α-ның мағынасын мінсіз дәл табу мүмкін емес, оған екі жайт кедергі жасайды:
- біріншіден, ағымды мәліметтерге ең қолайлы жолмен α мағынасын анықтау үшін уақыт қажет;
- екіншіден, сұраныстың өзгеруіне қарай ағымды мезгілге таңдалған α константасының мағынасы кейінгі мезгілдерге болжау үшін түзетулерді талап етеді. Сол себепті жағдайды бақылап, α мағыналарын өзгертіп тұру үшін автоматтандырылған әдіс қажет.
Бір орынға жинастырып (фокустап) болжау. Фокустап болжау өткен мезгілдердегі мәліметтерді болашаққа проекциялайды, ол үшін бірнеше логикалық және түсінуге болатын ережелерге сүйенеді. Әр ережені нақты жоспарланатын сұранысқа қолданады, одан кейін осы ереже қаншалықты жақсы шынайыға жауап беретінін бағалайды.
Фокустап болжау екі компоненттен тұрады:
- бірнеше қарапайым болжау ережелері;
- өткен мезгілдердегі мәліметтер негізінде осы ережелерді компьютер көмегімен моделдейді.
Болжауда қолдануға мүмкін осындай ережелер мысалын келтірейік:
1. Соңғы үш айда сатылғанның барлығы кейінгі үш айда сатылуы ықтимал.
2. Өткен жылда ұқсас мезгілде сатылғанның барлығы сол көлемде және қазіргі жылдың сондай мезгілінде сатылуы ықтимал (бұл ереже маусымдық ауытқуларды түсіндіреді).
3. Келесі үш айда бұның алдындағы үш айдан 10%-дан артық сатылуы ықтимал.
4. Келесі үш айда өткен жылғы бұның алдындағы үш айдан 50%-дан артық сатылуы ықтимал.
5. Қазіргі жылдың соңғы үш айында өткен жылғы ұқсас мезгілімен салыстырғанда байқалған сатудың өзгеруі (пайызбен алғанда), осы жылдың кейінгі үш айында болуы ықтимал.
Мысал.НТөменде өткен жылдары соңғы алты кварталда бұйымға болған ағымды сұраныстар келтірілген. Жоғарыда берілген фокустап болжаудың бес ережесін қолданып, ереженің ең жақсысын анықтаңдар және оның көмегімен ағымды жылдың үшінші кварталына сұранысқа болжау жасаңдар.