Басқару ғылымының даму тарихы



бет2/7
Дата17.09.2023
өлшемі36,48 Kb.
#108252
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4,8,9 билет жауаптары

1950 жыл – ХХ ғасыр - Басқарудағы сандық әдістер мектебі . Бұл мектептің негізгі еңбегі операцияларды зерттеу әдіснамасында, өйткені оның іс-әрекеті күрделі басқару мәселелерін әртүрлі ұйымдастырушылық жағдайлар жасау мен қолдану барысында түсінудің тереңдеуіне ықпал етті және күрделі жағдайларда шешім қабылдайтын жетекшілерге көмектесті.

  • 1966 жылы- Басқару психологиясының қарқынды дамуына 1966 жылы әлеуметтік психологтардың ғылыми қауымдастығының ядросы болған Эксперименттік әлеуметтік психологияның Еуропалық ассоциациясы (EAESP) құрылуы негіз болды. Еуропалық әлеуметтік психологияның өзін анықтау жолдарын іздеумен айналысқан алғашқылардың арасында Тэджфэл (Tajfel) мен Московичи болды, олар еуропалық жолдың бағдарларын, әлеуметтік феноменологияны зерттеуге қатысты позитивистік әдіснамасына байланысты әлеуметтік-психологиялық зерттеулердегі эмпирицизм мен экспериментализмнің ең осал орындарын айнала өту арқылы ұсынуға тырысты.

  • ХХІ ғасыр – психология әлемдік феномен ретінде. XXI ғасырда бұл бағытқа компьютерлік техникалық даму қуатты күш берді. Осының салдарынан ақпараттық қарым-қатынас құралдарының қарқынды дамуы, «адам-техника» жүйесінің басым болуымен ерекшеленеді.

  • 1997 жыл - Қ.Е. Құбаев пен К.Б. Бердалиев, С.Ы. Өмірзақов, Б.К. Есенғазиев «Басқару негіздері» оқу құралында басқару процесінің негізгі сипаттамалары, басқару процесінің типтері, басқарушылық шешім қабылдау себептері мен классификациясы, басқарушылық шешім қабылдау принциптері мен сатылары, басқарудағы экономикалық әдістері мен ұйымдық-әкімшілік әдістерге терең талдау жасаған.

  • 2007 жылы белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Митинның «Басқару психологиясы» оқулығы жарыққа шықты. Оқулық басқару теориясы мен практикасына негізделе отырып, адамдардың қатынас жүйесіндегі тұлғалар мен ұйымдастырушы топтарды анықтайтын ғылым саласын зерттеді.

  • 2008 жылы - О.Г. Бугрованың «Басқару психологиясы» электронды оқулығында басқару психологиясының негізгі тұжырымдамалары, оны қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ қазіргі даму сатысындағы өзекті мәселелер қарастырылады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет