Басќару еѕбепніѕ МЈдениеті мен этиќасы 1


Басшы іс-әрекетінің психологиясы



бет2/3
Дата15.04.2023
өлшемі90,5 Kb.
#83152
1   2   3
Байланысты:
Реферат

2. Басшы іс-әрекетінің психологиясы
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты олар өзара қатысты әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына жәнеде сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайына басшыға тиісті құқығы мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды •жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуынын негізі болып саналады. Бұл қарым-қатынас жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін. Екіншіден көпшілік ұжым үшін басшы -- бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан турлі болып саналатын басты этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден , басшының ұжыммен карым-қатынас этикасы топтасқандықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардын өз әлеумттік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшынын, осындан қарым -қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де ан-ғармай калады.
Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
— сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын кұбылту арқылы айтқан сезін 40 %тей тиімді ете алады. Айта, тындай, сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты кызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
- еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
— мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстетика Сыртқы мәдениеті ішкі мәдеииетіне үнемі сәикес келе бермейді;
— сезім мәдениетіне: эмоцияны, дұрыс қырларын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этнкасына жатады. Басшының өресі басқалардаи әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгіөнегесін көрсете білуі тиіс.
- сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
сын жалпылама болмай, нақтылы адамра арналуы тміс,
- сынау мақсатын анқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;
- адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;
— сынау орнын және тәсілін ойластыру;
сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау. Американдық менеджерлерге қойылатын басты талантың бірі— сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазалаудан жалтаруға болмаиды
Сынаудан қорқаттын басшы — басшы емес. Әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ, болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында «бәрібір басшымың бабын таба алмайсың», деген қаңқу сөз тарайды. Сын әділ болуы, нақты кемшілікті дөп басуы тиіс.
Білікті педагогтар оқыту процесінде оқушылардан тек қателік іздеуге болмайтындығын жаксы біледі. Іскер педагог ешқашанда «бұлай істеме» деп айтпайды, «былай істесек қайтеді» дейді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпайы ғана жұмсайды.
Әзіл-оспақты тусіне білу. Өз кемшілігіне дер кезінде "күле" білудің айрықша маңызы бар. В. У. Терещенконың айтуыпша. АҚШ-та әрбір менеджердің өз лақап аты болады, ол мұны білуі тиіс. Карикатура келемеждеу емес. Адам неғұрлым әйгілі болған сайын, газеттер мен журналдарда ол жөнінде карикатура соғұрлым кеп болады. Адамды достық турғыда әзілдеу -бұл оның әйгілілігінің, оны жақсы көретіндігінің, жақсы карым-қатынаста екендігінің белгісі. Р5'звельт өмір боиы өзі жайлы карикатураны жинаған екен. В И. Терещенконыц пікірінше, егер адамның беделі болса, егер ол көпке құрметті болса, онда ол карикатурадан сескенбейді, оған ашуланбайды, кайта өзіне-өзі күледі.
Басшы өз ісіне сенуі. батылдығы, мақсаткерлігі. Кайсарлығы арқылы керінуі, әрі осы қасиеттерің қарамағындағыларға көрсете білуі тиіс.
Егер адамда өз ісіне сенетін қасиеті болса, онда оған басқа адамдар да еліктейді. АҚШ-та басшыларды даярлағанда жәно білімін женілдіргенде осы қасиеттерін қалай көрсету қажеттігін үйретіп қана қонмай, бүған қалай қол жеткізу, өзінде калай қалыптастыру жолдарыннда түсіндіреді.
Бұл мәселе жөніпде мынадай бірқатар психологиялық ұсыныстар бар: кәсіпорынға келгенде өзіңді тік ұстап, басыңды төмен түсірме. Тік жүру, басты тік устау, ширақ жүру өзіңе деген сенімділік дағдысын қалыптастырады. Сіз амандасқан кезде, қолыңды селқос бермей, өзіңмен сәлемдескен адамның қолын қатты қыс. Батылдык, табандылық және өзіңе деген сенімділік - жақсы басшының ұнамды, батылдылық қасиеті. Күй-гелектік, ашуланшақтық басшыға мүлде жараспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет