Басылым: алтыншы


Комплекстер классификациясы



бет47/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Тезисы лекций (1)

Комплекстер классификациясы. Электрлік зарядының сипаттамасына байланысты катионды, анионды және бейтарап комплекстер деп бөлінеді. Комплекстің заряды оны құрайтын бөлшектер зарядтарының алгебралық қосындысына тең.

Катионды комплексті оң ионның қасына координацияланған нейтрал молекулалардан түзілген (Н2О, NH3 және т.б.) : [Zn(NH3)4]Cl2 деп қарастыруға болады.

Анионды комплексте комплекстүзуші ролін оң зарядталған атом (немесе оң зарядталған ион) ал лиганда ретінде теріс зарядталған атом (немесе ион) атқарады: K2[BeF4].

Бейтарап комплекстер атомның айналасына моекулалар координацияланған кезде, сонымен қатар бір мезгілде комплекстүзуші ион айналасына теріс иондар мен молекулалар координацияланған кезде түзіледі [Pt(NH)2Cl2].

Электробейтарап комплекстер сыртқы сферасыз комплексті қосылыстарға жатады.

Комплекстүзуші ролін периодтық системадағы кез келген элемент атқара алады. Өзінің химиялық табиғатына сәйкес бейметалл элементтер көбіне анионды комплекстер түзеді, онда лиганда ролін электртерістігі жоғары элементтер атқарады (K[PF6], K3[PS4]).

Нағыз металдардың комплексті қосылыс түзуге қабілеті өте нашар. Ал кейбір бар комплекстері катионды болып келеді. ([Sr(ОН2)6]Сl2).

Амфотерлі элементтер катионды да, анилонды да комплекстер түзеді. ([А1(ОН2)6]С13, К[А1(ОН)4]).



Түзілу типіне байланысты комплексті қосылыстарды үш негізгі топқа бөледі:

1) Қосылу типі бойынша түзілген, мысалы:

2НС1 + PtCl4 ↔ H2[PtCl6].

Бұл топқа жататындар галогено-, циано-, родано-, нитро-, оттекттен тұратын комплексті қосылыстар.

2) Енгізу типі бойынша түзілген, мысалы:

ZnCl2+ 6NH3 ↔[Zn(NH3)6]Cl2.

Бұл топқа жататында аммиакаттар және аквакомплекстер.

3) Ішкі комплексті қосылыстар, кейбір органикалық қосылыстардың никельмен,кобальтпен,темірмен, мыспен, сынаппен, қорғасынмен, кадмимен және т.б. түзетін қосылыстары. Ішкі комплексті қосылыстағы орталық атом органикалық лигандамен негізгі және қосымша валенттік күш арқылы байланысқан. Типтік ішкікомплексті қосылыс ретінде никельдің диметилглиоксиматы- белгілі қосылыс Ni2+ диметилглиоксиммен (Л.А.Чугаев реактиві), өзіне тән ашық розовый –қызыл түспен ерекшеленетін реактив. Ішкікомплексті тұздарда орталық атом (комлекстүзуші) органикалық лигандамен екі негізгі және екі қосымша валенттікпен байланысқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет