1/2-жүргізушілер:
Рольдерді сомдағандар:
Ахмет Байтұрсынұлы- Али Уәли
Әкесі- Тұрғанбек Есбол
Анасы-Ернұр Мадина
Бала Ахмет – Тұрсынбек Ернұр
Жұбайы – Сержан Альбина
Тергеуші- Сәулебек Есмұрат
Алаш арыстары –
2-жүргізуші:
Халқының кемел болашағына алаңдаған алаш баласының төл туындыларын оқып отырып, кісінің білуге құмарлығы бірден артқанын байқауға болады. Кезінде әйгілі Америка елінің атақты жазушысы Джордж Мартин: «Кітап оқитын адам мың өмірді көреді, кім оқымайды сол бір-ақ өмір көреді», – деген екен. Сол айтқандай кітап оқыған адамның өмірі жақсы жаққа өзгеріп қана қоймай, өмірдің сан қырларын үйренуге себін тигізеді.
1-жүргізуші:
Алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты жинағында 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
«Екі шыбын» Құрмантай Бейбарыс
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле,-дейді,-сен қай жақтан?»
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін,
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?
* * *
Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,
Өз әлін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.
Достарыңызбен бөлісу: |