Субъективтік, бағалайтын сапалы әдістер
Бағалау мен байымдауларға негізделген
"Шөп тамырлары"
|
Болжауға қажетті бастапқы мәліметтерді иерархиялық сатының ең төменінде орналасқан, яғни болжау объектімен байланысқан адамдардан жинайды. Сату нарығын толық болжау үшін, белгілі аймақта жұмыс істейтін әр сатушыдан алынған мәліметтерді жинап, біріктіру керек.
|
Нарықты талдау
|
Нарық туралы ойды тексеру үшін әр түрлі әдіспен Заключается в сборе данных различными методами (сұраулар, сұхбат және с.с.) мәліметтерді жинаумен өткізеді. Әдетте бұл әдіс ұзақ мерзімді болжауда және тауарлардың жаңа түрін сату туралы болжауда қолданады.
|
Топтың бірлікке келуі
|
Болжау мәжілістерде ашық пікір алмасуға негізделген. Мұндағы ой мынада жатыр: топтық алқылау, болжауды жеке құрғаннан гөрі, ең жақсы болжауға алып келеді. Талқылауға орындаушы директорлар, сатушылар немесе клиенттер қатысулары мүмкін.
|
Тарихи аналогия
|
Ұқсас тауардың өмірлік циклын талдаумен байланысты әдіс. Өнімнің жаңа түрін жоспарлаған кезде пайдалынады, болжау осы жаңа түріне ұқсас тауардың тарихи зерттеуіне сүйенеді.
|
Дельфи әдісі
|
Сарапшылар тобы сұрақтарға жауап береді. Топ жетекшісі нәтижелерді құрастырып, жаңа сұрақты тұжырымдап, топ мүшелер алдына қояды. Сонымен, мәселені зерттеген кезде топтық қысым ықпалы байқалынбайды және бөлек адмның пікірі басым болмайды.
|
II. Уақыттық қаталарды талдау
Бір уақиғадан бұрын өткен жағдайларды болашақты болжауға пайдалануға болады деген ойға негізделеді
|
Жай жылжитын орташа
|
Әр нақты уақыт мезгілінде нүктелер мағынасының қосындысын нүктелер санына бөлумен орташалау жүргізіледі. Әр нүкте нәтижеге бірдей әсер етеді.
|
Өлшенген жылжитын орташа
|
Алдағы әдіске ұқсайды, бірақ тәжірибеге сүйеніп белгілі нүктерге басқа нүктелерге қарағанда көп пе, аз ба маңыздылық беруге болады.
|
Экспоненциалдық деңгейлестіру
|
Ең "ескі" нүктелерге точкам присваивают экспоненциалды азайтылған салмақ беріледі, яғни бұл мәліметтердің маңыздылығы төмен деп есептелінеді. Регрестік талдау мәліметтер мағыналары мен уақыт арасында тура тәуелділікті орнатады. Кең тараған әдіс – ең аз квадраттар әдісі.
|
Бокс Дженкинс (Box Jenkins) әдісі
|
Өте күрделі, бірақ ең дәл статистикалық талдау әдісі. Статистикалық моделдерін мәліметтермен байланыстырып, оны уақыттық қатарға белгілі бөлу жолдарымен бейімдейді.
|
Шискиннің уақыттық қатарлары
|
(Басқа аты— Х-11). Джулиус Шискин әзірлеген. Бұл әдіс уақыттық қатарларды маусымдық, трендтік және қалыпсыз компоненттерге жіктегенде тиімді болып келеді.
|
Трендтік проекциялау
|
Өткендегі мәліметтер нүктелері бойынша трендтің математикалық линиясын орнатып, оны болашаққа проекциялайды.
|
III. Себептік (каузалды) әдістер
Болжау объектісіне ықпал жасайтын негізгі және екінші дәрежедегі факторларды ажыратады. Мысалы, сатуға жарнама, сапа және бәсеке ықпал жасауы мүмкін.
|
Регрессиялық талдау
|
Ең аз квадраттар әдісіне ұқсас, бірақ айнымалылар саны көп болуы мүмкін. Болжау – ол басқа оқиғалардан тәуелді оқиға, дегенге негізделген.
|
Эконометрикалық моделдер
|
Тәуелсіз теңдіктер жүйесі көмегімен экономиканың нақты секторын суреттейтін моделдер.
|
Кіру –шығу моделі
|
Өнімді сатуға тоғыстыру. Өндірушіде сату көлемінің өзгерулері мен тұтынушылардың сатып алу көлемінің өзгерулері арасындағы өзара байланысты анықтайды.
|
Алдын алу индикаторлары
|
Болжап отырған үдерістің алдын алып, даму статистикасын пайдаланады. Мысалы, бензинге бағаның өсуі болашақта жеңіл көлікке сұраныстың төмендеуі туралы сигнал бергені.
|
IV. Моделдеу
|
Сыртқы және ішкі факторлардың әсерін анықтауға мүмкіндік беретін динамикалық компьютерлік моделдер. Моделдегі айнымалыларға сәйкес болжаушы, мысалы, мынандай сұрақ қою мүмкін: баға 10% өссе, болжаумен не болады? Болжауға елдегі экономиканың құлдырауы қандай әсер етеді?
|