Басқару экономикасы


Нарықтық күш-қуатты және жосықсыз бәсекені шектеу



бет105/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   112
Байланысты:
treatise75256

12.4. Нарықтық күш-қуатты және жосықсыз бәсекені шектеу

Дамыған елдерде трестке қарсы саясат белсенді жүргізіледі, ол корпорациялардың шоғырлануына қарсы бағытталған әдіс болып келеді. Нарық экономикасы жемісті қызмет атқару үшінтабиғи монополиялар реттелуге тиіс, ал жасанды монополияға тыйым салыну керек. АҚШ-нда трестке қарсы шараларға ерекше көңіл бөлінеді: монополияға қарсы заңдар топтамасын қолданады. Ең маңызды трестке қарсы қабылданған заңдрын атап өтейік:



  • Шерман Заңы (1890 ж.);

  • Клейтон Заңы (1914 ж.);

  • Федерал сауда комиссия туралы Заң (1914 ж.);

  • Уилер-Ли Заңы (1934 ж.);

  • Селлер-Кефоверддің қосылуға қарсы туралы Заңы (1950 ж.).

Қосылу – екі және одан көп фирмаларды бірлестіріп бірыңғай иелену, ол ерікті нарықта маңызды рөл атқарады, өйткені тиімдігі төмен фирмалар тиімді фирмалармен жұтылады. Сөйтіп, қосылу өндірістік активтерді жиі қайта бөледі және күрделі капитал жұмсалымының жылжуы оңайырақ болады. Сонымен қатар, қосылу теріс ықпал да жасауы мүмкін: фирма сандары қысқарады, бәсеке дәрежесі төмендейді, инновация саласында ынталану мен мүмкіндіктер азаяды, шоғырланған нарыққа кіру кедергілері өседі.

Қосылудың үш түріне тоқталуға болады, олар көлденең, сатылас және конгломераттық косулар деп аталады.



Көлденең қосылу ұқсас өнімді шығаратын әр түрлі кәсіпорындар бірыңғай иеленуіне көшеді. Мұның артықшылығына үш дәлел келтіреді:

- өскелең нарықтың сұранысын қанағаттандыру;

- өндіріс ауқымы өсуінен түсетін пайданы алу;

- нарықтағы үлесін үлкейту және нарық қуатын күшейту.



Сатылас қосылу өндіріс пен бөлу тізбегінің әр сатысында орналасқан фирмалар бірыңғай иеленуіне көшеді. Оған баруға келесі маңызды себептер бар:

- шығындардың қысқаруы;

- экономикалық айналаны бақылау мүмкіндігі.

Сонымен қатар, тік қосулар фирманың нарықтық күшін өсіруі мүмкін.

Конгломераттық қосылу әр түрлі өнімді шығаратын әр түрлі компаниялар бірыңғай иеленуіне көшеді. Мұндай әртараптандыру тәуекелді бөлуді , бос капиталға тиімді пайдалануды, жаңа өнім желісін қосымша ашуды, экономикалық қуатты жинауды қамтамасыз етеді.

Қосылу саны экономиканың ахуалына тәуелді: инвестицияның пайдасы төмендесе, ал өндіріс шығындары өссе, корпорациялар басқа компанияға инвестициялау арқылы жоғары пайда алуға талпынады. Реттеуші органдар қосылуға онша қарсы келмейді, егер ірі компаниялардың нарықтық айтарлықтай үлкен болмаса немесе ол нарыққа кіру қиынға соқпаса. Мұндай қосулар шығындарды азайтады және бағаны төмендетеді, қосылудан туған компанияның әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті өседі.

АҚШ-нда әр түрлі тарихи, саяси және экономикалық себептерге байланысты үкімет әрқашанда кейбір ірі компаниялардың қызметіне кіріскен. Бірақ 1970-1990 жылдары коммуналдық кәсіпорындарын, электр және газбен қамтамасыз ететін фирмаларын, әуе жолдары мен коммерциялық банктерді бұрынғыдай қысымға алмай, толық реттеушілік бақылаудан арыла бастады. Үкімет бұл салаларды реттеуден босату клиенттерге аз ақшаға жақсы қызмет көрсетуге алып келді, ал жіті бәсекелесті саладағы технологиялардың кең тарауына мүмкіндік туады деген пікірге келді.

Алайда, соңғы жылдары реттеуден босату өте күшті бәсекелеске әкелуде, бұл жағадайда аман қалу және одан әрі өсу үшін көптеген компаниялар басқа компаниялармен қосылуға немесе басқа компанияның жұтылуына талпынуда. Осыған байланысты біраз қиын мәселелер пайда болуда: мысалы, компаниялар қосылып жатыр, өлшемі өсуден олар монополияға айналып кету қауіпі бар ма? Олар ерікті бәсекелестікке қауіп төндіре ме?

Егер солай болса, онда үкімет қайтадан реттеуші шараларға кірісуін күшейтуге мәжбүр болады. Коммерциялық банкілердің бірі бірімен жұтылынуы көптеген елде, оның ішінде Қазақстанда, кең тараған құбылыс деп айтуға болады.

Егер фирмаларды қосылуға түрткі болатын себептерін қайтадан қарастырсақ, кейбір мотивтерін толығырақ келтіруге болады:

- өндіріс синергиясы. Егер синергия пайда болса, бірлескен компанияның бағасы бөлек алынған екі компанияның бағаларынан артық болады;

- басқару сапасы жақсарды.Кейбір жағдайда сатып алынған фирмада басқару дағдыларының тапшылығы байқалса, сатып алған компанияда тәжірибелі менеджерлер саны артығымен байқалады. Қосылу жаңа компанияның менеджмент деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады;

- қосылу міндетті түрде экономикалық тиімділікті көтеруге алып келуі міндетті емес, бірақ жаңа компанияның салық ауыртпалығын азайтуы мүмкін. Егер компания залалға ұшыраса, ол салық төлемейді. Болған залалды ол кейінге, пайда алғанға дейін қалдырады. Пайдалы компаниямен қосылып, ол салық төлеу бойынша үнемдеп, синергия жоқ болса да бірлескен компанияға ақшалай қаражат ағынын өсіреді;

- басшының билігі. Компаниялардың қосылуы менеджерлердің билігін ұлғайтады, көп жағдайда бұл тиімділікті көтеруге алып келмейді;

- әртараптандыру. 1960 жылдары әртараптандыру қосылудың негізі болған: мүлде әр түрлі саладағы фирмалардың қосылуы басым болған. Әртараптандыру еңбекақы түрленгішті болады, сөйтіп акция иелеріне пайда әкеледі деген ойда болған. Бұл дәлел жалған болып шықты. Әртараптандыруға екі компания, қосылуға байланысты көп шығындар жұмсамай-ақ, өз бетімен инвестициялау арқылы жетуіне болар еді;

- нарықтық билік. Екі немесе одан да көп күшті фирмалардың бірлесуі саладағы бәсекелесті төмендетуге алып келуі мүмкін. Нәтижесінде, өндіріс көлемі төмендеуі, баға жоғарылауы, экономика тиімділігіне теріс ықпалы тиуі мүмкін. Дәл осындай ықтимал теріс салдардан сақтану үшін үкімет тиісті монополияға, трестке қарсы заңдарды қолдануы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет