Басаяқты моллюскалардың құрылыс ерекшелігі,биологиясы,классификациясы



бет2/4
Дата08.04.2023
өлшемі1,93 Mb.
#80614
1   2   3   4
Байланысты:
омыртқасыз 2бөж

Олардың жұтқыншағында үккіші (радула) орналасқан. Ауыз қуысына бір немесе екі жұп сілекей бездері ашылады (осьминогтардың артқы сілекей бездері у шығарады). Кейбір түрінде жіңішке шегі қапшық тәрізді қарынға жалғасады, онда қорғаныш қызметін атқаратын ерекше секреция (сия) безі бар. Жұп не қос жұп желбезегімен тыныс алады. Тұйық қан айналу жүйесі өте күрделі, себебі, омыртқасыздардың ішінде тек Басаяқтылардың ғана жүрегі бір қарынша және екі жүрекшеге бөлінеді (ішкі бақалшақтыларда төртеу болады). Миы, сезім мүшелері, әсіресе, көзі жақсы дамыған. Бұлар негізінен дара жыныстылар, аталықтары жалған қолға (гектокотильге) айналған қармалауышымен ұрықтарын аналықтарының мантия қуысына салу арқылы ұрықтандырады. Басаяқтылар – жыртқыштар, олар көбінесе балықтарды, шаянтәрізділерді жейді. Ал өздері – судағы сүтқоректілердің (әсіресе, кашалоттардың) жемі. Басаяқтылардың кәсіптік маңызы зор. Қытай, Жапония, Корея, т.б. елдерде тағамға пайдаланылады. Бұлардың етінің сапасы балық етінен де артық, сондықтан жыл сайын 1,64 млн. т (оның 1,2 млн. т-сы кальмарлар) Басаяқтылар ауланады.

Моллюскалар типі жеті кластан тұрады:

Моллюскалар типі жеті кластан тұрады:

  • 1) Полиплкофора немесе Хитондар (Роlууlасорһоrа, Сһіtоn);
  • 2)Аплокофора немесе иірімдіқұрсақтылар (Арlасорһоrа, Sоlеnоgаstrеs);
  • 3)Моноплакофора (Моnорlорһоrа);
  • 4)Бауыраяқтылар (Gаstropodа);
  • 5)Kурааяқтылар (Sсарһороdа);
  • 6)Қостаушылар (Lamilibranchiata Bivalvia);
  • 7)Басаяқтылар (Серһаlораdа).

Кальмардың құрылысы

Басаяқтылардың бақалшағы

Басаяктылардың бақалшағы редукцияланған не жұқа тақта тәрізді қалпында.Олардың бір-біріне тығыз жанасқан 3 айналымнан тұратын бақалшағы бір жазықтықта арқасына қарай бағытталып бұралган.Бақалшактың іші_көлденең қалқалар арқылы камераларға бөлінген. 1-сі эмбрионды не ұрықтық камера деп атаймыз, ал ең соңғысы үлкен-тұрушы,бұнда наутилустың денесі орналасады, қалған камералар газ бен аздаған сұйықтыққа толы болып тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет