Басқару экономикасы


«Пайданы максималдау» және «акционерлердің дәулеттілігін максималдау» түсініктері



бет10/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   112
1.2.3. «Пайданы максималдау» және «акционерлердің дәулеттілігін максималдау» түсініктері
Акционерлердің дәулеттілігін максималдау. Мезгілдік пайданы максималдау фирмада шешімдерді қабылдайтын үдерістерге назар аударудың өте дұрыс жолы. Алайда максималдаудың басқа түсінігі де бар, ол өзінің ішіне тек ақша қаражаттарының ағынын бағалаумен қатар ақшаның уақыт өткен сайын құндылығын кіргізеді. Болашақтағы теңгемен өлшенетін табысың бүгін тапқан табысыңнан құны аз болады, сондықтан болашақта болатын ақша ағындары бүгінге күнге дисконтталуы керек. Ағын түрлері және оларды дисконттаудың пайыздық ставкалары бүгінгі акционерлердің дәулеттілігіне ықпал жасайды.

Әсіресе дисконт ставкасына тәуекел ықпал жасайды, сондықтан тәуекел бизнесті бағалаудың тағы бір сыңары болып келеді. Әдетте тәуекелдің әр түрлі типтерін ажыратады, оларды екі негізгі категорияға біріктіріп, іскерлік тәуекел және қаржы тәуеклі деп атайды.

Іскерлік тәуекел өзінің ішіне экономикада, салада және фирмада өсу мен төмендеу нәтижесінде пайданың қырық құбылуын кіргізеді. Бұл тәекел типі барлық коммерциялық ұйымдарда әр түрлі дәрежеде кездеседі. Кейбір фирмалар тұрақты деңгейде өзін ұстайды, алайда басқалардың өздерінің қаржы нәтижелерінің қатты құбылуына дұшар болады. Мысалы, қоғамдық пайдалану кәсіпорындар (электр мен газ жабдықтаушылары, телефон байланысы компаниялары) басқа жоғары циклдык (болат, автомобиль және жылжымайтын мүлік) немесе жоғары технологиялық салада жұмыс істейтін компаниялармен салыстырғанда табыстары тұрақтырақ болады.

Қаржы тәуекелі несие пайдалану нәтижесінде пайданың құбылуына қатысты. Несиені пайдалану компанияның қай бөлігі қарызбен қаржыланатынын көрсетеді. Несиені белгілі бір дәрежеде тартқанда, акционерлердің үлесіне тиетін пайда жалпы (пайыз бен салық төлеу алдындағы) пайдамен бір жерден шықпайды. Несиені пайдалану үлесі өскен сайын акционерлер табысының потенциалды тербелісі көбірек болады. Сонымен, қаржы тәуекелдігі компанияның несие пайдалануына ілеспелі болып отырады.



Акционерлердің дәулеттілік критериін қалай білуге болады? Бұл критерийді білу үшін болашақта акционерлер алуға жоспарлап отырған ақша ағындарын бүгінгі кезге дисконттайды. Компания акцияларының бүгінгі бағасын білгендіктен, акционерлер күтіп отырған дивидендерді ескеріп, нақты акцияларға қолданатын дисконт ставкасын анықтауға болады.

Бұл дисконт ставкасы «уақыттағы ақшаның таза құндылығы» және тәуекелдің екі категориясы бойынша сыйақыны ескереді. Дивидендтер ағыны акционерлердің компаниядан нақты алатын ақша түсуін көрсетеді.



Әрине, акционер капиталдық пайданы да іздестіреді, бірақ ол белгілі мезетте акцияны сатса, біреу оны сатып алғаны: бұл қаражат тек сауда, қорлармен алмасу болғанын көрсетеді. Ал дивидендтер корпорация тудырған акциялар пайдасын көрсетеді:
+ + + + … +
бұл жерде Р — акционерлік капиталдың ағымды бағасы;

— бір жылда алынған дивидендтер (1-ші жыл, 2-ші жыл, .... n-ші жыл);

k —қаржы қауымдастығы қолданатын дисконт ставкасы, оны компанияның өзіне меншікті капиталдың құны деп атайды.
Инвесторлар әрқашанда дивидендтердің өсуін есепке алады. Жылда дивидендтің тұрақты өсуі жағдайында акция бағасының формуласы келесідей көрінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет