Басқару шешімдерін қабылдау психологиясы


Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген



бет6/6
Дата31.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#22271
1   2   3   4   5   6

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген:


Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау

Проблемалар мәселесін қою

Жинақталған мәліметтерді талдау

Шешім мәселелерінің негізделуін бағалау

Мәселе бойынша шешімді таңдау және

қабылдау


Шешімнің орындалуын ұйым

Уақыт өлшеміне қарай шешімді:


Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек( 3-5 жыл және одан да көп).

Күнделікті шешім көбінесе 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады.

Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылады( бірнеше апта, күн, ай).

Басқару шешімдерінің  қасиеттері


Басқару шешімі іс-қимылдың мүмкін түрінің жағдайының болуын білдіреді және бір түрін қалыптасқан, қажетті жағдайға, тұтынушылармен, мүдделерімен сәйкес таңдауды білдіреді.

Іс-қызмет түрін, тәсілін, жолын таңдау және қабылдау адамның саналы ойлы-психологиялық қызметінің нәтижесі болып саналады.

Басқару шешімінің қажеттілігі және негізгі мазмұны оның мақсатымен анықталынады және оның мазмұнына бағытталынады.

Шешім қабылдау процесінің қадамдары


Негізгі проблемаларды теңестіру

Проблеманың негізгі себептерін белгілеу

Проблемаларды шешу мүмкіндігін белгілеу.

Мүмкін болар шешімді бағалау.

Ең жақсы шешімді таңдау.

Шешімді жүзеге асыру.

Қабылданған шешімнің дұрыстығын тексеру.

Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.


Жекелей шешім –басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешімдер. Мұндай шешімнің мазмұны мен сипаты басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.

Алқалы шешім- бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімдер, әдетте, мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жаупкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.



Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып қабылданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет