Басқару экономикасы


Ұзақ мерзімді мезгілде өндіріс пен шығындар арасындағы байланыс. Ұзақ мерзімді мезгілдегі шығындар функциясы



бет59/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   112
Байланысты:
treatise75256

Ұзақ мерзімді мезгілде өндіріс пен шығындар арасындағы байланыс. Ұзақ мерзімді мезгілдегі шығындар функциясы

Ұзақ мерзімді мезгілде фирманың өндірістік функциясына кіретін барлық шығындардың өзгеруі мүмкін. Тиянақталған шығындар болмайды, демек, барлық шығындар ұзақ мерзімді мезгілде айнымалы болып келеді.

Көп жағдайда фирма менеджерлері өндіріс пен шығындарға қатысты қабылдаған шешімдерін экономикалық теория қысқа мерзімді болып келеді деп санайды. Мысалы, нақты жобаға қанша еңбек сағаты қажет немесе жұмыскерлерге өскен сұранысты қанағаттандыру үшін жабдық санын көбейту керек пе, деген мәселелерге шешім іздейді. Алайда, дүркін-дүркін менеджерлер өндіріске қатысты ұзақ мерзімді шешімдер қабылдауы тиіс. Яғни, олар фирманың барлық шығындарының, демек барлық пайдалану шығындарының өзгеруі мүмкіндігін қарастыруы қажет. Осындай типті шешімдерді экономистер менеджердің жоспарлау көкжиегінің бір бөлігі деп атайды.

Экономистердің ойы бойынша, ұзақ мерзімді мезгілде фирманың өндірістік функциясы алдымен ауқымның өскелең эффектін, одан кейін тұрақты және ақыры ауқымның азамайлы эффектін көрсетеді. Фирма ауқымның ұлғаймалы эффекті бар кезеңде болғанда, өзінің барлық шығындарын бірнеше есе өсірсе фирманың өнімі көбірек өсуіне алып келеді.

Ұзақ мерзімді мезгілдегі шығындар функциясын өндірістік функциясы арасындағы қатынасты түсіндіру үшін 6.3 кестесі келтірілген. Қысқа мерзімді мезгілмен салыстырғанда ұзақ мерзімді мезгілде өндірілген өнімінің көлемі көбірек болуы фирманың барлық шығындарының өсу нәтижесінен туады. Фирма ешқандай шығынға ұшырамайды, егер ешқандай өнім өндірмесе, өйткені ұзақ мерзімді мезгілде тиянақталған шығындар болмайды.

Өнім шығаруы өскенде жалпы шығындар өседі, бірақ тұрақсыз қарқынмен өседі. Жалпы шығындардың ұзақ мерзімді функциясының өзгеру қарқыны маржиналды шығындар мезгілде (дәлірек айтсақ, ұзақ мерзімді маржиналды шығындар) деп аталады.
6.3 кесте. Ұзақ мерзімді мезгілдегі шығындар функциясы*

Өндіру ауқымы

(қуат деңгейі)



Жалпы өнім

(шығару/бірлігі)



Ұзақ мерзімді жалпы шығындар

(LRTC), $



Ұзақ мерзімді маржиналды шығындар

(LRMC), $



Ұзақ мерзімді орташа шығындар

(LRAC), $



A

10000

50000

5,00

5,00

B

20000

90000

4,00

4,50

C

30000

120000

3,00

4,00

D

40000

150000

3,00

3,75

E

50000

200000

5,00

4,00

F

60000

260000

6,00

4,33

*Кесте сандары әдебиет көзінен [1] алынған.
Кестеден келесіні байқауға болады: ұзақ мерзімді маржиналды шығындар алдымен төмендейді, одан кейін тұрақты болады, ең соңында өсе бастайды. Кестеде келтірілген мәліметтер график жүзінде 6.3 суретінде бейнеленген.

Ұзақ мерзімді жалпы шығындардың өзеру қарқынын, осы қисық сызығының еңкішін және ұзақ мерзімді маржиналды шығындарының қисық сызығының бет алысын бақылап, көруге болады.

Фирманың ұзақ мерзімді маржиналды шығындарының осылау көрінуі ауқым эффектіне қатысы бар.


$

6

5



4

3

2



1

0







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет