Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
-
қоршаған ортаны өндіріс және тұтыну қалдықтарынан қорғаумен;
-
жер ресурстарын тиімді пайдаланумен және қорғаумен айналысатын
қызметкерлерді бөліп көрсетуге болады.
Бұндай түрдің экологиялық қызметтерінде міндеттердің бөлінуі экологиялық
бақылаудың мемлекеттік органдарының құрылымына ұқсас. Міндеттердің бұндай бөлінуі
экологиялық қызмет 10-нан артық адамды қамтитын үлкен кәсіпорындар үшін ақталған.
Бұндай түрдегі экологиялық қызметтердің құрылымының кемшіліктеріне
мамандардың қызмет саласының оқшауландығы және ықтималды жағдайлар, сондай-ақ
кешенді табиғатты қорғау шешімдерін қолдаудың ұйымдастырушылық қиындықтары
жатады.
Бұндай түрдегі экологиялық қызметтерінің артықшылықтары қызметтің белгілі бір
саласындағы талаптар мен мүмкіндіктерді толықтай зерттеуге, және мысалы, өндіріс
қалдықтарымен айналысу саласында едәуір тиімді басқару мен менеджментті жүзеге
асыруға, дұрыс шешімдер қабылдауға болатынынан тұрады.
Сипатталған түрге қызметкерлерінің міндеттері кәсіпорындағы технологиялық
операциялардың түрі бойынша бөлінген экологиялық қызметтер де жатады. Бұндай
қызметтердің
жұмысшылары
нақты
технологиялық
операциямен
байланысты
экологиялық сұрақтармен айналысады.
Біріккен түрдің экологиялық қызметтері. Кәсіпорында табиғатты қорғау қызметі
үшін жауап беретін бөлімше құрамындағы бұндай түрдің экологиялық қызметтерінің
қызметкерлері қоршаған ортаны қорғаумен және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен
байланысты жұмыстарды бірге орындайды. Кәсіпорындағы экологиялық қызмет
құрылымының бұндай түрі орта және шағын кәсіпорындар үшін кеңінен таралған.
Бұндай түрдегі экологиялық қызметтерінің артықшылықтары:
-
қызметкерлердің өзара алмастырушылығы (бір қызметкер болмай қалған
жағдайда екінші қызметкер оның міндеттерін ойдағыдай алмастыра алады),
-
жұмыстардың кешенді сипаттамасы (қоршаған ортаға әсер етудің бір
түрімен байланысты сұрақтарды қарастырған кезде әсер етудің қалған аспектілері де
есепке алынады. Сонымен, мысалы, қалдықтарды орналастыру шектерінің негіздеулерін
дайындау кезінде маңыздылары бұл саладағы білімдер мен дағдылар ғана емес, сонымен
қатар атмосфералық ауаға әсер ету саласындағы су және жер ресурстарының тиімді
қолданылуы болып табылады);
-
дұрыс экологиялық саясаттың дайындалуы, қоршаған ортаны қорғау мен
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы кәсіпорыннның мақсаттары мен
міндеттерін анықтау;
-
қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды, табиғи ресурстарды
тиімді пайдалануды неғүрлым тиімді басқару; бұндай басқаруды экологиялық саясатты
және бағдарламаларды, мақсаттар мен тапсырмаларды анықтаудағы кешенді тәсіл кезінде
ғана жүзеге асыру мүмкін.
Аралас түрдің экологиялық қызметтері. Бұндай экологиялық қызметтердің
қыззмектерлері қоршаған ортаға әсер етудің әртүрлі түрлерімен байланысты міндеттерді
орындап, сондай-ақ белгілі бір технологиялық операциялардың экологиялық
мәселелерімен айналыса алады.
Бұндай түрдің экологиялық қызметттеріне жоғарыда сипатталған түрлердің
кемшіліктері мен артықшылықтары тән.
Ұсақ және шағын кәсіпорындар үшін өндірістік экологиялық қызметті
ұйымдастырудың оңтайлы түрі қоршаған ортаға тигізетін әсер түрлері бойынша
міндеттердің бөлінуінің болмауымен біріктірілген түрдің қызметі болып табылады.