мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ОРНЫБАСАРЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI:
оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестiру;
оқушылар тәрбиесiн жетiлдiру бойынша сынып жетекшiлерi мен ұзартылған күн топтары тәрбиешiлерiмен әдiстемелiк жұмысты жүргiзу;
оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен iскерлiк байланыс орнату;
мектептегi сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдiстемелiк бағалау, озат педагогикалық тәжiрибенi қолдау.
М.М. Поташник былай дейдi: ”Басқару – мектептiң қалыптасуын, тұрақтануын, тиiмдi қызмет етуiн және дамуын қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”.
-
кез-келген басқару мақсатты іс-әрекет болып табылады;
тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн басқа мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесiнiң мекемелерi, т.б.) қызмет етедi.
?
Педагогикалық басқарудың бiлiм беру жүйесiндегi басты объектiсi
өсiп келе жатқан ұрпақтың іс-әрекетi. Оларды оқыту мен тәрбиелеудi басқару не тiкелей (мұғалiмдер, тәрбиешiлер арқылы), не жанама – мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
Басқару субъектiсiнiң қызметтер жиынтығы - басшылық
М.И. Кондаков: “Мектеп жұмысын басқару өндiрiстiк және қоғамдық өмiрдiң басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткенi мұнда күштердi орналастыру мен үйлестiру, байланыс пен өзара тәуелдiлiк жүйесiн жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесiнiң барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелерi басты мәнге ие болады”,