12.3. Қоғамдық пайдалылықты реттеу
Табиғи монополия, егер өндіріс ауқымы өсуінен туатын үнем ұзақ мерзімді орташа шығындарды бүкіл өндіріс диапазоны бойы төмендетсе, сонда пайда болады. Бұл максимал тиімділік фирма нарықта сұранысы бар өнімді шығарса. Тұрақты төмен түсетін ұзақ мерзімді шығындарға байланысты жағдай капиталды қажет ететін салаларға тән. Тұрақты шығындар өскелең өндіріс көлеміне бөлген сайын орташа немесе үлестік шығындар төмендей бастайды. Орташа шығындар төмендегенде шекті шығындар да орташа шығыннан төмен болады. Сөйтіп, коммуналдық кәсіпорындары мен көлік қызметтерінің көбі табиғи монополияға жатады. Табиғи монополияның болуы олар өндірісті шектеу арқылы пайданы максималдауға талпынады деген ой тұжырымына алып келеді. Оны төменде келтірген 12.2 суретпен көрсетуге болады. Бұл суретте D – нарықтық сұраныстың қисық сызығы, MR – шекті табыстың қисық сызығы, LRMC – монополисттің ұзақ мерзімді шығындардың қисық сызығы, LRAC – ұзақ мерзімді шығындардың шекті қисық сызығы бейнеленген. LRAC қисық сызығына нормативтік пайда кірген.
Үкімет тарапынан кірісу болмаса монополия өндіру көлемінде MR = LRMC жағдайында теңдікке жетеді. деңгейінде ұзақ мерзімді орташа шығындалып, бағасымен монополия әр өнім бірлігі бойынша ( - ) экономикалық пайда алуы мүмкін. Жалпы экономикалық пайдасы FG төртбұрыш арқылы берілген.
Монополия өндіріс көлемін дейін көбейтіп пайдасын өсіруіне болар еді. Баға деңгейінде болса, монополия нормативті пайданы өз ішіне кіргізетін бүкіл ұзақ мерзімді орташа шығындарының орнын толтырар еді. Қоғам үшін монополия төмен бағамен көп өнім шығырғаны пайдалы болар еді. Мәселе мұны қалай жүзеге асыруда: ең оңай жолы – ол баға мен пайданы реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |