Қорытынды Қоғамдық процестерді басқару адамның қарым-қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Басқарушылық қарым-қатынастар бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша адамдардың байланыстары. Басқарушылық қарым-қатынастар экономикалық әлеуметтік, саяси және басқа да қоғамдық қатынастармен байланысты.
Қазақстанда менеджменттің қолданылуы оның методы мен қолданылу сферасынан көрінеді.
Егеменді мемлекет өзінің стратегиялық мақсатын менеджмент жүйесіне тарихи, экономикалық, табиғи ерекшелігімен бай елге қолданады. Бұл әлемдік мәселе, оны азғантай мерзімде орындау мүмкін емес, бұған нақты әдістер және басқару үрдісі қажет. Осылардың ішінде ілгерілеген маңызды үрдіс бұйрықты экономикаға айналу, нарықтық жүйенің қалыптасуы, базалық басқару әдісімен байланыстылығында еді.