№5 дәріс Ептілікті дамыту әдістемесі Дәріс жоспары: Ептіліктің анықтамасы



Дата08.10.2023
өлшемі22,41 Kb.
#113422

№5 дәріс




Ептілікті дамыту әдістемесі


Дәріс жоспары:



  1. Ептіліктің анықтамасы.

  2. Ептілік пен координациясының күрамы.

  3. Жалпы ептіліктің арнайы ептілікпен байланыстары.

  4. Палуан ептілігін дамыту әдістемесі.



Адамның ептілігіне – жаңа қимыл әрекеттерін (әдіс, элемент, қөзғалыс ж.т.б.) меңгере алу мен өз қимыл әрекеттерін өзгерген жағдайға байланысты қажетті және дұрыс құрастыру қабілеті жатады.

Ептілікті дамыту кезінде біз мынандай үш міндетті орындауымыз керек:



  • күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделендіре отырып жетілдіру;

  • қозғалыс 2рекетін өзгерген жағдайға байланысты басқаша қүра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық, қозғалмалы ойындар жағдайында);

  • берілген қозғалыс эрекетін дэл қайталай алу қабілеттілігін арт­ыру.

Ептілікті тәрбиелеудің негізгі құралдары: жана немесе жаңадан пайда болган элементтері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бүрын үйренген жаттығудын элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабактың бірінші жартысында өткізген дүрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нэтиже береді.


Ептілікті бастауыш және орта мектеп жастарында ойын және жаттығу қозғалыстарын көру, менгеріп алу және жетілдіру, дене арқылы сезіну анализаторлары екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.
Қазақ күрестің тәсілдері оқу мен жеңіске жетудегі құндылығы бойынша былайша бөлінеді: жамбастан асыра тастау, алдыңғы шалу, артқы шалу және сирақпен ортадан іліп жығулар, содан соң санмен қапталдан не ортадан қағып түсіру, қарсыластың аяғын орап лақтыру және арқадан асыра тастау. Бұдан айырмашылығы дзюдо мен самбода ең тиімді тәсілдерге мыналарды жатқызады: жамбастан асыра тастау, қарсыластың аяғын «орап» лақтыру, санмен ортадан қағып түсіру, кеудеден асыра тастау. Ең төмен бағаланатыны - артынан шалу, табанмен қағып түсіру, арқадан асыра тастау [153, 164].
Еркін күрес бойынша түргеп тұрып орындайтын амплитудалық лақтыруларға «кеудеден асыра тастау» (орындалған әрекеттердің жалпы санының 1,7% пайызы), «еңкейіп лақтыру» (0,6%), «арқадан асыра тастау» (2,4%), «жамбастан асыра лақтыру» (2,0%,), «санмен қапталдан не ортадан қағып түсіру» (1,5%), «айналып лақтыру» (1,4%) және т.б. әдістер жатады (5-кесте).


Кесте 5 – Еркін күрес бойынша жарыстарда техникалық әрекеттердің қолданылуы (орта есеппен бір ұстасу)





Тәсілдер тобы

Көрсеткіш

Б

Н

ә/с

%

ұ/с

%

1

аяқтан ұстап қағып құлату

3,70

33.4

0,89

20,2

2

аунап аудару (перевороты накатом)

1,7

15,3

1,05

23,8

3

аяқты үстауға қарсы қшә

1,27

11,5

0,44

10,0

4

санды іліп асып аудару

0,78

7,0

0,20

4,1

5

арқадан асыра тастау

0,27

2,4

0,06

1,2

6

аунап аударуға қарсы кшә

0,27

2,4

0,19

3,2

7



мойын мен иықты үстінен ұстап жұлқып төрттағанға түсіру

0,24

2,2

0,10

2,1

8

жамбастан асыра тастау

0,22

2,0

0,08

1,6

9

кеудеден асыра тастау

0,19

1,7

0,16

3,3

10

санмен қапталдан не ортадан қағып түсіру

0,17

1,5

0,09

1,9

11

теріс ұстап басынан асыра аудару

0,16

1,4

0,06

1,2

12

айқасқан сирақтан ұстап айналдырып аудару

0,15

1,4

0,09

1,9

13

айналып лақтыру (вертушка)

0,15

1,4

0,05

1,0

14

бас пен қолды бұрап түсіру (скручивание)

0,12

1,1

0,07

1,4

15

қол ұстап айналдырып аудару (переворот)

0,10

0,9

0,03

0,6

16

еңкейіп лақтыру

0,07

0,6

0,09

1,9

17

арқадан асыра тастауға қарсы кшә

0,10

0,9

0,04

0,8

18

қолынан жұлқып төрттағанға түсіру

0,09

0,8

0,03

0,6

19

иықтан асыра тастау (мелница)

0,08

0,7

0,05

1,0

20

жамбастан асыра тастауға қарсы кшә

0,08

0,7

0,04

0,8

21

иық астына сүңги төрттағанға түсіру

0,08

0,7

0,02

0,4

22

кеудеден асыра тастауға қарсы кшә

0,07

0,6

0,06

1,2

атап өтілген әрекеттердің жалпы саны

10,1

90,7

3,89

88,2

қалған әрекеттер

1,03

9,3

0,52

11,8

жиынтығы

11,1

100

4,41

100

Ескерту: Б – қолдану белсендігі, Н – қолдану нәтижелігі, ә/с – әрекеттер саны, ұ/с – ұпай саны, кшә – қарсы шабуыл әрекеттері




Түргеп тұрып орындалған барлық лақтыруларға күрескерлердің белсенді әрекеттерінің 1,52 саны (жалпы белсенділіктің 13,7% пайызы) және нәтижеліктің 0,79 ұпайы (жалпы нәтижеліліктің 17,9% пайызы) сәйкес келеді.


Еркін күресте барынша жиі (белсенді) және нәтижелі қолданылатын әрекеттерге аяқты ұстаумен, «аунап аудару» орындалатын және аяқты ұстауға қарсы қолданатын әдістер жатады. Белсенділік, яғни, аяқты ұстаумен орындалатын әрекеттер саны жалпы белсенділіктің 33,4% құрайды, ал нәтижелілік, яғни, бағаланған әрекеттердің саны жалпы нәтижеліліктің 20,2% алады.
«Аунап аудару» қолдану белсенділігі жалпы белсенділіктің 15,3%, ал нәтижелілік 23,8% құрайды. «Аунап аудару» еркін күресте аяқты ұстау тәсілдеріне қарағанда едәуір нәтижелі қолданылады.
Аяқты ұстауға қарсы қолданылатын тәсілдер белсенділігі – 11,5%, ал нәтижелілігі – 10% жетеді. Аяқты ұстауға қатысты шабуыл әрекеттері қанша көп орындалса, қарсыластар соншалықты көп аяқты ұстауға қарсы әдістер қолдануға мәжбүр.
Дегенмен еркін күресте бұл жақсы – аяқ ұстаумен де, аяқты ұстаған қарсыласқа қарсы да белсенді және нәтижелі әрекет етуге болады. Шабуылдаушы әрекеттердің белсенділігінің 33,4% / 11,5% = 2,9 ширегіне дерлік және нәтижеліліктің 20,2% / 10% = 2,02 жартысын қарсы шабуылдаушы әрекеттер құрайды.
Басқа әрекеттерге қарсы әрекет ету оншалықты тиімді емес. Мысалы аударып төңкеруге қарсы әдістер (қолданылу тізбесі бойынша 6-орын) жалпы белсенділіктің 2,4%, ал жалпы нәтижеліліктің 3,2% құрайды.
Қазақ күресте едәуір жиі және нәтижелі қолданылып жүрген әдістер еркін күресте өте бір танымалдыққа ие емес. Мысалы, «санмен ортадан немесе қапталдан қағып түсіру» әдісінің қолданылу көрсеткіші бойынша еркін күресте 10 орында (Б-1,5%; Н-1,9%), жамбас арқылы лақтыру 8 орында (Б-2%; Н-1,6%).
Еркін күресте те де, қазақ күресте де нәтижелілік және қолданылған әдістердің сенімділігі көрсеткіші бойынша заңдылықтар сақталады, ол бойынша–ең белсенді қолданылатын әдістер ең нәтижелі қолданылатын да болып табылады (3-сурет).
Қазақ күрестен айырмашылығы еркін күресте әдістер түрегеп тұрғанда және төрттағанда қолданылатын деп бөлінеді. Қазақ күресте жоғарыда айтқанымыздай төрттағанда және тізерлеп күресу жоқ. Дегенмен еркін стильдің палуандарының түрегеп тұрғандағы белсенділік көрсеткіші (Б-62,2%) және нәтижелілігі (Н-51,5%) төрттағандағыдан (жалпы белсенділіктің Б-28,5% және жалпы нәтижеліліктің Н-36,7%) әлдеқайда жоғары.
Орындалатын лақтырудың саны бойынша, ал олар негізінен түрегеп тұрғанда қолданылады, еркін күрес қазақ күреске жол береді. Егер қазақ күресте барлық қолданылатын әдістер лақтырулар болса, ал еркін күресте оларға жалпы белсенділіктің 13,7%-зы және жалпы нәтижеліліктің 17,9%-зы келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет