Пресс-конференция- белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз өкілдерімен кездесуі.
Престиж- қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес беделді, абыройлы орын, лауазымды адам, қоғамдық – саяси мекеме, әлеуметтік жағдай.
Прогресс-алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.
Пролонгация- белгілі бір саяси келісім шарттың мерзімін созу.
Промульгация- мемлекет шеңберінде жасалған жаңалық, өзгерісті жариялау.
Протекториат-күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы. Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап, жерін қосып алудың амалы болып шығады. Мысалы, XXғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті, кейін оны өзіне қосып алды.
Протекционизм-1)ұлттық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғау үшін жүргізілген мемлекеттік саясат 2)жақсы қызметкерлерге білімділігі, қабілеттілігі, іскерлігіне қарай емес, тамыр-таныстығы арқылы орналасу немесе билік басындағы адамдардың өздеріне керек істерге қамқорлық жасауы.
Радикализм-партияның, қозғалыстың, фракцияның, жеке басшының және т.с.с қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгертуге мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті, қимылы. Әдетте, оппазициядағы күштер билік басындағылардың қызметін тартыншақтық, жасқаншақтық,баяулық жасап отыр деп кінәлайды.
Ратификация- мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітілуі. Бұған кейін мемлекеттер ратификациялық грамота деген құжатпен алмасады да,келісім-шарт күшіне енеді.