айналасына топталып, қазақ халқын
алапат нәубет – «Ақтабан шұбырынды, Алқакӛл сұлама» қасіретінен аман алып қалуға айрықша
атсалысқан, жанкешті ерлігімен кӛзге түскен, «ту түбінен ту алған, жауды кӛріп қуанған» ердің
бірі – Шанышқылы Бердіқожа батыр еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бӛгенбай, Керей ер
Жәнібек, Кӛкжарлы Барақ сынды әйгілі батырлармен үзеңгілес серіктес болып, қазақтың жерін
басып алған қалмақтарға, шүршіттерге, қырғыздарға бүйідей тиген.
Қазақтың шежіре-дариясы Мәшһүр Жүсіптің:
Тауының Арқар деген аты Құлжа,
Жігіттер, атқа түйе тегін олжа
«Хан Абылай аттанды»дегенді естіп,
Келіпті Шанышқылыдан Бердіқожа!
–
деген қас батыр осы!..
Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихи жағын ақиқатты романдарымен байытып жүрген шебер
қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи шығармасындағы мына жолдар батырдың
тұлғасын,
нар
кескінін
одан
сайын
толықтыра
түседі:
«Ӛлген жерім осы шығар! – деп ойлады Қабанбай. – Қазір найзаның ұшы тайып кетеді. Сонан соң
ана жойт тӛбемнен тӛніп келеді де, күрзімен бір-ақ ұрады-ау!» бұдан арғысы ӛзіне де бүгінге дейін
бұлыңғыр... Бұл есін жиғанда, қаракӛк арғымақ осқырынып, ойнап шыға берді де, Кертӛбел, сірә,
бір жері майып болған секілді, иесін жаяу қалдырып, сол орнынан тұрмай жатып қалды...Қалың
қалмақ жан ашуы үстінде ортада жаяу қалған Қабанбайды таптап ӛтуі де мүмкін еді. Дәл осы сәтте
арт жақтан келе қалған Шанышқылы Бердіқожа батыр ӛзінің әйгілі ақбоз атын мұның алдына
кӛлденең
тарта
қойғаны...
Басшысынан айырылған қалмақ қолы бұдан әрі табан тіреп соғыса алмады. Рухы үстем қазақ
жігіттері ӛздерінен саны басым жауды бет қаратпай түре қуып, толық жеңіске жетті.
Шіркін, Бердіқожалар нағыз ер ғой! Ол содан кейін де жанына балаған ақбозын бұдан қайтып
алған жоқ. Ұрыс аяқталған соң Қабанбай рахмет айтып, атын ӛзіне қайтармақ болғанда,
Бердіқожа:
- Жоқ, Қабеке, мен енді сізден бұл атты алмаймын. Мен бірдеңе білсем, ақбоз нағыз иесін
жаңа тапқан секілді. Алыс жол, алапат жорықтарда сізге серік болсын! – деп шылбырын
зорлағандай мұның қолына қайта ұстатқан.
Қабанбай сол ақбозды бертінге дейін мініп жүрді. Жануар ӛзі де нар түйедей, ұзақ жүрісте
белі бір босамайтын, тұлпар текті жылқы еді. Қырқыншы жылдары Шыңғыстаудағы шайқаста
оққа ұшты. Айтпақшы, Қабанбайдың «Дарабоз» атануына себепші болған да сол ақбоз ат еді» Бұл
кӛркем шығарма болғанымен тарихи оқиға ретінде жыраулардың жырларында бірнеше рет
кездеседі. Демек, Бердіқожа жауынан ықпайтын батыр болуымен қатар, серіктесіне – жанашыр,
досына – адал, кез келген сәтте найзадан қорықпайтын жанкешті болған.
Қазақтың тарихын ақтарып отырсақ, Бердіқожа секілді батырлар тек жерді қорғаған батыр
емес, сондай-ақ, шекаралас Қытай, Жоңғар мемлекеттерінің басшыларымен келіссӛз жүргізген
мәмілегер не елшілік қызметтерді қоса атқарған. Белгілі ғалым, профессор Клара Хафизованың
Бердіқожаның біз білмейтін басқа тұстарына түрен салғаны қызықтырады. Қытай дереккӛздері
мен мұрағат құжаттарына сүйене отырып, Цин империясымен келіссӛз жүргізіп, алғаш рет
байланыс орнатқан «Хоцзи – Боэргэн» атты батырдың осы Бердіқожа екенін дәлелдеп береді.
Қазіргі Пекин /бұрынғы аты – Ханбалық/ қаласының мемлекеттік орталық мұражайында Цин
императорына қазақтардың елшілікпен келуі және оған мол сый-сияпатпен қоса қазақтың сәйгүлік
жылқыларын сыйлаған сапары қыл қаламмен бейнеленген картинасы ілулі тұр. Міне, сол
полотнодағы алдыңғы кезекте тұрған әрі Абылайдың аманатымен бір топ қазақты бастап барған
Бердіқожа батыр екендігін айқындап отыр. Қазақтың кӛрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың
«Абылайдың ақырғы батыры» кӛлемді мақаласында батырдың Қытайға барған елшілік сапары
баяндалады: «...1758 жылы Абылай хан атынан Қытайға елшілікке бара жатқанда тіпті анық
кӛрген-ау. Қытай императорына сыйлыққа деп: елу ақ боз ат, елу міңсіз қара ат алып, жүйрік тазы
мен қыран бүркіттің неше түрін қолға қондырып, қымбат аң терілері мен тағы басқа сыйлықтарды
неше түйеге артып, сауын биелері мен сойыс малын қоса айдап, ӛздері бір салқар кӛштей болып,
аса
зор
салтанатпен
аттанып
еді-ау!»
Оның үстіне 1743 жылы Абылайды қалмақтың қолынан тұтқыннан шығарып алуға атақты
Малайсары батырмен 35 жасар Бердіқожаның ере баруы кӛп жайтты айғақтайды. Демек, оны
жастайынан елшіліктің қыр-сырын еркін меңгерген кәнігі дипломат деп айтуымызға толық дерек.
Қытай тарихшысы Уан Чилуннің кӛрсетуіне қарағанда, Пекинге 1757-1809 жылдар аралығында 27
қазақ елшілігі келген. Елшіліктер жер, шекара, сауда-саттық мәселелерін қозғаған. Сондай тамаша
елші – Бердіқожа батыр болған. Тіпті, Бердіқожа қазақ дипломатиясының негізін қалаған тұңғыш
елшілердің бірі ретінде терең зерттелуі қажет. Бұл – зерттеушілердің еншісіндегі шаруа десек те,
батырдың халық білмейтін беймәлім тұстары әлі де жеткілікті. Оны алдағы уақыттың еншісіне
қалдыра тұралық...
Бердіқожаның 100-ден астам жорыққа қатысқаны дәлелденіп отыр. Мәселен, 1723 жылы қазақ
елінің басына күн туған ауыр кезеңде батырларымыз ӛз руластарынан жасақ құрып, отан қорғауға
аттанады. Сол кезде хан ордасы – Түркістанды қорғауға шыққан Елшібек, Ӛтеген, Тілеуке, Шінет,
Рысбек, Бӛгенбай, Қабанбай, Барақ, Малайсары, Ер Жәнібек, Сәмен т.б. батырлардың қатарына
Ташкент маңында тұратын Қойгелді, Бердіқожа сияқты жас арландар жасақ алып, ұрысқа келешек
батырлармен қатар соғысады.
1723-1725 жылдар аралығында қазақ жерінің Шығысы мен Жетісуді, Сырдарияның орта
ағысына дейінгі жерді басып алған жоңғарларға қарсы күресте Бердіқожаның жасақтары ерлігімен
кӛзге түседі.
1726 жылы Ордабасы тауында халық құрылтайы үш жүздің ӛкілдері: хандар, билер, батырлар,
рубасылары бас қосқан ұлы жиын ӛтеді. Осы жиында Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке би халықты
бірлікке шақырып, жерімізді жаудан тазартуға ұран тастайды. Бас қолбасшы болып Әбілқайыр
сұлтан сайланады. Осы шайқаста Қойгелді, Бердіқожа ӛз жасақтарымен Шұбар теңізі маңында
қалмақтармен шайқасып, жеңіске жетеді.
1729 жылы мамыр-маусым айларында Балқаштың оңтүстік жағасынан 120 шақырым жерде
Аңырақай шайқасында Әбілқайыр қолбасшылық еткен қазақ қолы жауды ойсырата жеңеді. Бұл
жолы да Бердіқожа жасағымен кӛзге түседі. Сондай-ақ, 1735 жылы Жетісу, Шу, Талас, Арыс
бойларындағы ұрыстарда, 1739 жылы Қаратау мен Алатау ӛңірін жайлаған жоңғарларға қарсы
шайқаста, 1740 жылы Ташкентті азат ету сұрапылда, 1741 жылғы қазақ пен қалмақ арасындағы
кескілескен майданда, 1745 жылы жоңғарлардың ақырғы ұрыстарда Бердіқожаның батырлық
бейнесі тұлғалана түседі. Хан мен халық батыр екендігін шын мойындай бастайды. Қазақтың
кӛрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Кӛшпенділер» трилогиясында оңтүстікке жау тигенде
Шанышқылы мен Қаңлы руларынан күш жиналып, жас батырлар аянбай шайқасқаны айтылады.
Сол батырлардың ішінде арыстанша арпалысқан Бердіқожа да жүргені айдан анық.
1750 жылдары қазақ батырлары қалмақтардан ӛз жерін тазартуға кіріседі. Хангелді бастаған
жасақтар тобы Іледен қалмақтарды Шелек пен Шарын ӛзендерінің арғы бетіне қуып шығады. Ал
одан кейін Наурызбай бастаған Мүйізді Ӛтеген, Бердіқожа батырлар Үшалматы, Үшқоңыр және
Қордайдан арғы жерлерді азат етуге күш салады. Әрине, әр ру ӛзінің қол бастаған батырларын
мақтан еткен. Дегенмен, батырлар жауға қарсы қай кезде де тастүйін болып, бір- ігіп, жұмыла
қимылдаған. Албан Райымбек Текеұлы бастаған қол Кеген, Нарынқол, Сүмбеге дейін
жоңғарлардды ығыстырып тастаған. Айталық, «Қабанбай – халық батыры» деген ұзақ толғаудағы:
Қабанбай, ер Бөгенбай батыста еді,
Олар да қалмақпенен атыста еді.
Шайқасып Жетісуда жатыр еді,
Айқасы барлығының қатысты еді.
Қазыбек, Бердіқожа, Райымбек,
Осылардың барлығы әр тұста еді, - деген жыр жолдары сол кезеңдегі шайқастың, ондағы
батырлардың жанкештілігін кӛрсетеді.
1752 жылы Орта жүздің және Ұлы жүздің батырлары бірігіп, Шымкент, Сайрам және Сыр
бойындағы басқа да қалаларды жаудан тазартып, Ташкентке Тӛле бидің билік басына келуіне
кӛмектеседі.Осы ұрыста да Бердіқожа ерекше кӛзге түседі.
Ғалым Жандос Әубәкір жинап, құрастырған Абайдың замандасы, ақын Кӛкбай
Жанатайұлының «Абылай хан» дастанындағы:
Керейден жолдас қылды Жәнібекті,
Шетінен осалы жоқ бәрі мықты.
Ол қолда күші басым еш адам жоқ,
Тас жүрек бота қара Тыныбектен.
Не қылса тұрады екен ханға қарап,
Аң аулап кетеді екен тарап-тарап.
Шанышқылы Бердіқожа тағы да бар,
Қалмаған хан артынан Көкжал Барақ ,
- жолдар да батырдың бір қырын кӛрсетеді.
Үлкен жүректі ӛлкетанушы, тарихшы-ғалым Үміткен Бүркітбаеваның батырдың жорықтары
туралы жазған құнды еңбегінде осындай мол мағлұматтар кӛптеп кездеседі. Ғалымның жазуына
қарағанда, қалмақтар қазақ жерінен кеткесін қырғыздармен жер дауы басталады. Қырғыздар
қалмақтар сүрілгенге дейінгі заманда жайлап жүрген Іленің басын, Үшаралды бер десе қазақтар
кӛнбейді. «Таластан Шымкентке дейін бұрын қырғыз жайлап жүрген» десе де, қазақтар: «Ол да
біздің кӛне Үйсін жері» деп келіспейді. Олар енді қазақтармен соғысу үшін Таластың аяғындағы
Қапқа деген жерге қол жинайды. Қырғыздың Садыр батыры қол құрап, сол жердегі қазақтарды
шауып, Шымкентке ығыстырады. Қырғыздар Іленің басындағы қазақтарға тиісе бастайды. Шу мен
Талас, Қаратау мен Жетісудің кӛп бӛлігін қырғыздар шауып, халыққа ойсырата қырғын әкеледі.
Бұл туралы қырғыздардың ӛздері жазған «Алымбектің шежіресінде» толық жазылған. Садырдың
«Кӛкжарлы Барақты алдым, жалғыз кӛзді Қарақты алдым» деп мақтанған сӛзін шежіреде айтып
кеткен. Қазақ батырлары зығырданы қайнап, Абылайға ұрыс бастау үшін келісім беруін ӛтінеді.
Ботбай-Қоралас-Жауғаш батырды басшы етіп ханға жібереді. Кӛкжал Барақ, Шапырашты Қаумен,
Жәпек, Ботбай Жайсан батырлардың қырғыздың қолынан ӛлгенін айтып, атыс-шабысты
тоқтатуын сұрайды. Ел арасындағы даулар мен барымтаға араласқысы келмей хан кӛнбей отырып
алады. Ақыры рубасшылары ақылдасып, Бұқар жырауды ортаға салады. Сонда Бұқардың:
Ей, Абылай ханым,
Қырғыз Көкжарлы Барақты алды,
Сартбек қазақты алды,
Шолаққорған, Созақты алды,
Сені алмағына аз-ақ қалды»..
– деп салмақ сала, жан батыра жыр тӛгеді. Осылайша Абылай Арқадан 4000 әскер жиып,
Сарысу бойымен келеді де, Ташкент, Түркістан, Шымкент жақтағы қазақтардың жерлерін
қырғыздардан босатады. Қырғыз шежіресінде Абылайдың әскері үш қанатқа бӛлініп, соғысқа
кіргені айтылады. Абылайдың жалпы қолын басқарған Шанышқылы Бердіқожа, Тарақты Байғозы,
Қаракесек Жарлығап, Жауғаш батырлар. Бірінші қолға басшылық еткен Бердіқожа сойқан
қаныпезер Садырды бірден басып алады. Байғозы Әулиеатаны алады. Қырғыздың кӛп батырлары
мен сарбаздары қолға түседі. Осы соғыста шейіт болған қырғыздардың сүйектері Жайыл
моласының жанына жерленіп, бұл қорым «Жайылым мазары» деп аталады. Қырғыздар осылайша
жеңіліс табады. Бұл жолғы соғыстың сұрапыл болғаны сонша, қазақ пен қырғыз арасында «Жайыл
қырғыны» деген атпен сақталған. Абылайдың әмірімен тұтқынға түскен кӛп қырғыздарды қазақ
руларымен
сіңістіріп
жібереді.
Қырғыз-қазақ шабысы аяқталған соң, екі елдің шекара мәселесі бойынша 1780 жылы келіссӛздер
жүргізіледі.Екі жақ ортақ келісімге келеді. Абылай ханның қырғыздармен арадағы бітімі
бойынша: қазақтар – Алатаудан Ілеге дейін, қырғыздар – Ыстықкӛлден Шуға дейінгі жерді алатын
болды. Абылай ханның бітімінен кейін қырғыздар Іле бойын қалдырып, кӛшіп кетеді. Абылай
ханның қырғызға қарсы 1765-1779 жылдарындағы жойқын жорықтары аталас болса да, аруағы
бӛлек қырғыз ағайынды Алатаудан қайта асырып, екі елдің бүгінге жеткен шекарасын белгілейді.
Тарихшы-ғалым Айткүл Махаеваның жазуына қарағанда, Абылай ханның қырғызға жасаған
соңғы жорығынан кейін ел есінде «Абылай аспас асу», «Абылай аспас Сарыбел» деген мәтелге
айналған сӛздер қалды. Сарыбел деп Абылай ханның қырғыздармен соғысқан жері – Қарабалта,
Соқылыққа қарсы таулы асу аталған. Зерттеушілердің кӛбі Абылай аса алмаған Сарыбел осы жер
деп есептейді. Абылай ханның Сарыбелді аса алмауының себебін ғалым-жазушы Б. Әбілдаұлы
салқын күз түсіп, асудың мұзды болуымен байланыстырса, атақты Мәшһүр Жүсіп екі елдің ӛзара
бітім жасасып, Абылай қырғыздан аманат алып, Қарабалта, Соқылықтан аспаймын деп уәде
беруімен түсіндірген. Бітімге келу дегеннің бір ұшы даудың шешілуі дегенге тірелетіні түсінікті.
Сондықтан Абылай ханның: «Мен аспаған жалғыз Сарыбел қалды. Басқаның бәрінен ассам да
Бекболаттан аса алмадым» деген сӛзі және «Абылай аспас Сарыбел» ұғымы келістім деген
мағынада қолданылып, ел есінде ұзақ сақталып келеді.
Осы қазақ пен қырғыздың жауласқан, шабысқан кезеңдері жайындағы дерек Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың «Қазақ» газетінің 1916 жылғы 24 мамырдағы санында жарияланған «Жалаңаш
баба» деген шығармасында Абылай туы астында біріккен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бӛгенбай, Шанышқылы Бердіқожа, Найман Кӛкжарлы Кӛкжал Барақ батырлардың жанкешті
ерлігін атап кетеді.
Қырғыз тарихшысы Б. Солтоноев 1993 жылы Бишкекте шыққан «Қызыл қырғыз тарихы»
кітабында: « Абылай ханның әскер басшылары: 1. Қабанбай, 2. Бердіқожа, 3. Ақтамберді, 4.
Алтыбай, 5. Ешмәмбет... 10. Қанжығалы Бӛгенбай» деп атап кӛрсетеді. Бірақ бұл аталған
батырлардың бәрі Абылай ханның қырғызға жасаған соңғы жорығына қатысты деуден аулақпыз.
Ӛйткені, олардың арасында кейбірі 1779 жылға дейін кӛз жұмғаны белгілі. Ал Бердіқожа
батырдың қол бастап шығып, Абылайдың соңғы жорығына соңғы батыры ретінде қатысқаны
анық.
Бердіқожа бастаған бір қауым Шанышқылының Шыршықтан Жетісуға ӛтуі (Аягӛз бойына) –
осы жорық себепші болса керек. Балқаш кӛлінің шығыс жағындағы Алакӛл жағалауында қыстап,
жаз айларында Жидесу маңайын жайлаған. Ал кейін, 1911 жылы Лепсі оязының жеріне
статистикалық зерттеу жүргізген орыс офицері әрі ғалымы П.Румянцев дерегінде: «Жылды тау
(Жыланды тау) жотасының оңтүстік беткейін айналса, «Бердіқожа қонысы» деп аталатын шатқал
бар», -деп жазылған. Бұл дерек – Бердіқожа қонысының Аягӛз маңында болғанын растайды.1964
жылы Алматыда Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасынан шыққан Шоқан Уәлихановтың 5
томдық шығармаларының 3-ші томында қазақтың атақты ғалымы Шоқан Бердіқожа батырдың
қоныс тепкен жері Аягӛз бен Қарқаралының ортасы екенін сипаттап кетеді. Қазақтың ежелгі жер-
су атауларын, тау-кӛл аттарын кӛп жылдан бері зерттеп, соған сәйкес жеке аймақтың картасын
жасап жүрген дарынды ғалым-геолог Молдияр Серікбаевтың зерттеуі бойынша Аягӛз ӛзенінің
бойында Бердіқожа тоғайы және Марқакӛл маңайында Шанышқылы асуы, Зайсаң жанында
Бердіқожа қыстауы деген аттар әлі күнге халық арасында айтылып келеді. Оған қоса Қазақстан
Республикасының Жер ресурстарын басқару жӛніндегі агенттігі дайындап, 2004 жылы
Алматыдағы баспадан шығарған «Географиялық атауларының мемлекеттік каталогының» Шығыс
Қазақстан облысына арнаған 5-ші томының 118 бетінде Аягӛз аумағында Бердіқожа моласы мен
Бердіқожа шатқалы бар деп тайға таңба басқандай анық кӛрсеткен.
1781 жылы Абылай хан қайтыс болады. Хан ӛлгесін Іле бойында отырған қырғыздар Әділ
сұлтан иелігіндегі қазақ жеріне қайтадан кӛз алартып, жерін, малын тартып алып, халықты
қырғынға ұшыратады. Міне, осы орайда шау тартса да Аягӛз маңында отырған Бердіқожа батыр
қолына қару алып, қайтадан атқа отырады. Ол кезде үлкен ұрыс болмаған, тиіп, қашқан, қытыққа
тиер шайқастар. 1785 жылы Тыз сұлтан мен Шанышқылы Бердіқожа батырдың қолы қырғыздарға
жорық жасап, кӛптеген қырғызды тұтқынға түсіреді. Осы ұрыстан соң, батыр Аягӛз маңында
отырған руларға қол ұшын бермедің деп ӛкпелеп, ауылын қазіргі Қарқаралы мен Шыңғыстау,
Шұбартаумен түйісер тұсы Кӛкшетау мен Дуана тауларының жанына кӛшіп келеді. Орыс офицері
И.Андреевке жолығып, әңгімелесетін кезі - осы кезең. Алайда ӛштескен қырғыздар батырды қолға
түсіріп, кегін алуды ойластыра бастайды. Ақыры дегеніне жетеді. Араға жансыз жіберіп, соның
кӛмегімен шағын қолмен қапысыз жатқан батырды сарбаздармен қоса шабады.
Андреевтің «Қырғыз-қайсақтың Орта жүзінің сипаттамасы» еңбегінде батырдың ӛлімі былай
суреттеледі: «Қырғыздың жасағы, шамамен 80 адам қос тігіп бейқам жатқан қазақтардың үстінен
түседі. Олар Бердіқожаны ұстап, басын шауып, аяқ-қолын кесіп, қарнын жарып, осы
бӛлшектенген мүшелерін ішіне тығып, кең далаға тастап кетіпті. Мұндай сұмдықты кӛрген
қазақтардың артынан келген бӛлігі қырғыздардың соңынан қуа шығып, ұрыста оның қарымтасына
Есенқұл манаптың ұлын тұтқынға түсіріпті. Батырдың сүйегін алып, елге қайтады. Бердіқожа
батырдың қазасы – 1786 жылы қаңтарда, яғни мәйіті бұзылмайтын қыс кезінде екен. Ауылға
жетіп, қаралы хабарды естірткен соң, боршаланған денені кӛрген Бердіқожаның қатындары
тұтқынға түскен Есенқұлдың ұлын пышақтап ӛлтіреді. Батырдың артында інісі Секлоян және тӛрт
ұл қалды, үлкені - Лепес, енді бірі - Шоқ, қалғанының есімдері белгісіз...»
Мәшһүр Жүсіптің Бердіқожаның жоқтауынан қалған бәйіті былай:
Мінгені Бердекемнің қара ала аяқ,
Жау,шіркін, кескілепті-ау аямай –ақ...
Қазақ ақыны Несіпбек Айтұлының «Бердіқожа батыр» дастаны осы бәйітті жалғастыра отыра,
былай деп ӛлең сӛзді тӛгеді:
Жоқтауды қаз-қалпында қайталайын,
Өлеңнің келіп жатса ыңғайына:
«Мінгені Бердекемнің қара ала аяқ,
Жау, шіркін, кескілепті-ау аямай-ақ.
Дүние көшкені ме басымыздан,
Қайырылып артына бір қарамай-ақ?!
Мінгені Бердікемнің Құла қасқа,
Құдайым не салмады мына басқа?!
Қапыда жау қолынан қаза тапты,
Бола ма, зар еңіреп жыламасқа?
-
деген жолдар батырдың қандай жағдайда қаза тапқанын дәл келтіреді.
Бұл соңғы жырлар мен дерек батырдың ӛмірінің соңғы тұстарын толықтыра түседі.
Бердіқожаның қырғыздардың қолынан қалай қаза тапқанын ХIХ ғасырдағы орыстың белгілі
зерттеушісі А.Левшинде ӛзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ орадалары мен даласының
сипаттамасы» еңбегінде жан-жақты жазып кеткен.
Қазақтың кӛрнекті мемлекет қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаев ӛзінің «Талайғы Тараз»
кітабында батырдың ӛлімі туралы да жүйелеп баяндап кетеді: «Қырғыз ағайындар Абылай қайтыс
болысымен-ақ ӛш алуға кіріскен. Сарыарқаға қолы жетпегесін іргедегі Ұлы жүзге қол созған.
Малын айдап әкетіп, жанына да зақым салыпты. Шабылған жақ та қарап қалмапты. Олардың
басшылары 2500 жылқысын айдап кеткен Бердіқожа батыр жарты мыңдай ӛз жігіттерін ертіп,
үстіне қытайлардың 1500 әскерін сұрап алып, 1785 жылы қырғызды шапқан. Оған бұрынғадан да
ӛшіге түскен қырғыздар 1786 жылы Бердіқожаның ұйқыдағы ауылына тиісіп, ӛзінің қол-аяғын
байлап елдеріне алып кеткен. Жол-жӛнекей Бердіқожа ӛзін ӛңгеріп бара жатқан адамды мерт
еткен. Бұл қылығы үшін оның басын, аяқ-қолын кесіп, қарынын қырнап, әлгінің бәрін сонда
тыққан»
Батырдың сүйегін бір жыл бойы осы заманғы зертханада зерттеп, оған антропологиялық
реконструкциялау жүргізген ресейлік ғалым Т.С.Балуеваның пікірінше, Бердіқожа ауыр жарақат
салдарынан қайтыс болған. Зиратта жатқан сүйектің басы, екі қолы, аяғы денесінен бӛлінгені анық
байқалады. Сүйек ӛткір қылышпен шабылған. Иығы мен басында ауыр соққының ізі сақталған.
Сондықтан, антрополог ғалым батырды азаптап, қинап барып ӛлтірілген деген тұжырым жасайды.
Батыр ӛлгеннен кейін оның соңынан ерген Шанышқылы руының бір бӛлігі қазіргі Шығыс
Қазақстан облысының жерінде қалып Найман, Керей руларымен іргелес ӛмір сүреді. Солардың
бүгінгі кейбір ұрпақтары ӛздерін Керейміз, Найманбыз, аруақты Бердіқожаның әулетіміз дейді
екен. Бір тобы Қытайға кӛшсе, ал бір тобы байырғы қонысы Ташкент, Арыс пен Келес ӛзендерінің
бойына тұрақтайды. Жазушы Мұхтар Мағауин батыр туралы деректерді кӛз майын тауысып, іздеп
жүріп, ақыры жерленген жерін табады. Бұл 1999 жылдың іші. Ол батырдың күмбезін ӛз кӛзімен
кӛріп былай деп сипаттайды: «Күмбез доғал тӛртбұрышты екен. Бұл ӛмірде мен кӛрмеген үлгі.
Қабырғаларының ұзындығы шамамен 8 метрдей. Заманында аса зор болған сияқты»
Кейінгі жылдары батырдың тікелей ұрпағы – академик-ғалым, ұлттық тарих, этнография,
археология салаларын терең зерттеуші Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков - Бердіқожа батыр
туралы кӛптеген деректер мен мағлұматтар жинап, соны бір ізге түсіріп, ғылыми сараптамадан
ӛткізіп, тарихи дәйектілігін іздестіріп жүрген үлкен жүректі азамат. Ол Мәшһүр Жүсіп жазып
кеткен батырдың бейіті тұр деген жердің азаматтарына сұрау салып, іздестіре бастайды. «Егемен
Қазақстан» газетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі нӛмірінде жарияланған «Алаштың алдаспаны» атты
мақаласында былай деп жазады: «Бердіқожа бабамыздың ескі мазары Қарқаралыдан 250 шақырым
қашықтықтағы Темірші ауылынан 45 шақырым жерде, Мәшекең жазған Кӛкшетау мен Дуана
таулары аралығындағы Дағанделі ӛзенінің жағасында биік жерінде тұр екен. Осыдан екі жарым
ғасыр бұрын тұрғызылған батыр бейітінің қабырғасы құлап, кесектері жан-жаққа шашылып
жатыр. Күмбездің жартысы ғана сақталыпты... Кезінде бұл маңайда іргедегі Дағанделі ӛзені
бойында батыр бабаға қарасты ауылдар қоныс тепкен кӛрінеді.
Батыр жерленген жердің ерекшелігі – бұл жай ғана жер емес. Тарихи мекен! «Тауарих
хамсада» жазылғанындай, Абылай хан жоңғарлар мен шүршіттерге қарсы қол жинап, соғысқа
аттанарда дәл осы ӛзенінің бойына ордасын тігеді екен. Кӛз ұшында мұнартып тұрған
Кӛкшетаудың етегінде Құнанбай қажы әкесі Ӛскенбайға үш жүзге сауын айтып, ұлан-асыр ас
берген. Қозы-Кӛрпеш – Баян сұлу жырындағы Жорға тауының аралығындағы Ащы мен Кӛкше
суларының құйылысы Дағанделі ӛзенінің бастауы, оң қабақ жерде тұр. Сарыарқаның осындай
шұрайлы, кең алқап тӛсін алашттың хас батыры, қазақтың қайсар ұлы Бердіқожа да тегіннен –
тегін таңдамаса керек», - деп ӛз ойын түйіндейді.
Шын мәнінде, батыр соңынан ерген ауылдарды қоныстандыру үшін бұл жерді жай
таңдамаған тәрізді. Ең алдымен осы жерден Жетісу, Аягӛз, Алакӛл мен Тарбағатай, Шу мен
Балқаш кӛліне бір-екі күндік жүрісте жетуге болады. Екіншіден, бұл жер – Керей, Қаракесек,
Тарақты, Тобықты, Тӛлеңгіт елдері тоғысатын тұс. Елмен тығыз араласуға таптырмайды.
Үшіншіден, жазы-қысы мал жаюға ӛте қолайлы кең алқап. Шӛбі шүйгін, суы мол екендігі бүгінде
анық байқалып тұр. Батырдың сүйегін қайта жерлеу асына қатысқан шұбартаулық зейнеткер
Нәстілек Сәменбетұлының айтуынша, дәл осы алқапта кеңес ӛкіметі жылдарында Шұбартау мен
Қарқаралы, Абыралы аудандарының жарты миллионға жуық малы бағылған екен. «Сонда бұл
жердің шӛбі ортайған емес» деп еске алады.
Бұл маңайдың тағы бір дерегі – бір зерттеушілер айтқандай, Кӛкшетау мен Тұлпар тас
жерінде Қарақыпшақ Қобыландының, енді бірде Әзірет Сұлтанның тұлпарының тұяғы тасқа
түсірілген жер дейді. Ол сӛздің жаны бар. Абыралы тауының ең биік құзы күні бүгінге дейін
«Қобыланды» атанады. Осында Тайбуырылдың тұяқ белгісі таста анық байқалады. 1846 жылдың
жазында Құнанбай саяхатшы Янушкевичтің экспедициясына еріп, Шыңғыстаудың, Қарқаралының
кӛп жерін аралатып, кӛрсетеді. Бәлкім, тарихты терең білетін қажы атамыз экспедицияға
Бердіқожа мазарын кӛрсетуі де мүмкін. Құнанбайдың баласы дана Абай да Шыңғыстаудан
Қарқаралы жаққа сапар шеккенде осы Дағанделі ӛзеннің бойымен жүрген. Кім біледі, әрі-бері
ӛткенде мұсылмандығы мықты Абай талай рет батыр бабасының аруағына дұға бағыштаған
шығар. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың жазуына қарағанда, Бердіқожа Құнанбайдың атасы
Ырғызбаймен етене байланыста болған. Қоңсылас отырған. Бірде Ырғызбайдың ауылына барғанда
он сегізге толған Ӛскенбайдың текті азамат екенін ішкі түйсікпен сезіп, ақ батасын беріп кетеді.
Бірақ, атақты батыр таяуда Найманға ұрын барғалы тұрған баласынан Құнанбай атты ақылман ұл
туарын, одан қазақтың ұлы ойшылы Абай дүниеге келерін білген жоқ еді...
***
Жоғарыда айтып ӛткеніміздей, осы жылдың 18 шілдесінде батыр бабаның сүйегін қайта
жерлеу рәсімі болып ӛтіп, Құран оқылды, ас берілді. «Шынымды айтсам, бабамның жатқан жерін,
сүйегін қозғағым келмеді. Бірақ, кӛңілде күдік тұрды. Мазарда жерленген кім, батыр ма, әлде,
басқа біреудің мәйіті ме?.. Кей кӛне кӛз қарттар мұнда батырдың сүйегі емес, бармағы жерленген
дегенді алға тартты. Мұндайда не істеу керек? Ғалымдармен, зерттеушілермен және
ақсақалдармен ақылдаса келіп, бейітті аршып, сүйегін қайта алып, антропологиялық-ғылыми
зерттеу жүргізуге бел байладық. Дін ӛкілдері де шариғатта сүйекті аршып, алып қайта жерлеуге
болатынын растады. Осылайша кӛпшіліктің қолдауымен, Ә.Марғұлан атындағы археологиялық
институтының ғалымдарының күшімен 2011 жылы шілдеде сүйекті қазып алып, оны арнайы
жәшікке салып, әлемнің ең мықты зертханасы - Мәскеудегі Ресей Ғылымдары академиясының
Этнология және антропология институтының М.Герасимов атындағы зертханаға жіберілді. Осы
зертхананың ғалымдары Татьяна Балуева мен Елизавета Веселовскаяның қажырлы еңбегінің
арқасында бас сүйектің негізінде Бердіқожаның кескін-келбеті қалпына келтірілді. Ресейлік
ғалымдардың пікірінше, батырдың бейнесі дәл осындай болған. Кезінде Ақсақ Темірдің, Алаша
ханның, Абылайдың және басқа батырлардың бас сүйектерінен дәл кескін жасаған бұл зертханаға
толық сенуге болады. Міне, осылайша, араға бір жыл салып, бүгін батырдың сүйегін қайта жерлеу
үшін ағайын-туысты, ғалымдар мен журналистерді, ауыл тұрғындарын жинап отырмыз»,- деді
академик-ғалым Бақтыбай Қасымбеков ас үстінде.
Сонымен батырға арналып, мазмұнды іс-шара ӛтті. Ӛте ғибратты шаруа тындырылды. Бұл
жерде басқа ешкім емес, Бердіқожа батыр жерленгендігі анықталды. Қуанышты жайт.
Ұрпақтарының айтуынша, жұмыс мұнымен шектеліп қалмайды екен. Осы күнге дейін батырдың
есімін ұлықтау әрі есте қалдыру үшін бірқатар істер тындырылған. Айталық, «Бердіқожа батыр»
атындағы қоғамдық қор құрылып, жұмыс жасап келеді. Ұрпақтарынан, кәсіпкер азаматтардан
түскен қаржыға батыр атындағы арнайы сайт ашылған, «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты
жинақ құрастырылған, сәулетшілерді жұмылдырып, батырдың мазарының жаңа кескін-жобасы
жасалған. Алдағы уақытта ол мазарды тұрғызу әрі жанына мұражай салу ойластыруда. Үстіміздегі
жылдың күз айларында «Шанышқылы Бердіқожа батыр: мемлекеттік қайраткер, бас сардар және
шебер дипломат» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ӛткізу жоспарланып отыр.
«Қазақстан» ұлттық арнасымен бірлесіп деректі фильм түсіру ойда бар. Батырдың атына Астана,
Алматы, Шымкент, Ӛскемен және Семей, Аягӛз қалаларынан кӛше және мектеп беруді қолға алу
күн тәртібінде тұр. Батырдың еңселі ескерткішін жасап, бір-екі қалаға қою мәселесі де
ойландыруда. Батырдың ӛмірін зерттейтін ғалымдарға, зерттеушілерге грант тағайындау, оқып
жатқан болашақ дипломаттарға батыр атындағы стипендия беру, «Жас ұлан» әскери мектебінің
түлектеріне батыр есімімен шәкіртақы беру, ақындардың мүшәйрасын ӛткізу, жыл сайын жас
ғалымдарды қор атынан ынталандыру шаралары жұмыс кестесіне жазылған. Мектеп оқулығына
батыр туралы деректерді енгізу жұмысы басталып кетті. Тоқ етері, алда атқарылатын шаруа шаш-
етектен...
- Бұл жұмыстардың барлығы Елбасымыздың қолдауындағы «Мәдени мұра», «Ғылыми
қазына» бағдарламаларымен толық үндестік тауып отыр. Қазақтың қай батыры болсын –
баршамызға ортақ. Кей кезде тарихшыларда, одан қалды жергілікті шенеуніктерде аймақтық тар
кӛзқарас қалыптастыратыны ӛкінішті. Мәселен, аймақтарда тек сол жерден шыққан батырлар мен
билердің ғана есімдерін есте қалдыру шарасы атқарылып, ұлттық деңгейге кӛтерілген батырларды
естен шығарып келеді. Бұл дұрыс тенденция емес. Бұл ретте Астана қаласының әкімдігінен үлгі
алу керек. Қазақта бұл Шығыстың, не Батыстың, немесе, Арқаның батыры деген ұғым жоқ.
Батыр
қазаққа
бірдей.
Сондықтан,
оларға
тең
көзқарас,
ортақ
тұжырым
қалыптастыруымыз керек. Жазғанда да, айтқанда да үш жүздің билерін, батырларын бӛлмей,
ара-жігін ажыратпай ортақ күйінде ой қозғауымыз тиіс. Айталық, Абылай Хан кеңесін елдің
басына түскен ауыр кездерде емес, кейде жер, су, жайылым, мал, батыр даулары болғанда жиі
шақырып ақылдасып отырған. Соғыс мәселесінде хан кеңесі ӛте құпия жағдайда ӛткен. Ал енді
осы хан кеңесіне кімдер кірген? Неше адам кеңестің мүшесі болған? Олар кімдер? Тарихшы
ғалымдар бұл жӛнінде әрқилы пікір айтып жүр. Дәлел болатын айғақ жоқтың қасы. Мен ӛзім
осыны зерттей келе, тарихи тұлғаларды саралай келіп, мынадай тоқтам жасадым: Хан кеңесі
шамамен 11 адамнан тұрған. Неге 11, неге 13, немесе 15 емес деп дауласуға болады. Бұлай деп
негіздеуіме тарихи факторлар итермелейді. Кеңестің басында Абылайхан, оның ақылшысы Бұқар
жырау, одан кейін үш жүздің атақты үш биі: Тӛле би, Қазыбек би және Әйтеке би кірген. Осы үш
бидің қасында халыққа танымал әрі шайқастарда қолбасшылық еткен екі батырдан отырған.
Менің жорамалым: Ұлы жүзден
– Шапырашты Наурызбай мен Шанышқылы Бердіқожа, Орта жүзден – Қанжығалы
Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбай, Кіші жүзден – Табын Бөкенбай мен Тама Есет кеңестің
құрамына енген. Міне, осы билер мен батырлар қазақтың қабырғалы істерін бүтіндеп, өткір
шаруаларын шешіп, өзара ақылдасып отырған. Егер тарихшылар айқын айғақпен басқа да ой-
ұсыныстарын дәлелдеп жатса, онда біз оны ортақтаса талқылауға әркез дайынбыз. Қалай
дегенменде, ӛткен тарихты, тіпті қазіргі тарихты жазу кезінде болсын оны бұрмаламай, әр жүздің,
әр бидің, әр батырдың орнын алаламай, олардың тарихтан алатын үлесін бӛлмей, барынша
ақиқатпен айтуымыз керек. Сонда ғана қазақтың батырлар тарихы мазмұнды бола түседі. Ғалым
Бақтыбай Қасымбековтың бұл ой-пікірі кӛңілге ӛте қонымды деуге болады...
Себебі, бұл хан кеңесі жайында Ілияс Есенберлин ӛзінің «Кӛшпенділерінде» мынадай ой
түйіп кетеді:«Ал Жәнібек тұсында Хан кеңесі екі түрге бӛлінетін. Бірін «Тағанақ кеңесі» деп
атайтын, екіншісін «Тұрымтай кеңесі» дейтін. Біріншісі үлкен Хан кеңесі деген мағынада, екіншісі
кіші Хан кеңесі деген түсінікте. Біріншісіне елеулі рудың басты адамдары тегіс жиналады. Онда
хан сайлау, соғыс ашу тәрізді күрделі істер ғана қаралуға тиісті. Сондықтан бұл кеңесті кейде үш
жүзге бӛлінерде бас қосқан жерінің атымен «Қаратұз кеңесі» деп те атаған. Ал Тұрымтай
кеңесінде басқа жұртқа елші жіберу, қонысқа жер бӛлу тәрізді жеңілдеу мәселелер шешілген. Бұл
кеңеске Маймене мен Майсарыдан бӛтен, Орда маңындағы әскери қолбасшылар, хан балалары
қатынаса алады. Бірінші кеңес жылына бір мәртебе, екінші кеңес апта сайын бас қосқан» Айта
кеткен жӛн, Абылай ханға дейін ел басқару түрі осылай болған. Абылай қолына билікті алысымен
Хан кеңесіне елеулі ӛзгерістер енгізген. Ғалым Бақтыбай Қасымбековтың меңзеп отырғаны
Абылай хан тұсындағы кеңес, сондықтан оның пікірі тарихқа жақындау келеді.
Батыр сүйегін қайта жерлеудің құрметіне берілген ас үстінде Қарақаралы, Шұбартау мен
Аягӛз, Ӛскемен мен Шымкенттен келген қариялар, жергілікті ақсақалдар мен ұрпақтары,
ғалымдар кӛптеген құнды ой-ұсыныстарын ортаға салды. Айталық, ғалым-тарихшы Зиябек
Қабұлдинов, Ғылым академиясының академиктері Ӛрісбек Шоманов пен Бауыржан Байтанаев
мұндай тарихи тұлғаларды мектеп пен жоғарғы оқу орындарының оқулықтарына енгізу, атын
ұлықтау туралы келелі пікір білдірді. Соларды жинақтап, пікір-кітапша шығаруда ойластырып
отыр. Үш жүз адамға елдің шетінде ас ӛткізу оңай шаруа емес. Батыр бабаның ұрпақтары
«Қазмұнайгаз» компаниясының президенті Жәнібек Елекбаев, кәсіпкерлер Мырсапар Смаилов пен
Асқар Жұманов, Нұрғали Бекмұратов пен Амангелді Қойшынов және басқалар қаржылай
демеушілік жасап, азаматтық танытты. Астың үйі, ас-суы, қазан-ошағы, жатар орны мен кӛлігі бір
адам түгіл, оншақты кісінің қолынан келе бермейді. Осы арада батыр жерленген Темірші ауылдық
округының әкімі Қайрат Мұхтарұлы бастаған ауылдың бас кӛтерер азаматтары бабамыздың
құрметіне берілген асты ӛз деңгейінде ұйымшылдықпен ӛткізгенін айта кеткен жӛн. Жұртты
жұмылдырып, жастарға ұғындырып, кӛпшілікке түсіндіріп жүрген осындай кӛзі ашық, кӛкірегі
ояу, білімді де білікті Қайрат сынды ел басшыларының арқасында тарих зердесінен ұмытылып
бара жатқан Бердіқожа батыр секілді небір батырлардың тұлғасы қайта жаңғыратынына шүбәсіз
сенеміз...
Мұхтар Мағауин айтқандай «Сен жатқан тӛбеде тұрып, жан-жағыма қарасам, таяу тӛңірек,
кӛз жетер жер түгел елсіз. Баяғы ойрат шапқынынан соң, кешегі 32 жылғы ашаршылықтан соң
үшінші мәрте иен қылыпты. Асса, сен кӛрген кӛші-қон шығар, елдің іргесі аман болса, шайқалып
барып орнына келер. Иә, Бердекем... Сенде мұң бар. Басыңда тұрғанда жүйке-жүрегіммен
сезіндім. Еліме ақырына дейін қорған бола алмадым дейсің. Болдың. Арманыма жетпедім деп
ӛзіңді де айтпассың. Менің жар құшып, бала сүйіп, кісі болуым сенің арқаң. Қазақтың ел болып
сақталуы, бүгін жаңа қадам басуы – сенің арқаң. Сен – жаужүрек, жанкешті Бердіқожа – жеке
батыр емессің. Сен – Абылай, Сен – Қабанбай, Сен... Сен – алаш деген жұрттың ӛзегісің. Бір
анадан тудың, бар қазаққа қызмет еттің. Сол жолда жаныңды қидың, қаныңды тӛктің. Бірақ ӛлген
жоқсың. Жапанда қалдым деп жалғызсырама. Сен – мәңгі жасар алаштың ӛзісің!» Бұдан артық не
деуге болады!?
... Тәуелсіз еліміздің кешегісі мен бүгінгісіне кӛз жіберсек, қалың қазаққа қорған болған,
ӛскелең ұрпақты отаншылдыққа, мемлекетшілдікке бастайтын Бердіқожа секілді ұлттық
батырлардың ӛмірін, ісін, мұрасын, жасаған тірлігін үнемі жаңғыртып, заманның талаптарымен
ұштастыра жүргізуіміз қажет. Сонда ғана ұрпақтар арасындағы байланыстың алтын жібінің
арқауы үзілмей, беки түседі..
Достарыңызбен бөлісу: |