Басқарудың негізгі функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі238,86 Kb.
#115628
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 7. Басқару психологиясы

Ынталандыру қызметі
Мотивация (Ынталандыру)
Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістеріне келесі ынталандыру тәсілдері кіреді:
Сендіру тәсілі;
Имитациялау тәсілі;
Ұсыныс тәсілі;
Қатысу тәсілі;
Сенім тәсілі;
Мәжбүрлеу тәсілі.
Белсенділікті арттыру үшін ынталандыру әдісі қолданылуы керек. Оның арқасында қызметкердің жұмысы бір нәрсеге негізделеді. Ынталандыру тікелей объектінің, яғни қызметкерлердің жұмысына әсер етеді.
Ынталандыру және өнімділік. Ұйымның жоғары өнімділікке жетуі көптеген факторлардың әсерінен туатын нәтиже. Станоктар және материалдар түрінде жүзеге асырылған ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың озық әдістері өнімділікті едәуір жоғарылатты. Әйтсе де, машиналар, жұмсалған қаражаттар жансыз болады. Тек адам элементі енгізілгенде ғана олар «өнімділікке» айналады. Ынталандыруға дәстүрлі көзқарастар. Өткенде мотивацияға ғылыми менеджмент тұрғысынан және адамдар қатынасы позициясынан екі көз қарас болған. Осы екі көзқарас бүгінде әртүрлі атпен және әртүрлі дәрежеде кең таралған.
Сонымен, ұйымның жоспары жасалды, оның құрылымы түзілді, жұмыс орындары толықтырылды және қызметкерлердің мінез-құлық мотивтері анықталды. Басқару функциясына қосылатын тағы бір компонент қалды – бұл бақылау.
Бақылау бұл жалпы алғанда нақты қол жеткізген нәтижелерді жоспарланған көрсеткіштермен салыстыру.
Менеджменттегі бақылау функциясын басқару қызметінің түрі ретінде түсіну керек, соның арқасында ұйым қызметінің көрсеткіштерін белгіленген стандарттармен (жоспармен) салыстыра отырып ұйымды дұрыс жолда ұстауға болады. Барлық бақылау жүйелері кері байланыс идеясына негізделген. Нәтижесінде негативті нәтижелерді түзету үшін немесе іс-әрекетті күшейту (егер нәтиже позитивті болса) үшін ауытқулар белгіленеді.
Бақылау функциясы
Барлық бақылау жүйелерінің негізіне келесі негізгі талап-критерилер алынуы керек (6 сурет):
1) бақылау тиімділігі – бақылаудың пайдалылығы, табыстылығы анықталады (бақылау процесінде анықталған кемшіліктерді табумен және жоюмен байланысты шығындарды азайту; бақылау техникасы мен персоналдарына, бақылауға кететін шығынды қысқарту);
2) адамдарға әсер ету тиімділігі – қолданылатын бақылау технологиясы қызметкерлерде оң стимулдарды немесе негативті, стресстік реакцияларды тудырады ма, осы мәселе қаралады;
3) бақылау міндетін орындау – бақылау ұйымды басқару жүйесіндегі сәйкес келулерді және ауытқуларды анықтауы; ауытқуларды жоюға, тиімді шешімдерді жасауға мүмкіндік етуі керек;
4) бақылау шекараларын анықтау – бақылау іс-шаралары шектеулерсіз жүргізілмейді; тексерілетін бөліктердің ұзақтығы ауытқуларды барынша ерте мерзімде анықтауға мүмкіндік етуі керек; қолданыстағы заңдылықпен анықталған бақылау нормаларын сақтау керек.
3) бақылау міндетін орындау – бақылау ұйымды басқару жүйесіндегі сәйкес келулерді және ауытқуларды анықтауы; ауытқуларды жоюға, тиімді шешімдерді жасауға мүмкіндік етуі керек;
4) бақылау шекараларын анықтау – бақылау іс-шаралары шектеулерсіз жүргізілмейді; тексерілетін бөліктердің ұзақтығы ауытқуларды барынша ерте мерзімде анықтауға мүмкіндік етуі керек; қолданыстағы заңдылықпен анықталған бақылау нормаларын сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет