Басаяқты моллюскалардың құрылыс ерекшелігі,биологиясы,классификациясы



бет3/4
Дата08.04.2023
өлшемі1,93 Mb.
#80614
1   2   3   4

Ас қорыту

Ас қорыту жүйесі күрделі қалыптасқан.Алға қарай бағытталған, айналасы буккальді мембранамен қоршалған,қармалауыштардың ортасында орналасқан ауызтесігі бұлшықетті жұткыншаққа жалғасады. Бұнда қорек затын ұстауға не тістеп тұруға негізделген, тотықұстың тұмсығындай иілген, күшті мүйізді үстіңгі және астыңғы жағы бар.Жақ саны мен пішіні олар үшін өте маңызды.Ол бұлшыкетті тілдің беткі жағында орналасып,хитинді ұсақ тістермен жабдықталған.


Тыныс алу жүйесінің қызметін алғашқы желбезектер не ктинидиялар атқарады.Қан айналу жуйесі тұйықталып дамыған, күрделі құрылысты.Жүрегі бір қарыншадан және оған ашылатын 2 не 4 жүрекшеден тұрады.Қанайналым жүректің қарыншадан шығатын 2 ірі қолқадан басталады.Бас және құрсақ.Нерв жүйесі барлық омыртқасыздардың ішіндегі ең күрделі құрылысты.Нерв жүйесі ерекше шеміршекті капсуланың ішінде орналасып, өте үлкен ганглиялардан тұратын нерв туйіннен курылған және олардың сыртқы қабықтық нерв_клеткаларымен жабылған.
Жыныс жүйесі дара жынысты, жыныс диморфизмі байқалады.Сыңар түрінде дамыған аталық және аналық безі дененің артқы бөлімінде целом куысында жатады. Пісіп-жетілген жыныс клеткалары целом қуысына түсіп, тұқым шығарғыш жолы арқылы мантия қуысына өтеді.Аналық тұқым шығарғыш жолы қысқа және оған жыныс безінің түтігі ашылады.
Каракатица - басаяқтылар отряды былқылдақденелілеріне жатады. Дене ұзындығы 1-ден 50 см дейін, салмағы 12 кг дейін жетеді. Нағыз тарбақ аяқтылардың қабыршағы болмайды немесе ізбестен құралған. Қос қармалауыштары арнайы қалташада жатады. 20 туыстардың 150 түрі белгілі. ТМД аймағында 2 туыстың 6 түрі кездеседі. Нағыз тарбақ аяқтылар тропикалық және субтропикалық теңіздерде 500-1000 м тереңдікте тіршілік етеді. Кешқұрым және түнде белсенділік байқатады. Ұсақ балықтармен былқылдақ денелілерді аулайды. Жұмыртқа салып көбейеді.

Каракатица

Кері байланыс сұрақтары

Кері байланыс сұрақтары

1.Басаяқты моллюскалардың ұзындығы қанша метрге дейін жетеді:18 метр

2.Басаяқтылардың дене пішіні қандай болып келеді:сопақ немесе ұршық тәрізді,торпеда тәрізді,таяқша және диск пішінді болып келеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет