Басқару экономикасы


Сұранысты бағалау және болжау



бет34/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   112
Байланысты:
treatise75256

4. Сұранысты бағалау және болжау
4.1. Cұраныс теңдігін бағалауда регрессиялық моделін қолдану

Бұған дейін сұраныс функциясын теоретикалық деңгейден: сұранысты анықтайтын әр фактор — баға және ұнату мен басқадан артық көру сияқты бағалық факторлар немесе табыс, —сатып алуға дайын адамдар тауарлардың көлеміне әсерін талданды. Икемділік концепциясы баға мен бағалық факторлардың өзгерулеріне сұраныс көлемінің әсерленгіштігін бағалайтын шешуші жол болып келеді, оны бейнелеу үшін ойдан алған әр түрлі сан мысалдарын ойдан алған сан мысалдарын келтірген болатынбыз.

Менеджерлер үшін сұранысты түсіндіру және болжау үшін кез келген құралдар мен мәліметтерді қолдана білу өте маңызды. Осыған орай енді тауар деген сұранысты болжау және бағалауға арналған екі маңызды статистикалық әдісті келтірейік. Қазіргі күнде бағдарламалық жасақтаманың әр түрлі пакеттерінің болуы менеджерлерге сұранысты сандық талдауға көп көмек береді. Бұл тақырып бизнеске арналған көптеген оқулықтарда кең ашылған, сондықтан тек талдау әдістемелері қалай сапалы басқару шешімдерді қабылдауда пайдаланатыны туралы шолу жасаймыз.

Бір маңызды жағдай түсіну қажет: статистикалық талдау сапасы қолданатын мәліметтің дәлдігінен және қолайлығынан тәуелді.

Тұтынушылардың сұранысын бағалау үшін, қажетті мәліметтердің барлығы қол жетімді болған жағдайда, экономистер регресстік талдауды пайдаланады. Оны өндірістік функциясын және шығындар функциясын есептеуге де қолданады.

Регрестік талдау тұтыну, инвестиция, халықаралық сауда мен пайыздық ставкаларды макроэкономикалық тұрғыдан зерттеуде қолданады.

Енді қысқаша регрестік талдаудың мәнін, оның нәтижелерін және басқару шешімдерінің қабылдау үшін қалай қолданатынын түсіндірейік.

Регрессия теңдігін анықтау және мәліметтерді жинау. Нақты тауар немесе қызметке сұранысты бағалауда алдымен сұранысқа ықпал жасайтын барлық факторларды белгілеу қажет. Мысалы, студенттердің самсаға сұранысын бағалайық. Қандай айнымалылар самсаға деген сұранысқа ықпал жасауы мүмкін? Бұл сұраққа жауапты бағалық және бағалық емес факторларды – ұнату мен басқадан артық көру, табыс, байланысты тауарларға бағалар, күту, сатып алушылар санын, –пайдаланудан бастауымызға болады.

Алайда, сұранысты талдауға барлық айнымалыларды әрқашан кіргізу мүмкін емес, солай істеу қажетті де емес. Бірақ мінсіз регрестік талдау сұранысқа ықпал жасайтын факторларды түгел қарастырғаны дұрыс болады.

Шынайы өмірде регрестік талдауда қолданатын айнымалылар мәліметтердің қолжетімділігі мен жаңа ақпараттың іріктеу құны негізінде таңдалынады.

Регрестік талдауда мәліметтің екі типі пайдалынады: айқасқан және уақыттық. Айқасқан мәліметтер нақты уақыт мезгіліндегі айнымалылар туралы ақпаратты көрсетеді. Уақыттық мәліметтер әр түрлі уақыт мезгілдерінгі айнымалылар туралы ақпаратты көрсетеді.

Төменде университеттердегі студенттер туралы айқасқан мәліметтер берілген, онда отыз кездейсоқ студенттік қалашықтарында бір айдың ішінде сұрау жүргізілген. Нәтижесінде әр қалашық бойынша келесі ақпарат жиналған:

1) бір айда студент орташа есеппен жейтін самса саны;

2) студенттік қалашықта және оның жанында сатылатын самсаның орташа бағасы;

3) бір жылда оқу құны;

4) самса сататын жердегі салқындататын сусындардың орташа бағасы;

5) қалашықтың орналасқан жері (қалада және қала маңында).


Жиналған мәліметтер 4.1 кестеде келтірілген.

4.1 кесте. Сұрау нәтижесінде алынған мәліметтер



Университет

Y - көлем

– самса бағасы (теңге)

– оқу құны

(мың теңге)



– салқындататын сусындар бағасы

(теңге)


– орналасқан жері


1

10

150

2100

150

1

2

12

150

2400

142,5

1

3

13

135

1950

165

1

4

14

142,5

1050

135

1

5

9

165

1650

150

0

6

8

187,5

750

150

0

7

4

187,5

1800

187,5

1



































30

5

225

1500

142,5

0

Бұл себептердің таңдау себептері сұраныстың экономикалық теориясына негізделген. Сондықтан түсінікті болу керек, осы зерттеуді жүргізу үшін самсаға баға мен оған толтырушы тауар болып келетін лимонадтың бағасы алынғаны.



Кесте мәліметтерін пайдаланып, келесі регрестік теңдікті құрамыз

:

Y = a + + + ,
бұл жерде Y— самсаға сұраныс көлемі (бір айда бір адамға шаққандағы орташа самса саны);

а – Y-пен айқасудың тұрақты мағынасы;



— бір самсаның орташа бағасы (теңге);

— бір жылда оқудың орташа бағасы (мың теңгемен);

— бір шыны лимонадтың орташа бағасы (теңге);

— студенттік қалашықтың орналасқан жері (1 — егер ол қала ішінде болса, 0 — егер ол басқа жерде болса);

— самсаға деген сұранысқа ықпал жасайтын X айнымалысының коэффициенттерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет