ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы Сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы Күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы Орындаған: Төлегенова А. Тобы: БЖ-215 Тексерген: Бакирова Л.С.
СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы.
Сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы Күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Бассүйек-ми жабық жарақаты − бассүйек пен мидың, бастағы жұмсақ тіндердің бүтіндігі бұзылмай жəне/немесе бассүйектің апоневрозы созылмай болған зақымдануы;
Ашық БМЖ – бастың жұмсақ тіні жəне бассүйектің апоневроз (шандыр) дулығасының бүтіндігі бұзылуы жатады, ол сынық аймағына сəйкес келеді. Ми жарақатының өтпелі зақымдануына бассүйектердің сынуы жəне мидың қатты қабығының зақымдануы жатады.
БМЖ патофизиологиясы бойынша: 1. Ілкі зақымдануға бассүйекке, ми қабатына, ми тіндеріне, ми қантамырларына, ликворлық жүйеге жарақаттаушы күштің əсер етуі жатады.
2. Салдарлық зақымдану мидың тура əсер етуімен байланысты емес, бірақ мидың біріншілік зақымдануы көбінесе екінші типті ми тінінің ишемиялық өзгерістеріне байланысты. (Бассүйекішілік жəне жүйелік).
Бассүйек ішілік − цереброваскулярлық өзгерістер, ликворлық айналымның бұзылуы, мидың ісінуі, бассүйекішілік қысымның өзгерістері, дислокациялық синдром.
Жүйелік − артериялық гипотензия, гипоксия, гипер жəне гипокапния, гипо жəне гипернатриемия, көмірсу алмасуының бұзылуы, ТІШҚҰ - синдромы.
БМЖ науқас жағдайының ауырлығы− жарақаттанушы ақыл-есінің тежелу деңгейіне қарай, неврологиялық симтомдардың айқындылығына, басқа ағзалардың зақымдануы болуы немесе болмауына қарай бағаланады. Команы Глазго шкаласы бойынша бағалау əдісі кең тараған. Жарақаттанушының жағдайын 12-24 сағ. кейін 3 параметр бойынша науқаспен алғашқы кездесуде бағалайды: көздерін ашуы, сыртқы тітіркендірулерге реакциясы, сұраққа жауап беруі, қозғалу реакциясы.
БМЖ-да ақыл-ес ауытқуын анықтау, оның тежелу дəрежесіне дұрыс баға беру арқылы жүргізіледі жəне келесі деңгейлер бойынша баға беріледі:
- анық;
- аздаған есеңгіреу;
- ауыр есеңгіреу;
- сопор;
- орташа кома;
- терең кома;
- шектен шыққан ауыр кома.
Жеңіл ЖБМЖ мидың жеңіл дəрежеліе шайқалуы жəне мидың жеңіл дəрежелі соғылуы.
Орташа ЖБМЖ − мидың орташа дəрежелі соғылуы.
Ауыр ЖБМЖ − ми жаншылуының барлық түрі жəне мидың ауыр дəрежелі соғылуы.