4- Дедукция (лат. deductio — шешім) — қолда бар фактілерді пайдаланып логикалық шешім шығаруға арналған ойлау әдісі. Әртүрлі пікірлердің басын біріктіріп, бір шешімге келуге екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Ғылыми аксиомалар мен қарапайым гипотезалар – дедукцияның бастауы. Мысалы, математика ілімінде аксиоманы теоремаға айналдыру үшін жеткілікті ғылыми дәйектемелер болу керек. Ол үшін ғалым логикалық ұтқырлығын көрсетіп, шешімін дәлелдеуі тиіс. Дедукция теориясының арқасында біздің заманымыздан бұрын дәлелденген Архимед заңы мен Пифагор теоремасы әлі маңыздылығын жойған емес. Математикадағы тұрақтылықты танытататын заңдар мен ережелер ғылымның консервативтілігін білдіреді.Негізгі дәлелдемелердің жинағы дедукция деп аталады. Ал шешімді жоққа шығаратын дәйектемелер топтамасын индукция дейміз.
Шерлок Холмстың (Артур Конан Дойл шығармасының кейіпкері) ұтқыр логикасы әртүрлі қылмыстық істерді жылдам әшкере етуге көмектескен. Артур Конан Дойл өз кейіпкерін «дедуктивті ойлау қабілетінінің білгірі» деп суреттейді. Дегенмен қазіргі ғалымдар оның шешім шығару әдісін индуктивті әдіс дейді. Себебі Шерлок жалпыдан жеке фактілерге өтіп отырады. Ал бұл индукциялық ойлау әдісінің белгісі.
Ретикулярлы формация ( formatio reticularis, лат. Reticulum- тор, синонимдері- зат)- бас миының бағанасы мен жұлынның жоғарғы бөлімінің орталығында орналасқан жасушалы және ядролы түзілістер комплексі. Ретикулярлы торда әртүрлі бағытта басып өтетін талшықтардың көп мөлшері тор тәрізді түр береді, сондықтан осы атқа ие болып отыр.
Ретикулярлық формацияның өрлеуші және төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ми алаптарындағы бірінің жұмысын бірі реттеп (қоздырып, тежеп) өтуі нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады. Әр түрлі импульстар жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми бағанасына т.б. келіп өзіне бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық формация деп те атайды. АҚШ ғалымы Г. Мегун, Италия оқымыстысы Моруци импульстар төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |