Басылым Ақпараттық-танымдық 2014 жыл №4 (69) Сәуір



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#9920
1   2   3   4

БаСПаСөз  орталыҒы

Семей  қаласының  шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 

университетінде «Педагогика» кафедрасының мұрындық болуы-

мен мектеп оқушыларына арналған педагогика және психологи-

ядан аймақтық олимпиада өтті. 

Мақсат  –  оқушылардың  педагогика  теориясы  мен  практика-

сы  саласындағы  білімдері  мен  түсініктерін  анықтау,  кеңейту, 

педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтарын ояту. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға өткен жылы 20 өрен 

қатысса,  биыл  қала  және  қала  маңындағы  шағын  ауылдардан  26-ға 

жуық  оқушы  қатысты.  Оның  16-сы  қазақ,  12-сі  орыс  тілді  жалпы 

орта білім беретін мектептер. Бұл дегеніміз,  жыл өткен сайын бiлiмдi 

ұрпақтың қатары көбейгендiгiн дәлелдесе керек. 

Олимпиаданың  салтанатты  ашылу  рәсімінде  ең  алғашқы  болып 

сөз алған университеттің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі про-

ректоры,  саясаттану  ғылымдарының  докторы,  профессор  Искакова 

Гүлнар Қожағұлқызы білімпаз оқушыларға ақ жол тілеп, игі тілегін 

жеткізді.  

Олимпиадада мектеп оқушылары 4 кезең бойынша сайысқа түсті. 

Бірінші  кезеңде  қатысушылар  «Мектепте  педагогикалық  үрдістің 

негізгі компоненттері – мұғалім мен оқушы» тақырыбы бойынша үй 

тапсырмасын  көрсетті.  Екінші  кезеңде  команда  капитандары  өзара 

сынға түссе, үшінші  кезең оқушылардың ойлау қабілеттерін дамы-

ту  мақсатында  педагогикалық  сөзжұмбақ  шешуге  бағытталды.  Ал, 

соңғы кезеңде олимпиадаға қатысушылар психологиядан эссе жазу-

дан жарысты. 

М.З.Жанбөбекова,  «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі: 

-  Оқушылардың  аймақтық  олимпиадада    көрсетіп  жатқан 

дайындықтары,  олардың  алтын  ұя  -  мектептеріндегі  оқу,  тәрбие 

процесіне  байланысты  дайындаған  көріністерінің  барлығы  білім 

беру,  ағарту  істеріне  қосқан  үлестері  деп  білемін.    Олимпиадаға 

қатысушылар  оқу  жүйесіне  байланысты  инновациялық  технология-

ларды пайдалану, педагогикалық ситуацияларды шешу мәселелеріне 

қатысты  қойылымдар  арқылы  оқушылардың  білім  алуға  деген 

құштарлықтарын көріп, тамсанып жатырмыз. 

Педагогика  және  психологиядан  өткен  аймақтық  олимпиадаға 

қатысушылардың  арасында  «Жас  ұлан»  ерлер  лицейінің 

тәрбиеленушісі,  «Жас  ұлан»  командасының  мүшесі  Жолдыбалин 

Мирас та бар. Осы уақытқа дейін тек қазақ тілі мен қазақ әдебиеті 

пәндері  бойынша  білім  бәсекесіне  қатысып,  жүлделі  орындарға  ие 

болып  жүрген  Мирас  педагогика  және  психологиядан  алғашқы  рет 

бағын  сынауға  келіпті.  Оның  айтуынша,  мұндай  олимпиада  мол 

тәжірибе  жинақтап,  оқушының  білім  қоржынын  кеңейтіп,  оқу  мен 

ғылымға деген ынтасын арттыра түседі. 

 Иә, жүзден жүйрiк танылар білім додасында қатарластарынан оқ 

бойы озық тұру оңай шаруа емес. Дегенмен, шын талант қай кезде де 

бiлiмi мен өресiнiң кеңдігін дәлелдейдi. 

Педагогика және Психологиядан 

олимПиада өтті

 ПСихолингвиСтиКаның  

өзеКті мӘСелелері

таяуда 

Семей 

қаласының 

шәкәрім 

атындағы 

мемлекеттік 

университетінде  

«Психолингвистиканың  актуалды 

мәселелері»  атты  халықаралық 

ғ ы л ы м и - т ә ж і р и б е л і к 

конференциясы өтті.   

Конференцияға 

70-тен 

астам 


ғалымдар, ЖОО оқытушылары және 

ғылыми  қызметкерлер,  әдіскерлер 

білім беру мекемелерінің басшылары және педагогтар, 

студенттер мен магистранттар қатысады. Осы аталған 

өзекті  тақырыпты  талқылап,  өз  ой-пікірлерімен 

бөлісуге Канада, Түркия, АҚШ (Канзас штаты ), Ресей 

мен Украинаның танымал ғалымдары және Қазақстан 

Республикасының іргелі ЖОО-ның өкілдері қатысуда. 

Алқалы  жиын  Шәкәрім  университетінің  ректоры, 

саясаттану  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Әмірбеков  Шәріпбек  Ағабайұлының  алғы  сөзімен 

басталды. 

Конференцияның  ең  негізгі  мақсаты  -  білім  беру 

үрдісіндегі психолингвистиканың негізгі бағыттарының 

мәселелерін  анықтау.  Қарым-қатынас  психологиясы 

мен  тілдік  сана  мәселелерін  психолингвистикалық 

тұрғыда зерттеу және заманауи психолингвистиканың 

теориялық мазмұнын айқындау.

Айта  кетейік,  аталмыш  конференция  Қазақстан 

бойынша алғаш рет өтіп отыр. 

Шолпан 

Сатиева, 



Семей 

қаласының 

Шәкәрім 

атындағы 

мемлекеттік 

университеті 

«Психолингвистикалық  орталықтың»  директоры, 

профессор: 

-  Ғылыми  мақалаларда  тілдік  сана  іс-әрекеті 

комуникациясы  мен  тілдік  әлем  суреттемесінің  

әлеуметтік  және  философиялық  көзқарастары 

теориялық 

аспектілері 

мәселелері 

таңдалып 

алынды.  Конференцияда  бұл  мәселені  анализдеу 

өте  өзекті  және  маңызды  болып  табылады.  Себебі, 

Психолингвистика  60  жыл  бұрын  адам  іс-әрекетінде 

техникалық  жетістіктердің  қолдануымен  қалыптасты. 

Психолингвистика 

сонымен 

қатар 


дәстүрлі 

лингвистикалық  мәселелерді  зерттеуде  қолданылады. 

Қазіргі  психолингвистика  әлеуметтік  лингвистика 

бағыттарында  белсенді  түрде  дамуда.  Тілдік  сананың 

психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және адамның 

әлеуметтік  қызметі,  тұлғаның  тілдік  және  адамның 

әлеуметтік  тұрғысын  анықтау  оның  негізгі  міндеті 

болып табылады.

«Психолингвистиканың 

өзекті 


мәселелері» 

атты  бірінші  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 

конференциясы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

«Қазақстан 

Республикасындағы 

жастардың 

саяси  және  әлеуметтік    тәртіпті  коррекциялаудың 

психолингвистикалық  әдістерін  әзірлеу»  атты  1578/

ГФ2  комитетінің  гранты  бойынша  ғылыми-зерттеу 

жұмысының аясында өткізілуде. Конференция жұмысы 

18-ші сәуір күні өз мәресіне жетеді. 

Конференция

Білім сыны


2014 жыл  №4 (69) Сәуір

6

Студент



әлемі

Сәуір  айының  19-20 

күндері 

университетіміз 

үшін  қуанышты  және    өте 

жемісті  күн  ретінде  есте 

қалады.  дәл  осы  күндері 

бүкіл  республикамыздың 

пікір-сайысшыларының 

назарында 

болған 

астана  және  алматыда 

қалаларында  бір  уақытта 

қатар  өткен  1  қалалық, 

1  республикалық  және  2 

дәстүрлі 

халықаралық 

пікір-сайыс  турнирлерінде 

болды. 

Қырғызстан 

және 

Қазақстанның 



таңдаулы 

пікір-сайысшылары  қатысқан  айтулы  да,  бәсекелі  жарыстардан 

біздің  киелі  қарашаңырағымыздың  студенттері  өздерінің  мықты 

ойынымен  көзге  түсіп,  4  турнирде  де  қанжығаларына  жүлделі 

орындарды  салып,  республиканы  тағы  да  бір  бағындырды  десек, 

артық  айтқанымыз  емес.  Төрт  турнирдің  де    ақтық  мәресіне 

сүрінбей жетіп, бір уақытта 4 финалда Семей қаласының Шәкәрім 

атындағы мемлекеттік университетінің «Конгресс» дебат клубының 

пікір-сайысшылары  қатысты.  Толығырақ  айтатын  болсақ,  Семей 

қаласының  Авиценна  атындағы  медициналық  колледжінде  өткен 

қалалық  пікір-сайыс  турниріне  қатысып,  Мейрамғазы  Қымбат 

(гуманитарлық-заң  факультеті,  2-курс),  Қабдығалиев  Ержан 

(Инженерлік  технологиялық  факультет,  1  курс)    АПФ  форматы 

бойынша  жүлделі  ІІ  орынға,  Молдақашев  Қуаныш  (Инженерлік 

технологиялық  факультет,  2  курс)  ЛД  форматы  бойынша  І  орын 

алып кубок иегері атанды.Алматы қаласындағы Сулейман Демирель 

университеті және Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен 

өткен  СДУ  Дебат  клубының  10  жылдық  мерейтойына  арналған 

Республикалық  пікір-сайыс  турнирінде  Астана,  Алматы,  Семей, 

Қостанай, Тараз, Павлодар, Қызылорда қалаларынан келген пікір-

сайысшылар  арасында  өте  мықты  бәсекелестікке  толы,  тартысты 

турнир болды. Осы турнирде жоғары дәрежелі ойын көрсетіп, 

БПФ,  АПФ  және  ЛД  форматтары  бойынша  қатысқан  үздік 

32  фракцияның  ішінде  үздік  атанып,  ақтық  мәреге  жетіп, 

жүлделі  ІІ  орынды  жеңіп  алған  «Конгресс»  интеллектуалды 

дебат  клубының  «Көкбөрі»  фракциясы  Ықыласов  Қайрат, 

(гуманитарлық-заң  факультеті,  3  курс).  Астана  қаласындағы 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 

өтетін  «KazATU  OPEN  III»  атты  халықаралық  пікірсайыс 

турниріне  Астана,  Алматы,    Балқаш,  Қарағанды,  Семей, 

Көкшетау,  Павлодар,  Қостанай  қалаларынан  және  Бішкек 

қаласының  Ж.Баласағын  атындағы  Қырғыз  Ұлттық 

университетінен келіп қатысты. БПФ, АПФ және ЛД форматтары 

бойынша қатысқан үздік 28 фракцияның ішінде үздік атанып, 

ақтық мәреге жетіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп алған «Конгресс» 

интеллектуалды  дебат  клубының  «Гильотина»  фракциясы 

Әзімхан Әмір (Инженерлік технологиялық факультет, 2-курс),  

Тұрысбеков Мирам (Инженерлік технологиялық факультет,  3 

курс). Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық 

Ұлттық университетінде өткен ІІІ дәстүрлі "Күлтегін кубогі - 

2014"  халықаралық  пікір-сайыс  турнирінде  Астана,  Алматы,  

Балқаш,  Қарағанды,  Семей,  Көкшетау,  Павлодар,  Қостанай 

қалаларынан  келген  мықты  дебатерлер  қатысты.  Соның 

ішінде  өзінің  білімділігімен  және  сапалы  ойынымен  көзге 

түсіп, БПФ, АПФ және ПДФ форматтары бойынша қатысқан 

үздік 28 фракцияның ішінде үздік атанып жүрген «Конгресс» 

интеллектуалды  дебат  клубының  «Абай  топырағынан» 

фракциясы  Төлеубеков  Нұржан  (Инженерлік  технологиялық 

факультет,    3  курс),  Төлеубекова  Аяулым  (Ақпараттық 

коммуникациялық технологиялар факультеті, 3 курс) турнирде 

қарсыластарынан оза шауып І орынға табан тіреген болатын.

мирам тұрыспеков, 

Семей қаласының шәкәрім атындағы мемлекеттік 

университеті техникалық физика мамандығының 

3 курс студенті 

жеңіс  біздің  қолымызда



Сөз додасы

начало стр. 1

Повода  кому-то  скучать  в  зале  не 

давали  обаятельные  ведущие  Асем 

Айманова  и  Мадина  Ратбекова, 

студентка 

Джезказганского 

ГУ, 

обучающаяся  у  нас  по  программе 



академической 

мобильности. 

Пантомима 

«Влюбленные» 

в 

исполнении  студентов  группы  П-228 



педагогического  факультета  во  главе 

со своим креативным лидером Егором 

Ермолаевым просто произвела фурор 

в  зале  своей  оригинальностью, 

свежестью  образов  и  умением 

заставить  прочувствовать  каждым 

зрителем все происходящее на сцене. 

Никого  не  оставили  равнодушными 

фортепианные 

композиции 

исполненные  студенткой  КазГЮИУ 

Кравченко 

Мариной, 

а 

также 



студентками  нашего  университета 

Харченко  Екатериной  и  Какимовой 

Балжан.  А  после  зажигательного  танца 

для  всех  желающих  под  бессмертный 

хит  В.Леонтьева  «Зеленый  свет», 

все  с  умилением  смотрели  забавное 

слайд-шоу  «Любовь  и  дружба  в  мире 

животных». А потом вновь с восторгом 

лицезрелипод  бурные  апплодисменты 

дефиле на заданную тему в исполнении 

будущих  дизайнеров  –  студентов 

группы П-218 . Свои зарисовки на тему 

любви  и  дружбы  продемонстрировала 

под  популярную  песню  А.Пугачевой 

«Миллион алых роз» студентка группы 

ДЯ-110 Гульжан Рамазанова, делающая 

первые шаги в портретном жанре.

В этот  вечер запомнившийся многим, 

место было не только песням, шуткам, 

танцам  и  оригинальным  номерам, 

но  и  познавательным  викторинам, 

а  значит  и  призам.  В  завершении 

каждому  участнику  и  преподавателям, 

а  также  гостям  вечера  были  подарены 

маленькие  сувениры  изготовленные 

умельцами кружка. 



дегдар мухамедханов,

ст.преп.кафедры философии и 

политологии гуманитарно-

юридического факультета 

Праздник весны, молодости и любви



2014 жыл  №4 (69) Сәуір

7

Студент



әлемі

Қазақстан  Республикасының  Білім 

және Ғылым Министрлігі Республикалық 

оқу-әдістемелік  комиссияның  Алматы 

технологиялық 

университетіндегі 

оқу-әдістемелік  секциясының  жұмыс 

жоспары  бойынша  2014  жыл  сәуір 

айының  3-4  күндері  «Жеңіл  өнеркәсіп 

бұйымдарының 

технологиясы 

және 


құрастырылуы», 

«Тоқыма 


материалдарының  технологиясы  және 

жобалануы»,  «Азық-түлік  өнімдерінің 

технологиясы»,  «Өңдеу  өндірістерінің 

технологиясы»,  «Мейрамхана  ісі  және 

мейманхана  бизнесі»  мамандықтары 

бойынша 


Республикалық 

пәндік 


олимпиада өткізілді. 

Олимпиаданың  мақсаты  болашақ 

мамандардың  оқу  –  танымдық  және 

оқу  зерттеу  қызметтерін  ынталандыру, 

кәсіптік  –  жеке  әлуетін,  олардың 

өзіндік  сана  сезімін,  шығармашылық 

қабілеттерін  ашу,  өз  –  өзін  көрсетуге 

және танытуға жағдай жасау, азаматтық 

көзқарасын тәрбиелеу, аса талапты және 

дарынды  студенттерді  таңдау  және 

қолдау,  білім беру жүйесін жетілдіруге 

қатысты  белсенді  кәсіптік  қарым 

–  қатынасты  қалыптастыру  болып 

табылады.

Республикалық  пәндік  олимпиадаға 

Қазақстанның 

16 

жоғары 


оқу 

орындарынан  40-тай  команда  қатысты. 

Әрбір  команда  құрамы  3  студенттен 

құралған. Білім сайысына өзінің біліміне 

сенімді, ең дарынды, ең үздік, озық деп 

танылатын студенттер келген екен. 

Семей 

қаласының 



Шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университетінің 

намысын  қорғауға  «Жеңіл  өнеркәсіп 

бұйымдарының 

технологиясы 

және  құрастырылуы»,  «Азық-түлік 

өнімдерінің  технологиясы»,  «Өңдеу 

өндірістерінің 

технологиясы» 

мамандықтары  бойынша  3  команда 

бардық.  

«Жеңіл  өнеркәсіп  бұйымдарының 

технологиясы  және  құрастырылуы» 

мамандығы  бойынша  әртүрлі  оқу 

орындарынан  келген  12  команда, 

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» 

13  команда,  «Өңдеу  өндірістерінің 

технологиясы»  9  команда  өз  бақтарын 

сынады. 

 Олимпиадаға қатысушылардың білім 

деңгейлерін  бағалау  үшін  мамандықтар 

бойынша комиссиялар құрылды. Алматы 

қаласының тағам және жеңіл өнеркәсібі, 

мейрамхана  ісі  және  мейманхана 

бизнесінің  жетекші  кәсіпорындарының 

мамандары  комиссиялар  төрағалары 

болып  тағайындалды.  Республикалық 

пәндік олимпиада 3 кезеңде өтті.

Бірінші  кезеңде  комиссия  мүшелері 

ұсынылған 

тақырыптарға 

сәйкес 


қатысушылардың 

рефераттарын 

тыңдады.  Рефераттарды  қорғау  кезінде 

студенттер  презентация,  бейнежазбалар 

түрінде  көрсетті.  Екінші  кезеңде 

командалар 

зертханалық-тәжірибелік 

тапсырмаларды  университеттің  оқу  - 

зертханаларында  орындады.  Үшінші 

кезеңде  олимпиада  қатысушылары 

міндетті  пәндер  бойынша  электронды 

тест тапсырды. Бұл кезеңде студенттердің  

теориялық білімдері тексерілді. 

Олимпиада өте қызу, тартысты және өте 

қызықты өтті. Олимпиада тапсырмалары 

бізге  аса  қиындық  тудырмады,  себебі 

оқу үрдісі барысында алған біліміміздің 

арқасында  міндетті  тапсырмаларды 

орындадық.  Зертханалық  жұмыстар 

орындауда 

кафедрада 

өткізілген 

зертханалық  сабақтар  нәтижесінде 

алған  тәжірибеміз  көмектесті.  Біздің 

кафедрада  зертханалық  кабинеттер 

оқуға  қажетті  құрал-жабдықтармен, 

приборлармен, 

реактивтермен 

қамтамасыз  етілгендіктен,  кедергісіз 

орындадық.  Барлық  университеттерден 

келген қатысушылардың дайындықтары 

жоғары  деңгейде  болды,  өз  білімдерін 

толықтай көрсете алды. 

Екі 


күнге 

созылған 

пәндік 

олимпиаданың  қорытындысы  бойынша 



Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы 

мемлекеттік  университетінің  «Жеңіл 

өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы 

және  құрастырылуы»,  «Азық-түлік 

өнімдерінің  технологиясы»,  «Өңдеу 

өндірістерінің 

технологиясы» 

мамандықтарының 

командасы 



да  жүлделі  3  орынға  ие  болып, 

бағалы  сыйлықтар  мен  дипломмен 

марапатталды. 

Университетіміздің 

ректорына арнайы алғыс хат жолданды. 

Ерекше атап айтатын тағы бір қуаныш, 

ол  «Жеңіл  өнеркәсіп  бұйымдарының 

технологиясы  және  құрастырылуы» 

мамандығының 2 курс студенті Қазбекова 

Еңлік  және  «Азық-түлік  өнімдерінің 

технологиясы»  мамандығының  3  курс 

студенті  Мурзатаев  Азат  ерекше  көзге 

түсіп,  Қазақстан  Республикасының 

Білім  және  ғылым  министрлігінің 

дипломымен марапатталды. 

Жолсапардан  ерекше  бір  көңіл-

күймен,  күш-қуатпен  қанаттанғандай 

болып оралдық!!!



айгүл Бауыржанова,

«еСтөт кафедрасының аға 

оқытушысы.

еңлік  қазбекова,

тКс-235 тобының 2 курс студенті.

Бүгінгі Білімді студенттер - ертеңгі елімнің Болашағы



таяуда  Семей  қаласының 

шәкәрім 

атындағы 

мемлекеттік  университетінің 

«ашық  есік  күні»  болып 

өтті.  аталмыш  шараға 

Семей өңірінің 40-қа жуық 

мектептің  талапкерлері 

келді. 

Шарада ең бірінші болып 

сөз  алған  халықаралық 

ынтымақтастық 

және 

тәрбие  жұмысы  жөніндегі 



проректор Атантаева Бақыт 

Жұмағазықызы Қазақстандағы ең ірі, Абай, Шәкәрім Мұхтардай 

дара тұлғалар елінің төрінен ойып тұрып орын алған көпсалалы 

мемлекеттік оқу ордаларының бірі – Шәкәрім университеті екенін 

айта келе, мектеп бітіруші түлектерге бұл қара шаңырақ туралы, 

оның  материалдық-техникалық  базасы  жайлы  ақпарат  беріп 

өтті.  Талапкерлерге  алда  күтіп  тұрған  сынақ  –  ұлттық  бірыңғай 

тестілеуден  сүрінбей  өтулеріне 

тілектестігін білдірді. 

Сондай-ақ, 

түлектерге 

арналған  шара  барысында  9 

факультеттің  озат,  белсенді  студенттері  өз  факультеттерін 

зор  мақтанышпен  таныстырды.  Университетте  білікті 

аға 

оқытушылар, 



профессорлар 

сапалы 


білімді 

мамандар 

даярлайтынын, 

мұнда 


білім 

алуға 


барлық 

қажетті  жағдайлардың 

жасалғанын 

тілге 


тиек  етіп,    Шәкәрім 

университетіне 

оқуға 

түсуге шақырды. 



Университеттің  құрметті  меймандары  ретінде  келген 

мектеп  бітірушілерге  концерттік  бағдарламалар  ұсынылып, 

викториналық ойындар ойнатылды. 

Ашық  есік  күні



Жүлде

Озаттар жиыны

2014 жыл  №4 (69) Сәуір

8

Студент



әлемі

Наурыз 


 

айының 


 

12-ші 


жұлдызында    Семей  қаласының 

Шәкәрім  атындағы  университеті  фи-

лология факультетінде «Қазақ тілі мен 

әдебиеті»,  «Филология»  мамандығы 

бойынша    оқитын  студенттерге 

«Қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  озық 

технологиялар»  деген  тақырыпта 

дәріс оқылды. 

Дәрісті жүргізген қазақ тілінің тео-

риясы  мен  әдістемесі  кафедрасының 

оқытушысы Әбікенов Мұхит Төкенұлы. Ұстаз  студенттерге білім бе-

руде озық технологияларды қолдану заман талабы екендігін түсіндіріп, 

жекелеген  педагогикалық  технологияларға  арнайы  тоқталып  өтті. 

Дәріс барысында студенттер сауалдар қойып, пікір алмасты. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі 

қалыптасып  жатқандығы  белгілі.  Бұл  процесс білім парадигмасының 

өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім  берудегі  ескі  мазмұнның  орнына 

жаңасы  келуде.  Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың 

білімін, білгі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы 

дамуын қойып отыр. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту форма-

сын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы 

бекітілген.  Бұл  білім  мекемелерінің  мұғалімдеріне,  өзіне  оңтайлы 

нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті 

авторлық  үлгімен  құруға  мүмкіндік 

береді.


Оқытудың 

тиімділігін 

арттыру 

мақсатында жаңа  білім парадигмасына 

сүйене  отырып,  оқытушылар    қауымы  

оқыту 


технологиясының 

өзіндік 


нұсқасын жасады.  

Оқыту    технологиясының    ұстаздар  

әзірлеген  нұсқасының  бір  ерекшелігі  –

оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның  

танымдық қабілеттерін және танымдық 

процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (ету, көру, қимыл 

және  т.б.),  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау  қабілетін  арнайы 

жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға, 

сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі 

бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық 

қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ау-

ызша  және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы  еді.  Міне, бір  

жарым  сағатқа  созылған  дәрістің  қысқаша  мазмұны  да  осы  

болатын. Студенттер  болашақ  мұғалім  ретінде  көп  әдісті  

қолдана    отырып,    сабақ    жүргізіп    шеберліктерін    танытуға  

тәжірибе  жинақтады. 



д. Байболова, 

студент.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі 

озыҚ технологиялар

қр Президентінің қазақстан халқына 

жолдауын  сонымен  қатар    «қазақстан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет