Бақылау сұрақтары мен есептер
1.Сұраныстың бағалық икемділігіне анықтама беріңіз.
2. Нүктелік икемділік пен доғалық икемділік арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.
3. Үйде тамақтануға және мейрамханада тамақтануға кететін шығындары қалай өзгереді, егер экономика белсенділігі құлдыраса? Табыс бойынша сұраныстың икемділігі осы өзгерісті түсінуге қалай көмектесе алады?
4. Неге сұраныстың қисық сызығы икемсіз болса, фирма өз тауарын жоғары бағамен және көп сату ықтималдығы аз болып келеді?
5. Қай тауарлар – автомобиль ме немесе шағын тұрмыс тауарлары ма – пайыздық мөлшерлеме бойынша жоғарырақ икемділікті көрсетеді?
6. Сіздің ойыңызша, үкімет неге мемлекет табысын көбейту үшін әдетте темекі мен алкогольге салықты өсіруді ұсынады?
7. Егер компания тап болған сұраныс қисық сызығы көлденең болып келсе, ол фирманың бәсекешілері туралы нені білдіреді?
8. Kazakh Paper Company конверттің ( 1 мың данасын) бағасын $6-дан $5,40-ға төмендетті. Егер бағасы төмендегеннен кейін компанияның сату көлемі 20%-ға өссе, икемділік коэффициенті қаншаға тең болады?
9. Жалпы алғанда кока-колаға сұраныс функциясы келесідей көрінеді:
Q = 20 - 2Р,
бұл жерде Q санды, Р - бағаны білдіреді.
а) Баға $5 және $9 тең болғандағы нүктелік икемділігін анықтаңыз. Осы нүктелерде қисық сызығы икемді немесе икемсіз болып келе ме?
б) Р = $5 және Р = $6 арасындағы аралықта доғалық икемділік қаншаға тең болады?
в) Қай бағада бағаның және көлемнің өзгеруі жиынтық табыстың өзгеруіне әкелмейді десе болады? Неге?
10. Сұраныстың қисық сызығының теңдігі:
Достарыңызбен бөлісу: |