Бақылау сұрақтары мен есептер
1. Жаһандануға қарсылар офшоринг өндірісті еңбекақысы төмен елдерге аударып елдерде жұмыс орнын жоюға алып келеді, дейді. Осы дәлелді жан-жақты қарастырыңыз.
2. Жаһандануды жақтаушылар офшоринг ел экономикасына пайда әкеледі, дейді. Осыған қалайқарайсыз?
3. Қазақстандық фирма-импортаушы неміс компаниясына 1 млн. евро қарыз, оны бүгіннен бастап 30 күннен кейін төлеуге тиіс, осы уақыт ішінде доллардың әлсіреуінен үміттенеді. Осы компанияға қандай кеңес берер едіңіз? Ал осы мезгілде доллар қымбаттап кетсе, онда не болмақ?
4. Болжанған капитал жұмсалымдарының тиімділігін бағалаған кезде, ұлттық компаниямен салыстырғанда, КҰК қандай қосымша қиындықтарға тап болады?
5. Неге болжанған капитал жұмсалымдарының тиімділігіне қатысты шешім қабылдағанда ең алдымен бас компанияның пікірі басым болу керек?
6. КҰК филиалы орналасқан елдегі алған пайдасын қос салық салумен жиі кездесе ме? Неге олай болады?
7. Неге үкімет компанияның басқа елдегі өздерінің филиалдарына жіберетін тауарлардың бағасын мұқият қадағалап отырады?
8. Қазақстан үкіметінің нарықты экономикаға кірісу себептері неде?
9. Қазақстан жағдайында экономикалық қызметтің оң және теріс сыртқы эффектілері туралы мысалдар келтіріңіз.
10. Монополия ретінде істейтін заңсыз қазақстандық компаниялар бар ма?
11. Әр түрлі салада қазақстандық компаниялардың қосылуы туралы мысалдар келтіріңіз және қандай себептер оларды қосылуға мәжбүр етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |