Басылым: алтыншы


Тақырыбы: Формаларды жасау



бет7/20
Дата14.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#114170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Практика

Тақырыбы: Формаларды жасау.
Мақсаты: Мастер режимінде және Автоформа режимінде формаларды жасауды үйрену.
Тапсырмалар
1-тапсырма. Қуат тасымалдаушылар кестесі бойынша Автоформа құрыңыз. Форманың тақырыбын жасаңыз.


Қуат тасымалдаушылар кестесі

Қуат тасымалдаушылар типі

Тонна бағасы (мың теңгемен)

Сату көлемі(тоннамен)

Брент смесь

100

100

Газойль

256

20

WTI

55

3000



2-тапсырма. КУРС кестесі бойынша КУРС кестесінің барлық өрістері болатын және тағы да Өзгеруі (Изменить) деп аталатын есептелетін өрісі болатын форма жасау керек. Әрбір жазба үшін осы өрістің мазмұны 01.02.06-ға және 28.02.06-ға дейін валюталар курстары арасындағы айырмашылыққа тең болады. Форма жасау режимін өз бетінше таңдайды.
КУРС кестесі




Валюталар индексі

Валюталар аты

Саны

Теңгеге шаққанда 01.01.06

1

AUD

Австралия доллары




91.14

2

ATS

Австралия шиллингі




10.95

3

GBP

Англия фунті




231.28

4

USD

АҚШ доллары




126

5

EUR

ЕВРО




167



Материалдар мен құрал-жабдықтар: Access бағдарламасы
Жұмыстың орындалу реті

  1. Теориялық материалды игеру

  2. Жұмыстың орындалуы

  3. Есеп беру

Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы

  1. Бағдарлама мәтіні.

  2. Тестілеу нәтижесі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.



Глоссарий


Формалар
Форма дегеніміз мәліметтерді енгізу үшін өрістері бар электрондық бланк. Теруші осы өрістерге мәліметтерді енгізеді, және мәліметтер деректер қоры кестесіне автоматты түрде толтырылады..
Формаларды былай жасауға болады:

  1. қолмен

  2. Автоматты түрде

  3. Мастер көмегімен

Формалардың кестелер мен сұраныстардан айырмашылығы автоматты режимде оңай жасалады.

  1. Автоформалар - автоматты формалардың ең қарапайым түрі. Авто-формаларды жасау үшін Деректер қоры сұхбат терезесіндегі Формалар жапсырмасын ашу керек және Жасау (Создать) батырмасына шерту керек. Сонда Жаңа форма (Новая форма) терезесі ашылады.

  2. Жаңа форма (Новая форма) сұхбат терезесінде форма үшін мәліметтер көзі ретінде қандай да бір кестені немесе сұранысты таңдайды, одан кейін Авто форма түрлері (кестелік, ленталық немесе баған түріндегі ) тізімінен таңдап, екі рет шерту арқылы автоформа жасайды.



Мастер көмегімен форманы жасау
Мастер көмегімен форма төрт кезеңде жасалады:

  • Мәліметтерді формаға енгізуге болатын өрістерді таңдау;

  • Форманың сыртқы түрін таңдау(төрттен бірін);

  • Форманың фондық суретін таңдау(оннан бірін);

  • Форманың атын беру;

Дайын форманы бар жазбаларды қарап шығу үшін немесе жаңаларын енгізу үшін бірден қолдануға болады.


Автоформаларды жасау
Чемпионат кестесіне 1998 жылғы дүние жүзілік чемпионат туралы мәліметтерді енгізетін баған түріндегі автоформаны жасау керек.


Жыл

Ел

1 орын

2 орын

3 орын

1998

АҚШ

Франция

Бразилия

Хорватия



Мұндай форманы жасау үшін:

  • Мәліметтер қоры (База данных) терезесінде Форма жапсырмасын қосу керек.

  • Жасау (Создать) батырмасын басу керек.

  • Ашылған Жаңа форма (Новая форма) сұхбат терезесінде баған түріндегі Автоформат (Автоформат в столбец) пунктін таңдау керек.

  • «Мәліметтер көзі ретінде кестені немесе сұранысты таңдайсыз ба» -өрісіне Чемпионат формасы жасалатын кесте-көзін көрсетіңіз.

  • ОК батырмасын басыңыз.

  • Форма ашылады. Мәліметтерді енгізіңіз.

  • Формаға ат беріп, оны сақтаңыз .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет