Жеке деректер қорын жасау. Деректер қорын жасауда іс-тәжірибелерді нығайту
1
9
Мәліметтер базасының кестесін және псевдонимін құру әдістерімен танысу
1
10
Мәліметтер базасымен жұмыс жасауға арналған қосымшалар құру (Table компоненті). Table, DataSourse, DBGrid және DBNavigator компоненттерінің қасиеттері мен қызметтерін меңгеру.
1
11
Жазбалармен жұмыс. Insert, Post әдістерінің қызметтерін меңгеру.
1
12
Жазбаларды іздеу. SetKey және GotoKey әдістерінің қызметтерін меңгеру.
1
13
Есептеу нәтижелерін құру. Filter, FilterOptions, IndexName, IndexFieldName қасиеттерінің және ixDescending параметрінің қызметін меңгеру
1
14
Есеп берулер құру және QuickRep компонентінің қызметін меңгеру.
1
15
QUERY мәліметтер жиыны. SQL-сұранысының көмегімен мәліметтер базасының кестесін құру.
1
БАРЛЫҒЫ:
15
№1 практикалық жұмыс
Тақырыбы: ACCESS (Деректер базасын басқару жүйесі) -мен танысу Мақсаты: ACCESS-ті (Деректер базасын басқару жүйесі) жүктеуді үйрену, деректер базасы құрылымымен танысу, кестелерді құруды үйрену, кестеге мәліметтер енгізіп және оларды қарап шығуды үйрену.
Тапсырмалар 1. Группа/Подгруппа атымен мәліметтер базасын құрыңыз(мысалы,ИСКО201).
2. КУРС кестесін құрыңыз. Кестені Конструктор режимінде құрыңыз.
КУРС кестесі
№
Валюталар индексі
Валюталар аты
Саны
Теңгеге шаққанда 01.01.07
1
AUD
Австралийский доллар
1
91.14
2
ATS
Австралийский шиллинг
1
10.95
3
GBP
Английский фунт
1
231.28
4
USD
Доллар США
1
126
5
EUR
ЕВРО
1
167
3. Фирма қызметкерлері кестесін құрыңыз. Мастер режимінде кестені құру.
Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы Жұмыстың орындалу реті
Теориялық материалды игеру
Жұмыстың орындалуы
Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
Бағдарлама мәтіні.
Тестілеу нәтижесі
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий Access деректер базасы құрылымы Деректер базаларына қызмет етуші программалар көмегімен (мысалы, ACCESS ) деректерді арнайы түрде сақтауға, олардан керекті деректерді таңдауға және берілген критерийлер бойынша деректерді іздеуді орындауға болады.
Access обьектілері
Кесте - мәліметтерді жазбалар(жолдар) және өрістер(бағандар) түрінде сақтауға арналған обьект. Әдетте әрбір кесте нақты бір сұрақ бойынша мәліметтерді сақтауға арналған.
Сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.
Форма- негізінен деректерді енгізуге арналған обьект. Формада деректердің басқару элементтерін кестелер өрістеріне орналастыруға болады. Есеп - Microsoft Access деректер қорының деректерді баспаға шығаруға арналған обьектісі.
Макростар - бұл макрокомандалар. Макрокоманда - бірнеше командалардың бір командаға біріктірілуі және оған клавиштар комбинациясы белгіленген.
Модульдар - бұл Visual Basic тілінде жазылған бағдарламалық процедуралар.
Кестелер Барлық деректер қоры бір немесе бірнеше кестелерден тұрады. Кесте-жазбалар жиынтығы. Кестедегі бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар -жазбалар деп аталады. Кестедегі жазбалар саны қатты диск сиымдылығымен шектеледі. Жазбадағы бар өрістер саны - 255 болады. Әрбір кестенің бірден-бір аты болады. Деректер базасындада әрбір үлкен элементтер жиынтығы үшін бөлек кесте болуы керек, мысалы, қызметкерлер туралы, клиент сұраныстары туралы жазбалар үшін. Бірнеше кестелерде мәліметтерді қайталауға болмайды.
Кестелерді үш түрлі тәсілмен жасауға болады:
Мастер көмегімен;
Конструктор режимінде;
• Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және өрістерді анықтау.
Өрістер
Өріс- берілген обьектінің белгілі бір атрибутының мәні, мысалы клиент фамилиясы, кітап аты, оқиға мерзімі және т.б. Өріс параметрлері:
өріс аты 64 символға дейін болады (әріптер, цифрлар, пробелдар);
мәліметтер типі (стандартты немесе қолданушымен анықталған);
өріс қасиеттері;
өріс мазмұны.
Мәліметтер құрылымының көпшілігі кестелік құрылымды болып келеді. Өріс - бұл кестенің элементі. Әрбір өрістің аты болады. Өрістің типі болады.
Өрістер типтері :
Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі;
Сандық (Числовой) - нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі; Мерзімі/Уақыты (Дата/Время) - күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі
Ақшалық (Денежный) - қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE ) әртүрлі обьектілерді (картинкалар, клиптер және т.б) сақтауға арналған мәліметтер типі;
MEMO өрісі (Поле MEMO) - (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі;
Санауыш (Счетчик) - жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;
Логикалық - логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
Жазбалар. Жазба - белгілі бір обьект туралы толық мәліметтер жиынтығы. Жазба-кестенің жолы. Әрбір жазба бөлек өрістерден тұрады. Бір жазбаны екіншісінен айыру үшін кестеге бірінші кілт өрісін қосамыз.
Бірінші кілт - әрбір жазба үшін бірден-бір идентификатор (мысалы, компонент шифры, тауар коды). Бірінші кілт ұқсас деректерді айыру үшін қызмет етеді. Сонымен бірге деректерді біріктіру үшін қызмет етеді. Және оның көмегімен бір кестені екіншісмен байланыстыруға болады.