Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
БӨЖ №2. Тақырыбы: Халықаралық экологиялық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер,
экология және табиғат пайдалану жөніндегі шарттар. Қоршаған ортаны қорғау және
тиімді пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары.
Сабақтың мақсаты: Халықаралық экологиялық конвенциялар, мемлекетаралық
келісімдер, экология және табиғат пайдалану жөніндегі шарттар және қоршаған ортаны
қорғау және тиімді пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарына
талдау жасау.
1-тапсырмалар: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер
мен талаптар.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экологилық актілері.
3. Экологиялық қатынастарды реттеуде сот тәжірибелерінің маңызы.
2-тапсырмалар: 1. Халықаралық экологиялық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдерге сипаттама
беріңіз.
2. Экология және табиғат пайдалану жөніндегі шарттарға сипаттама беріңіз.
3. Қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдалану саласындағы Қазақстан
Республикасының заңдарына талдау жасаңыз.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Халықаралық ұйымдардың қайсысы табиғатты қорғау мен арнайы айналысады?
1. НАТО
2. ДДҰ
3. МСОП
4. МОТ
5. ИКАО
1992 жылғы қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ конференциясы қайда өтті?
1. Женевада
2. Рио де Жанейрода
3. Стокгольмде
4. Мәскеуде
5. Вашингтонда
БӨЖ №3. Тақырыбы: Табиғат объектілеріне жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы. Табиғат объектілеріне жеке меншік құқығының объектілері мен
субъектілері.