Жоспарлау функциясы Тактикалық жоспарлау – барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады. өйткені мұың өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап, алуға байланысты.
Индикативті жоспарлау– ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу.
Бизнес-жоспар – жоспарлау жүесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе жол.
Ұйымдастыру қызметі Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар ж ұмысыны ң өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын т үсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті: еңбек әрекеті элементтерімен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау. Жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу. Оларды бөлімшелер мен салаларға орналастыру. Бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру аппараттағылардың барлығының жекеленген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандандыру, пропорционалдық, параллельдік, қатарластық, дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық.
Ұйымдастыру функциясын орындау процесінде жетекшілікке алынатын бірқатар принциптер бар:
жоспарлау барысында анықталған фирма мақсатын анықтау және детальдарға бөлу;
осы мақсаттарға қол жеткізу бойынша қызмет түрлерін анықтау;
міндеттерді жеке адамдарға тапсыру (еңбекті бөлу) және оларды басқарылатын жұмыс бөлімшелеріне біріктіру;
өзара қарым-қатынастарды орната отырып және кім жетекшілік ететінін анықтай отырып әрбір топқа тапсырылған әртүрлі қызмет түрлерін координациялау, яғни топтың әрбір мүшесі не істеу керектігін, жұмыстың орындалу мерзімін және жетекшінің кім екенін білуі керек;
мақсаттың бірлігі – ұйымның әрбір мүшесі жалпы мақсатқа жұмыс істеуі керек;
бақылау құлашы - әрбір менеджер өздері басқаратын топтағы қызметкерлер санына жауап беруі керек.
Менеджер үшін ынталандыру қажеттілігі адамдардың дұрыс немесе
теріс реакциясы пайда болуына байланысты мәселе. Егер де осы
қойылған сұраққа жауап оң болса, өндіріс жоғарылайды, ал теріс болған
жағдайда өндіріс іркіледі. Менеджердің тұрақты мақсаттарының бірі —
өнімділікті және орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып
табылады. Тиімділікті өсірудің шегі бар, бірақ еңбек бірлігінің
құндылығын үнемдеуге әрбір қызметкерге шаққандағы өнімді арттыру
арқылы жетуге болады.