«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»


Көркемсөз оқушы: /«Досыма хат» Қапарәлі Жасар/



бет6/9
Дата04.12.2022
өлшемі107,53 Kb.
#54719
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Көркемсөз оқушы: /«Досыма хат» Қапарәлі Жасар/
Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай!
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк етті, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай.
1-жүргізуші:
Ахмет Байтұрсынұлының абақтыда отырып анасына жазған сезімге толы «Анама хат» атты өлеңі ақын туындыларының маржаны деп те айта аламыз.
Көркемсөз оқушы: Қуанбек Аяулым
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!
Өмірбаяншы: 1909 жылы 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көреді
Көркемсөз оқушы:/«Жауға түскеннің сөзі» Тұрғанбек Ерхан/
Жанға көңіл қалып тұр,
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай, арып тұр.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Сауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның
Шаян тілі шағып тұр.
«Әй, сені ме?!» дегеннің
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны ашыған жақынның
Жас көзінен ағып тұр.
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауып тұр.
«Әлдеқалай болар» деп,
Жүрегі жұлқып қағып тұр...
Түгі жылы, білмедім,
Түледі ме - нағып тұр?
Түлемеген түпкі дос,
/Ахмет Байтұрсынұлының соңғы хаты «Қаншеңгел» өлеңінің желісі бойынша әдеби-музыкалық қойылым/
Ахмет:
Файзолла досым, аса қымбатты,
Мұң менен азап жаныма батты.
Өтпелі дәуір-өкініш уы…
Асау өзендей толқыны қатты…
Өзіңе аян өмірім, ісім ,
Көрдім ғой бейнет туған ел үшін.
Жабылған нақақ жаланы ойласам,
Өзегім күйіп, өртенеді ішім.
Көбейген шақта сақалдың ағы,
Кетті ғой тайып Ахаңның бағы.
Темір құрсаулы түрмеге мынау
Төртінші рет мен қамалдым тағы.
Ана сүтімен ақындық дарып,
Жыр жазып едім, отырмын налып.
«Халық жауы» боп қасірет шеккен.
Бүгінде енді менде бір ғаріп.
*****************************
Жасымда мынау алпыстан асқан,
Нұртайып беттен ажарым қашқан.
Отырмын мең-зең айыпқа батып,
Туған халқыма атанып дұшпан.
****************************
Сағынтты мені сүйікті мекен,
Түсіме кірді апам мен көкем ,
18 жылға сотталған еді-ау,
Патшаға қарсы күрескен әкем.
Мерзімін өтеп, қайтқанда елге,
Қарсы алдық шығып, жазира белге.
«Ақкөлім саған жеттім бе шын»-деп,
Топырақты сүйді жата қап жерге.
Мені де шырмап сағыныш сондай,
«Ақкөлді» ойлап құмарым қанбай,
Отырмын достым,ертеңім маған,
Сыйлайды екен тағдырды қандай?
****************************
«Ақкөлде» шіркін көзімді жұмсам,
Бір төмпешік болып сол жерде қалсам,
Арманым жоқ қой қабірімді сонда,
Құшақтап тұрса май қара жусан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет