Басқару экономикасы


Фирманың экономикалық мақсаттары және шешімдерді оптималды қабылдау



бет9/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112
1.2.2. Фирманың экономикалық мақсаттары және шешімдерді оптималды қабылдау
Бизнестің басты мақсаты нақты пайда түсіру, яғни «ақша жасау». Экономикалық теорияға сәйкес фирма жай ғана пайда емес, максимал пайда түсіру (немесе шығынды минималдау). Бұл мақсат экономистер арасында пайданы максималдау гипотезасы ретінде белгілі.

Фирма көздейтін басқа мақсаттар да бар, олар нарықтағы үлесімен, табысты өсірумен, пайда өлшемімен, инвестицияланған капитал пайдасымен, технологиямен, тұтынушылардың қанағаттануымен және биржадағы акциялар құнын максималдаумен байланысты.

Фирма мақсаттарын дәл білген маңызды. Әр мақсат бір шектелген ресурстар көлемінде әр түрлі басқару шешімдеріне алып келеді:

- егер фирманың негізгі мақсаты пайданы емес, нарықтағы үлесін максималдау болс, онда фирма бағаны төмендету туралы шешім қабылдау керек;

- егер негізгі мақсат ең теқнологиялық тұрғыдан озат тауарларды өндіру болса, фирма ҒЗСКЖ көбірек ресурстар бөледі. Оған жұмсалған қосымша шығындар фирманың қысқауақыттық мерзімде алатын пайда көлемін азайтуы мүмкін. Бірақ уақыт өткен сайын пайданы өсіруге алып келеді, өйткені фирма бәселестерінен технологиялық жағынан озып кетеді;

- егер фирамның негізгі мақсаты тауарлар мен қызметтердің толық ассортиментін өндіру болса, ол нақты өнімді, пайда әкелмесе де, сату туралы басқару шешімін қабылдауы мүмкін.

Компанияның көздеген мақсатын ескеріп, басқару экономикасында оптималды шешім деп компанияны қойған мақсатына максимал жақындататын шешімді айтамыз. Мысалы, өз пайдасын максималдау (немесе өз шығындарын минималдау) үшін фирма өз өніміне белгілі деңгейде баға орнатуы керек. Бұл деңгейде сатылған өнімнің соңғы бірлігінен алынған табыс (маржиналдық табыс) осы соңғы бірлігіне кеткен қосымша шығынға (маржиналдық шығындарға) тең болу керек. Басқа сөзбен айтқанда, оптималды баға фирманың маржиналдық табысына және оның маржиналдық шығындарына тең болады.

Экономикалық теорияда фирма мақсаттарын талқылағанда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мезгілдерді ажыратады . Шынында бұл уақыттық мезгілдер күнтізбелік уақытпен тура байланысты емес.

Қысқа мерзімді мезгіл ішінде фирма нақты ресурстар санын (мысалы, жұмыс сағатын) өзгертуі мүмкін, бірақ кем дегенде бір ресурс (мысалы, кәсіпорын өлшемі) саны өзгермеу жағдайында жұмыс істеуі керек.

Теориялық тұрғыдан ұзақ мерзімді мезгілде фирма барлық пайдаланатын ресурстардың санын өзгерте алады. Фирма мақсаты қысқа мерзімде де, ұзақ мерзімді мезгілдерде пайданы максималдау деп ұйғарылады. Бірақ бизнес анда-санда ұзақ мерзімді мезгілде пайданың максимал болуын күтіп, қысқа мерзімді мезгілдегі пайдасын құрбан ететінін түсіну қажет.



Пайдадан өзгеше мақсаттар. Экономикалық мақсаттар. Көптеген авторлар пайданы максималдау кемеліне жетпеген концепция деп айтады. Олар компанияның басқа да экономикалық міндеттері болуы мүмкін дейді. Пайданы максималдау деген белгісіз, екі ұшты термин. Қазіргі уақыт мезгілінде оның пайдасы максимал екенін фирма қалай білуі мүмкін? Берілген мезгілде қолданған шаралар, барлығы ойдай өткен жағдайда, максимал пайдаға әкелетінін фирма қалай білуі мүмкін?

Экономикалық емес мақсаттар. Компанияның дәлме-дәл экономикалық емес немесе экономикалық оймен ұсынылған мақсаттардан басқа мақсаттары болуы мүмкін. Кейбір ірі компаниялар өзінің миссиясын, принциптерінің тізімдерін жариялаған (Г, Д қосымша материалын қараңыз), онда олар пайда жасауды компанияның ең басты міндеті деп келтірмейді. Пайда бірнеше мақсаттардың ішінде аталады, кейде ең соңғы орында көрсетіледі. Оның үстіне, бұл тізімдерде максимум аталмайды, акционердің «барабар» немесе «келісуге боларлық» пайдасы деп жазады. Мұндай сыпайылық, әрине, қоғамға ұнамды болып келеді.

Осы компаниялардың тұжырымдаған принциптер:

1. Өз қызметкерлерімізге жақсы жұмыс орындарын беру.

2. Өзіміздің сатып алушыларға жақсы тауарлар беру/қызмет көрсету.

3. Өзіміздің қоғамның жақсы азаматтары болу.

Бұл әрекеттері қымбатқа түседі, бір қарағанға ол пайданы максималдауға қайшы келетін сияқты. Ал шын мәнінде, разы қызметкерлер өнімділікпен жұмыс істеуге тырысады, компанияда онан әрі жұмыс істеуге қалады, сөйтіп жұмыс күшінің көп шығынға үшыртатын ағымдығын төмендетеді. Разы болмаған сатып алушыларсыз компания бизнесте қала алмайды. Игі қайырымдылықты және басқа коммерциялық емес шараларды қолдау компанияға ықылас тудырады және оның потенциалдық сатуын көтереді.

Сонымен, компания осындай экономикалық емес мақсаттарға ресурстарын жұмсағаны тұрарлық, олар табыс пен пайданың өсуіне қайшы келмейді. Егер осылай болса, бұл мақсаттарға жету пайдану максималдаумен сыйыспайды деп айтуға болмайды, шын мәнінде бұл міндеттерді де экономикалық мақсаттар деп сыныптауға болады.

Заманауи нарықтар мен институттар бұрында болмаған әр түрлі жолдармен компанияларды тыйып отырады. Сондықтан бұрынғыға қарағанда көбірек сатып алушылар мен қызметкерлер және әлеуметтік жауапкершілік туралы қам жеу керек. Алайда бұл ойлар пайдану максималдау принципіне қайшы келмейді. Егер компаниялар бұрында бұдан да төмен шектеу жағдайында пайданы максималды жасап отырса, бүгінде олар орнатылған стандарттар және оларға қоса берілетін шығындар жағдайында да пайданы максималдауда.

Бәрін айта келе, компания пайданы максималдайды ма? Шынымен, заманауи корпорациялар максималдаумен шұғылданбай ма жене олардың мақсаты «қанағаттанушылық» болып келе ме? Осыған байланысты осы идеяның екі құрама бөлігін қарастыру қажет:

1) заманауи корпорациясында акционерлер орны мен билігі;

2) заманауи корпорациясында кәсіби басшылардың орны мен билігі.

Пайданы максималдауды жаңаша тұжырымдау. айданы максималдау мақсаты барын еш уақытта сендіре дәлелдеу мүмкін емес. Мысалы, белгілі бір жағдайда пайданы максималдау мақсатын шығындарды минимал жасау мақсатымен ауыстырады. Бірақ дәл сол уақытта корпорация ең жақсы нәтижеге жетуге күреседі, яғни төмен пайда орнына жоғарырақ пайда түсіруді қалайды. Осы бағытта табандылықпен жұмыс істейді, пайданы максималдау туралы пікір басқа мақсаттарға қарағанда компанияния шешімдерін бағалауға қолайлырақ критерий болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет