Бақылау сұрақтары мен есептер
1. Келесі шығындар типіне анықтама беріп, бір бірімен салыстырыңыз:
а) қайтарылмайтын және қосымша шығындар;
б) тиянақталған және айнымалы шығындар;
в) қосымша және маржиналды шығындвар;
г) балама және тікелей шығындар.
2. Жоғарыда келтірген шығындардың қайсысы коммерциялық шешім үшін маңызды,
қайсысы маңызды емес екенін көрсетіңіз.
3. Қысқа мерзімді мезгілдегі өндірістік функциясы мен шығындардың қысқа мерзімді функциясы арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
4. Экономикалық талдаудағы қысқа мерзімді мезгіл мен ұзақ мерзімді мезгіл арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.
5. Ауқымның оң эффектіне анықтама беріңіз. Бұл құбылыс қайтарымның ұлғаюмен қандай байланыста? Ауқымның оң эффектіне ықпал жасайтын негізгі факторларға тоқтаңыз.
6. Ауқымның теріс эффектіне анықтама беріңіз. Ауқымның теріс эффектіне ықпал жасайтын негізгі факторларға тоқтаңыз.
7. Қамту эффектіне анықтама беріңіз. Бұл түсінік ауқым эффектімен байланыста ма?
8. Тәжірибе қисық сызығына анықтама беріңіз. Оның фирманың шығындар функциясына тиетін әсерін үйрету қисық сызығының әсерімен салыстырыңыз.
9. Уақыттық қатар бойынша мәліметтерді талдау негізінде экономистердің бағалауынша бойынша, Grand Corporation фирмасының шығындар функциясы келесідей көрінеді:
ТС = 50+ 16Q - 2 + 0,2,
бұл ТС – жалпы шығындар;
Q – уақыт мезгілінде өндірілген өнім көлемі.
а) 1-ден 10-ға дейін өнім шығару диапазонындағы функция графигін бейнелеңіз.
б) Орташа жалпы шығынды, орташа айнымалы шығынды және маржиналды шығынды осы өндірілген көлемдер үшін есептеңіз және график түрінде көрсетіңіз.
в) Ұлғаймалы, тұрақты және азаймалы маржиналды шығындардың тұрғысынан алған нәтижелеріңізді қарастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |