Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 3000$-дан жоғары және жүрген жолы 80 мың .км болатын барлық автомобильдерге сұраныс жасау. Бұл сұраныс та алдыңғы сияқты жасалады, тек Таңдау шарты(Условие выбора) жолында шарт Құн бағанында (>3000) және Жүрген жолы бағанында (<80) беріледі.
Чемпионат кестесін жасау және осы кесте бойынша қай жылы қандай команда жүлделі орынды жеңіп алғанын көрсететін сұраныс жасау, мұнда команданы таңдау - қолданушының жеке өз ісі.
Ол үшін кесте жасағаннан кейін:
Сұраныс жапсырмасында тышқанды сырт еткізіп, Жасау(Создать) командасын таңдау керек.
Сұраныс конструктор режимінде жасалады. Кестені қосу(Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Чемпионат кестесінде тышқанды сырт еткізіп, Қосу(Добавление) батырмасын басамыз және жабамыз.
Сұранысты Жылы және Жүлделі орын өрісіне көшіреміз. Жүлделі орын өрісіне таңдау шарты жолына Like [елдің атын енгізіңіз] деп енгіземіз.
Сұранысты жасап болғаннан кейін, Ашу(Открыть) батырмасын басамыз, сонда пайда болған сұхбат терезеде ел сұралады: атын енгізіңіз және ол нәтижесін шығарып береді: дүние жүзі чемпионатында бұл ел қай жылы, қашан жүлделі орын алғанын.
Бақылау сұрақтары Қандай мақсатта сұраныс қолданылады?
Үлгі бойынша сұраныс бланкі деген не ?
Таңдамалы сұраныс деген не, ол қалай жасалады?
Параметрлі сұраныс қалай жасалады?
Нәтижелік кесте деген не?
№3 практикалық жұмыс Тақырыбы: Сұраныстарды құру.
Мақсаты: Есептеулері бар және қорытынды сұраныстарды құруды үйрену
Тапсырмалар 1-тапсырма. Автосалон кестесі бойынша бір жылы шыққан автомобильдердің ең кіші және орта бағасын анықтайтын қорытынды сұранысты жасау.
2-тапсырма. Қуат тасымалдаушылар кестесі бойынша баға мен сату көлемінен тәуелді қуат тасымалдаушылар құнын анықтайтын Құн деп аталатын есептелетін өрісі бар сұраныс жасау керек.
3-тапсырма. Бір, екі, үш бөлмелі пәтерлердің орта бағасын анықтайтын
Қорытынды сұраныс жасау керек.
Аудан, Көше
Бөлме саны
Қабат
Үй
Үй жобасы
Материаллы
Баға$
Телефондары
Көктем
1
3
9
У
П
100000
292-40-19
Самал
1
4
5
С
К
90000
258-50-00
Аксай
2
4
8
У
К
130000
264-26-99
Таугүл
2
1
5
С
П
120000
264-16-75
Алмагүл
2
3
5
Н
К
120000
296-99-72
Казах фильм
3
1
5
У
П
160000
250-93-03
Орбита
3
2
6
У
П
150000
243-59-42
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Access бағдарламасы Жұмыстың орындалу реті
Теориялық материалды игеру
Жұмыстың орындалуы
Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
Бағдарлама мәтіні.
Қорытынды сұраныстар Жазбалар топтары үшін қорытынды функциялар болады. Қандай да бір белгілері бойынша жазбаларды топтастыруға болады. 2-ші тапсырмада топтастыруды автомобильдер моделі бойынша(яғни, сұраныста бірінші өріс- Модель өрісі болады), 3-ші тапсырмада автомобильдердің шыққан жылы бойынша жасаймыз.
Қорытынды сұраныстар бізге белгілі үлгі бойынша сұраныстар негізінде жасалады, тек қана онда қосымша қатар - Топтастыру(Группировать) пайда болады.
Бұл қатарды бланкке енгізу үшін саймандар панеліндегі Access бағдарламасындағы Топтық(Групповые) операциялары батырмасына шерту керек. Әрі қарай барлығы өте қарапайым болады.
Топтастыру(Группировать)жүргізілетін сол өрістерде Топтастыру(Группировать) функциясын орналастыру керек.
Қорытынды есептеулер жүргізілетін сол өрістерде Топтастыру(Группировать) қатарына тізім ашып жазу керек, және бірнеше қорытынды функциялар ішінен біреуін таңдау керек.
Түр(Вид) батырмасына шерту сұранысты шығарады және қажетті қорытынды деректермен нәтижелік кестені шығарады.
Топтастыру(Группировать) қатарына тек қана бір қорытынды функцияны көрсетуге болады.
Ал егер де қосындыны, және орта мәнді, және ең үлкен мәнді табу керек болса, не істейміз деген сұрақ тууы мүмкін. Жауап қарапайым: бір ғана өрісті үлгі бойынша сұраныс бланкісіне бірнеше рет қосуға болады: БағаМАХ, БағаAVRбағаның орта мәні).